Байланысты: Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3
2 6 8 V III тарау. К рзаң философиясы бул, Периандр жэне Анахарсис қатысады. Әңгіме Амасис патшаға кеңес ретінде
өрбиді. Солон:
- Мен патшалар мен тирандар өзінің қолындағы билікті халықтың еркімен
санаса отырып асырғанда ғана дандайсымайды деп есептеймін, - дейді.
Биант:
- Жэне заңға тәуелді екенін мойындағанда ғана, - деп оны қостайды.
Ал Фалес:
- Жасы жетіп, өз ажалымен өлсе, эміршінің бақыты дегеніміз сол, - дейді.
Анахарсис:
- Көптің ішіндегі көсем көп болса, ол да бақыт, - десе, Клеобул:
- Жақсының айтқанына сенетін аңғалдық та патшаға жараспайды, - депті.
Ал Питтак:
- Қарамағындағылар оның өзінен емес, сол адамның тағдыры' үшін қо-
рыққанда ғана патша мақсатына жетеді, - дегенде Хилон:
- Әміршінің міндеті — пендешілікте емес, мэңгілік өлмейтін мақсат туралы
ойлау, - депті.
Периандр:
- Мен бір-ақ сөз қосамын: айтылғанның барлығы да түйсігі бар адамды
тақтан бас тартқызады, - деп бұл такырыпта қорытынды жасайды71.
Плутархтың пікірінше, Милет мектебінің негізін салушы, гректің бірінші фи
лософы Фалестің Анахарсис туралы пікірі өте жоғары болғанын ескерсек, скиф-
тік Анахарсистің коне заман философиясы тарихында, мәдениетінде еңбегі өте
зор болғандығына анық көз жетеді.
Ол Солон өлгеннен кейін, өз туған еліне - Скифияға қайта оралып, өзі-
нің алған білімін, тәлім-тәрбиесін, заң ережелерін өз елінде қолдануға әрекет
жасайды. Анахарсис елде жаңа құрылыс орнатпақ болып, заң жүйелерін өзгер-
туге ұмтылған. Геродоттың түсіндіруі бойынша, басқа халықтар сияқты скифтер
де өзге елдің салт-дәстүріне, оның ішінде, эсіресе элладалықтардың ғурпына сес-
кене қараған. Сондықган да Анахарсистің реформаторлық идеясы, озық ойы іске
аспай, туысы Саблийдің қанды жебесінен қазаға ұшырады. Соңғы демі үзілерде
ол: «Эллада жерінде ақылым мені қорғап еді, ал өз еліме келіп, мен қызғаныштың
құрбаны болдым», - депті (Плутарх).
Грекияда Анахарсиске қойылған мүсін бар. Онда «Басқа пәле - тілден» деген
қанаггы сөзі қашалып жазылған.
Түйіндеп айтарымыз, ұлы бабамыздың кезінде гректщ атақты «жеті
ғұламасының» тобына кіргенін ескерсек, оның философиялық ойларының терең
де салиқалығын, аумақтылығын зерттеу болашақтьщ ісі екендігіне көз жеткіземіз.