Байланысты: Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3
Ацын-жыраулар философиясы 2 8 5 Жайықты тартып алғаны,
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны,
Ойдағысы болғаны,95 -
деп күйінсе, «Сарыарқада»;
Әуелі жеңіп орыс Еділді адды,
Сарытау, Аштарханның жерін де алды.
Артынан Еділден соң Нарынды алды
Тоғайдың ағаш, қамыс талын да алды,
Аржақган Қайып алды Науша қашып,
Тарлықгың содан бері қаптағаны.
Тәмәмі, су мен нуды орыс ұстап,
Қазақгыц мұнан жұгап шылынғаны.
Қуалап Исатайды өлтірген соң
Заманньщ содан бері тарылғаны96, -
деп ашына жырлады. Ақын өзінің «Қазтуған» толғауында бір сұмдықтың бола-
рьш алдын ала көре біліп ескерту жасап:
Еділді қоныс етпеңіз,
Жағалай қалмақ алады.
Жайықты қоныс етпеңіз,
Сыдыра біткен көк жиек,
Кәпірлер қала салады.
Аштарханды қоныс етпеңіз,
Шэһэрін оның алады, -
деп сақтандырған да болатын. Мурат шығармаларындағы басты сарын — жер
мәселесі, ата қоныс, бас бостандығынан айырылған тұтас елдің мұң зары,
ақынньщ бұл толғауларында да айқын көрінеді. Сонымен бірге ортамыздан «жік
шығып», қазақтың қалған жеріне біреулер көз алартып, бөлшектеуді армандаған
бүгінгі таңда бул жырлар халықтың өткені мен өксігінен хабар берер тарихи де-
рек те. Мурат аузынан Сарытау (Саратов), Аштархан (Астрахань), Самара (Куй
бышев), Қобан (Кубань) атгы жер атгарының жиі естілуі де кездейсоқ емес.
Өйткені бұл жерлер бір кезде ноғай-қазақ жайлаған ата журт, құт мекеннің бірі бо
латын. Сондықтан да Мурат жырларымен таныс болу тек тарихи танымымызды
ғана кеңейтш қоймайды, сонымен бірге шет аймақ халқын уысынан шығармауды
көздеген орталық пиғьшмен, экімшілік-эміршілік жүйе қалауымен Мурат ақын
жырлары идеясының неге тогыспағанын да, сондықтан 60 жыл бойы оның жабық
жатқандыгынан да хабардар етеді.
Жоғарыда көрсетілген Мурат толғауындағы «Осындағы «орыс» деген сөзді
Мурат ақынның өктем бағыт ұстанған патша үкіметіне ғана бағыштап айтқаны
айдан анық болса да, секемшіл саятшылардьщ нұсқауымен бул толғаулар ұзақ
жылдар бойы архивтердің қоймасында сақталды»97.
95 Апқаласа элеумет. - Алматы, 1999. - 144-6.
96 Сонда, 117-118-6.
97 Омарұлы Б. Зар заман поэзиясы / Мұрат Мөңкеұлы. - Алматы, 1993. - 9-6. Еңбектің аты