Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 9 2 А V III тарау. Крзаң философиясы



Pdf көрінісі
бет263/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

2 9 2
А
V III тарау. Крзаң философиясы
Революцияшыл демократтар реформа мэнін теріске шығармағанмен алдыңғы 
қатарға революцияяық күрес жолын қойса, Уәлиханов типтік ағартушылықты 
ұстанып, халық бұқарасының өмірін материалды жэне рухани жағынан жақсарту 
көзі - реформа деп білді. Қоғамдық прогрестің бірінші шарты ағарту мен ғылым- 
білімді таратуда, содан соң реформа жүргізуде деп түсінді. Уәлиханов жалпы 
элеуметтік бақытсыздьщтың себебін жаппай сауатсыздықтан іздеді. «Әділетті 
басшы» идеясын жақтады. Модениет дорежесінің экономикаға шарттылығы жай- 
лы айтылған жеке ойлары болғанмен жалпы алғанда ағартушылық позицияны 
ұстанды. Бірінші кезекте қалың бұқараның надандығы мен қараңғылығын жою 
қажет. Олай болмаған жағдайда жүргізіліп жатқан экономикалық, экімшілік жэне 
сот реформаларының мэнін бұқара түсінбеуі мүмкін. Ал түпкі мақсат - әлеуметгік 
теңсіздік пен ұлттық қанаудан арылған еркін тәуелсіз қоғам құру.
ITT 
Уәлиханов мэңгілік шексіздік идеяларын негіздеді, дамытты. Дін 
түрлерінің ішінде Уәлиханов ислам мен христиандыққа қарағанда буддизмді 
«гуманды ілім» деп бағалады. Жалпы алғанда, Уәлиханов дүниетанымы, оның 
шығармашылық мұрасы мен практикалық іс-эрекеті Орта Азия мен Қазақстанның 
рухани қалыптасуы жолындағы улкен белес болып табылады.
Қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі, жаңашыл педагог жэне жазушы -
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889). Ыбырай дүниетанымы қалыптасуын да туған 
ел халық ауыз әдебиеті, орыс мәдениеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері өз 
әсерін тигізді. Уәлиханов секілді Алтынсарин да өз халқының артта қалушылығын 
жоюдың бірден-бір жолы ағартушылықта деп сенді және Қазақстандағы Халық 
ағарту ісінің ұйымдастырылуы мен дамуына белсене араласты. Өзбек агартушысы 
Хамза Хакім-зада Ниязи секілді Алтынсарин Қазақстандағы Халық ағарту ісінің 
ұйымдастырылуы мен дамуына белсене араласты. Өзбек ағартушысы Хамза 
Хакім-зада Ниязи секілді Алтынсарин Қазақстанның алғашқы халық мұғалімі 
болды. 1879-1889 жылдары Торғай облысы халық училищелерінің инспекто­
ры бола жүріп, Алтынсарин қазақ балаларына арнап көптеген мектептер ашты, 
алғашқы оқулықтар, «Қазақ хрестоматиясын» жазды, аудармалар жасады.
Ыбырай Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазбаған, де- 
генмен ағарту жэне қоғам мәселелерін талқылауға арналған шығармаларында 
дүниеге философиялық көзқарастық пікірлер қалыптастырган. Ыбырайдың 
көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс жэне 
тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. «Жаз», «Өзен» сияқты 
өлендерінде табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам 
санасынан тыс жэне тэуелсіз бар екендігі сезіледі. Бұл ұлы ағартушының дүние 
туралы көзқарасының бір жағы. Екіншіден, Ыбырай дүниені жаратушы Құдай 
деп біледі. Бұл ойды ол көптеген шығармаларында қайталап отырады. Мысалы, 
«Жаратқан мұнша таңсык жаббар Құдай!110 «Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым 
еңбектерінде осы пікірді қуаттайды. «Мұсылманшылдықтың тұтқасында» бүкіл 
дүниені, жан-жануарларды атай келіп, «мұның бэрі де жалғыз тендесі жоқ, 
ұқсасы жоқ, бір Құдайдың барлығына, бірлігіне һэм кэміл жаратушы халық 
- қадір екендігіне дәлел болса керек»111, - деп тұжырымдайды. Ойды қайырып
1,0Алтынсарин Ы .Т азаб ұлақ. — Алмагы, 1988.— 18-6. 
111 Алтынсарин Ы. М ұсылманшылық тұтқасы. - 8-6.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет