Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет35/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Классикальщ философия
39
3) болмыстың мэні мен түпнегізден тұратындар; 4) жалпыға бірдей әмбебап 
жалпылық; 5) жалпылық; 6) ерекшелік.
Мэннің бұн аталған көріністерінің ішінде біреуі ғана - «болмыстың мә- 
ні» мэнділік болады, ал қалғандары мэнділік бола алмайды. «Болмыстың мәні», 
түр (форма), «алғашқы мэн» синоним ұғымдар. Аристотельдің пікірінше, форма 
кез келген жалпы бастама емес, жай жалпылық қана, осы тұрғыдан алғанда, ол 
жалқылар мен жалпылар арасындағы ерекшеліктердің арқасында өмір сүрді. 
Форма сапа да, сан да, заттар арасындағы қатынастар да емес, ол - заттардьщ мэ- 
ні, онсыз заттар өмір сүре алмайды. Сезімдік заттар көлемінде, оның мэні ретінде 
форма (түр) заттардан бөлек өмір сүрмейді. Қаншама ерекшеленген (топталған) 
заттар болса, соншама форма бар. Формалардың сатысымен көтеріле отырып
форманың ең жоғары түрі - материядан тыс өмір сүретін алғашқы қозғаушы күш- 
ке дейін жетеміз. Ондай форманы ешкім дүниеге экелмейді, ол мэңгі.
Формамен қатар алғашқы бастамалардың қатарына «хюлэ» - материя да 
жатады. Материяның екі түрі бар. Біріншісі - түрсіз, бейтарап, екіншісі - заттарды 
материалдандыратын нәрсе. Материяның бірінші түрі мэңгі, бірақ өміршең емес, 
себебі өздігінен ештсңе тудыра алмайды. Анаксимандрдьщ апейроны сияқты бел- 
сенді де емес, қозғалыста да болмайды. Ал «екінші материя» өзіне «бірінші мате- 
рияны» қабылдайды да, затгарды жасайтын материал (шикізат) ретінде формамен 
қосылып, сезімдік денелерді дүниеге әкеледі. Материя мэңгі болғанмен де, бол- 
мыс пен бейболмыстың ортасында екіұшты болып тұрғандықтан, заттардың 
уақытніалығының, өзгермелілігінің қайнар көзі болып табылады. Материя мен 
форманы алғанда, басты рөл формата беріледі, себебі шын нақтылық - заттардьщ 
нақтылығы емес, форманьщ нақтылығы. Әлемде болып жатқан құбылыстардың 
барлығы мақсаттылыққа (теология) байланысты өзгеріп, дамиды. Олай болса
мақсаттылық та алғашқы бастаманың бірі. Аристотельде мақсаттылық Платон 
айтқандай, жалпы игілік атауы емес, керісінше, нақты игілік, ол - нақты мүмкін- 
дікті, жүзеге асыру жэне оны тамамдау.
Төртінші алғашқьт бастама - қозғалыс. Мэн мен форма қозғалғанда, ол әре- 
кетшілдік қасиетке ие болып, заттар қозғалысының алғышарты болады. Бірақ 
эрекетшіліктің өзі сыртқы күшке тәуелді, оны қозғалысқа түсіретін - алғашқы 
қозғаушы күш. Форма да, мақсаттылық та, қозғалыс та осы алғашқы қозғаушы 
күшке тэн. Бірақ ол материядан құр алақан, себебі материя тәуелсіз өмір сүре- 
ді. Материядан заттардьщ пайда болу мүмкіндігі ғана болса, форма - алғапгқы 
қозғаушы күш ретінде нағыз птындык.
Аристотель қозғалысты эртүрлі категориялармен байланыстырып қарасты- 
рады. Мысалы, қозғалыс сапаға байланысты - сапалық өзгеріс; санға байланыс­
ты - ұлғаю, кему; орынға байланысты - бір орыннан екінші орынға қозғалу, т.б. 
түрленеді. Аристотельде кеңістік деген категория жоқ, оны «орын» категориясы 
алмастырады. Кеңістік (бос кеңістік болмайды) денелер орналасқан орындардан 
тұрады. «Орын» қозғалыстағы денелермен тығыз байланысты, бірақ олармен бір- 
ге қозғалмайды.
У ақыт та қозғалыспен тығыз байланысты. Бірақ оның қозғалыстан айырмашы- 
лығы бір қалыпты болмайды, ол бірде тез қозғалса, бірде жай қозғалады. Сон- 
дықтан Аристотель уақыт қозғалыстың мөлшері дейді. Ал уақьгггың өзі қозғалыс-


40


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет