Байланысты: Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3
А раб тілді исламфилософиясы 51 бес категорияны рухани түпнегіз етіп алуды ұсынады. Олар - материя, форма,
қозғалыс, кеңістік жэне уақыт.
Өзінің ғылыми ізденістерін эл-Кинди астрологиямен - болашақты болжау
ісімен ұштастыруға талпынған. Оның ислам дініне келісе бермейтін кейбір
пайымдаулары исламның кейбір жақгаушыларына унамай, олар эл-Киндидің
біраз кітаптарын өртеп жіберген болатын. Сондықтан да оның біраз шығармалары
біздерге жете қойған жоқ. Әсіресе оларды қатты ашуландырып, өшіктірген нәрсе
эл-Киндидің Құранға сенімсіздікпен қараған кейбір ойлары болды.
Қорыта айтар болсақ, эл-Кинди ілімі араб тілді мұсылмандық Шығыс фило-
софиясының араб мұсылман элемінде кеңінен өркен жаюына өзінің тиісті үлесін
қосты деп айта аламыз. Одан арғы Шығыс перипатетизмінің дамуы ол-Фараби
(870-950 ж.) жэне Ибн Сина (980-1037 ж.) есімдерімен тікелей байланысты болды.
Әл-Фараби (870-950 ж). Тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дү-
ниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғулама философы, Аристотельден кейінгі
«Екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр эл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында
дүниеге келген.
¥лы жерлесіміз әл-Фарабидің түркі тайпасының дэулетті бір ортасынан
шыққаны бізге молім, бұған дәлел оның толық аты-жөнінде «Тархан» деген
атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзенінің Сырға
барып құятын жеріндегі Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-
жөні Әбу Насыр Мухаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан эл-Фараби, яғни әкесі ¥злағ,
арғы атасы Тархан. Туған жері - қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар
Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр Фараби, яғни Фарабтан
шыққан Әбунасыр атанған. Бүл қаланың орны қазіргі Отырар ауданы, Оңтүстік
Қазақстан облысы аумағында. Сол тұста өмір сүрген зерттеушілердің қалдырған
нұсқаларына қарағанда Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда
жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Отырарға орта ғасыр
ғалымдарының көп назар аударғанын біз тарихтан жақсы білеміз. Ғалымдардың
айтуынша, Отырар қаласы орналасқан аса құнарлы алқапта қазақ халқының арғы
ата-бабалары, қырдағы көшпенділер мен қала тұрғындары жиі қарым-қатынас,
тығыз байланыс жасап отырған.
Кеңінен мэлім екі дерек бар: 1218 жылы моңғолдар қаланы қиратты, бұл
«Отырар апаты» деп аталды; онан соң 1405 жылғы ақпанда мұнда Әмір Темір
қайтыс болды. Отырар жайында біздің қолымызда Ибн Хаукальдің, Абу Фиданың,
қытай деректемелерінің мәліметгері бар. Отырар жөнінде Птолемейде де ай-
тылған. Отырардағы кітапхана, ел аузындағы аңызға қарағанда, кітабының саны
жағынан атақты Александрия кітапханасынан соң екінші орында болған.
Бірақ Отырар Қазақстандағы бірден-бір мэдени орталық емес-ті. Зерттеу-
шілердің қажырлы еңбегі арқасында республиканың археологиялық картасы
басқа да мэдени орталықтармен (Тараз, Сауран, Сығанақ, Түркістан, Мерке,
Исфиджаб жэне басқа қалалар) толықтырылды. Демек, осы аумақты мекенде-
ген тайпалардың сонау арғы заманда қалыптасқан өскелең өнері, ғылымы, түркі
тілдес жазуы болған. Міне, сондықтан да қазақ топырағынан шыққан ғалымдар
Әбу Насыр әл-Фараби, Исхақ әл-Отрари, Исмаил әл-Шаухари, Жемал эл-Түр-
кістан, эл-Сығанақи, әл-Қыпшақи, Қадырғали Жалаири жэне басқалар жазған