Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


III тарау. Ортагасырлык, философия



Pdf көрінісі
бет57/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

III тарау. Ортагасырлык, философия
ке ие. Пайғамбарлар «эрекетшіл парасатпсн» байланысқа түсе алатын интуитивті 
ойлау қабілетіне ие9. Бұл күш - Құдайдаи жэне Оның кімге беруі керектігін өзі 
ғана шешетін құдіреті («вахий»), Ол материалды заттар арқылы, мысалы, аспан 
жинағы («фаляк») немесе «әрекетшіл парасат» арқылы келеді. Олай болса, ибн 
Сина философиясында адам парасатынан тыс өзге парасат түрі тіршілік етеді, ол 
адам парасатын дамытатын, жетілдіріп отыратын құдіретті парасат, оны эл-Араби 
тілімен айтқанда, белгілі бір деңгейде оны өзімен-өзі етеді.
Философтың пікірінше, пайғамбарлар сшқандай білім алмай-ақ адамдардың 
мәселелерін шеше алады. Оқиғаларды толықтай тануға мүмкіндігі жстпейтін кә- 
дімгі адамдардан пайғамбарлардың ерекшелігі, олар - «эрекетшіл парасатпен» 
сезімдік-интуитивті байланысқа ие бола отырып, заттардың моні мен болашақ 
жайлы мәліметтер алып отырады. Нәтижесінде олар жоғары деңгейде парасатты 
жэне дұрыс пайымдаулар мен мәліметтер айтады, ал оларды жоғары интеллек- 
туалды адамдар мақұлдап отырады; сонымен қатар олар қүдіретті «әрекетшіл 
парасатқа» бағына отырып, тәкаппар болудан бойларын аулақ ұстайды.
Пайғамбарлардың миссиясы - адамдарға құдіретті, жоғарғы тэртіпті жет- 
кізу жэне оларда керемет көңіл-күй қалыптастыру. Пайғамбар күшті жэне кере- 
мет қиялдау қабілетіне ие болуы тиіс, ол тек рухани бай ғана емес, қоғамның 
саяси лидері болуы тиіс жэне оларға өркенисттің жоғарғы негіздерін енгізе алуы 
қажет. Пайғамбарлардың сөзі түрлі аллегориялар мен рәміздерден тұрады, оның 
астарында керемет мағына жатқандықтан, белгілі бір деңгейде талдануды талап 
етеді («та’уиль»), Аталмыш бейнелер - діннің күрамдас бөлігі, өйткені оның 
мақсаты абстрактілі философиялық ойлауға келмейтін адамдардың жүріс-тү- 
рыстарын бағдарлайтын нақты моральдық сапа модельдері.
Мүмкін пайғамбардың мақсаты - қоғамның идеалды элеуметтік саяси жүйесі 
мен керемет мемлекеттік қайраткер болу мақсатында шариғатты әкелді; яғни, 
шын мәнінде, бұл идеалды басшы болу мен идеалды заңдар жиынын әкелудің 
ұлы миссиясы - тек пайғамбарларға ғана тән құбылыс10. Дін адамға қажетті, 
өйткені адамның қажеттіліктері эрқашан да керемет емес, ол эртүрлі жағым- 
сыз құбылыстарға толы жэне парасаттылықтың заңдылықтарымен, талаптары- 
мен үнемі жүре де алмайды. Қүран адамдарды игі мақсаттарға шақырып, оның 
өміріндегі эрбір секундында Қүдайды еске алуына шақырады жэне онда өзінің 
орнын, Қүран мен сүннеттен рухани потенциалын табуға септік етеді. Шариғат 
ешқашан және ешкімнің тарапынан мэні жоғалмайды; Шариғат мэтінінің қисын- 
ды баспалдақтары адамның Құдайға деген жолын меңзейді. Сондықтан да ибн 
Сина үшін шариғат жолымен жүрмеу, ол парасатты әрекет болып табылмайды. 
Егер біз мұнда ибн Сина мен әл-Фарабиді салыстырып қарайтын болсақ, онда 
біріншісі пайғамбарлық эрекетті философиялық шығармашылықпен тығыз 
байланыстырады, пайғамбарлар ол үшін қоғамды бақытқа жетелейтін ең оңтайлы 
тэсіл. Пайғамбарлар тарапынан экелінген шариғаттардың мақсаты адамдардың 
қоғамындағы әлеуметтік, рухани жэне адамгершілік тұстарын жақсартуға, онда 
өзінің шынайы болмысын айқындауға бағытталған11.
9 АН Н ulac, 166 s.
10Ali Bulaf, 168 s.
" АН Bulap, 168 s.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет