ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
деп аталады. Жыныссыз, жынысты жэне ұрпақ алмасуы арқылы
дамиды. Личинкалары - планула деп аталады.
Гидрозоа класы екі класс тармағына бөлінеді: гидроидтылар
Hydroidea және сифонофоралар
Siphonophora.
ГИДРОИДТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - HYDROIDEA
Бұларға жеке немесе колония құрып тіршілік ететін гидроидты
полиптер жатады.
Гидра (Hydra oligactis)
қарапайым құрылысты полиптің бірі.
Биіктігі 1 см-ге жуық, ұзына бойы созылған қапшық тәрізді, табаны-
мен субстратқа бекініп өмір сүреді. Өзендер мен шалшық суларда
жиі кездеседі.
Құрылысы мен физиологиясы.
Гидраның денесі эктодерма
және энтодерма қабатынан құралған. Олардың арасындағы мезоглея
қабаты өте жұқа құрылымсыз қоймалжың заттан тұрады. Денесінің
бос жағында (алдыңғы) 6-12 қармалауышпен қоршалған ауыз тесігі
орналасқан. Ол, энтодермалық клеткаларымен астарланған
гастральдық қуысына ашылады.
Гидраның эктодерма қабаты алты түрлі клеткалардан құралган.
Олар: жабынды эпителиальды клеткалары, эпителиальды-бұлшықет
клеткалары, интерстициальды немесе аралық, атқыш, жыныс және
нерв клеткалары (35-сурет)
Эпителиальды-бұлшықет (мускул) клеткалары цилиндр немесе
призма тәрізді, өзінің түбімен мезоглея қабатына бағытталып, сол
жерде өскіншелер түрінде созылады. Өскіншенің цитоплазмасы
жіңішке жиырылғыш талшығын құрайды. Осындай эпителиальды
клеткаларының өскіншелері бірігіп бойлай созылып орналасады, олар
жиырылғанда гидраның денесі тартылып қысқарады. Ал клеткалар-
дың негізгі цилиндрлік бөлігі бір қабатты жабынды эпителиді құрайды.
Сонымен эпителиальды-бұлшықет (мускул) клеткалары жабынды
эпителидің және жиырылу қызметін атқарады.
Эпителиальды-бұлшықет клеткалардың арасында ұсақ аралық
немесе интерстициальды клеткалар орналасқан, олардан жыныс және
атқыш клеткалар пай да болады.
Атқыш немесе қалақай клеткалары алмұрт тәрізді, ішінде қатты
қабықты сопақша атпа капсуласы орналасқан. Капсула улы затқа
толы және оның ішінде қабықшасының өзгеруінен пайда болған, іші
қуыс спираль тәрізді оралған жіпше жатады. Атқыш клетканың
Достарыңызбен бөлісу: