3. Бөліп алған тозаңдықтарды 2-4 сағат ФАА фиксаторында бекітеді
(фиксациялайды). Фиксатордың жақсы бекітуі үшін оны, алдын-ала
10-15°С-ға дейін салқындатады.
4.Фиксация аяқталған соң, сірке қышқылының иісі кеткенше.
материалды бірнеше қайтара сумен шаяды.
5. Тозаңдықтарды ине көмегімен төсеніш шынысына салып оған 1-2
тамшы 3%-тік ацетокармин ерітіндісін тамызады. Егер препарат тым
қою боялса, оны сұйылту қажет. Ол үшін оған 1-2 тамшы 5%-тік сірке
қышқылын тамызады.
6. Тозаңдықтан микроспораларды босату үшін, өткір скальпель немесе
ұстарамен оны ұзынынан немесе көлденеңінен екіге бөледі де,
тозаңдық қабықшасын жайлап баса отырып, тозаңдарды сыртқа
шығарады.
7. Микроспоралардың даму сатысын микроскоптың астында 10-20
еселік үлкейтуде анықтайды.
Астық тұқымдастарының көпшілігінің бір ядролық даму сатысындағы
аталық гаметофиттерін былай сипаттауға болады: микроспораның
көлемі ұлғайған, жақсы дамыған қабықшасы (экзинасы) болады, үлкен
бір вакуолі бар, цитоплазмасы сұйылған, ядросы вакуоль мен ішкі
қабықшаның (интина) арасында орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: