Бейнелі естің бастауы адам ӛмірінің екінші жылымен байланыстырылып, бұл естің
түрі ӛз дамуының жоғары нүктесіне жастық шақта жетеді деп саналады. Барлығынан
ерте – 6 ай шамасында аффективті ес кӛрініс бере бастайды, бірақ уақыт бойынша ең
біріншісі моторлы немесе қозғалыстық ес, генетикалық жоспарда ол барлық естен
тұрады.
Адам есінің тарихи дамуын Л.С. Выготскийдің қарастырған кӛзқарасы
басқаша
болды. Оның пікірінше, филогенездегі адам есінің кемелденуі басты түрде еске
сақтау құрамдарын жақсарту мен мнемикалық функциялардың адамның басқа да
күйлері мен психикалық үрдістерімен байланысын ӛзгерту жолымен жүреді.
Сӛйлеудің әр түрлі формаларының арқасында (ауызша, жазбаша, сыртқы, ішкі) адам
ӛз есін еркіне қабілетті етіп, есте сақтауды саналы түрде басқарып,
материалды
сақтау мен қайта жаңғырту үрдісін басқара алатын болады.
А.Н. Леонтьев балалық жасындағы тікелей және жанама еске арнайы зерттеулер
жүргізген. Ол тікелей есте сақтау – мнемикалық үрдісінің уақыт ӛте келе
жанамаланғанмен ауысатындығын экспериментальды түрде кӛрсеткен. Бұл баланың
кемелдендірілген ынталар – материалды есте сақтау мен қайта жаңғыртуды
меңгеруге байланысты орын алады. Ынталардың дамуының ӛзі келесі заңдылыққа
тәуелді болып табылады: олар алғашында сыртқы болса (мысалы: есте сақтау үшін
әр түрлі заттарды қолдану, қол саусақтарын т.б.),
кейіннен ішкіге айналады
(мысалы: сезім ассоцациясы, елестеу, бейне, ой). Мағыналанған материалды еске
сақтауды зерттеген кеңестік және шетел зерттеушілерінің еңбектерін салыстырып
талдағанда шығатыны – шетелдік зерттеулерде материал сипаттамасына кӛп зейін
бӛлінсе, кеңес зерттеулерінде сол материалдың ӛңделу сипаттамасына кӛп кӛңіл
аударылады, соған байланысты логикалық ес мәселелері
кеңестік психологияда
тереңірек зерттелген.
Есті бүгінгі таңдағы психология ғылымы тұрғысындағы зерттеуде негізгі әрі жанды
болып отырған – есте қалдырудың механизмі туралы мәселелер болып саналады.
Естің психологиялық теориясы ес механизмін зерттеудің ең бастапқы бағыты болып
есептеле отырып, осы тұрғыдағы зерттеулер мен кӛзқарастар кӛптеген бағыттарға
және теорияларға тарамдалады. Осындай тарамдаудың негізі ретінде естің
дамуындағы адамның белсенділік әрекеті алынады. Ал ес жайындағы кӛптеген
теориялар басты мәселе етіп сол күйінде объектіні немесе субъектіні алады.
Достарыңызбен бөлісу: