Микроэкономика


көлемінің пайыздық өзгеру дәрежесін көрсететін коэффициент. Бұл икемділіктің коэффициенті мына



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата18.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#118211
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Микроэкономика (2)

көлемінің пайыздық өзгеру дәрежесін көрсететін коэффициент. Бұл икемділіктің коэффициенті мына
формуламен беріледі:
EDx,y = DQy% / DРx%,
 мұндағы, EDx,y – сұраныстың қиылысқан икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; DQy% - Y
тауарына деген сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; DРx% - X тауары бағасының салыстырмалы
өзгеруі.
 Қиылысқан икемділікті анықтау барысында төмендегі форомуланы қолдануға болады:
Eij=∆Qi/∆Pj × Pj/ Qi
Мұнда, Eij<0 – толықтырғыш тауарлыр
E ij>0 – ауыстырғыш тауарлыр
Eij=0 – бір біріне ешқандай қатысы жоқ тауарлар
 Егер қиылысқан икемділіктің мәні (EDx,y >0) 0-ден үлкен немесе оң сан болса, онда бұл қарастырылып
отырған X және Y тауарлары – бірін-бірі алмыстырушы (субститут) тауарлар болып саналады (егерде,
кофенің бағасы өсетін болса, онда оны алмастыратын шәйға деген сұраныс артады). Егер қиылысқан
икемділіктің мәні (EDx,y <0) 0-ден кіші немесе теріс сан болса, онда бұл қарастырылып отырған X және
Y тауарлары – бірін-бірі толықтырушы (комплемент) тауарлар болып саналады (егерде, фотопленкаға
баға өссе, онда оны толықтыратын фотоаппаратқа сұраныс көлемі төмендейді). Ал егер қиылысқан
икемділіктің мәні (EDx,y=0) 0-ге тең болса, онда бұл қарастырылып отырған X және Y тауарлары - өзара
тәуелсіз тауарлар деп саналады, яғни бұл екі тауардың арасында ешқандай байланыс жоқ деген сөз
(мысалы, қаламға деген бағаның өсуі сүтке деген сұранысты өзгертпейді).


 3. СҰРАНЫСТЫҢ ТАБЫС БОЙЫНША
ИКЕМДІЛІГІ 
Сұраныстың табыс бойынша икемділігі 
– тұтынушы табысының пайыздық өзгеруіне
байланысты тауарға деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруін сипатайтын сұраныстың
сезімталдық дәрежесінің көрсеткіштік коэффициенті. Бұл икемділіктің коэффициенті мына
формуламен беріледі: EDI = DQ% / DI%,
Кейде табыстық сұраныс икемділігін төмендегі формуламен анықтауға болады:
EI=∆Q/∆I × I/Q
Мұнда, EI<0 – сапасыз (аномалды) тауар
E I>0 – сапалы (нормалды) тауар
EI=0 – тауар сапасын анықтау мүмкін емес
Ұсыныс икемділігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет