Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет210/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

18.7-кестеде
сипатталады.
18.7-кесте 
Газ өнеркәсібінің атмосфераға бөлетін зиянды заттардың негізгі сипаттамалары
Зат 
(газ, бу)
Мольдік 
массасы
 
 Иісі 
Зиянды 
әсер ететін 
минималды 
концентра-
ция, мг/м.
куб
Санитарлы концентрациялар, 
мг/м.куб
өлтіре-
тін
Атмосферадағы 
ПДК
Жұмыс 
аймағының 
қауіп 
деңгейі 
Елді 
мекен-
дердің
Метан 
16
Жоқ
180000
235000
300 (4)
200
Этан
30
Жоқ
98000
125000
300 (4)
200
Пропан
44
Жоқ
68000
86000
300 (4)
200
Бутан
58
әлсіз
48000
62000
100 (4)
200
Газ конденсаты 75
әсері бар
38000
50000
300 (4)
5
Азоттық 
қостотығы
46
Жағым-
сыз
480
1200
5 (2)
0,005
Көміртегі 
тотығы
28
Жоқ
1280
12500
20(4)
3
Көміртегі 
қостотығы
44
Жоқ
165000
410000
78500(4)
9800
Күкіртті анги-
дрит
64
өткір
90
1460
10 (3)
0,05
Метанол
32
әлсіз
300
6000
5 (3)
1
Күкіртті сутек 34
Шіріген 
жұмыртқа 230
4620
10 (2)
0,008
Аммиак
17
өткір
100
700
20 (4)
0,2
Күйе
12
Жоқ
500
5000
4 (4)
0,15
Күкіртті анги-
дрит
80
өткір
10
20
1 (2)

Кестеден көріп отырғанымыздай, мұнай және газ өнеркәсібі объектілердің 
қалдығы мен ауасының құрамындағы қазіргі кезде бақыланатын заттардың (SO
2

көмірсутектер) адамдар үшін токсикалығы мен қаупі бақыланбайтын заттарға 
(SO
3
, NO) қарағанда азырақ болады.


493
Осылайша көмірсутекті шикізатты жинау, тасымалдау, өңдеу кезінде 
ластанған теңіз, негізінен теңіздік мұнай және газ кен орындарын орналастыру, 
технологиялық құрал-жабдықтардың жұмыс істеуі қоршаған ортаға лас сулар 
мен өдірістік қалдықтарды тастау нәтижесінде болады.
Одан басқа, біз жүргізген зерттеулер нәтижесінде мынаны айтуға болады:
• 
Солтүстік Каспийдің жағалаулық аймағында гидрометеорологиялық 
үдерістер нәтижесінде түптік күкіртті сутек жиналуда;
• 
Солтүстік Каспий түбі теңіз суының көмірсутекті ластанудың екінші 
көзі болып табылады.
18.12.2 Солтүстік Каспий қайраңы мен оның жағалауындағы мұнай-
газды аймақтардың экологиялық және тазалық мониторингі
Каспий теңізі қайраңының теңіздік мұнай және газ кен орындарын игер-
генде, қажетті экологиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз етілген тиімді тех-
нологияны таңдау мен оны әрі қарай өндіру – ҚР-ның мұнай-газ саласының 
қазіргі таңдағы көкейтесті міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл мәселенің 
көкейтесті болуына мынадай жағдай әсер етеді: Каспий теңізінің солтүстік 
бөлігі (Қазақстандық) мен жағалауы экологиялық тұрғыдан өте сезімтал, әрі 
табиғаты қорғауға алынған аймақ деп есептеледі. Қоршаған қорғау жөніндегі 
осы және басқа мәселелерін шешу үшін мұнай-газ кен орындарын игергенде, 
экологиялық мониторинг жүргізу міндетті болып табылады.
Мониторингтің мақсаты – бұл атмосфера, топырақ, судағы ластаушы зат-
тар концентрациясының жергілікті және ірі масштабты өзгерісін үздіксіз 
бақылау мен қадағалау. Осының бәрі технологиялық тасталымдардың тұрақты 
экожүйелерге әсерін болжамдау үшін және табиғатты қорғау іс-шараларын 
ұйымдастыру үшін жүргізіледі. Мониторингтің мазмұны, бақылау, болжам, 
қадағалау сияқты міндеттермен сипатталады. Олар кеңістік пен уақыт ішінде 
бірмерзімді деп алынады. Соның салдарынан мониторинг мақсаты орындалады, 
яғни қоршаған ортаның өткендегі, қазіргі және болашақтағы жағдайы туралы 
шынайы ақпарат алынады. Объект пен бақылау мақсатына қарай мониторингтің 
бірнеше түрі анықталады (гидробиологиялық; биосфералық, тазалық және 
т.б.). Каспий теңізі жағалауымен оның су ортасы жағдайының мониторинг 
ерекшелігін алып қарастырайық.
Биосфераның құрылымы мен қасиеті туралы түсініктер негізінде 
тұрғызылған, қоршаған ортаны қорғаудың қазіргі заманғы концепциясының 
маңызды рөлін микроағзалар атқарады. Дәл осы биогидрохимиялық орта-
да барлық белгілі ластаушы заттар бұзылады, өздігінен тазару үдерісі үшін 
жағымды жағдайлар туады, микроағзалар қауымдастығы немесе ассоциацияла-
ры түріндегі белсенді деструктарлар анықталады. Сондықтан микроағзалардың 
физиологиялық топтарының жалпы саны, биомассасы туралы деректер мен 
деструктарлардың түрлілік құрамы туралы деректер, су немесе топырақ 
экожүйесі жағдайының жинақты ерекшелігін білу үшін қажет.


494
Каспий теңізінің солтүстік бөлігі, бірегей биологиялық ресурстарға бай 
теңіздің таяз ауданы болып табылады. Каспий теңізі үлесіне, қызыл балықтың 
әлемдік қорының 90% тиесілі деп есептелген. Одан басқа, теңізде жарты-
лай өтпелі байлықтық бағалы түрлері бар. Оларға: сазан, оның тұрақты 
мекендеушілері: итбалық.
Теңіздің солтүстік бөлігі өтпелі және жартылай өтпелі балықтардың көбею 
жері болып табылады. Жағалаудағы қалаларда сирек құстар жұмыртқалайды. 
Осы және басқа факторлар, акваторияны өнеркәсіптік өндіру кезінде экологиялық 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бағалау мәселесінің көкейтестілігін көрсетіп 
отыр. Гидрохимиялық зерттеулер нәтижесінде қарағанда, Каспий теңізінің 
солтүстік бөлігінде фенолдар аса қауіпті деп анықталды. Теңіз суындағы құрамы 
едәуір жоғарғы деңгейлерге жетіп, 18 ПДК дейінгі көрсеткішті құрайды. Ал 
Маңғыстау облысына іргелес жатқан аудандардағы теңіз суының мұнаймен 
ластану деңгейі 10 ПДК-ға жеткен. Сонымен қатар Касспий теңізінің солтүстік 
бөлігі сынаппен қатты ластанған. Бұл жайт, Касспий теңізі акваториясының 
сынаппен, т.б. токсикалық металдармен ластану деңгейі үнемі бақылау, яғни 
экологиялық мониторинг жүргізу қажеттігін дәлелдеп тұр. Теңіздің солтүстік 
бөлігінің әр жерінде металдар мен хлорланған көмірсутектердің таралғанын 
ескерсек, егер олар басқа да ластаушылармен қосылса, онда балықтар мен басқа 
ағзаларды үлкен қауіп күтіп тұр. Мұнаймен ластануға келетін болсақ, әзірше ол 
жергілікті аймақта таралып, акваторияның жекелеген аудандарында ғана ПДК-
дан асып тұрады.
Теңіз деңгейі көтерілгеннен бері, Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігінің 
мұнаймен ластану мәселесі жиі айтылып жүр. Кейбір мұнай құбырлары 
шайылып та кеткен. Ашық теңізде қалдырылған консервацияланған ұңғымалар 
да қауіпті болады. Себебі, мұнда кең өсуінің әсерінен пайдалану және техникалық 
бағаналары істен шығып, мұнай мен газдың ағып кетуі мүмкін. Атырау облысы, 
оның ішінде Каспий теңізі жағалауындағы экологиялық сезімтал аудандарында 
өмір сүретін халықтың денсаулығы мен қоршаған орта жағдайы туралы деректер 
талдауының нәтижелерін ұсынайық. 
Атырау облысы, әсіресе Каспий теңізі қайраңы мен оның жағалауының 
табиғаты антропогенді әсерге өте сезімтал болып келеді. Бұл территорияның 
табиғатына салыстырмалы әлсіз әсердің өзі оның дегродациясына әкелуі 
мүмкін. Табиғи орта компоненттері белгілі бір шектен ластанып, флора мен 
фаунаның био әртүрлілігі төмендеп, өсімдіктер, жануарлар, балықтардың же-
келеген түрлері жойылып, ең бастысы – адамдар денсаулығына қауіп төнуі 
ықтимал. Үлкен техногенді салмақ экологиялық және технологиялық талап-
тарды жеткілікті түрде сақтамағандықтан, Атырау облысына едәуір шығын 
келтірген. 
Өндіріс кәсіпорындары мен объектілердің облыстағы табиғаты қорғалатын 
аймақтардың қоршаған ортасының сапасына тигізетін теріс әсері, мына 
жағдайлармен қиындатылады: 


495
• 
Климаттың қатал жағдайларымен; 
• 
Тұз асты шөгінділерден өндірілетіндерден және көмірсутекті 
шикізаттан өңделетіндердің ішінде күкіртті қосылыстардың жоғары 
концентрациясының болуы;
• 
Экологиялық шығын көлемі мен тереңдігі туралы шынайы әрі толық 
мәліметтің жоқтығы;
• 
Каспий теңізі деңгейінің жоғарылауы, жағалық сызықтың жағалық кен 
орындардың су алуы немесе су астында қалуы;
• 
Каспий қайраңында теңіздік мұнай газ кен орындарын өнеркәсіптік 
игеруінің басталуы, континентаралық магистральді құбыр салу, т.б.
Бұдан басқа, Атырау облысының қоршаған орта сапасына мыналар теріс 
әсер етеді: мұнай және газды өндіру, тасымалдау, өңдеу технологиясының ескі, 
әрі жақсы ойластырылмағандығы;
Энергияны тасымалдаушылар мен шикізатты ысырап қорлықпен пайдала-
ну;
Мұнай газ кәсіпшіліктері мұнай өңдеуші мен мұнай химиялық кәсіп 
орындардағы жалынды ілеспе газдар мен технологиялық жанар газдарды 
экономиялық жағынан тиімсіз және экологиялық жағынан зиянды көп жылдық 
жағу;
Өндіріс қалдықтарын жою, залалсыздандыру, көшу, жинау жұмыстарының 
дұрыс жолға қойылмауы.
Каспий маңы территориясына, әртүрлі іргелес территориялардың фаунала-
ры кеп қиылысады. Сондықтан оның өкілдері, Каспийдің жануарлар әлеміне 
аралас сипат береді. Аймақ территориясы мекендейтін едәуір көп жануарлар 
түрлеріне сүтқоректілер мен құстар жатады. Сүтқоректілердің ішінде 14 түрі 
адам тіршілігі мен шаруашылық үшін маңызды: қоян, түлкі, борсық, қабан, 
киік, каспий итбалығы және т.б.
Соңғы уақытта жағалаудың таяз сулы акваториясы мен онда шоғырланған 
мұнай газ өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптерінің антропогенді араласуынан 
едәуір зардап шегіп отыр. Каспий маңы аймағында құстардың жаппай қырылуы, 
сулы балшықты кешенді мекендеген құстардың санын апатты түрде кемітіп 
отыр және өзінің масштабы бойынша аймақтық мәселе шегінен шығып кеткен.
Барлық ластаушы көздердің көптен бергі әсері, Атырау облысындағы 
қоршаған ортаның дағдарысқа жақын экологиялық жағдайы ушықтырды. Аты-
рау облысының табиғи ортасының негізі ластаушы көзі мыналар болады:
Отын энергиялық кешен (мұнай-газ өнеркәсібінің кәсіпорындары мен 
объектілері); 
Тау-химиялық шикізаты, құрылыс материалдары, өндіру мен тасымалдауға 
мамандалған кәсіпорындар;
Өзен-Атырау-Самара мұнай құбыры мен Орта Азия-Орталық газ құбырының 
болуы, т.б.


496
Зерттелген территориясының атмосфералық ауасы, суы, жері мен топырақ 
өсімдікті жамылғысы әртүрлі деңгейде ластанған, ал оның әсері флора мен 
фаунаның, адамдарының денсаулық жағдайында көрініс тапқан. Мұнай газ-
бен ластанудың қоршаған орта мен адамдар денсаулығына әсерін бағалауға 
мүмкіндік беретін экономиялық және тазалық мониторингтердің нәтижелері 
көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет