11
пайдалану жұмыстары жүргізілуде. Мұзды жағдайларындағы теңіз кен орын-
дарын суасты пайдалануына аса үлкен мән беріліп зор көңіл аударылуда. Бұл
техникалық мүмкіндіктерге мұздың әсерін болдырмауымен, навигациялық
қауіп пен қатер, өрт қаупін болдырмауды және кен орынды меңгеру үнемділігін
қамтамасыз етілуді талап етеді. Терең суларда жұмыс жүргізуге кедергілерге –
ұңғыманы бұрғылауға мүмкіндік беретін су тереңдіктерімен берілген кезеңде
экономикалық тұрғыдан мұнай-газ өндіру нысаналы болып табылатын су
тереңдіктері арасының алшақтығының ұлғаюы жатады.
Әсіресе мұз аралық кезеңде суастында құбыр желілерін төсеу, зерттеу және
жөндеу жұмыстары ең басты проблема болып табылады. Теңізде механикалық
мүмкіндіктерді және негізінен суасты игеру тәсілі үшін техниканы пайдалану
гидротехникалық құралдарымен жүзбелі қондырғылардың суасты бөліктерін
жөндеу және тексеруде қауіпсіз суасты техникалық жұмыстарды жүргізуді
қамтамасыз етуді талап етеді. Техникалық сұрақтарды шешумен қатар экстри-
малды жағдайда адамның тіршілік етуі мәселелерін, сондай-ақ суастында жұмыс
жасағанда адамның тіршілік етуін жылумен қорғаудың дәрігерлік-техникалық
аспектілерінің мәселелерін шешу керек.
Теңізде мұнай-газ кен орындарын іздеу-барлау мен игеру жұмыстары – аса
тәуекелділікке байланысты болатын операциялар. Олардың техникалық жағы
аса күрделі және өте қымбат. Осындай кен орнындарды меңгерудің негізгі про-
блемалары онда жұмыстарды жүргізудің техникасы мен технологиясын тиімді
пайдалануға байланысты.
Теңіз кен орындарын іздеу-барлау және игеру жұмыстары әдетте екі
кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезеңде мұзаралық кезеңде геологиялық іздеу-
барлау жұмыстары жүргізіледі, екінші кезеңде мұнай-газды тасымалдау және
дайындауда үзіліссіз өндірістік цикл үдерісі жыл бойы жүргізіледі, оның ішінде
жұмыс қысқы уақытта да жүргізілетін болғандықтан сенімді техника мен
технология және технологиялық параметрлер әрбір нақты адамның жұмысының
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, ұзақ мерзімді, жоғарғы сенімді талаптарға
сәйкес конструктивті шешімдерді қажет етеді.
Жоғарыда
Достарыңызбен бөлісу: