4.1 Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғыларының
технологиялық жабдықтары
Теңіз акваторияларында бұрғылау жұмыстарын жүргізу тәжрибесі жүзбелі
бұрғылау қондырғыларына қойылатын бірқатар талаптарды:
- ұңғыманы бұрғылау кезінде бұрғылау қондырғыларының жоғарғы
өнімділігін;
- ұңғыманы бұрғылап аяқтаған соң ӨК ЖБҚ-ын жаңа нүктеге жылдам
орнын ауыстыруын;
- аса қашық емес, жақын арақашықтыққа жүзілуін;
- осы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуін;
- автономдылығын, яғни дұрыс бұрғылауға жеткілікті материалдар
қорымен және қызмет көрсету персоналын қажетті тағамдармен, ауыз
сумен, тұру жағдайларымен қамтамасыз етеді.
4.3-сурет. «Бакы» ӨК ЖБҚ-да мұнараның айналасы
85
Мұнара айналасында (
4.3-сурет
): бұрғылау мұнарасы тәл арқанның жылжы-
майтын соңын бекіту механизмі (1), қосымша шоғыр (2), машиналық кілттерге
арналған тұрық (3), ауырлатылған бұрғылау құбырларына арналған кассета (4),
бұрғылау тізбегінің свечаларын қолмен ауыстыру подсвечнигі (5), тәл блогының
көтерілуін шектеуші (6), ротор (7), бұрғылаушының негізгі пульті (8), бұрғылау
шоғырының электр жетегі (9), ауа жинағыш (10), қашауды беру реттегіші (11),
ЛБУ-1700 бұрғылау шоғыры (12), АКБ-3М2 кілті (13), пневмотаратушы (14),
КИП бар кабина (15), свечаларды автоматты түрде тарату дүкені (16), ТКО-ны
басқару пульті (17) және қосымша шоғырды басқару пульті (18) жабдықтары
орнатылған.
Технологиялық жабдықтар кешені:
- ұңғыларды бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғысынан;
- бұрғылау ерітіндісін беруге, дайындауға, сақтауға және оның
бұрғыланған жыныстан тазартуға арналған жабдықтардан;
- ұнтақ тәрізді материалдарды сақтау жабдығынан;
- ұңғыны бекіту кезінде цемент ерітіндісін дайындау және айдау
жабдығынан;
- ұңғымада электрометрлік және каротажды жұмыстарды жүргізу
жабдығынан;
- суасты саға жабдығынан;
- ұңғыны игеруге арналған жабдықтан;
- қосымша қондырғылардан (көтергіш крандар, кіші механизация
қондырғылары т.б.);
- теңіз ластануынан сақтау жабдығынан;
- ұңғыны құру кезінде технологиялық үдерісін бақылау және басқару
жүйелерінен тұрады.
Бұрғылау мұнарасында (
4.4-сурет
): кронблок (1), свечаларды тасы
механизмінің балконы (3), тәл арқанында қыстырылған тәл блогы және свеча-
ларды көтеру және қысу механизмі (4), автоматты элеватор және вертлюг (5)
қондырылған.
Свечаларды қолмен орнату кезінде тәл блокпен автоматты элеватор орнына
ілмек блогын қолданады. Осыдан басқа мұнарада монтажды блок, жылжыма-
лы орталағыш (2), төменгі блок, жапқыш, машиналар кілттерінің жапқыштары
және т.б. бар.
Негізгі палубада көлемі 120 м
3
болатын жұмыс сыйымдылықтар блогы
бар айналдыру жүйесі, блоктарда: өнімділігі 50-60 л/с бұрғылау ерітіндісін
тазалаудың елегіші, бұрғылау ерітіндіні газдан айыру үшін вакуумды дегазатор,
құмайырғыш, су араластырғышқа суды немесе ерітіндіні берудің шламды со-
раптары, механикалық араластырғыштар, гнидравликалық араластырғыштар
орнатылған.
Кранның қызмет көрсету аумағында бұрғылаудан шыққан жыныстың шла-
мын жинау және оны жағалауға апару үшін арнайы контейнерлер орнатылған.
86
ӨК ЖБҚ-ның энергетикалық жабдығы дизельгенераторлардан, жалпы
біріккен энергетикалық жүйеден тұрады. Олардың қуаты жалпы ӨКБҚ-ның
параметрлерінен, бұрғылау тереңдігінен, теңіз тереңдігінен, жұмыс режимінің
тәуелділігінен анықталады. Құрлыққа қарағанда, электр жетектердің және
электрқозғалтқыштарының қуаты жоғарыны таңдайды.
4.4-сурет. «Бакы» ӨК ЖБҚ мұнарасы
Достарыңызбен бөлісу: |