Арал теңізіндегі апатты жағдайдың ғарыштық мониторингісі
Қазақстанның «Байқоңыр» аэроғарыштық экологиялық орталығы бірінші рет
1992 жылы «Арал өңірінің экологиялық картасын» жасады. Арал теңізінің
тартылуына байланысты экологиялық жағдай асқына түсуде. Егістік жерлер
мен мал жайылымдарын құм мен тұз басып пайдаланудан қалды. Табиғи
ортаның азып-тозуы жергілікті халықтың денсаулығына біраз зардабын
тигізді. Теңіз маңында тұратын жас балалардың денсаулығында ақаулар
байқалады. Арал маңында атмосфера ғана емес, су мен топырақ та
ластанған. Арал теңізінің қазіргі апатты жағдайы дүниежүзі елдері
географтарының назарын аударуда. 1998 жылы Халықаралық конгресте Арал
мәселесі талқыланды.
) Арал теңізін зерттеу үшін түсірген әдіс
A. Далалық зерттеу
B. Қашықтықтан зондтау
C. Салыстырмалы зерттеу
D. Ғарыштық түсірілім
E. Сандық әдіс
2) Арал теңізінің тартылуының басты себебі
A. Жер бедерінің жазыңқы болуы
B. Балықты шектен тыс аулау
C. Шөгінді аймақтың болуы
D. Жауын шашын аз түсуі
E. Суармалы егістің ұлғаюы
3) Түсірілім арқылы Арал теңізін мониторингілеу шарты
A. Картографиялық модельдеу
B. Табиғатты қорғау және болжау
C. Экономикалық шығынды анықтау
D. Аймақты картографиялау
E. Ғарыштық суреттерді интерпретациялау
4) Екіге бөлінген Арал теңізінің Қазақстан аймағындағы бөлігі
A. Барсакелмес
B. Үлкен Арал
C. Кіші Арал
D. Возрождение
E. Ақтұмсық
5) 1998 жылы Амстердамда өткен Халықаралық конгрессте қаралған мәселе
A. Арал теңізінің экологиялық картасы
B. Халықаралық қор ұйымдастыру
C. Арал балаларының денсаулығы
D. Арал аймағындағы тіршілік дүниесі
E. Арал тағдырына қатысты іс шара
Достарыңызбен бөлісу: