94
«Ислам дінінің маңызы қандай?» деген сауалға «Топтық тер-
геу» тәсілімен жауап беріңдер. Ол үшін бес топқа бөлініп жұмыс
істеңдер.
1) «Баяндап берушілер» тобы – ислам діні туралы баяндайды.
2) «Зерттеушілер» тобы – осы діндегі ұстанымдарды зерттейді.
3) «Сұрақ құрастырушылар» тобы – тақырыпқа байланысты
сұрақтар дайындайды.
4) «Жазушылар» тобы – «Діннің маңызы» тақырыбына шағын
эссе жазады. Эссе критерийлері:
• Көлемі – 100 сөз.
• Келтірілген пікірдің мағынасын ашу – 1 балл;
• Эссе жазушының өз позициясын көрсетуі және түсінді-
руі – 1 балл;
• Ойтолғау мен келтірілген аргументтердің дәрежесі мен
сипаты – 3 балл;
Ең жоғары балл – 5.
5) «Дәнекершілер» тобы – діндегі адамгершілік ұстанымдарды
бүгінгі күнмен байланыстырады.
Соңынан барлық топ бірігіп қорытындылайды.
Жалпы жаңа дін неліктен пайда болуы мүмкін? Ол үшін қан-
дай алғышарттар керек? Сұрақтарды талқылап, баға бе рің дер.
Достарыңызбен бөлісу: