бірінде емес, олардың тұтаскан тіркесінде пайда болатындығын,
екіншіден, - оның тұракты жэне ондай тіркестің, етістік негі-
зінің лексикалық мазмұнына қарамастан, бэріне бірдей ортақ
болатындыгын, үшіншіден, - басқа бір форманың стилистикалык
варианты немесе етістіктің грамматикалық жүйесінде дербес
мағыналық бірлік бола алатындығын айтады1. Н. Оралбаева
казақ тіліндегі етістіктің аналитикалык формаларын карастыра
келіп, аналитикалық формалардың етістіктің грамматикалык
категорияларының формалары екендігін, олардың синтетикалық
формалармен өзара шарттас, тектес келіп, ұштасып жататынды-
ғын жэне лексикалық бірлік немесе тұрақты сөз тіркесі тэрізді
даяр бірліктер емес, сөйлеу процесінде жасалатындығын көрсе-
теді. Ол етістіктерге тэн аналитикалык форманттың граммати
калык табиғатын айқындай келіп, ол форманттың қүрамына ене-
тін бірінші элем ент - негізгі етістікке ж алганаты н аффикс те,
екінші элемент көмекші етістік екендігін айтады2.
Әртүрлі тілдердегі сөздің аналитикалык формаларын жэне
олардың белгілерін айқындауға қатысты пайымдаулар мен
пікірлердің ұзын ыргасы, қысқаша шолғанда, осындай.
§ 84. Сөздің аналитикалык формасы немесе аналитикалык
конструкция сөздердің тіркесінен жасалады да, осы жагынан
алғанда, күрделі сөзбен де, сөз тіркесімен де ұксас келеді. Бірақ
бүган қарап, аналитикалык конструкцияны күрделі сөзбен не
месе сөз тіркесімен біртектес деп санауга, эрине, болмайды. Ана
литикалык конструкцияның күрделі сөз немесе сөз тіркесімен
ұқсас жақтарын жэне олардан айырым жақтарын айқындау үшін,
аналитикалык форманың көбіне-көп етістіктерге тэн екендігін
ескере отырып, ұқсастық пен айырмашылықтарды етістіктің
аналитикалык формаларына қатысты салыстыра баяндаған жөн.
Мысалы, етістіктің аналитикалык формасы күрделі етістікпен де,
кұрама етістікпен де, етістіктерден жасалған сөз тіркесімен де
үксас болып келеді. Етістіктің аналитикалык формасының аталған
конструкциялармен кейбір үқсастығы болганымен, олардын
арасында түбірлі айырмашылыктар бар. Сондықтан олар эр басқа
Достарыңызбен бөлісу: