бірінен ажыратылуының эрдайым шарт еместігін бұл тілдерге тэн
ерекшелік деп білу керек.
§ 20. Енді көмекші немесе аффикстік морфемалар жайында.
Лексикалык магынаны білдіретін морфема негізгі морфема немесе
түбір морфема деп аталса, грамматикалык магынаны білдіретін
морфема көмекші немесе аффикстік морфема деп аталады. Негізгі
немесе тубір морфемаларда дербестік бар. Олар, мысалы, түркі
тілдерінде дербес сөз ретінде колданыла алады. Ал аффикстік
морфемаларда мұндай дербестік болмайды.
Сондықтан да олар
көмекші морфемалар деп аталады. Аффикстік морфемалар
әрқашан сөз кұрамында колданылады. Олар сөзден тыс ешқандай
магынаны білдіре алмайды. Аффикстік морфемалар сөз құрамында
қолданылғанда гана, белгілі бір магынаны білдіреді. Мысалы,
көлшікке
деген сөздің құрамындагы аффикстік морфемалар
(-шік,
-ке)
осы сөздің жэне т.б. осы сөз тэрізді басқа да сөздердің құра-
мында колданылганда гана, белгілі бір магыналарга ие бола алады.
Сөз кұрамында аталган аффикстік
морфемалардың алдыңгысы
(-шік)
түбір морфеманы
(көл)
нақтылай түсіп, кішірейткіш
магынаны білдірсе, соңгысы
(-ке)
багыт м ащ ңасы н білдіреді.
§ 21. Аффикстік морфемалар түбір
морфемадан сөздердің
үлгілерін (модельдерін) жасауга қатысы жагынан да ажыратылады.
Аффикстік морфемалар сөздердің белгілі бір тобының қүрамында
гана колданылса, түбір морфемалар бір емес, эр басқа топқа
қатысты сөздердің қүрамында үшыраса береді. Мысалы,
білімнен
деген
сөздің кұрамындағы
-ім
жэне
-нвн
аффикстік морфемалары
сөздердің зат есім деп аталатын тобында гана үшырасса,
біл
деген
түбір морфема сөздердің зат есім (мысалы:
білім)
деп аталатын
тобында гана емес, эртүрлі
топтарында, мысалы, етістіктер
тобында да (
білдіру
;
біліну, білісу
), сын есімдер тобында да (
білгіиі,
білімді)
үшыраса береді. Түбір морфемалар эр басқа формалармен
түрленетін сөздердің қүрамында колданыла алса (мысалы, жо-
гарыдагы эр басқа сөз таптарының түрлену формаларын алыңыз),
аффикстік морфемалар біркелкі формаларда түрленетін сөздердің
қүрамында колданылады. Мүнымен бірге мына бір ерекшелікті
коса ескеру кажет: аффикстік морфема сөздердің белгілі
бір тобына
телініп шектеле тұрса да, түбір морфемага қараганда элдеқайда
жиі колданылады. Белгілі бір аффикстік морфема біртектес түбір
24
морфемалардың әлденешеуіне жалғана берсе, белгілі бір түбір
морфема санаулы ғана аффикстік морфеманы қабылдай алады1.
Мысалы, аффикстік морфеманың
бірі - көптік жалғауы
(-пар, -
лер, -дар, -дер, -тар, -тер)
күллі зат есім атаулы сөздердің (немесе
түбірлердің) барлығына бірдей жалгана берсе,
ж ер
деген түбір
морфемаға аффикстік морфемалардың барлығы емес, бірнешеуі
ғана жалғана алады.
Енді түбір морфема мен аффикстік
морфемалардың әрқай-
сысына арнайы тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: