Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы



Pdf көрінісі
бет24/174
Дата18.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#118714
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   174
Байланысты:
file-4107 3

1 Бұл да сонда, 33-беті.
2 К. Аханов. Тіл біліміне кіріспе, Алматы. 1965, 393-бет.
31


нақтылай түсіп тұр. Аффикстердің кейбіреулері дербестігі жоқ 
түбір морфемадан сөз тудырады немесе дербестігі бар түбір 
сөзден туынды сөз тудырады. Мысалы, орыс тілінде өз алдына 
дербес қолданыла алмайтын оч- деген түбір морфема 
-ник 
деген 
аффикстің жалгануы арқылы толық лексикалық мағынасы бар 
сөзге (очник) айналған. Мүнымен бірге, осы аффикстің 
(-ник)
дербес сөз ретінде колданыла алатын түбір морфемаға жалғануы 
арқылы туынды сөз жасалады (мысалы: 
ударник).
Қазақ тілінде 
бүлік
деген сөз бүл күнде өз алдына дербестігі жоқ бүл- деген 
түбірге (аталған түбір 
бүлін, бүлдір
деген сөздердің де күрамын- 
да кездеседі) 
-ік 
деген аффикстің жалғануынан жасалса, осы 
аффикстің өз алдына дербес сөз ретінде қолданыла алатын 
тіл
деген түбір морфемага (түбір етістікке) жалғануынан 
тілік
деген 
туынды сөз жасалған. Дербестігі жоқ түбірден немесе дербесті- 
гін сақтаған түбір морфемадан сөз жасайтын мұндай аффикс- 
тердісөзтуды руш ы аф ф и кстер д ей м із. Сөз туды руш ы аффикс- 
тердің мағынасы д е р и в а ц и я л ы қ 1 магына деп аталады.
§ 26. Аффикстердің кейбіреулері сөз бен сөзді байланысты- 
рып, олардың өзара қарым-қатынасын білдіреді. Мысалы, 
көлдің
жагасы
дегендегі 
-дің 
жэне -/ аффикстері сөз тудырып тұрган 
жоқ, 
көл
мен 
ж ага
деген сөздерді байланыстырып, олардың бір- 
біріне қатысын білдіріп түр.
Сөз бен сөзді байланыстырып, олардың бір-біріне қатысын 
білдіретін аффикстер сөз түрлендіруші аффикстер, ал олардың 
(сөз түрлендіруші аффикстердің) грамматикалық магыналары 
р е л я ц и я л ы қ 2 магына деп аталады.
Көмекші морфемалар немесе аффикстер осылайша екі үлкен 
топқа бөлінеді де, эрбір жеке тілде олар сол тілдің грамматикалык 
құрылысының ерекшелігіне орай бірнеше түрге ажыратылуы 
мүмкін. Мысалы, орыс тілінде көмекші морфемалар немесе 
аффикстердің префикс, суффикс, флексия (немесе окончание) 
деп аталатын түрлері бар. Орыс тіліндегі суффикс деп аталатын 
морфема түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, жүрнақ деп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет