1 Деривациялык — латыннын гіепуаііо (меншіктеп бел у) деген сөзінен жасалган
термин.
2 Реляциялык - латыннын геіаііо (карым-катынас) деген сөзінең жасалган
термин.
32
аталатын морфемаға сэйкес келеді де, түбірден соң жалғанады.
Орыс тілінде суффикстермен парапар қызмет атқаратын көмекші
морфема - префикс. Суффикстер түбірден соң жалганса, пре-
фикстер түбірдің алдында тұрады. Түркі тілдерінде орыс тілін-
дегі тэрізді префикстер жоқ. Түркі тілдерінің бірі - қазақ тілінде
беітаза, беймезгіл, бейтаныс, бейтарап, бейуац, бейхабар,
беіішара
тэрізді сөздердің құрамында иран тілдерінен енген бей-
префикс! үшырасады, бірақ ол қазақ тілінде префикс ретінде
қызмет атқара алмайды, аталған сөздердің құрамында ғана қол-
данылып, бұл сөздер бөлшектенбейтін біртұтас сөздер ретінде
ұғынылады.
Көмекші немесе аффикстік морфемалардың бірі - инфикс.
Инфикс - сөз тудыруда немесе сөз түрлендіруде түбірдің ішіне
қойылатын морфема. Инфикс латын тілінде, тагаль тілінде
(индонезия тілдерінің тобына енетін тіл) ұшырасады.
Аффикстік морфемалардың ішінде ең жиі үшырасатындары
- жұрнақтар мен жалғаулар.
§ 27. Жұрнақтар өз ішінде екі топқа бөлінеді: оның бірі - сөз
тудырушы жұрнақтар (словообразующие суффиксы), екіншісі -
форма тудырушы жүрнақтар (формаобразующие суффиксы). Сөз
тудырушы жұрнақ жалғанған сөзіне жаңа мағына ұстеп, туынды
сөз жасайды. Сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы жа-
салған туынды сөздердің әрқайсысы дербес лексикалык бірлікке
(сөзге) айналып, сөздіктерде өз алдына белек (дербес) реестр соз
ретінде қаралады. Мысалы,
ек, су, цол
деген түбірлерге сөз туды
рушы жұрнақтардың жалғануынан жасалған мынандай туынды
сөздербар: 1)
егін, егітиі, егініиілік, егінді, егіс, егістік, екпе; супы,
сулыц, сула, суландыру, сусау, сусыз; цолдау, цолдаушы
,
ңолдан,
цолданыс, цолдас, цолтыц, цолтыцта
жэне т.б. Сөз тудырушы
жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалган осы туынды сөздердің
әрқайсысы өзіне негіз болған түбірден мағынасы басқаша, өз алды
на бөлек-бөлек лексикалық бірліктер (сөздер) ретінде ұғынылады.
Форма тудырушы ж_ұрнактардың сөз тудырушы жүрнақтардан
табиғаты басқаша болады. Сөз тудырушы жүрнақтар жалғанған
сөзінің мағынасын өзгертіп, онан мүлдем жаңа мағынаны білдіре-
тін басқа бір туынды сөз жасаса (мысалы: қой — «төрт түлік мал-
дың бірі», қойшы - «қой бағатын адам, шопан»), форма тудырушы
33
жүрнак өзі жалғанган сөзіне сәл ғана қосымша мағына үстейді.
Екінші сөзбен айтқанда, форма тудырушы жүрнак жалганған
сөзінің мағынасын бұзбайды, өзгертпейді, түбірден лексикалық
мағынасы басқа, жаңа лексикалық бірлік (жаңа сөз) тудыра
алмайды. Мысалы,
кел
деген етістікке форма тудырушы эртүрлі
жұрнақтардың жалғануынан оның
(кел
етістігінің) мынандай
формалары жасалады:
келер, келмес, келген, келетін, келмек, келіп,
келгелі, келсе, келгей
жэне т.б. Бүл етістіктердің құрамындағы
жұрнақтар
кел
деген түбір етістіктің негізгі лексикалық мағына-
сын мүлдем өзгертіп тұрған жоқ. Етістіктің мысалға келтірілген
туынды формаларының мағынасы кел деген түбір етістіктің не-
гізгі лексика-сем антикалы қ қазы ғы нан да алш ақтап кетпеген.
Келер, келмес, келгея, келетт, келмек, келіп, келгелі, келсе, келгегі
деген формалар
кел
деген етістіктің эртүрлі грамматикалык фор
малары, атап айтқанда, есімше, көсемше жэне рай формалары
ретінде танылады. Бүлар түбірден немесе негізден басқаша не
месе жаңа мағынасы бар бөлек-бөлек лексикалык бірліктер - өз
алдына дербес сөздер емес, сондықтан олар сөздіктерде өз алдына
бөлек реестр сөздер ретінде қаралмай жүр. Форма тудырушы
осылар тәріздес жұрнақтар сын есімдерде де бар. Мысалы,
көк, ац
деген сөздерге форма тудырушы эртүрлі жүрнақтардың
жалгануы арқылы осы сөздердің
көкшіл, көкшілдеу, көгілдір,
көгірек; аціиыл, аціиа
(ақша бұлт),
ацшылтым, агырац, ақтау
тэрізді формалары жасалған. Бұлар сын есімнің шырай
формалары ретінде каралады. Сонымен, жұрнақтардың ішінен
сөз тудырушы ж ұрнақтар жалғанған сөзінен ж аңа сөз тудырады
да, ондай туынды сөздер дербес лексикалы к бірліктер (өз алдына
бөлек сөздер) ретінде қаралады; форма тудырушы жүрнақтар
жалғанған сөзінен өз алдына бөлек сөз ретінде қаралатындай
туынды сөздер ж асай алмайды, олар тек сол сөздің эртүрлі
формаларын тудырады. Сөз тудырушы жүрнақтар мен форма
тудырушы ж ұрнақтарды ң бір-бірінен осы айырмашылығы
ескеріліп, сөз тудырушы жүрнақтар тіл білімінің лексикалогия
саласында да (сөз тудырудың жолдарына қатысты тарауда),
грамматика (морфология) саласында да қарастырылса, форма
тудырушы жұрнақтар тек грамматика саласында қарастырылады.
34
|