§ 29. Тіл-тілде сөздер бір-бірімен мағыналық қарым-
қатынасқа түсуіне қарай омонимдес сөздер, синонимдес сөздер
жэне антонимдес сөздер болып топталады. Әлденеше мағынада
қолданылатын сөздер полисемантизмді немесе көп мағыналы
сөздер деп аталады. Омонимия, полисемия, синонимия жэне
антонимия құбылыстары тіл білімінде көбіне-көп лексикалық
бірлік - сөздерге тэн құбылыс ретінде саналып, осыған орай,
олар, әдетте, лексикология саласында қаралып келді. Тіл деректері
аталған қүбылыстардың негізгі морфемаларға немесе сөздерге
ғана емес, сонымен бірге аффикстік морфемаларға да тән құбылыс
екендігін көрсетеді.
Қүрамына қарай сөздерді жалаң сөздер жэне күрделі сөздер
деп бөлетініміз белгілі. Тіл деректері осылайша бөлудің сөздер
үшін ғана емес, аффикстік морфемалар үшін де қажет екендігін
көрсетеді. Енді осы мәселелерге келелік.
§ 30. О монимдес аф ф икстер. Бір түбірден кемінде екі сөз
тудыратын, дыбысталуы бірдей, мағынасы мен қызметі баска-
баска аффикстер (жұрнактар) омонимдес аффикстер деп аталады.
Мысалы, мұндай омонимдес аффикстердің қатарына түркі
тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, етістіктен есім сөз (соның
ішінде көбінесе зат есім) тудыратын
-қ (-ыц, -ік) аффиксі мен
етістіктен етістік (алғашында етіс түрін) тудыратын
-қ (-ық, -ік) аффиксін жатқызуға болады. Мысалы:
37
Қызық 1.
Адам пішіні бүган бір тамаша өзгеиіе қызық сурет тәрізденетін (М. Әуезов).
Қызық II. Осы ж айына өзі таңырқай түсіп, қызығып та царайды (М. Әуезов).
Ж аңгы ры қ I.
Ж артасца бардым, Күнде айгай салдым, Онан да іиьщты