- мейлінше кең тараған пікір. Түркі тілдерінде аффикстердің
дара мағыналы болатыны рас.
Дегенмен, бұл тілдерде де бірден
бірнеше грамматикалық мағыналарды білдіретін көп мағыналы
аффикстердің бар екенін мойындамасқа болмайды. Мысалы,
таныдық
,
білдік
деген етістіктердің құрамындағы
-қ (-к)
аффиксі
эрі жақтық мағынаны (I жақтық мағына),
эрі көптік мағынаны
білдірсе,
досымыз, ініміз
деген зат есімдердің құрамындағы
-ымыз
(-іміз)
аффиксі эрі тэуелділік мағынаны, эрі жақтық мағынаны
білдіреді. Сондай-ақ,
доспыз, ініміз
деген
сөздердегі
-пыз (-міз)
аффиксі әрі жақтық мағынаны, эрі көптік мағынаны білдіреді.
Бүл мысалдар, басқа тілдердегі тэрізді, түркі
тілдерінде де көп
мағыналы аффикстердің бар екендігін көрсетеді. Көп мағына-
лылық аффикстердің ішінде эсіресе жалғауларға тән. Ж оғарыда
аталған көп мағыналы аффикстердің бэрі де жалғаулар болып
саналады.
Сонымен,
сөз құрамында келіп, бірден бірнеше грамматикалық
мағынаны білдіретін аффикс көп мағыналы аффикс деп аталады.
Көп
мағыналы
аффикстерді
омонимдес
аффикстерден
ажырата білу қажет. Омонимдес аффикстер шығу тегі жағынан
да, мағынасы мен қызметі жағынан да эр басқа аффикстер болып
саналады. Бір ғана аффикстің омонимдес болуы мүмкін емес,
омонимдес аффикстерді екі немесе одан да көп әр басқа аффикстің
дыбысталу жағынан бірдей келуі деп түсіну дұрыс болмақ. Ал көп
мағыналы
аффикс болса, оны эр басқа аффикстер емес, бір ғана
аффикстің екі немесе одан көп грамматикалық мағынаны білдіруі
деп түсінеміз. Мысалы,
жолдасы
деген
сөздің құрамындағы
-ы
аффиксі эрі тәуелділік мағынаны, эрі жақтық мағынаны (III жақ)
білдіретін көп мағыналы аффикс болып саналады: бірақ ол екі
түрлі грамматикалық мағынаны білдіргенімен,
екі аффикс емес,
бір ғана аффикс (тәуелдік жалғауы) ретінде танылады.
Достарыңызбен бөлісу: