Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


В.З. Панфилов, О б определении слова. Сб. «М орфологическая структура слова



Pdf көрінісі
бет51/174
Дата18.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#118714
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   174
Байланысты:
file-4107 3

1 В.З. Панфилов, О б определении слова. Сб. «М орфологическая структура слова
в языках различных типов», М .-Л ., 1963, стр. 140.
62


мағынасын да, мағыналық дербестігін де сақтамай, біртұтас 
лексикалық мағынаны білдірсе, 
жинап сіл
деген күрделі сөздің 
кұрамындағы алдыңғы сыңар 
(жина)
мағыналык дербестігін 
сақтап, соңғы сыңар 
(сіл)
ондай дербестіктен айырылып, аталған 
сыңарлар тіркескен күйінде бір бүтін мағынаны білдіреді. Сондай- 
ак, күрделі сөздердің кейбір түрлеріне идиомалық мағынаның тэн 
екендігін де жоққа шығаруға болмайды. Мысалы, 
санырау цүлац
деген күрделі сөзден туатын мағына - идиомалық мағына. Алайда 
идиомалылық күрделі сөздердщ күллісіне бірдей емес, кейбір 
түрлеріне ғана тэн қасиет екендігін ескеру қажет.
Бұл айтылғандар күрделі сөз сыңарларының мағыналық 
жақтан бір бүтін мағынага ұласуы күрделі сөздердің түрлерінде 
(типтерінде) түрліше болатындығын жэне эр дәрежеде іске 
асатындығын 
көрсетеді. Бірақ мұның өзі 
күрделі сөздің 
семантикалық гұтастық белгісін жоққа шығара алмайды. Се- 
мантикалық тұтастық - күрделі сөз атаулының барлық түрлеріне 
де тэн жэне ортақ белгі. Әңгіме бұл жерде оның (семантикалық 
тұтастықтың) күрделі сөздердің эр басқа түрлерінде түрліше 
сипатта көрінетіндігі жайында болып отыр (бүлар жайында 
төменде толыгырақ баяндалады).
Күрделі сөздің табиғатын айқындауда жэне оны сөз тіркесінен 
ажыратуда жалғыз семантикалык тұтастық белгісіне ғана негізде- 
лу жеткіліксіз, ол үшін баска да белгілерді сүйеніш ету қажет. Бұл 
жайында проф. Қ.Қ. Жүбанов былай деп жазды: «...Неше сөзден 
қүралған болса да, кіріккен сөздер бір-ақ нэрсені атайтын, бір-ак 
сөздің орнына жүретін болу керек.
Рас, бұл өлшеудің өзі (семантикалық тұтастық -
К. А .
) қиын 
өлшеу. Тегінде, мағынаны өлшем қылумен анықтық таныла 
қоймайды. Мысалы, 
цолгап
деген бір нәрсенің аты ма, сондықтан 
бір-ақ сөз бе, немесе екі сөз бе? Бөлек-бөлек алғанда
цо.ч
деген 
сөздің өз мағынасы бар, 
цап
деген сөздің өз мағынасы бар. Ьірақ 
екеуі қосылғанда, 
цолгап
дейтін бір-ақ нәрсенің аты болып тұр. 
Осы сияқты 
царақұс
деген бір сөз бе, екі сөз бе? деп сүрау қоюға 
болады. Бір сөз дейін десең, 
қара
дегеннің де өз алдына мағынасы 
бар, 
ңүс
дегеннің де өз алдына магынасы бар. Бірак екеуі қосылып 
келіп, бұл арада бір нәрсенің аты болып гүр. Ал бұларды бір дейін 
десең, дэл осылар сияқты болып жасалған 
өгіз арба, темір цасыц
63


т.т. да бір сөз болуы керек сияқты. Олай болғанда, анықтауыш 
сөз бен анықталғыш сөздің екеуі қосылып, бір сөз болып санала 
беруге керек сияқты. Міне, жалғыз мағынаға сүйенгенде, айырып 
алу қиын болатыны осыдан. Сондықтан мағынаны өлшем етіп 
алып тұрып, бірақ жалғыз мағынаның өзіне ғана сүйенбей, басқа 
өлшемдерді де қосып қарау керек болады»1
Осындай өлшемдердің, белгілердің бірі - жалпы сөз атаулы- 
ның, соның ішінде күрделі сөздің, морфологиялық тұтастық бел- 
гісі болса керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет