сөздің эрбір сыңары сөйлемде басқа сөзбен өздігінен катынасқа
(байланысқа) түсе алмайды, күрделі сөз мұндай байланысқа
тұтасқан күйінде ғана түсе алады.
Бүл айтылғандардың бәрі де күрделі сөздің синтаксистік
түтастығын дәлелдей түседі. Сонымен, синтаксистік тұтастык
күрделі сөздің басты белгілерінің бірі болып саналады.
Күрделі сөздің жоғарыда аталған семантикалық тұтастык,
морфологиялық тұтастык жэне синтаксистік тұтастық белгілері
оны (күрделі сөзді) фразеологиялық сөз тіркестері
мен синтаксис-
тік сөз тіркестерінен ажыратуға көмектеседі.
§ 45. Лингвистикалық кейбір еңбектерде сөзге, соның ішінде
күрделі сөзге тэн жэне оны (сөзді) сөз тіркесінен ажырататын
белгілердің бірі ретінде фонетикалық белгі аталады. Фонетикалық
белгінің мазмұнына сөздің дыбысталу жағының өзгеруі, бір-ақ
екпінге ие болуы, сингармонизм заңы
бойынша сөз құрамындағы
дыбыстардың үндес келуі тәрізді қүбылыстар енеді. Фонетикалык
белгілердің ішінде екпіннің сөзді (соның ішінде күрделі сөзді)
сөз тіркесінен ажыратуда белгілі дэрежеде мэні бар. Анығырақ
айтқанда, екпін кейбір күрделі сөздер мен сөз тіркестерінің жігін
ажырататын құрал ретінде қызмет атқаруы мүмкін. Екпіннің
күрделі сөз бен сөз тіркесінің жігін ажыратуы жайында
проф. Қ.Қ.Ж ұбанов былай деп жазды: «Кіріккен сөздің бір
айырмаш ылығы
- мұнда екпін біреу-ақ болып, о да кірігуші
сөздердің ең соңғысында ғана болатындығы.
Екпінді буынның әріптерін екпін таңбасымен көрсетсек,
... кіріккен сөздердің екпіні мына орындарда болады:
цолгап,
царацүс, сармай
(бүл сөздердің емлесі автордың жазуы бойынша
беріліп отыр -
К. А.), Алатау, бүгін
т.т. Кірікпеген сөз тіркесте-
рінің эр сөзінде бір-бір екпін болады, мысалы:
цдл ёт, цара
жылцы , сары жапырац, ала цой, бүл іс
т.т.
Әр сөздің бір-бір екпіні болмақ. Екі сөзде екі екпін болады.
Егер бүл екі сөз кірігіп бір сөз болып кеткен болса, онда алдың-
ғысы екпіннен айырылады да, қалған жалғыз екпін соңғысында
ғана болады.
Қатар түрған екі сөз бірі-біріне байланысты болса, бүлар екпін
жағынан да байланысып, бірінің екпіні күшейіп, бірінікі әлсіреп,
70
орнынан жылысады. Бірақ толық сөздің екпіні ешқашан да мүлдем
жоғалып кетпейді.
Қатар тұрган екі сөздің алдыңғысы
соңғысының анықтауышы
не толыктауышы болса, басым екпін алдыңғысында болады да,
соңғысының екпіні бәсендейді. Мысалы:
цара май, цара ат,
колхоздан келдім
т.т. (басым екпіннің қия сы зы қш асы н аяк
жаққа, бэсең екпіндікін бас ж аққа қарай көлбете қойдық.
Мысалы:
цара
дегендегі - басым екпін де,
м ай
дегендегі бэсең
екпін).
Кіріккен сөз бен кірікпеген сөз тіркесінің қайсысы екенін
айыруға
ең қолайлы, эрі ең сенімді жол - осы екпініне қарау.
Өйткені кірікпеген тіркесте алдыңғы сөздің екпіні жай екпін де
емес, басым екпін болғандықтан, ала-бөле... байқалып тұрады.
Мысалы
«царга - цара цүс»
десек, мұндағы
цара цүс
кірікпеген
тіркес екені анық. Өйткені қара сөзінде екпін бар, эрі ол екпін
соңындағы құс сөзінің екпінінен анағұрлым басым. Ал
«бүркіт
-
царацүс түцымынан»
десек, мұндағы
царацүс
кіріккен сез
екені анық. Өйткені,
мұнда
цара
деген бөлшекте түк екпін жоқ,
кара мен қус-тың екеуіне ортақ жалгыз-ақ екпін бар, о
да кара
сөзінде емес, құс сөзінде»1. Проф. А. Ысқақов күрделі сөздердің
жасалу процесіне қатысатын факторлардың бірі деп фонетикалық
факторды атайды да, оның мәнісін күрделі
сөздің сыңарларының
дыбыстық өзгерістерге ұшырауы жэне бір екпінге ие болуы
деп түсіндіреді. «Күрделі сөздердің компоненттерінің эр қилы
дыбыстық өзгерістерге ұшырауын фонетикалық фактор деп
атаймыз. Мысалы,
бүгін, биыл, агайын, цайнага, ...белбеу, ...әкел,
әпер, әкет, түрегел, сөйт, өйткені
тәрізді күрделі (біріккен) сөз-
дер осындағы көрсетілгеніндей күйге эр қилы дыбыстық өзгеріс-
терге ұшырау арқылы жеткен. Ол өзгерістердің болуына ассими
ляция, диссимиляция, үндесу (гармония), сіңісу, ықшамдалу,
сусу, агормония
(жекжат, жексүрын),
дауыс
екпіні сияқты эр
алуан зандар қатынасқан. Соның нәтижесінде күрделі (біріккен)
сөздердің компоненттері дыбыстық жагынан эртүрлі өзгерістерге
душарласып, түр-түрпаты тіпті басқаша болып қалыптасқан»2.
Сөздің фонетикалык белгілері, соның ішінде екпін, түрлі
Достарыңызбен бөлісу: