Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы



Pdf көрінісі
бет76/174
Дата18.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#118714
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   174
Байланысты:
file-4107 3

1 Бұл да сонда, 28-бет.
2 А. Ысқаков, Қазіргі казак тілі (морфология), Алматы, 1964, 139-бет.
3 Қазак тілі грамматикасы (морфология). «Гылым» баспасы, Алматы. 1967, 26-
бет.
4 Н .А . Баскаков, Каракалпакский язык, фонетика и морфология, часть первая. М..
1962, стр. 184-186.
94


Ә. Күрделі сөздің түрлері
§ 61. Жоғарыдағы қысқаша шолудан күрделі сөздердің іштей 
бірнеше топқа топтастырылып жүргенін көреміз. Жалпы тіл бі- 
лімінде де, түркологияда да күрделі сөздерді топтастыруда эзірге 
бір жерден шығатындай классификация жок. Күрделі сөздерді 
кіріккен сөздер, біріккен сөздер (слитные слова), құранды сөздер 
немесе құрама сөздер (составные слова), кэдімгі күрделі сөздер 
(собственно сложные слова), қос сөздер (парные слова), кысқарған 
сөздер немесе күрделі-қысқарған сөздер (сложно-сокращенные 
слова) деп топтастыру дағдысы бар.
§ 62. Біздің байқауымызша, күрделі сөздерді 1) күрделі-бірік- 
кен сөздер (сложно-слитные слова), 2) күрделі-құрама сөздер 
(сложно-составные слова), 3) күрделі-қос сөздер (сложно-парные 
слова), 4) күрделі-қысқарған сөздер (сложно-сокращенные слова) 
деп төрт топқа бөлу дұрыс болмақ.
§ 63. Ал кіріккен сөз дегенге келетін болсақ, оның табиғаты 
мынандай:
Құрастырушы сыңарларының эрі фонетикалық өзгерістерге 
үшырауынан, эрі ықшамдалуынан жасалған 
апар (алып+бар),
экел (апып+кел), бүгін (бүл+күн), биыл (бүл+жыл), білезік
(білек+жүзік)
тэрізді сөздерді тарихи тұргыдан алғанда ғана, 
күрделі сөздердің қатарына жатқызуға болады. Қазіргі тілдің 
тұргысынан алғанда, бұл сөздер (
апар, экел, бүгін, бгіыл, білезік
жэне т.б. осылар тәріздес сөздер) өзін құрастырушы сыңарларга 
(морфемаларға) ажыратылмайтын сөздер ретінде ұғынылады. 
Алгашында екі түбірдің бірігуінен жасалып, тілдің даму 
барысында сыңарлары дыбыстық жэне мағыналық өзгерістерге 
үшырап, соның нәтижесінде ол сыңарлардың бір-біріне әбден 
кірігіп сіңісуінен жасалған сөздер бір екпінге бағынады да, кұ- 
рамындағы дауысты дыбыстар сингармонизм заңы бойынша не 
біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке болып, барлық жағынан жалаң 
сөздерге тэн қасиеттерге ие болады. Мәселенің осы жағын ескере 
келіп, И.В. Арнольд агылшын тіліндегі осылар тәріздес сөздерді 
негізі сіңіскен сөздердің (слова с опрощенной основой)' қатары-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет