I V тарау.
СӨЗ ФОРМАЛАРЫ
1. С өз ф ор м а л ар ы ту р а л ы т ү сін ік
§ 77. Сөз, әдетте, эртүрлі формаларга ие болады. Ол белгілі
бір сөйлемде немесе сөз тіркесінде қолданылғанында, барлық
формаларында емес, бір немесе бірнеше формасында қолданы-
лады. Сөйлемдегі немесе сөз тіркесіндегі сөздер мағыналары
жағынан ғана емес, сонымен бірге формалары жагынан да ажы-
ратылады. Мысалы,
Тіземнен сүріндірсен, сүріндір, тілімнен
сүріндірме
(мақал) сөйлеміндегі
сүріндір
деген етістік бір-бірінен
эртүрлі формада қолданылуы жағынан ажыратылып тұр.
Сөздің бір формасын басқа формаларынан ажыратумен бірге,
нақты бір сөздің белгілі бір формасын нақты бір сөзге қатысты
емес жалпы грамматикалык формалардан, мысалы, «осы шактың
бірінші жақ формасы», «тәуелдеулі шығыс септік формасы»
немесе жалпы «бірінші жақ формасы», «шығыс септік формасы»
дегендерден ажырата білу қажет. Белгілі бір сөздің формаларын
жалпы грамматикалық формалардан ажыратудың қажеттілігін
ескеріп, проф. А.И. Смирницкий нақтылы бір сөздің формаларын
сөз ф о р м ал ар ы (словоформы) деп атайды1.
Сөз формасы, яғни нактылы сөздің белгілі бір (грамматика
лык) формасы эрі сол сөздің формасы, эрі жалпы грамматикалык
форма, мысалы, белгілі бір септіктің, жақтың, шақтың, райдың
формасы ретінде танылады2. Сөз каншама формада колданылса
да, эр басқа сөз емес, бір сөз ретінде ұгынылады. Проф. А.И.
Смирницкий ондай сөзді (эртүрлі ф ормаларда қолданылғанмен,
бір сөз ретінде таны латын сөзді) жалпы соз атаулыдан ажырату
үшін
лексем а
деп атауды жөн көреді. Оны ң пікірінш е, форма
лексемага қарсы магынада үғынылса, формалық қатар (формаль
ный ряд) формалар жүйесі ретінде каралатын сөзге қарсы магына
да үгынылады. Формалық катар да сөз формаларының жүйесі,
бірак ол лексемалардың тепе-тендік (тождество) белгісі бойынша
емес, формалардың тепе-теңдік белгісі бойынша біріктірілген сөз
Достарыңызбен бөлісу: