214
Яғни, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік
саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық
дамуы және адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп
отырғаны белгілі. Осы мәселе негізінде дарындылықты анықтап алу негізге
алынуы шарт. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар
мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін дарынын ашу - мұғалім міндеті, бала
бойындағы ерекшелікті, қабілетті танып, соған бағыттап дарынды баланың
болашағының ірге тасы дұрыс қалануына мүмкіндік жасауымыз қажет. Дарынды
баламен жұмыс жасаудағы бағыт оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және
оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарындылықты
анықтауда
бірнеше
жақта
қарастырылды.
Олар:
интеллектуалдық дарындылық, шығармашылық дарындылық, әртістік
дарындылық, музыкалық дарындылық, техникалык дарындылық және
спорттық дарындылық. Баланың жанына жақын дарындылықты дәл тауып, соны
жандандыруға жұмыс жасалынғанда дарынды баламен жұмыс өз нәтижесін
табады.
Дарындылық - жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры.
Дарындыларды шығармашылық жолға бағыттап, оны іске асыра білу және
ғылыми - білім кеңістігінде қалыптасқан жеке тұлға үшін мына талаптар мен
міндеттерді оқытушы педагог ескеруі керек.
Достарыңызбен бөлісу: