Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата31.03.2017
өлшемі1,69 Mb.
#11036
1   2   3   4   5   6   7

Азамат ҚАСЫМ, 

«Заң газеті»

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН 

ОБЛЫСЫ

тың  адвокаттары  Қ.Жұбанов  атындағы 



Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, 

Эконо мика  және  құқық  институтының 

құқықтану мамандығының 3-курс студенті 

Абзал Ануарбеков пен ҚазҰПУ студенті 

Мадияр Бейімбет, процеске 3-тұлға ретінде 

қатысқан Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау 

мемлекеттік университетінің студенті Құралай 

Ертай, сондай-ақ, Мәдина Ораз, Исламбек 

Сәдуақасов, Ақмарал Сәбит, Айбек Камеш, 

Азамат Нагиметов, жалпы, қатысушылардың 

барлығы өздерінің мықты мамандар болаты-

нын байқатты. 3-курс студенттерінің тек заң 

аясында сөйлеп, Жер кодексінің талаптарын 

жатқа айтуы  үлкен жетістік және олар бола-

шағынан үлкен үміт күттіреді.

Түймегүл ИБАШЕВА,

«Заң газеті»

№52 (2830) 

18 мамыр 2016

3

zangazet@mail.ru



ҚОҒАМ

(Соңы. Басы 1-бетт

е)

Сауалнаманы дайындаған Түймегүл СМАҒҰЛҚЫЗЫ, «Заң газеті»

Ойталқы


АУЫЛҒА ЖАС МАМАНДАРДЫ ТАРТУДЫҢ 

ЖОЛЫ ҚАЙСЫ?



Амангелді АЙТАЛЫ, 

қоғам қайраткері:

Әзімбай ҒАЛИ, 

саясаттанушы:

Ауылдағы жас мамандардың жағдайы ар-

тық болуы керек. Мемлекеттік грантты білім 

емес, ауылға барып еңбек ететіні үшін берсе, 

олар баратын еді. Бірақ, 3-4 жылдан кейін 

кетіп қалуы да мүмкін. Бүгінде ауылда өмір 

сүру қолайсыз. Дегенмен, стимул жасалса, 

тұрақтап қалатындар бар. 

Ауылда әлеуметтік өсу тежелген. Ауыл-

дағы  керемет,  таланттары  көптен  артық 

жігіттерді білемін. Солар ауыл, аудан, тіпті, 

облыста қалғандығынан өздерін аша ал-

мады. Таланттары керемет, бірақ, оларда 

соны көрсету мүмкіндігі болмады. Қабілет-

қасиет тері көрінбей қалды. Ал, қазаққа әр-

бір адамның таланты ашылғаны маңызды. 

Жалпы қоғамға, Қазақстанға келтірген үлесі 

бағалануы тиіс. Осындай бір материалдық 

тұрғыдағы жолдар жақсартылса, онда оң 

өзгеріс болады. 

Бізде мобилизациялық жолдар жұмыс 

істемейді немесе аса пәрменді емес. Есеп-

тегенде мемлекеттің әлеуметтік-экономика-

лық шығындары көбейіп кетеді. Ауылдарда 

бүгінде 43-ақ пайыз халық тұрады. Бола-

шақта азая беруі мүмкін. Сондықтан, белгілі 

бір коммуникациялық мүмкіндіктерді қарас-

тырған абзал. Нарықтық қоғам, либералдық 

қоғам көп нәрсені оңтайландырады. Бірақ, 

соған сәйкес әрекет жасау керек. Егер ауыл-

дың экономикалық-әлеуметтік артықшылығы 

қаржылық тұрғыдан болса, жастар барар еді. 

Оған ешқандай моральдық стимулдың керегі 

жоқ. Ауылда жүрсең де, қалада тұрсаң да, 

еліңнің патриоты боласың. Ауылға барып 

ешкім  патриоттығын  дәлелдей  алмайды. 

Жауапты мекемелер, жергілікті әкімдіктер, 

халық қалаулылары т.б. лауазымды тұлға-

лар бар. Бұл мәселеге солардың барлығы 

атсалысуы тиіс. Ауыл біздің алтын бесігіміз 

дейміз. Жас мамандарды сол алтын бесікке 

тұрақтатудың түрлі оңтайлы жолдары бар. 

Тек соны іске асыра білу керек.

Қатынау  қиын,  ауылдағы 

ауызсудың тапшылығы шешімін 

таппаған. Ауылдағы денсаулық 

мекемелерінің  жұмысы  мәз 

емес, яғни, нашар. Осы сияқты 

көптеген  ауылдағы  мәселе-

лер сонда еңбек еткісі келген 

жастардың тұрақтауына кедер-

гісін тигізуде. Олардың қалалық 

жерлерге кетуінің басты себебі 

осында.


Ауылға  дипломмен  барып 

жатқан  мұғалімдер  мен  дәрі-

герлердің  еңбекақысы  өте 

төмен. Ауылдық өңірлерде ке-

дейшілік  пен  қымбатшылық 

қалаға қарағанда басым. Сон-

дықтан, олардың аз-кем табысы 

өмір  сүруге  жетпейді.  Мәсе-

лен, ауылда еңбек етіп жүрген 

мұғалімдерге 25 пайыз үстеме-

ақы, қосымша қаржы төленеді. 

Бірақ, бұл көп емес. Бір сөзбен 

айтқанда,  ауыл  жас  маман-

дар үшін әлі тартымды болмай 

тұр.  Ондай  жағдайды  жасай 

алмай  отырмыз.  Әлеуметтік, 

материалдық т.б. жағынан жан-

жақты  қолдау  қажет.  Осы  се-

бепті жастар өздері туып-өскен 

жерлеріне барып жұмыс істеуге 

көбінесе  құлықсыз.  Оларды 

кінәлауға  болмайды.  Қанша 

қиын болса да, ауылдың білім, 

денсаулық  т.б.  салаларында 

маңдай терін төгіп жүргендер 

жетерлік.

Біз  ауылдарды  тартымды 

ете  аламыз.  Ол  үшін  қаржы 

керек. Егер жоғарыда айтылған 

инфрақұрылымдар  ауылда 

жақсарса, яғни, оңтайлы жолға 

қойыл са, еңбекақылары көтеріл-

се, қалада жұмыс таппай жүр-

гендердің көпшілігі елге кетер 

еді. Қанша жерден патриотизм 

дегенмен,  құр  ұран  тамақ  не 

денсаулық болмайды. Бәрінің 

жақсы өмір сүргісі келеді және 

сол жолда тер төгеді. «Диплом-

мен  –  ауылға!»  бағдарлама-

сы жұмыс істейді. Бірақ, оның 

жүзеге  асуына  менің  көңілім 

толмайды.  Себебі, Ақтөбе пе-

дагогика университетін бітіретін 

жас мамандармен осы мәселе 

төңірегінде бір кездері сауал-

нама жүргізгенбіз. Сол уақыт-

та көбісі ауылдың әлеуметтік 

жағдайының тартымсыздығын 

алға тартты. Сондықтан, әлеу-

меттік мәселені оңтайландыр-

май жағдай түзелмейді.

Бүгінгінің бас тақырыбы

(Соңы. Басы 1-бетте)

Мәселе


ЖҮКТЕМЕ ТӨҢІРЕГІНДЕ  ЖЫР КӨП

ҮКІМ ШЫҚПАЙ 



КҮДІКТІНІ 

ҚЫЛМЫСКЕР ДЕУ 

ҚИСЫНСЫЗ

Осы күні кейбір қылмыстық 

қудалау органдарында сот үкімі 

шықпай жатып күдіктіге қатыс­

ты айыптаулардың «үйрегін» 

күні бұрын ұшырып, жұртқа 

кінәлі етіп көрсететін әдет пайда 

болды. Мәселен, 2009 жылы сол 

кездегі Экономикалық қылмыс 

және сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы күрес агенттігінің ресми 

өкілі Мұрат Жұманбай бұқара­

лық ақпарат құралдарын шула­

тып, Тіл комитетінің бұрынғы 

төрағасы  Ерден  Қажыбектің 

мемлекеттік тілді дамытуға деп 

бөлінген 65 миллион теңгені 

жымқырғаны туралы жамиғатқа 

жағымсыз хабар таратты. Кейін 

төрағаның  заң  орындарынан 

бой тасалап, Түркияда қашып 

жүргені туралы мәліметке де 

ел­жұрт осы құзырлы органның 

ақпараты арқылы құлақтанып 

үлгерді.  Одан  кейін  қашқын 

шенеунікті қара есекке теріс 

мінгізіп тастаған құзырлы ор­

ган  таққан  айыбын  ұмытып 

кетті ме, әлде басқа жағдайлар 

болды ма екен, Ерденнің тағ­

дыры жөнінде жақ ашылмады. 

Дүйім жұртты дүр сілкіндірген 

айыптаудың соңы немен аяқтал­

ды, Ерден Қажыбек ұсталып, 

жауап қа тартылды ма, жоқ па де­

ген сауалдарға жауап берілмей, 

із­түзсіз кетті. Заңдық тұрғыдан 

қарасақ, Ерден Қажыбек қыл­

мыстық қудалау органдары үшін 

кім? Күдікті ме, жоқ әлде айып­

талушы ма? Егер, қаржы поли­

циясының айтып отырғанындай, 

шенеунікке 24 сағаттың ішінде 

қазына қаржысын қалтаға басты 

деген айып тағылса, онда оған 

неге «қамауға алу» түріндегі 

бұлтартпау шарасы қолданыл­

маған?  Мемлекеттің  қыруар 

ақшасын ішіп­жеп қойды деп 

аттандатылған бұрынғы Альянс 

банктің төрағасы Жомарт Ер­

таевқа тағылған айып та ә деген­

де күннің күркіріндей естіліп, 

соңынан топ адам болып келі­

сіп, сеніп тапсырыл ған мүлік­

ті талан­таражға салды деген 

негізбен Қылмыстық кодекстің 

189­бабымен жауапқа тартыл­

ған банкирдің ісі төңірегіндегі 

жаңғырық та тез басылып қал­

ды. «2015 жылдың 22 маусымы 

күні күдікті деп танылып, оның 

әрекеті Қылмыс тық кодекстің 

189­бабының 3­бөлігінің 1­тар­

мағымен дәрежеленді. Сотқа 

дейінгі шаралар атқарылуда» 

деп хабарлаған Бас прокуратура 

одан кейін үнсіз қалып, Жомарт 

Ертаевқа  қатысты  қозғалған 

істің мәліметін арнайы сайтынан 

өшіріп тастады. Тек сол жыл­

дың тамыз айында ғана бұқара­

лық ақпарат құралдары бетінде 

Жомарт Ертаевтың 2 миллион 

доллар көлеміндегі берешегін 

төлеп, Альянс банкпен арадағы 

дауды реттегені хабарланды. 

Біздіңше, оны басқа дерек көз­

дері емес, Жомарт Ертаевтың 

үстінен іс қозғап, оған айып 

таққан Бас прокуратураның өзі 

ресми түрде мәлімдеуі тиіс еді. 

Рас, Жомарт Ертаевқа қа­

тысты ақпараттарда оның ірі 

көлемдегі қаржыны талан­та­

ражға салғаны туралы күдік бар 

екендігі айтылған. Ол қылмыс­

тық процестік заңдарымыз дың 

талабына сай келгенімен, Бас 

прокуратураның соттың үкімі 

шықпай жатып көпшіліктің са­

насына «қыруар қаржыны ішіп­

жеп қойыпты» деген түсінікті 

сіңіріп, Жомарт Ертаевты кінәлі 

етіп  қойғаны  қалай?  Соттың 

үкімі қайда?

Қазіргі  кезде  Алматы  қа­

ласының іргесіндегі Заречный 

ауылында  орналасқан  қатаң 

тәртіптегі ЛА­155/8 түзеу ме­

кемесінде жазасын өтеп жүр­

ген бұрынғы кәсіпкер Қайрат 

Жамалиевке тағылған айып та 

дәлелденбей жатып, оның сон­

шама жыл арқалауына әлеумет­

тік желілер бетіндегі желді күні 

қау шөпке тиген өрттей қаулап 

қоя берген сан алуан қоғамдық 

пікірлердің кесір­кесепаты аз 

тиген жоқ. Біреулер біліп айтты, 

біреулер  қара  көбейтіп,  дүр­

мекке ілесті. Ақыры әлеуметтік 

желідегі жанартаудай атқылаған 

қоғамдық пікір тасқыны кәсіп­

кердің әрекеті сотта бүге­ші­

гесіне дейін талданып, бағасын 

алмай  жатып  оның  мойнына 

бірнеше айыптың қамытын ки­

гізіп қойды. Егер Ата Заңымыз 

бен қылмыстық заңнамалары­

мыздың талабына сай тергеу 

амалдарының құпиясы ақ пен 

қараның аражігі ажыратылып, 

сот  үкімі  шыққанша  жалпақ 

жұртқа жария етілмесе, мұндай 

жағдай болмас па еді?!



 Елеусіз МҰРАТ,

 «Заң газеті»

Сонымен, тағы бір оқу жылын 

тәмамдайтын уақыт жақындап 

қалды. Бұрынғысы бүгінгіге жара-

майтын білім беру ісінде нендей 

жаңалықтар  болып  жатқаны 

көпшілікке мәлім. 12 жылдық білім 

беру, үштілділік, бес күндік оқу ап-

тасын енгізу – бұларды қоя берейік. 

ҰБТ-дағы өзгерістерді көтеріп 

шала бүлінудің де қажеті жоқ. Ке-

лер жылы қолданыстан шығатын 

дүниеге бас қатырып қайтеміз, 

оның үстіне бүгін-ертең тест 

тапсырамыз деп отырған талап-

керлердің жүйкесін жұқартып жі-

беруіміз бек мүмкін. Енді не мәселе 

дегенде, ең алғашқы өзгерісті сағат 

бөлуден бастаған дұрыс.

Шыны керек, қазіргі мектеп директор­

лары өздерін кем дегенде жарты патша 

санайды. Қызметкерлерді жұмысқа алу 

мен мұғалімдерге сағат бөлу оларды соған 

итермелеп отыр. Жарайды, итермелесін, 

ал, нәтиже қандай? Негізі, мұғалімдер 

толық бір жүктемемен сабақ бергенде 18 

сағат бөлінуі тиіс. Сонда ғана ереже мен 

адамгершілікке сәйкес келеді. Кез келген 

білім­білігі жоғары мұғалім мұны талап 

ете алады. Өкінішке қарай, бұл талап көп 

жағдайда орындала бермейді. 

Қолда  бар  деректерге  сүйенсек, 

Қызыл орда қаласындағы №2 мектепте 

9­15 сағат аралығындағы жүктемемен 27 

мұғалім қызмет істейді екен. Сондай­ақ, 

№23, №120, №138, №39, №176, №197, 

№212, №222, №233, №253, №257 және 

тағы басқа мектептердің әрқайсысында 

9­15 сағат аралығындағы жүктемемен 

19­34 мұғалім еңбек етеді. Жалпы, жарты, 

ширек жүктемемен топырлатып қызмет­

кер алу қайдан шыққан нәрсе? Ондай 

мәжбүрлік неден туындап отыр? Аса қа­

жет маманнан айырылмау ма, әлде саны 

бар да, сапасы жоқтарды қызметке алу ма? 

Біздіңше, аса қажет маман 9 сағатпен бір 

мектепте маңдай терін сығып жүрмейді. 

Бірнеше мектептен сағат алып, білгенін 

шапқылап жүріп үйрететіндер де кездесуі 

мүмкін. Бірақ, олардың көп болмайтын­

дығы бесенеден белгілі. Яғни, сағаттарды 

бөліп­бөліп, бірнеше мұғалімге мардым­

сыз айлықпен таратып берудің астарында 

бармақ бастылық, көз қыстылық жатқан 

секілді.

Жалғыз Қызылорда емес, өзге аймақтар­

дағы жағдай да осы қалыпта. Оның бәрін 

тізіп­тізбелеудің қажеті жоқ шығар. Со­

рақысы, мұндай жарым­жартылай айлық 

беріп, адам санын көбейту техперсонал 

қызметкерлеріне де тән. Біз тек Қармақшы 

ауданындағы деректерді ғана алға тартайық. 

Қармақшы аудандық білім бөлімінің басшы­

сы М.Қыпшақбаевтың мәліметтеріне сүйен­

сек, аудандағы барлығы 30 орта мектепте 

15­18 сағат аралығындағы жүктемемен 357 

адам еңбек етсе, 9 сағатпен жүргендердің 

саны – 117. Ал, техперсонал қатарындағы 

бір жүктемеде 581 адам болса, 0,5 жүкте­

меде – 94 адам. Одан әрі қазбалап қайтеміз, 

цифрлардың өздері­ақ сөйлеп тұр.

Білім беру саласына өзгерістер енгізіп, 

жаңалыққа ұмтылған жөн шығар, бірақ 

ең бірінші мектеп ішіндегі мұғалімдердің 

жағдайына зер салған дұрыс. Өйткені, қол­

данысқа енгізілген жүйенің жүгін көтеріп, 

жүзеге асыратын – мұғалім. 

Қарапайым логикаға салайықшы, 9 

сағатпен еңбек ететін мұғалімнің айлығы 

20 мың теңгеден аса ма, аспай ма? Мұн­

дай жалақыға адам қаншалықты беріліп, 

маңдай терін төгіп қызмет етуі мүмкін? 

Самай шашын бала оқытып ағартқан үлкен 

ұстаздарды білеміз, олардан алар өнеге 

ұшан­теңіз. Ал, кеше ғана дипломын алып, 

тамыр­таныспен жұмысқа тұрғандардың 

басы  артық  жұмысқа  іші  жыли  қоюы 

екіталай.

Осыдан біршама уақыт бұрын облыс 

әкімі өткізген мәжілісте осы мәселе сөз 

болған­ды. Бірақ, содан пәлендей нәтиже 

шықты деп айта алмаймыз. Шамасы, бұған 

жауаптылар үндемей, бұғып құтылуды жөн 

санайтын секілді.



Н.ТАСТЕМІР

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ

Құрмет

Ішкі істер саласына арнайы 



ат басын бұрған өңір басшысы 

алдымен Талдықорған қала­

сындағы кинологиялық орта­

лыққа барып, күрделі жөндеуден 

өткен нысанның жай­күйімен 

ҚАЗА ТАПҚАН ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ 

ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

танысты. Сондай­ақ, қылмыс­

керлердің ізіне түсетін иісшіл 

иттерді үйрететін мамандардың 

жағдайына қанықты. Бұл ки­

нологиялық орталықтағы 18 

саққұлақ нашақорлық, есірткі 

тасымалы, жарылғыш заттар­

ды  анықтауда,  қылмыскерді 

құрықтауда, қоғамдық тәртіпті 

қадағалау секілді қызметтерде 

полиция қызметкерлеріне зор 

көмек көрсетеді. Мәселен, осы 

иттердің қатысуымен бір жыл­

дың ішінде 105 қылмыс ашылып, 

43 келі 168 грамм есірткі заты 

тәркіленген. Заман талабына 

сай үлгіде жасақталған кино­

логиялық орталықтың жұмы­

сы на қаныққан соң Амандық  

Баталов  Ішкі  істер  департа­

ментінің алдына орнатылған 

ескерткіш тақтаны ашты.



– Қазақта «Өлі разы бол-

май, тірі байымайды» деген 

жақсы мақал бар. Әрқашан-

да  қоғамның  тыныштығы 

үшін көз жұмған азаматта-

рымызды ұмытпай, болашақ 

жастарға  үлгі  ретінде  та-

ныстырып отырсақ жарқын 

есімдер жаңғыра түседі. Сон-

дықтан, ішкі істер органының 

бақилық болған әріптестеріне 

тағзым етуі үлгі тұтарлық 

қадам дер едім, – деді өз сөзінде 

аймақ басшысы. 

Бұдан кейін салтанатты ша­

рада облыстық Ішкі істер де­

партаментінің  бастығы,  по­

лиция генерал­майоры Мұрат 

Ұрұмханов сөйлеп, қоғамдық 

тәртіпті қадағалауға зор үлес 

қосқан  тәртіп  сақшыларына 

әртүрлі деңгейдегі марапаттар 

табыстады. Еңбектері еленіп, 

жүздеріне  шаттық  орнаған 

полицейлер қатарында жыл­

дам қимылдайтын арнайы жа­

сақ инспекторы, полиция аға 

лейтенанты Нұржан Батқал­

беков «Ерлігі үшін» медалін 

алса, тағы бірқатар қызмет­

кер Ішкі істер министрлігі мен 

облыстық  Ішкі  істер  депар­

таментінің  төсбелгілерімен, 

мадақтау қағаздарымен мара­

патталды. Қызметтерін атқара 

жүріп, спортты жанына серік 

еткен облыстық тәртіп сақшы­

лары арасында өткен футбол 

біріншілігінде үздік ойын үл­

гісін көрсеткен қызметкерлер 

мен қызметін атқару кезінде 

қаза тапқан қызметкерлердің 

туған­туыстарына да бағалы  

сыйлықтар табысталды.



Айтақын БҰЛҒАҚОВ,

«Заң газеті»

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ



Қызмет бабында қаза тапқан тәртіп сақшыларын 

ұдайы еске алу, есімін ұлықтап келешек ұрпаққа жеткізу 

міндетіміз. Осындай игі шара таяуда Алматы облыстық 

Ішкі істер департаментінде ұйымдастырылды. Бұл өңірде 

26 тәртіп сақшысы қызмет барысында көз жұмған. «Ер 

есімін ел есінде» қалдыруды мақсат еткен департамент 

батырларға арнап ескерткіш тақта орнатқан болатын.  

Игі шараға облыс әкімі Амандық Баталов қатысып, бақи-

лық болған боздақтардың туған-туыстарына, бала-шаға-

сына  жылы сөзін арнады.

4

№52 (2830) 

18 мамыр 2016

zangazet@maiI.ru

Пікір

Пайым


Дау мұраты – бітім

ТАРАЗЫ


Ұлт жоспары

Жоспарсыз іс алға жылжы майды. Әр 

қимылды бағамдап, алға мақсат қоюдың 

ұтымды  тұстары  көп.  Мұны  Елбасы 

Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған 100 нақты 

қадамнан  тұратын  Ұлт  жоспарынан  да 

аңғаруға болады. Аталмыш стратегиялық 

құжаттың мәні зор. Өйткені, мұнда Қазақ­

станды әлемнің дамыған 30 еліне қосу үшін 

қажетті реформалар мен жұмыстардың 

реті сатылап көрсетілген. Қазір осы жос­

парды іске асырудың тәжірибелік сатысына 

көштік.

«100  нақты  қадам»  –  шын  мәнін де 



жаһан дық және сыртқы сын­қатерлерге 

жауап  беруге  мүмкіндік  туғызатын, 

бұған қоса, әлемдік дағдарыстан барлық 

саланы аз шығынмен алып шығуға ықпал 

ететін мықты бағдарлама. Бұл құжат тың 

маңызын өз еліміздің білікті мамандары 

ғана  емес,  шетелдік  сарапшылар  да 

мойындап отыр. 

Ұлт  жоспарында  құқықтық  саланы 

дамытуға айрықша орын берілген. «Заңның 

үстем дігін қамтамасыз ету» деп аталатын 

екінші тараудың 11 қадамы тікелей сот 

құрылымын жандандыруға бағытталғанын 

да айта кеткеніміз жөн. Мысалы, мұнда 

осы  уақытқа  дейін  талқыланып,  күн 

тәртібінен түспей келген сот сатыларын 

оңтайландыруға ден қойылды. Жалпы, 

Елбасының төрт жыл сайын өтетін рес­

публика судьяларының съезіне тұрақты 

қатысып, онда  соттың  ашық,  оңтайлы, 

қолжетімді  болуына  септігін  тигізетін 

тетіктерді жандандыруға тапсырма беріп 

келе  жатқанына  куәміз.  Ал,  сот  саты­

ларын  оңтайландыру  сол  тапсырманы 

көпке созбай орындау мақсатында Ұлт 

жоспарына енгізіліп отыр. Шындығында, 

аралық  сатылардың  көптігінен  сот 

құрылымына да, қарапайым азаматтарға 

да  пайда  жоқ.  Керісінше,  бұл  соттағы 

жұмыс тарды  көбейтіп,  азаматтардың 

Қазір  жер­жерде  медиа­

ция  кабинеттері,  орталық­

тары ашылып, мамандар дау­

дамайды  бітімгершілікпен 

шешуге болатынын, егескен 

екі тараптың мәселесін сотта 

таразылағаннан  гөрі  тату­

лас тырған  әлдеқайда  тиімді 

екенін  жұртшылыққа  түсін­

діруде. Жалпы, қазақ халқы­

ның  қашаннан  бейбіт шілік­

т і ,   т ы н ы ш т ы қ т ы   қ а л а й ­

тыны, қандай түйткіл болса 

да тыныш, ортақ келісім мен 

шешуге тырыса тынын тарихтан 

білеміз. Қасым ханның қасқа 

жолы, Есім ханның ескі жолы, 

Еңбекақының жұмыс 

нәтижесіне қарай 

төленуі орынды

Қазір елімізде Ұлт жоспарында көрсетілген тапсырмаларды 

жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Ұлт жоспарының 

негізіне бес институционалдық реформа кіреді. Атап айтқанда: 

кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз 

ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік және 

бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру. Бірінші реформа 

аясында мемлекеттік қызметке қабылдау дәстүрін жаңғырту 

қарастырылған. Мәселен, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы 

қызметінің нәтижесіне қарай өсіп отырады. Еңбекақыны нәтиже 

бойынша төлеуге көшу тәртібі енгізіледі. Мемлекеттік қызметкер 

үшін – жеке жылдық жоспарды орындау; мемлекеттік мекеме үшін 

– стратегиялық жоспарды орындау; министрлер мен әкімдер үшін 

– мемлекеттік қызмет сапасының арнайы индикаторы, өмір сүру 

сапасы, инвестиция тарту; Үкімет мүшелері үшін – интегралдық 

макроэкономикалық  индикатор  есепке  алынбақ.  Сондай­ақ, 

мемлекеттік қызметті ашық және бәсекеге қабілетті ету үшін 

шетелдік менеджер, жекеменшік сектордың жекелеген маманы, 

халықаралық ұйымның қызметшісі болып табылатын еліміздің 

азаматы мемлекеттік қызметке жіберіледі. Үшіншіден, мемлекеттік 

қызметтің жаңа Этикалық кодексі жасалады. Әдеп (этика) мәселесі 

жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымы енгізіледі. Осылардың барлығы 

«Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңнан көрініс тауып отыр. 

Ұлт жоспарында, сондай­ақ, cудьялардың есеп беру тәртібін 

күшейту; судьялардың жаңа Этикалық кодексін жасау және т.б. 

мәселелер қамтылған. Судьялардың қызмет барысында ғана емес, 

қоғамда, ортада өзін­өзі ұстауына бағдар болар Әдеп кодексі биыл 

кезектен тыс өткізілгелі отырған республика судьяларының VІІ 

съезінде талқыланып, қабылданбақ.  

Дастан АЛЫБАЕВ, 

Алматы қаласының мамандандырылған 

ауданаралық әкімшілік сотының судьясы 

ЖОСПАРСЫЗ ІС 

АЛҒА БАСПАЙДЫ



Ақтолқын МУСИНА,

Ақтөбе қаласы 

мамандандырылған 

әкімшілік сотының судьясы

ТОЙЫМСЫЗДЫҚ 

ТУРА ЖОЛДАН ТАЙДЫРАДЫ

БАБАЛАР ДӘСТҮРІН ҰМЫТПАЙЫҚ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет