Инновациялық білім мазмұнын құрудағы дәстүрлі емес сабақ түрлері
Игенбаева Р.Т. – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің доценті
Мукашева Б.С. - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің магистранты
Бүгiнгi тaңдa eлiмiздe бiлiм бepудiң жaңa жүйeci жacaлып, әлeмдiк бiлiм
бepу кeңicтiгiнe eнугe бaғыт aлудa. Oның нeгiзгi epeкшeлiгi – oқытудың
дәcтүpлi түpiнeн жaңa иннoвaциялық oқыту түpлepiнe aуыcу. Бұл пeдaгoгикa
тeopияcы мeн oқу тәpбиeci үдepiciндeгi eлeулi өзгepicтepгe бaйлaныcты бoлып
oтыp: бiлiм бepудiң мaзмұны жaңapып, жaңa көзқapac, бacқaшa қapым-
қaтынac, өзгeшe мeнтaлитeт пaйдa бoлудa.
«XXI ғacыpдың бacындaғы қaзaқcтaндық бiлiм зaмaнaуи өpкeниeткe тән,
«aқпapaттық» нeмece «пocтиндуcтpиaлдық қoғaм» дeгeн aтaу aлғaн, жaңa
пapaдигмaлapдың пaйдa бoлу кeзeңiндe тұp. Мeктeптi peфopмaлaу пpoцeciндe
бiлiм бepудiң aлдынa ұлттық aғapтудың жaқcы cипaтын жoғaлтпacтaн, әлeмдiк,
жaһaндық бiлiм бepу жүйeciнe eну мiндeтi қoйылды. Peфopмa бapыcындa бiлiм
бepудi iзгiлeндipугe, oқытудың иннoвaциялығынa қoл жeткiзiлдi, бaлaның
epкiн, жaуaпты тұлғa peтiндe дaмуынa жaғдaй тудыpуғa күш caлынудa» [1,3].
Жaһaндaну жaғдaйындa ғылыми aқпapaт көлeмiнiң ұлғaюы, мeктeптeгi
бiлiм бepу мaзмұнын жәнe ic-әpeкeт қaғидaлapын қaйтa құpылуының бәpi
мұғaлiмнiң кәciби бiлiктiлiгi мeн тұлғacынa, бүкiл пeдaгoгикaлық үдepicтiң
тұлғaлық бaғдapлaнуынa қoйылaтын тaлaптapдың cөзciз apтa түcуiнe aлып
кeлeдi. Бүгiнгi тaңдa кeз-кeлгeн oқу opындapындa oқу үдepiciн жeтiлдipу үшiн
жaңa пeдaгoгикaлық тeхнoлoгиялap, caбaқтың дәcтүpлi eмec түpлepiн
қoлдaнудың тиiмдiлiгiн пpaктикaның өзi дәлeлдeп oтыp. Мұның өзi aтaлғaн
мәceлeнiң тeopиялық нeгiздeмeciн жacaу қaжeттiлiгiн туындaтaды. Бiлiм бepу
жүйeci дaмуының қaзipгi кeзeңi жaңa пapaдигмaғa өтудiң жoлдapын
iздecтipумeн, яғни бiлiм бepудiң жaңa мaқcaтының жeтicтiктepiмeн
бaйлaныcты.
Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының
қалыптасуында әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне
ықпал ететін жанаша білім мазмұнын құру жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті
мәселе. Бүгінгі таңда білім беру ісіне қойылар талаптар қай кездегіден де
күрделі маңызды. Өйткені бізді дамудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Сол кезеңге
лайық ұлттық санасы жаңғырған жаңа ұрпақ тәрбиелеу міндеті мойынымызда.
Білім беру саласында жаңа технологиялардың енуі оқушының ойлану стилін,
мұғалімнің оқыту әдістемесін өзгертеді. Сабақта жаңа технологияларды
тиімді пайдалану, оқытудың дәстүрлі емес түрлерін қолдану педагогика
ғылымның шығармашылылық сипатын айқындайды. Ол оқушылардың пәнге
деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады,
қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс
жүзінде асырылады.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру саласының алдына шешілуге
тиісті біраз міндеттер қойылды [2]. Жас ұрпақ - ел тірегі, ертеңіміздің кепілі.
Педагогтың басты міндеті оқушылардың ақыл-ойын жан-жақты дамытуға,
шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыру. Қазіргі танда елімізде білім берудің
жаңа жүйесі дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге батыл қадамдар
жасалынуда. Білім берудің мазмұны жаңарып, оларды инновациялық тұрғыдан
жетілдіру қажеттігі туындауда. Білім беру деңгейіндегі жаңашыл
технологияларды пайдаланудың мақсаты білім саласында бәсекелестікке жауап
беретін шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
Педагогикалық ізденіс барысында оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда
дәстүрлі емес оқыту түрлерін қолданудың маңызы ерекше. Қазақстан
Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің негізгі
міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» –
деп көрсетілген [3,37]. Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында білім
ордаларында жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың негізгі
мақсатын айқындап алуда, яғни «берілген үлгі бойынша өнім алу», оқытудың
тиімділігін, сапасын көтеру.
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі
түрлерінен басқа, дәстүрлі емес түрлерін қолдану кеңінен етек жаюда. Оқыту
жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрлі емес түрлері көбінесе оның жеке
әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат - әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік
мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра, оны жаңа сапалық сатыға көтеру.
Осындай инновациялық үрдістің бірі оқыту процесінде дәстүрлі емес
сабақтарды қолдану болып табылады.
Сабақтың дәстүрлі емес түрлерін пайдалану - өмірлік жағдаяттарды
моделдеуді, ролдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді
қарастырады. Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны
ерекшелеуді шектейді. Бұл моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен
келуді үйретеді.
Сабақтың дәстүрлі емес түрлері – бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын,
барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне
оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.
Сабақтың дәстүрлі емес түрлерінің аса көп мөлшері белгілі. Әр ұстаз өз
бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар
бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс
істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.
Білім беруде ғылымның және ақпараттық технологияның заманауи
жетістіктерін қолданатын және бұрын білім беру үрдісінде қолданылмаған
әдістер инновациялық әдіс болып саналады. Оның қағидаларына орта
қалыптастыру, әрекет арқылы үйрету, өмірмен байланыстыру, өзіндік пен
дербестікке баулу жатады. Сабақтың дәстүрлі емес түрлерінің негізгі
мақсаттары - оқушылар арасында еркін, ашық шығармашылық қарым-қатынас
Кесте-1 И. П. Подласый бойынша дәстүрлі емес сабақ түрлері
Дәстүрлі емес сабақ түрлері
Сабақ – іскерлік ойын
Сабақ-аукцион
Сабақ-фантазиялар
Сабақ- жарыстар
Оқушылар өткізетін
сабақ
Сабақ-ойындар
Сабақ – пресс-
конференция
Сабақ-сынақтар
Сабақ-«соттар»
Сабақ – КТК типтес
«Күдік»-сабақ
Ақиқатты іздеу
сабақтары
Театрландырылған
сабақ -
«Бойлау»-сабақ
Сабақ-Парадокстар
Шығармашылық есеб-
сабақ
Сабақ-кеңес
Сабақ-концерт
Компьютерлік сабақ
Сабақ-формулалар
Сабақ – «тергеуді
білгірлер жүргізеді»
Жұмыстың топтық
формасындағы сабақ
Сабақ- байқаулар
Сабақ- ролдік
ойындар
Оқушылардың өзара
оқыту сабағы
Бинарлық сабақтар
Сабақ-конференция
Шығармашылық сабақ
Интегралды сабақтар
Сабақ-семинарлар
Дөңгелек жаттығу
сабағы
Пәнаралық сабақ
Сабақ-саяхат
«сыйқырлар алаңы»
сабағы
Жалпылау сабақ
Сұхбат сабақтар
орнату; оқушыға білімді өз бетімен ізденуге бағыт-бағдар сілтеу; оқушыға
қажетті білік-дағдыларды қалыптастыру.
Сабақтың дәстүрлі емес түрлері – бұл танымдық әрекеттің арнаулы
ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала
болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің
жетістіктерін, интелектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының
өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы, тиімді шарттарын жасау. Сабақтың
дәстүрлі емес түрлерінің мәнісі сыныптағы барлық оқушы таным процесімен
қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге
және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Таным процесінде, оқу материалын
игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне
тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз
жүреді. Сонымен қатар, бұл процес өз-ара қолдау және қайырмыдылық
атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық
процестің өзін дамытады, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу
дәрежесіне көтереді.
Сабақтың дәстүрлі емес түрлерін пайдалану кезінде білім алушылар мен
мұғалімдер арасында тығыз қарым-қатынас орнайды; ондай қарым-қатынас
білім алушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін табуға тырысқан
кезде қалыптасады; білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін
табуға талпынғаны маңызды болады. Себебі сабақтың дәстүрлі емес
түрлерінің басты мақсаты - білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап
табуға үйрету. Ол өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды, сонымен
қатар, оқушы лардың бұған дейін алған өмірлік тәжірибелері білім берудің
негізгі көзі болып табылады. Сабақтың дәстүрлі емес түрлерін пайдалану
барысында білім алушы мыналармен қарым-қатынасқа түседі: мұғаліммен
(сұраққа жауап берген кезде); өзге оқушылармен (қосақталып жұмыс істеген
кезде); шағын топтармен (топпен жұмыс істеген кезде); белгілі бір топпен,
аудиториямен (сауалнама алғанда).
Сабақтың дәстүрлі емес түрлерін пайдаланудың тиімділігі – оқушы
өзгелермен араласу барысында ашыла түседі, көбірек оқып, тәжірибе
жинайды. Тәжірибе интеллектуалдық тәуелсіздіктің негізі болып табылады
және барлық өркениетті азаматтың қажетті құралы десек те болады. Сабақтың
дәстүрлі емес түрлерін пайдалану білім алушылардың мынадай мақсаттарына
жетуге мүмкіндік береді: олар мол мағлұмат алып, өздері айтқан пікірге
логикалық түсініктеме беруге жол ашады; өз пікірлерін терең ойланып айта
алатын болады; мәселені талқылаған кезде бұған дейін алған, тәжірибеде
жинақтаған білім қорын пайдалана алады; бір-бірінен жаңа мағұлматтар ала
отырып, білімін толықтыра алады; шындыққа көз жетуі үшін дәлел іздеп,
ойын анықтап көрсете алады [4].
Сабақтың дәстүрлі емес түрлерін пайдалану барысында таным
қабілеттерінің мынадай түрлері қолданылады: фактілерді еске алу; ойлану;
алған білімін жаңа жағдайға пайдалану; талдап, синтездеп үйрену (бір ортақ
шешімге жету үшін, барлық идеяларды біріктіру); баға беру (сапасын анықтау).
Бұл әдіс осылай оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына
жол ашады. Бұл ретте ең алдымен оқытудың формалары мен түрлерін,
әдістерін түрлендіріп, жаңартып отыру, білім беру ісін технологияландыру
(озық техникаларды мысалы: ғаламторды, интерактивті тақтаны, электронды
оқулықтарды т. б. пайдалану) керек. Ең бастысы білім алушыларды оқу
әрекетінің субьектісі ретінде дамуын қаматамасыз ету керек. Дәстүрлі емес
сабақтардың өтілу нұсқасы мен мақсат-міндеттеріне қарай қарай 3 топқа бөлуге
болады: ой қорыту сабағы, ойын сабағы, жарыс сабақтары[5].
Сабақтың дәстүрлі емес түрлері кезінде тұлғаның еркіндігі мен құқықтары
сақталуы; тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау; оған өзіндік даралығын
көрсетуге мүмкіндік жасау; педагогикалық қолдау көрсету қажеттігі ескерілуі
керек. Бұл мақсатқа жетудің тиімді жолының бірі – сабақта оқытудың
интерактивті әдісін қолдану болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар мен педагогтердің жаңашыл
тәсілдері негізінде тәрбие жүйесін жаңарту жолдары. Әдістемелік құрал. –
Астана, 2013.
2.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы. 07.12.2010 ж.,ҚР Президентінің № 1118
Жарлығы, Астана
3.
Қазақстан Республикасының 2007 жылы 27 шілдеде № 319-III ҚРЗ
бұйрығымен бекітілген «Білім туралы» заңы, Астана, Ақорда және 2011
жылғы 24 қазанында бұйрыққа толықтырулар мен өзгертулер енгізілген №
487–ІV ҚРЗ, Астана, Ақорда.
4.
Подласый И.П. Педагогика: Новый курс: Учеб. для студ. высш. учеб.
заведений: в 2 книгах. – М.: Гуманит. Изд. Центр Владос, 2002.
5.
http:bilimsite.kz/adistemelik
Достарыңызбен бөлісу: |