Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет31/33
Дата05.04.2017
өлшемі3,88 Mb.
#11067
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

күзде  қырқылған  к'зем  жүніне  қозы  жүнін  қосып  басқан. 
Себебі, к'зем ж'нні! талшықтары қысқа, тез ұйысқыш болып келеді. Əдетте, текемет басу ісі, 
туған-туыстың, көрші-қолаңның қатысуымен атқарылатын ұжымдық іс-əрекет болып табылады жəне 
ол бірнеше сатылардан тұрады. Алғашқы дайындық қойды тоғытудан басталды. Ол қойдың кEзем 
жEнін  қырқатын  күннен,  бір-екі  күн  бұрын  жасалады.  Яғни,  қой  жүніне  жабысқан  шаң-тозаңнан 
арылту  үшін  өзенге  апарып  тоғытады.  Қой  жүні  кепкен  соң,  қырқым  басталады.  Қой  қырқым 
жұмысы  да  ауыл-аймақтың  бірлесіп  атқаратын  науқандық  жұмыстардың  бірінен  саналады. 
Қ
ырқылған жүндердің ақ жəне қара түстілері бөлек-бөлек іріктеліп, су тимейтіндей бастырма астына 
жиналады.  Дайындық  жұмыстарының  келесі  сатыларының  бірі  –  жEн  сабау.  Əдетте,  киіз  немесе 
текемет басуға арналған жүнді сабау ісі 8-10 əйелдің қатысуымен атқарылады. Жүн сабау үшін, ашық 
алаңқайға  екі-үш  тулақты  қатарластыра  төсеп,  үстіне  сабалатын  жүнді  шақтап,  жаймалап  салады. 
Жиналған  əйелдер  тулақты  айнала  қаумалап  отырып,  қолдарына  сабау  алып,  жүнді  қос  қолдап, 
сермей тартып сабайды. Əдетте, жүн сабаудың өзіндік ырғағы бар. Жүн сабаушылырдың қимылы бір 
ырғақпен,  бір  адамның  қимылындай  орындалуы  керек.  Ол  ырғақты  сақтамаса,  сабау  бір-біріне 
соқтығысып  сабаушыларға  зияны  тиюі  мүмкін.  Сабалған  жүннің  іртігі  жазылып  көпсіп,  жабысқан 
шөп-шалаңнан  жəне  ошаған  сияқты  тікендерден  арылады.  Осылайша,  қой жүні қырқылып,  өңделіп 
болған соң, текемет басу ісіне жалғасады.  
Текемет  басу  ісі  –  шыпта  шидің  жEн  шаба-тау,  тEр  салу,  ысты-  су  себу,  киіз  тебу,  булау, 
білектеу, Gзындау, кірлеу сияқты бірнеше үрдістерден тұрады.  
ЖEн шаба-тау – шидің бетіне сабаудың көмегімен жүнді бір тегіс етіп жаймалап шығу. Текемет 
басу  үшін  ұзындығы  5-6  құлаш, ені  2,5  құлаш  көлемінде  тоқылған  ақ  шидің  бетіне  сабалған  жүнді 
тегістеп  сабаумен  4-5  см.  қалыңдықта  біртегіс  етіп  жаймалап  салып  шығады.  Əдетте,  жEн 
шаба-тауды  тəжірибелі  əйел  атқарған.  Себебі,  шаба-талған  жEнні!  бір  жері  қалың,  бір  жері  жұқа 
болып шығуы мүмкін.  
ТEр  салу  –  шабақталған  жүннің  немесе  шала  басылған  киіздің  бетіне  ою-Fрнек  салу. 
Текеметтің 
бетіне  т'р  салу  яғни,  ою-өрнек  салу 
екі  түрлі  тəсілмен  орындалады.  Оның  бірінші  тəсілінде  – 
шабақтаған  жүннің  бетіне  тEрге  арналған  шEйкеленген  жүнді  созып  отырып  салады.  Бұндай  əдіс 
ісмерден  асқан  шеберлікті,  ептілікті  жəне  ой  ұшқырлығын  талап  етеді.  Себебі,  салынған  тEрді! 
қисаймай дұрыс  түсуін жəне  оның  симметриялық  дəлдігін  сақтай білу  керек.
 
Шүйкеленген  жүннен 
тEр  салу  барысында  тFсегіні!  бетіне  оң  қолмен  созып  отырып,  сол  қолдың  сыртымен  бастырып 
салып шығады.
  
Текеметке түр салудың екінші тəсілі – толық басылмаған тFсегіні! бетіне тEрге арнап алдын-ала 
дайындалған əр түске боялған талдырма киізден (жұқа киізден) түрлі өрнекті қайшымен қиып алып 
салады. Бұндай əдіспен салынған тEр текемет бетінде айқын көрініп, айшықты болып шығады.  

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
202 
Текемет басудың бірінші тəсілі барысында яғни, шаба-талған жүннің бетіне шEйкеленген жүннен 
тEр салынғаннан кейін, оның үстінен бір шетінен бастап ожаумен қайнап тұрған ыстық суды біртегіс 
етіп,  шашыратып  себелеп  шығады.  Ыстық  су  құйылған  соң,  шабақталған  жүн  мен  оның  бетіне 
тартылған тEр бір-біріне кірігіп, қабыса түседі. Жүннің шетінен бастап ыстық су құйып жатқанда 3-4 
əйел  қатар  отырып,  тартылған  жүнді  шиімен  қоса  шиыршықтап  орап  отырады.  Осылайша,  шабақ-
талған  жүн  аяғына  дейін  ыстық  су  себеленіп,  шиыршықталып  оралады.  Содан  соң,  оралған  шидің 
басы мен аяғын есілген жіппен мықтылап байлап қояды. Орта тұсынан бір жіпті бостау байлап, оған  
шиді əрі-бері домалатып сүйрету үшін тізгін жіп өткізеді. Текемет басудың келесі сатыларының бірі – 
киіз тебу.  
Киіз  тебу  –  шидің  бетіне  жаймалап  салынған  жүннің  үстінен  «ыстық  су»  құя  отырып,  шиді 
жүнмен  қоса  шиыршықтап  орап,  төрт-бес  адамның  (басылатын  киіздің  көлеміне қарай  одан  да көп 
адам  болуы  мүмкін)  қатарласа  тұрып,  арлы-берлі  домалатып  тебу  үрдісі.  Шиыршықталып  оралған 
шидің  орта  тұсынан  тұйықталып  бос  байланған жіпке  тізгін жіп  өткізіп алып,  бір  адам  алға қарай 
сүйретіп,  қалғандары  артынан  домалата  теуіп  отырады.  Киіз  тебушілер  үйден  ұзаңқырап,  кеткенде 
шиді  бұрып  алып,  кері  қарай  домалатып  екі  аяқтарымен  алма-кезек  тебе  түседі.  Текемет  басуға 
арналған киіз бір сағат көлемінде тебіледі. Осыдан соң, байлауы шешіліп, Текемет бетіне салынған 
тEрді  қарап  көреді.  Егер,  қисайған  жерлері  болса,  түзетіп  қайтадан  орап,  екі  үш  сағатқа  дейін  киіз 
тебу жұмыстарын жалғастырады. Киіз тебу үрдісі ұзаққа созылған сайын киіздің пісуі мықты болып, 
жүн  талшықтары  түтеленбей,  шымыр  болып  шығады.  Киіз  тебу  үрдісінен  кейінгі  атқарылатын  іс-
шаралардың бірі булау деп аталады.  
Булау  –  басылған  киізді  шиден  шығарып  алып,  ыстық  су  құйып,  үстіне  қалың  тон  немесе  киіз 
сияқты  заттармен  жылылап  жауып  қою  үрдісі.  Ол  үшін  шиыршықталып  оралған  киізді  шиден 
шығарып алып, оң-терісін ауыстырып отырып үш, төрт қайта шиыршықтап орап, үстінен ыстық су 
құйып  жауып  тастайды.  Бұл  үрдіс  бір  жарым  сағат  көлемінде  созылады.  Осылайша,  жылылап 
жабылып  қойылған  Текеметтің  жүн  талшықтары  бір-біріне  кірігіп,  жұмсарып  бөге  түседі.  Текемет 
басудың келесі сатыларының бірі – білектеу.  
Білектеу  –  киіз  басушылардың  қатарласа  отырып  текеметті  ары-бері  домалатып,  білекпен  басу 
үрдісі. Буланған киізді орауынан жазып алып, қайтадан тығыздап шиыршықтап орап, бір екі жерінен 
буып  байлайды.  Содан  соң,  оны  текемет  басушылар  жайылған  шидің  бетіне  ары-бері  домалатып 
білекпен  басады.  Осы  үрдісті  білектеу  деп  атайды.  Арасында  орауын  жазып  алып,  қарсы  жағынан 
бастап шиыршықтап орап, білектейді. Əдетте, бұл үрдіс шамамен бір жарым сағатқа дейін созылады. 
Содан соң, келесі атқарылатын жұмыстардың бірі – Gзындау деп аталады.  
%зындау  –  шиыршықталып  оралған  текеметті  бір  басынан  екінші  басына  жəне  екінші  басынан 
бірінші  басына  қарай  созғылап  білектеу.  Бұл  үрдіс  15-20  минутқа  созылады.  Білектеуден  кейін 
текеметтің  көлемі  ұлғайып,  созыла  түседі.  Содан  соң,  шеттері  тегістеліп,  қайшымен  қырқылады. 
Осылайша,  текемет  басу  үрдісі  аяқталады.  Енді  оның  шуашынан  жəне  кір-қоңынан  арылту  үшін 
кірлеу жұмысы жасалады.  
Кірлеу  –  дайын  болған  киізді  арықтың,  өзеннің  немесе  бұлақтың  маңына  əкеліп,  тақтайдың 
болмаса  үйілген  тастардың  үстіне  жайып,  əбден  тазарғанша  су  құяды.  Кірленген  киіз  шуашынан 
арылып, тазарып шығады. Содан соң, текеметті бірер күн көзіне жайып кептіреді. Осылайша, текемет 
төсеніш ретінде қолдануға дайын болады.  
Қазіргі  таңда  киіз  басу  ісі  кенжелеп  қалды.  Ғасырлар  бойы  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  келген 
дəстүрлі  сабақтастық  үзіліп  барады.  Оның  бір  себебі,  нарық  заманында  алыс-жақын  шетелдерден 
келген төсеніш бұйымдардың көбеюі, екіншісі – киіз басу өнері көптеген жұмыс күшін қажет ететін 
ұжымдық, машақаты көп іс-əрекет болып табылады.  
 
1
 
Добросмыслов  А.И.  Скотоводство  в  Тургайской  области.  -  Оренбург:  Тургайский  обл.  стат.  комитет, 
1895. - 360 с.  
2
 
Карутц Р. Среди киргизов и туркменов на Мангышлаке. - СПб.: Изд. А.Ф.Девриена, 1911. - 189 с. 
3
 
Глухов  А.Н.  Зимнее  жилище  актюбинских  и  адаевских  казахов  //  Казаки.  Антропологические  очерки. 
Издание особого комитета Академии наук по исследованию союзных и автономных республик. - Л.: АН СССР, 
1927. - С. 108-134;  
4
 
Руденко  И.С.  Очерки  быта  северо-восточных  казахов  //  Казаки.  Сборник  статей  антропологического 
отряда Казахстанской экспедиции АН СССР. Исследование 1927 г. - Л.: АН СССР, 1930. С.1-72;  
5
 
Масанов  Э.А.  Казахское  войлочное  производство  во  второй  половине  ХІХ  нач.  ХХ  вв.  //  ТИИАЭ  АН 
КазССР. Т. VI. - Алма-Ата, 1959. - С. 104-126;  

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
203 
6
 
$асиманов С. $аза- хал-ыны! -олFнерi. - Алматы: $аза-стан, 1969;  
7
 
ТəжімGратов D. Шеберді! -олы орта-. - Алматы: $аза-стан, 1977. - 96б. 
8
 
Муканов М.С. Казахские домашние художественные ремесла. - Алма-Ата: Казахстан, 1979. - 120 с. 
9
 
Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Т. 2. - Алма-Ата: Hнер, 1987. - 288 с.  
10
 
МGхамедова Д. Киіз басу //  ЖEннен  жасалатын бGйымдар. $Gраст.  К.МG-анов. - Алматы:  $айнар, 1990. - 
16-23 бб.  
11
 
Жəнібеков H. Уа-ыт керуені. -  Алмтаы: Жазушы, 1992. - 192 б.  
12
 
Тохтабаева Ш.Ж. Шедевры Великой степи. - Алматы: Дайк-Пресс, 2008. - 240 с. 
13
 
$аза-ты! этнографиялы- категориялар, Gғымдар мен атауларыны! дəстEрлi жEйесi. Энциклопедия. 3-
том. Ғылыми редакторы жəне жоба жетекшісі НGрсан Dлімбай. - Алматы: РПК “Слон”, 2012. - 736 б. 
14
 
$аза-ты! этнографиялы- категориялар, Gғымдар мен атауларыны! дəстEрлi жEйесi. Энциклопедия. 5-
том. Ғылыми редакторы жəне жоба жетекшісі НGрсан Dлімбай. - Алматы: «Азия Арна», 2014. - 839 б. 
15
 
Авторды!  2013  ж.  О!тEстік  $аза-стан  облысына  жасаған  этнографиялы-  экспедиция 
материалдарынан.  
 
Резюме 
В  статье  повествуется  процесс  традиционного  валяния  текемета  у  казахов.  При  это  исследованы  тонкости 
данного  процесса,  технология  нанесения  узоров,  композиция,  регионы  его  распространения,  а  также  местные 
особенности процесса изготовления текеметов.  
Ключевые  слова:  осенняя  стрижка,  купание  овец  в  реке,  теребление  шерсти,  тонкими  палочками  для 
распушивания  шерсти  при  валянии  кошмы,  приготовлять  расчесанную  шерсть  для  прядения,  наносить  узор, 
фон, центральное поле, бордюр, вид узора, нить для кошмоваляния, кошмоваляние,  обдавать кипятком войлок, 
катать руками (между локтем и кистью) в процессе производства кошмы, удлинять кошму в процессе валяния 
войлока, валять войлок с орнаментом.    
 
Summary 
In  the  article  traditional  process  of  felt-making  of  tekemet  (carpet)  among  the  Kazakhs  are  considered.  Alongside 
with  this  studied  the  methonss  of  the  process,  technology  of  application  patterns,  the  composition,  regions  of  its 
distribution, as well as local peculiarities of the process of manufacturing of tekemets are also mentioned. 
Key words: autumn shearing, bathing of sheeps in the river, wool pulling, thin sticks for wool fluffing when felting 
of  felt  mats,  prepare  combed  wool  for  spinning,  apply  the  pattern,  background,  central  field,  border,  type  of  pattern, 
string to felt-making, felt-making, pour boiling water of felts, roll with hands (between the elbow and hand) during the 
production of felt, lengthened felt during felting, felting with ornament.  
 
 
ƏОЖ 316.811 
 
НЕКЕДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ САҚТАЛУ МƏСЕЛЕЛЕРІН ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ 
БАҒЫТТА ҚАРАСТЫРУ 
 
В.Қ. Сарсенбекова - магистрант, С.Т.Мусаева - п.ғ.к., доцент 
М. Dуезов атындағы О!тEстік $аза-стан мемлекеттік университеті 
 
Бұл мақалада қазақ жанұясы мен күнделіктегі өмірге əсер ететін неке қатынастарының тарихы этнография 
бағытында  қарастырылады.  Жеке  айтқанда  сонғы  жиырма  жылдағы  қазақ  жанұясынның  қарым-қатнастары  
некедегі  азаматтардың  бір-біріне  əсер  ететіндігі  талданады.  Жаңа  отбасының  негізі  қалыптасқан  дəстүр  мен 
əдет-ғұрыпқа  да  байланысты.  Сонымен  қатар,  жанұя  философиясы  психологиялық  фактормен  де  тығыз 
сабақтасады.  Күнделіктегі  этика,  мəдениет  жəне  қалыптасқан  тəртіппен  де  ерекшеленеді.  Өйткені,  жаңа 
жанұяда,  яғни  екі  жастың  арасында  қалыптасатын  қатынастар  аталған  себептерге  тіреледі.  Сонғы  жылдары 
байкап  көрсек,  өткен  ғасырдын  жəне  қазіргі  кезеңдегі  жанұяның  ерекшіліктері  бар  ма,  жоқ  па  бізді  осы 
қызықтырады.  Осы  мəселелерге  жауап  беру  үшін  мақала  авторы  зерттеушілердің  ой-пікірлеріне  сүйенеді. 
Болашақта  жанұяны  сақтап  қалу  жəне  неке  проблемалары  туындамауы  үшін  ғалымдардың  көзқарастарына 
сүйене отырып мəселені шешіп көрейік. 
Тірек сөздер: этнография, əдет-ғүрып, неке қатынастары, қазақ жанұясы 
 
Қазақ  отбасы  мен  некелік  қатынастарын  этнографиялық  тұрғыда  зерттеудің  ғылым  үшін  де, 
күнделікті  өмір  мүддесі  үшін  де  зор  маңызы  бар.  Ғылымның  қазіргі  табыстары  қоғам  дамуы  мен 
этнография  тарихын  зерттеушілерге  аса  құнды,  жаңа  деректер  беріп  отыр.  Тəуелсіздік  алған 
Қазақстанда  өтпелі  нарықтық  қатынастардың  ауыр  кезеңін  бастан  кешірген  неке  жəне  отбасы 

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
204 
жағдайы  тарихи-этнографиялық  жəне  этносоциологиялық  зерттеулерді  қажет  етеді.  Қазақстанның 
болашақта тұрақты дамуы үшін неке жəне отбасы жағдайы тұрақты болуы қажет.  
Неке тұрақтылығын зерттеу мақсатында Оңтүстік Қазақстан өңірі алынып отыр. Біріншіден, бұл 
аймақ қазақтың салт-дəстүр, əдет-ғұрпы сақталынған жер. Екіншіден, қазақтармен қоса басқа да ұлт 
өкілдері  (өзбек,  тəжік,  орыс)  тұрады.  Отбасы  жəне  некеге  байланысты  қызығушылықтың  тууы 
отбасының  өміршеңдігіне  байланысты.  Бала  туылуына,  яғни  демографияға  қатысты  неке  тұрақты-
лығы жəне  неке құрылымының  жақсару  мəселесі  мемлекеттік  маңызға  ие  болып  отыр.  Оған  дəлел, 
Президент  Н.Ə.  Назарбаевтың  басшылығымен  отбасы  жəне  əйелдер  істері  жөніндегі  Ұлттық 
комиссияның  үкіметпен  бірлесе  отырып  жасаған  қазіргі  гендерлік  саясат  жөніндегі  стратегияның 
жобасы бола алады [1].  
Оңтүстік  Қазақстанға  –  Алматы,  Жамбыл,  Оңтүстік  Қазақстан,  Қызылорда  облыстары  кіреді. 
Оңтүстік  Қазақстан  Өзбекстан,  Қырғызстан  сияқты  Орталық  Азия  мемлекеттерімен  шектеседі.  Бұл 
осы  мемлекеттерде  дəстүрлі  мəдени-тұрмыстық  параметрлардың  сақталуымен  ерекшеленеді. 
Оңтүстік  Қазақстан  өңірінде  республикамыздың  басқа  аймақтарына  қарағанда  халқымыздың  əдет-
ғұрпы, мəдениеті, отбасылық дəстүрі жақсы сақталған. Бұған əсер еткен жағдай - осы аймақта қазақ 
халқының  көп  шоғырлануы.  Оңтүстік  Қазақстан  халық  саны  жағынан  да  республикадағы  ең  ірі 
аймақ.  
Тəуелсіздік алғаннан кейін неке-отбасылық қатынастар өзгеріске түсе бастады. Неке жəне отбасы 
мəселесін анықтауда ғалымдар мынадай негізгі сұрақтарды: неке отбасылық қатынастардағы отбасы 
қызметі, неке сапасы, отбасындағы билік құрылымына байланысты пікірлер қай бағытқа өзгергенді-
гін білуге тырысты. Социолог-ғалым З.Ж. Жаназарова өз монографиясында некеге тұруға байланыс-
ты  мынадай  төрт  көзқарасты  атап  көрсетеді:  1)  некеге  деген  жаман  көзқарас,  оның  қажетсіздігі,  2) 
болашақ жарын таңдаудағы жоғарғы талап, яғни адам өз ойындағы адамды таппаса өмір бойы жалғыз 
өтуге  дайын,  3)  таңдаудың  орташа  түрі,  адам  ұнатқан  жарын  кездестірсе  неке  құруға  даяр,  4) 
таңдаудың төменгі түрі, адамға некеден басқа ешнəрсе керегі жоқ, некені өзіндік бағалаудан жоғары 
қояды [2]. 
Некеге  отыру  мақсаттарын  есепке  ала  отырып,  Оңтүстік  Қазақстан  өңірі  бойынша  некедегілер 
санын анықтаймыз. 1999 жылғы санақ қорытындылары бойынша 1989 жылмен салыстырғанда некеге 
тұрушылардың  санының  азайғандығын  көреміз.  Некедегілер  бойынша  ең  жоғарғы  көрсеткішке 
Оңтүстік  Қазақстан  облысы  ие  –  58,9  %,  Қызылорда  облысы  –  57,2  %,    Алматы  облысы  –  56,6  %, 
Жамбыл облысы – 55,8 %. Келесі кезекте некедегі ер адамдардың көрсеткішін анықтасақ, бұл жерде 
жоғарғы орында Оңтүстік Қазақстан облысы – 62,9 %, одан кейін Алматы облысы – 61,5 %, Жамбыл 
облысы – 61,3 %, Қызылорда облысы – 58,8 % орын алады [3].  
Егер  бұрын  жастар  көбіне  20-24  жаста  неке  құрса,  қазіргі  жастардың  арасында  18-22  жас 
аралығында  үйлену  үрдіске  айналып  келеді.  Оған  қоса  неке  құру  жасының  біршама  өскендігі 
байқалады.  Ауылдық жерде  тұратын  жергілікті  ұлт  өкілдері  қалаға  қарағанда  некеге  ерте  отырады. 
Қаладағы жастар отбасын құруға асықпайды.  
Келесі  кезекте  некедегілердің  жас  алшақтығын  анықтаймыз.  Жоғарғы  буын  өкілдерінің  жас 
айырмашылығы 5 жастан 6-10 жасқа, кейде 11 жастан жоғарыға көтеріледі. Қазақтарда 60 жəне одан 
жоғары  жастағыларда  жұбайлардың  жас  айырмашылығы  6-10  жас  шамасында.  Кейбір  жағдайларда 
қазақтарда  ерлерінен  6-10  жасқа  үлкен болуы,  екінші  рет  некеге  отыруына  байланысты.    Жас жəне 
орта  буында  жұбайлардың  жас  айырмашылығы  1-5  жастан  аспайды.  Келесі  кезек  əйелдерінің 
ерлерден жасының үлкен болуы, жоғарғы буында сирек болса да орын алған.  
Оңтүстік  Қазақстанда  қазақтардың  шоғырлануына  байланысты  ең  көп  таралғаны  бірұлтты  неке. 
Зерттеп  отырған қазақтардың  үйлену  əдет-ғұрыптарының барлығын  төрт кезеңге  бөлуге болады:  1) 
құда  түсу;  2)  қыз  ұзату;  3)  үйлену  тойы;  4)  үйлену  тойынан  кейінгі  рəсімдер.    Қазақтар  АХАЖ 
арқылы неке қиюмен қатар мешітте мұсылмандық жолмен неке қияды. Оңтүстік Қазақстан өңірінде 
бұл ғұрып Кеңес үкіметі тұсында да орын алған. Оңтүстік Қазақстан өңірінде бірұлтты некелермен 
қатар, ұлтаралас некелер де орын алған. Бірақ бірұлтты некемен салыстырғанда оның көрсеткіші 3-
5%  дан  аспайды.  Себебі,  біріншіден,  Оңтүстік  Қазақстан  қазақтардың  көп  шоғырланған  аймағы 
болғандықтан  олар  көбіне  өз  ұлттарының  өкілдерін  қалайды.  Екіншіден,  салт-дəстүр  факторының 
əсер  етуіне  байланысты  қазақ  қыздарының  өз  ұлтымен  некеге  тұруы  қатаң  қадағаланады.  Зерттеу 
жұмыстарының  нəтижесінде  ұлтаралас  некеге  қазақтар  орыстармен,  өзбектермен,  татарлармен, 
қырғыздармен тұратындықтары анықталды.  
Ұлт  саясаты  негізінде  ұлттар  арасындағы  тұрақты  қарым-қатынас  нығаюда.  Мұндай  достық 
нəтижесінде  ұлтаралас  отбасын  құру  қазіргі  таңда  кең  қанат  жайып  отыр.  Себебі,  қазіргі  жастар 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
205 
арасында  неке  құру  үшін  олардың  ұлты,  нəсілі,  қай  дінде  екені  бөгет  бола  алмайды.  Отбасын 
құрудағы  шешуші  жағдай  –  жастардың  бірі-бірін  ұнатып,  араларында  шынайы  махаббат  сезімінің 
болуы. Ұлтаралас некеге этностардың біразы көбінесе орыстармен отырады. Қазақтар көбінесе орыс-
тармен, сосын татар, ұйғыр, туысқан түркітектес этностардың өкілдерімен некеге отырады. Бірінші-
ден,  орыстардың  үлес  салмағының  басқа  этностарға  қарағанда  көп  болуы.  Екіншіден,  тəуелсіздік 
алғаннан бері қазақтардың титулды этносқа айналуы.  
Əр  буын  өкілдерінің  ұлтаралас  отбасына  деген  көзқарасы  əрқалай.  Мысалы  жоғарғы  буын 
өкілдерінің  көзқарастары  төмендегідей:  этномəдени  параметрлері  жағынан  (қазақ  қожа  мен  өзбек 
қожа  жəне  керісінше)  жақын  болса  бейтараптық  қатынас;  түркі  тілдес  этностарына  (өзбек,  ұйғыр, 
татар, қырғыз жəне т.б.) онша білдірмейді; ислам дініндегі этностарға (тəжік, күрд, шешен жəне т.б.) 
онша  қарсылық  білдірмейді;  басқа  діндегі  европалық  этностармен  некеге  тұруға  қарсы;  Африка, 
Америка, Европадан шыққан негроидтық расаға мүлдем қарсы.  
Келесі  туындайтын  мəселе  ұлтаралас  некені  қандай  себептерге  байланысты  қаламайтындығын 
анықтау.  Қазақтардың,  оның  ішінде  ауылдағылардың  32,1%,  қаладағылардың  25,4%  өздерін 
сыйламауға  байланысты  ұлтаралас  некені  қаламайды.  Ауылдағы  өзбектердің  көрсеткіші  –  11,8%. 
Қаладағы  қазақтардың  25%,  қаладағы  өзбектердің  23,9%  басқа  ұлттың  арасында  тұру  қиынға 
соғатындықтан  ұлтаралас  некені  құптамайды.  Біз  зерттеп  отырған  мəселеге  тікелей  қатысты  келесі 
сұрақ  «Қандай  неке  тұрақты:  бірұлтты  немесе  ұлтаралас  па?».  Тек  орыс  этносынан  басқасының 
барлығы  бірауыздан  бірұлтты  некені қолдады.  Қала  қазақтарының 67,6 %,  ауыл  қазақтарының  74,8 
%, қаладағы өзбектердің 58,4 %, ауыл өзбектерінің 63,3 % бірұлтты неке ұлтаралас некеге қарағанда 
тұрақты деп жауап берді. Орыс ұлты өкілдерінің 51,8 % некенің тұрақты болуы ұлтына байланысты 
емес, жұбайлардың тікелей өздеріне байланыстылығын көрсетті.  
Неке тұрақтылығына əсер етуші факторлар деп аталатын  неке тұрақтылығына əсер ететін отбасы 
құрамы,  ішкі  отбасылық  қатынас,  жұбайлардың  білім  дəрежесі,  əлеуметтік-экономикалық  жағдай, 
бос  уақытты  тиімді  пайдалану,  рухани  жағдайлардың  ықпал  етуі  қарастырылады.  Қазіргі  таңда 
шаңырақ құрудың мазмұны, мақсаты, саны кез келген адамды ойландырады.  
Отбасының 1989 жылмен салыстырғанда жəне зерттеп отырған аймақтағы облыстардың ішінде ең 
жоғарғы көрсеткіші Оңтүстік Қазақстан облысында -370473. Оңтүстік  облыста некеге ерте отырады. 
Келесі кезек Алматы облысы – 347877, Жамбыл облысы - 211885, Қызылорда облысы - 109896. Əр 
облыс бойынша отбасының орташа саны да түрліше. 1989 жылмен салыстырғанда 1999 жылғы санақ 
көрсеткендей  отбасы  мүшелерінің  саны  көбейген.  Республика  бойынша  орташа  отбасындағы  адам 
саны - 4,0. Отбасы саны аз болса да, отбасы мүшелері саны жөнінен Қызылорда облысы ең жоғарғы 
көрсеткішке ие. Онда отбасындағы адамдардың орташа саны - 5,3. Келесі кезек Оңтүстік Қазақстан 
облысында  -  5,2;  Жамбыл  облысында  -  4,5;  Алматы  облысында  -  4,3.  Отбасы  құрамын  талдау 
нəтижесінде,  қалаға  жақын  орталықтарда,  əсіресе  қаладағы  отбасыларда  жұмыс  істеуге,  оқуға, 
баспанаға байланысты отбасы мүшелері саны аз. Бұл бағыт басқа да этностарға тəн. Тек Қызылорда 
жəне Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша отбасы мүшелері саны көбірек, олар 4,3 жəне 5 адамды 
құрайды [4].  Ауылдық жердегі отбасындағы адам саны барлық облыстар, тіпті республика бойынша 
қалаға  қарағанда  көбірек.  Əсіресе  бұл  моноэтникалық  аудандарда  басымырақ  екенін  аңғарамыз. 
Отбасы  құрылымының  орта  саны  Алматы  облысында  -  4,6;  Жамбыл  облысында  -  5;    Қызылорда 
облысында - 5,9; Оңтүстік Қазақстан облысында – 5,8. 
Оңтүстік Қазақстанда, тіпті республикамыздың басқа да аймақтарында ең көп тарағаны əр түрлі 
нұсқалардағы нуклеарлы отбасы. Көбіне ол екі ұрпақтан тұрады: ата-ана немесе екеуінің біреуі жəне 
үйленбеген балалары. Нуклеарлы отбасы тек қазақ отбасылары емес, орыс, татар, неміс, украин жəне 
т.б.  этностар  арасында  да  кең  тараған.  Ұрпақ  буынына  қарай  отбасындағы  мүшелердің  саны  да 
түрліше болады. Этникалық аспектіде үлкен ерекшелік байқалады.  
Толық  отбасылардың,  яғни  ата-аналары  мен  балалардан  тұратын  отбасылардың  көрсеткіші  75,9-
81,9%.  Жалғыз  басты  ер  адам  не  жесір  əйел  балаларымен  бірге  тұратын  жағдайлар  да  кездеседі. 
Осындай  толық  емес  отбасының  үлесі  -  20,1-11,7  %.  Орыс,  неміс  ұлтында  бір  ұрпақты  отбасы  кең 
тараған. Негізінен оған жоғары ұрпақ өкілі, балалары өз беттерінше басқа жаққа көшіп кеткен, ата-
ана  ғана  тұратын  отбасы  жатады.  Зейнеткерлерден  тұратын  бір  ұрпақты  отбасы  европалық 
этностарда,  оның  ішінде  орыстарда  жиі  болғанымен,  қазақтар  мен  өзбектерде  сирек  кездеседі. 
Отбасының бұл түріне баласы жоқ жас жəне орта буынды жатқызуға болады. Біз зерттеген аймақта 
бұндай отбасының үлес салмағы 4,7-8,9 %.  
Қазақ отбасында екінші орында үш ұрпақты отбасы тұрады. Оңтүстік Қазақстанда ол 16,8-25,2% 
үлес салмағын алады. Бұл отбасыларда жас буын мен орта буын толық, ал жоғары буын толық емес, 

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
206 
ата немесе əженің ғана болуы. Үш ұрпақты отбасы полиэтникалық аудандарға қарағанда моноэтника-
лық аудандарда басымырақ. Бұндай отбасылар 20,4 % көлемінде. Кей жағдайда ата-ана үйленген екі 
ұлымен  де  тұратын  отбасылар  кездеседі.    Төртұрпақты  отбасы  салыстырмалы  түрде  0,3-1,5  %  ғана 
алады.  Төртұрпақты  отбасы  түркі  тілдес  этностарда,  əсіресе  ауылдық  жерлердегі  қазақтар  мен 
өзбектерде  кең  тараған.  Отбасы  құрамына  этникалық,  əлеуметтік  факторлармен  қатар  отбасындағы 
балалардың саны əсер етеді.  Көп балалы отбасы қазақтарда кең тараған. Оңтүстік Қазақстан өңірінің 
барлық  облыстары  бойынша  ауылдық  жердегі  отбасыларда  бала  саны  басым.  Этнографиялық 
мəліметтер көрсеткендей, көп баланың болуы жоғарғы буыны бар отбасыларда жəне жұмысшылар-
дың  отбасында  көбірек  кездеседі.  Бұндай  көп  балалы  отбасынан  шыққан  жасөспірім  еңбекқор, 
үлкенді  сыйлайтын,  құрметтейтін  болады.  Ал,  қызметкерлердің,  əсіресе  интеллигенция  отбасыла-
рында 2-4 баламен шектеледі.  
Ұлтаралас некенің ерекшелігі отбасындағы бала санының аз болуы. Түркі халықтарынан құралған 
ұлтаралас  отбасыларда  (қазақ  пен  өзбек,  өзбек  пен  ұйғыр,  түрік  пен  əзірбайжан)  бала  саны  басым. 
Аталған  этностар  европалық  этностармен  ұлтаралас  неке  құрып,  өз  этникалық  орталарында  немесе 
ауылдық  жерде  тұрған  жағдайда  баланың  көп  болғанын  қалайды.  Бұл  шығыс  халықтарына  тəн 
менталитет,  яғни  орташа  көрсеткіш  2,8  бала.  Керісінше  ұлтаралас  отбасыларда  əйелдері  европалық 
этнос болса, түркі этностарына қарағанда балалардың саны аз болып келеді. Сонымен қатар полиэт-
никалы аудандар мен қалалардағы отбасыларда да осындай бағыт кең өріс алған.  
Зерттеу  барысында  отбасындағы  баланың  тууын  жоспарлауға  мүмкіндік  бермейтін  негізгі 
себептер анықталды: а) материалдық жағдайдың мүмкіндік бермеуі - 26,4%; ə) некеде тұрмайтынға - 
15,6%; б) денсаулығының көтермейтіндігі - 15,4%; в) тұрғын үйдің жоқтығы - 42,6%. 1990 жылдардан 
бастап  орын  алған  туудың  төмен  көрсеткіші  Қазақстанның  барлық  аймағында  қалыптасты.  Осы 
жағдайдың орын алуына факторлар: əйелдердің əр түрлі жұмыстармен айналысуы, ауылдағы өмірге 
урбанизация  əсері,  бала  тəрбиесіндегі  сапаның  артуы,  нарықтық  қатынасқа  көшуі,  материалдық 
жағдайдың  төмендеуі,  тұрғын  үй  мəселесінің  қиындауы,  көп  балалы  отбасыларға  көмектің  аз 
көрсетілуі [5]. 
Авторитарлы отбасы моноэтникалық қазақтар немесе өзбектер басты тұратын аудандарда кеңінен 
орын  алған.  Ерлі-зайыптылардың  білім  дəрежесі  өскен  сайын  теңдік  қатынас  та  көтеріледі.  Бұл 
көрсеткіш  төмендеген  сайын  ерлердің  əлеуметтік  мəртебесі  жоғарылайды.  Қазіргі  жағдайда 
авторитарлы отбасында да қаржы мəселесін шешуде бұрынғыға қарағанда өзгерістер бар.  
Неке тұрақтылығына келесі əсер ететін фактор – жұбайлардың біліми жəне мəдени дəрежесінің əр 
түрлі  болуы.  Соған  байланысты  ішкі  отбасылық  қатынас  та  өзгеріп  отырады.  Отбасы  мүшелерінің 
рухани  дəрежесі  көптеген  жағдайда  отбасында  қалыптасқан  əдет-ғұрыптарға,  салт-дəстүрлерге  де 
байланысты  болып  келетіні  ақиқат.  Неке  тұрақтылығына  əлеуметтік,  экономикалық-материалдық,  
шаруашылық-тұрмыстық,  білімдік  жəне  мəдени,    көршілік,  достық,    кəсіпкерлік  байланыстар  əсер 
етеді.  Оңтүстік  Қазақстан  өңірінде  тұрақты  жұмыспен  ер  адам  айналысып,  əйел  адам  үй  шаруа-
шылығы,  бала  бағумен  үйде  отырды.  Президент  Н.Ə.  Назарбаев:  «Жаңа  жалпы  қазақстандық 
патриотизмнің  іргетасын  қалап,  біздің  Отанымыздың  көпұлтты  жəне  көпконфессиялы  қоғамымыз-
дың,  балаларымыздың  тамаша  келешегі  бар  екеніне  сенімдімін.  Біз  бірлесіп  ойға  алғанды  орындап 
шығамыз», - дейді [6]. Егеменді еліміздің азаматтарына ұлттық рух, Отан сүйгіштік тілейміз. 
 
1  Байса-ал  Н.  Отбасыны!  бEтіндігі  -бEгінні!  Fзекті  мəселесі:  Алматы  -аласы  Отбасы  жəне  əйелдер  ісі 
жFніндегі комиссиясы жEргізген əлеуметтік зерттеулер -орытындысы // Алматы а-шамы. - 2006. - 7 -а!тар. 
2 Жаназарова З.Ж. Современная семья в Казахстане и ее проблемы.- Алматы: $аза- университеті, 2004. - 
257 с.  
3  Краткие  итоги  переписи  населения  1999  года  в  Республике  Казахстан:  Статистический  сб.  -  Алматы: 
Гос РК по статистике, 1999. - 211 с. 
4  Неке  тGра-тылығына  ішкі  отбасылы-  факторды!  əсері//$аза-стан  жалпы  адамзатты-  тарихи  ойлау 
аясында: Халы-аралы- Бекмаханов-о-уларыны! материалдары, 25-26 мамыр 2005 жыл. - Алматы, 2005. - 480-
484-бб. 
5 Неке тGра-тылығын аны-тау тəсілдері//$аз%У Хабаршысы. - Тарих сериясы. - 2005. - № 1 (36). -129-132-
бб. 
6  $аза-стан  Республикасы  Президенті  Н.D.Назарбаевты!  «$аза-стан  хал-ына  жолдауы»//Егеменді 
$аза-стан. - 2007.  - 1 наурыз.  
 
 
 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
207 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет