Абай атындағы Қазақ


Key words: O.A.Shkapsky, resettlement policy, agrarian question



Pdf көрінісі
бет33/33
Дата05.04.2017
өлшемі3,88 Mb.
#11067
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

Key words: O.A.Shkapsky, resettlement policy, agrarian question. 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
212 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ: ƏЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 
 
Шалқаров М.Б. - магистрант, əл-Фараби атындағы $аз%У тарих факультеті 
 
Бұл  мақалада  Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  көрсетілгендей  Қазақстанның  əлеуметтік-
демократиялық  дамуы  мен  бағыты  жайлы,  сонымен  қатар  адам  құқығы,  бостандықтары  жəне  халықтың 
əлеуметтік жағдайын жақсарту жайлы құқықтық мемлекетке ұмтылуы сөз болады. 
Тірек  сөздер:  Əлеуметтік-экономикалық  жаңғырту,  парламентаризм,  азаматтық  қоғам  институттары, 
Конституция, экономика. 
 
Қазақстан Республикасының қазіргі 1995 жылы қабылданған Конституциясы бойынша əлеуметтік 
жəне  құқықтық  мемлекетті  құрудың  алғышарттары  мен  негізгі  принциптері  белгіленген:  «1. 
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде 
орнықтырады,  оның  ең  қымбат  қазынасы  –  адам  жəне  адамның  өмірі,  құқықтары  мен  бостандық-
тары».  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  даму  бағыты  ретінде  Ата  Заңымызда  бекітілген 
əлеуметтік жəне құқықтық мемлекетті қалыптастыру негізгі қағидаларды жүзеге асыруды талап етеді. 
Олардың  қатарында  биліктің  заң  шығарушы,  атқарушы  жəне  сот  билігіне  бөлінуіне  ерекше  назар 
аудару қажет. Онда əлеуметтік құқықтық мемлекеттің басқа талаптары да қамтылған. Шындығында, 
заңның  үстемдігі,  адам  құқығы  мен  бостандығын  жоғары  құндылық  ретінде  бағалау,  мемлекет  пен 
тұлғаның  өзара  жауапкершілігі  жəне  оны  жүзеге  асыру  талаптары  заң  шығарушы  жəне  атқарушы 
биліктің басты міндеттері. Ал, заң мен басқа да нормативті – заңдық актілердің орындалуын қадаға-
лау  сот  билігінің  міндеті.  Биліктің  бөлінуінің  əрекетшілдігі  жəне  тиімділігі  заң  шығарушы  жəне 
атқарушы билік тармақтарының өзара əрекетінде айқын көрінеді. Бұл екі билік тармақтары арақаты-
насының  мүлтіксіз  деңгейіне  жету  мүмкін  емес,  арадағы  қайшылық  демократия  институттарын 
жетілдіріп, құқықтық мемлекетке ұмтылудың бастау көзі болып табылады. Бұл жағдайда белгілі – бір 
заңдылық  туындайды.  Қоғамды  демократияландырудың  өзегі  болып  табылатын  заң  шығарушы 
билікті,  парламентаризмді  дамыту  атқарушы  биліктің  əрекетін  шектейді,  оның  тетіктерін  жетілдіру 
қоғамды демократияландыру деңгейінің көрсеткіші болып табылады.  
Əлеуметтік  жəне  құқықтық  мемлекетті  қалыптастыру  елімізде  парламентаризмді,  парламентті, 
оның қызметін жетілдірумен қатар жүргізіліп отыр. Сот билігі адамдардың құқығы мен бостандығын 
қорғауы жəне осы арқылы қоғамда тұрақтандырушы рөл атқаруы қажет. Ол үшін сот билігі тəуелсіз 
болуы  қажет.  Бұл  мəселені  АҚШ-та  соттарды  заңгерлер  мен  халық  өкідері  қатысуымен  алдын-ала 
таңдау  арқылы  ұзақ  мерзімге  немесе  өмірлік  тағайындау  арқылы  шешкен.  Мұндай  тағайындаудан 
кейін  соттар  сот  кодексін  бұзған  жағдайда  ғана  қызметінен  босатылады.  Мұндай  жүйе  соттарды 
шешім  қабылдауда  барынша  тəуелсіз  болуына  мүмкіндік  береді.  Тəуелсіздіктің  екінші  негізі  – 
материалды тұрғыдан қамтамасыз етілу. Төменгі деңгейдегі соттардың өзі жергілікті билік тарапынан 
қаржыланбауы  қажет.  Материалды  жағдайдың  жоғарылығы  сот  қызметінің  беделін  арттырып, 
қоғамда  соттарды  теріс  ойдан  сақтандырады.  Мұның  бəрі  сот  билігіне  қоғам  алдында  жауапкерші-
лікке ие білікті заңгерлерлің келуін қамтамасыз етеді. Аталған мəселелер елімізде тек соңғы уақыт-
тарда  ғана  қауымдастық  алдында  кеңінен  талданып,  соттардың  материалды  жағдайын  жоғарылату, 
соттардың тəуелсіздігін қамтамасыз ету өзінің оң шешімін табуда. Əлеуметтік құқықтық мемлекеттің 
маңызды  белгілерінің  бірі  –  заңды  негіздерге  сүйене  отырып  шешім  қабылдайтын  тəуелсіз  сот 
жүйесінің болуы. Биліктің бір тармағы болып табылатын тəуелсіз сот билігінсіз əлеуметтік құқықтық 
мемлекеттің болуы мүмкін емес.  
Сот жүйесінің тəуелсіздігі, ең алдымен, соттардың құқықтық статусымен, сонымен бірге, олардың 
обьективті əділдігімен анықталады. Елбасы Н. Назарбаев еліміздегі сот жүйесін жетілдіру мəселесін 
əрдайым  басты  назарда  ұстау  қажеттігін  ескертеді.  Атап  айтсақ,  өзінің  «Əлеуметтік-экономикалық 
жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталатын жыл сайынғы дəстүрлі жолдауында сот 
жəне құқық қорғау жүйелерін жаңғырту мəселесіне арнайы тоқталып, соттардың жауапкершілігі мен 
біліктілігін  арттыру,  арбитраждық  аралық  соттар  жүйесін  нығайту,  судьялар  жасағын  қалыптасты-
рудың  тəртібін  қайта  қарау  туралы  өкілетті  орындарға  өз  тапсырмаларын  берді.  Қазіргі  Қазақстан 
жағдайында əлеуметік құқықтық мемлекетті қалыптастыру мен азаматтық қоғам талаптарын қабыл-
дау процестері қатар жүріп отыр. Сондықтан 2006 жылдың 25 масымында Қазақстан Республикасы 
Президентінің  жарлығымен  Қазақстан  Республикасында  азаматтық  қоғамды  дамытудың  2006-2011 
жылдарға  арналған  тұжырымдамасының  жəне  2011-2020  жылдарға  арналған  құқықтық  саясатты 
дамыту тұжырымдаманың бекітілуі бұл бағдарды ілгерітушілік болып табылады[3]. Бұл құжат билік 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
213 
органдарының  белсенділігімен бекітілді,  өйткені  қазіргі  күннің  өзінде  қоғам  азаматтарының енжар-
лығы анық байқалады. Тəуелсіз даму жылдарында Қазақстанда жаңа саяси-құқықтық режим қалыпта-
сып қана қойған жоқ, сондай-ақ босап қалған əлеуметтік кеңістікте көптеген ұйымдар мен ассоциа-
циялар құрылды. Бірақ, демократиялық қоғамға тəн азаматтық қатынастар жүйесі қалыптасты деуге 
əлі  де  ерте.  Қазақстан  азаматтық  қоғамының  көптеген  құрылымдарының  тəуелсіздігі  сөз  жүзінде 
қалып  отыр,  өйткені  идеологиялық,  материалдық,  ұйымдастырушылық  тұрғыдан  əлі  де  билікке 
тəуелді.  Бұл  азаматтық  қоғам  институттарының  іс  əрекетін  қамтамасыз  етуші  нормативті  негіздің 
əлсіздігімен байланысты.  
Демократиялық институттарды қалыптастыруды халықтың əлеуметтік қабылдауы əрдайым артта 
қалып отыр. Саяси реформалар жылдарында еліміз демократия институттарының формалды негізде-
рін қалыптастыра алды, бірақ оларды шынайы мазмұнмен толықтыру үшін, жаңа азаматтық, саяси-
құқықтық  мəдениетті  қалыптастыру  үшін  уақыт  керек  секілді.  Қазақстандық  қоғам  демократиялық 
өзгерістерді жеткіліксіз құрылмаған, субъективті тасымалдаушысы жоқ жаңадан қалыптасқан саяси 
ағымдармен  бастады.  Əлеуметтік  жəне  саяси  мүдделер  нақтыланған  жоқ,  əр  түрлі  топтар  мен 
қабаттардың  талаптарын білдіретін  тетіктер  болмады.  Азаматтардың  аздаған  ерікті ассоциациялары 
мен  одақтары  əлеуметтік  жатсынуды,  халықтың  маргиналдылығын  жəне  кедейлікті,  əлеуметтік 
бейтараптылықты жеңуге мүмкіндігі болмады. Азаматтық қоғам институттары халық пен саяси жүйе 
арасын байланыстыра алмады, олар мемлекетпен ара-қатынаста, саяси шешімдерді қабылдауда, түрлі 
əлеуметтік салалардағы заңдар, саяси бағдарлар мен технологияларды жасауда серіктестік қызметін 
атқара алмады. Сонымен бірге, ең басты мəселенің бірі азаматтық қоғам субъектісінің, яғни белсенді, 
өзінің  азаматтық,  саяси,  əлеуметтік  құқығын  білетін,  өз  мүдделерін  конституциялық-құқықтық 
негізде  қорғай  алатын  азаматтың  қалыптаспауы.  Мұндай  жағдайда  қоғамның  əлеуметтік,  саяси, 
құқықтық жəне басқа салаларында мемлекет шешуші рөл атқарады. Сондай-ақ, мемлекттік саясаттың 
маңызды  басымдығы  елді  демократияландыру  барысында  халықтың  азаматтық  белсенділігінің  өсуі 
үшін, азаматтық қоғамның құқықтық жəне əлеуметтік-мəдени алғышарттары қалыптасуы үшін негізгі 
шарты  ретінде  қалып  отыр.  Қазіргі  уақытта  Қазақстанда  азаматтардың  ерікті  бірлестіктері  мен 
қауымдастықтары  көптеп  құрылды,  бірақ  олар  өз  жиынтығымен  азаматтық  қоғам  жүйесін  құрған 
жоқ.  Мұндай  жағдайда  Қазақстан  өтпелі  посткоммунистік  қоғам  болып  табылады.Оның  ерекшелігі 
батыстық қоғам институттарына ұқсас əлеуметтік-саяси институттардың болуы, бірақ бұл институт-
тар батыстағыдай өз қызметтерін əлі атқарып отырған жоқ. Азаматтық қоғамның жетілмегені оның 
əлеуметтік-мəдени  алғышарттарының  толық  қалыптаспағанымен  байланысты.  Қазіргі  Қазақстан 
жағдайында  жоғарыдан  төменге  бағытталған  қатынастар  азаматтық  қатынастар  мен  байланыстарға 
үстемдік етіп отыр. Əзірге еліміз халқының басым бөлігіне азаматтық қоғам институттарына жаттан-
ған  қатынас  тəн,  ол  кез-келген қоғамдық іс-əрекетте,  ортақ  мүдделер  мен мақсаттарға  біріккен кез-
келген қоғамдастыққа қатысында көрінеді.  
Əлеуметтік  жəне  құқықтық  мемлекет  идеясы  бойынша  адам  өмірінің  құндылығы  жəне  оның 
өмірінің кепілінің шартын қалыптастыру мемлекеттің міндетіне берілуі қажет. Бұл өз кезегінде жеке 
адам мен қоғамның құндылықты бағдарының жаңа жүйесін жасауды қажет етеді, оның шеңберінде 
жеке адам құндылығына, оның еркіндігі мен дербестігіне оның құқығы мен өз мүддесін өзі анықтау 
мүмкіндігіне басымдық беріледі. Өркениетті қоғамның, құқықтың мемлекеттің міндеті мен мəні оны 
процесті  қамтамасыз  ету,  ережелер  шеңберінен  тыс  индивид  əрекеттерін  шектеу  болып  табылады. 
Бұған құқықтық сананың жетілген формалары болғанда ғана қол жеткізуге болады. Əлеуметтік жəне 
құқықтық  мемлекетті  қалыптастыру  Конституцияда  бекітілген  Қазақстан  Республикасының  алдына 
қойған  маңызды  мақсаты.  Оған  жету  азаматтардың  құқықтық  мəдениетін  қалыптастырмай,  қоғам 
өмірінің көптеген салаларында етек жайып отырған құқықтық нигилизм əсерін жоймай мүмкін емес. 
Құқықтық  нигилизм  биліктің  көптеген  құрылымдарының  іс  əрекетінде  көрініс  беріп  отыр,  бұл  өз 
кезеңінде  құқыққа  деген теріс  көзқарас  қалыптастырып  отыр.  Қазақстанда  биік  құндылығы  ретінде 
адам туралы идеяны бекіту процесі дүниежүзілік-тарихи процестің бір бөлігін көрсетеді. Осы салада 
жиналған  дүниежүзілік  тəжірибеде  Қазақстандағы  биік  құндылық  ретінде  адам  статусын  заңмен 
бекіту кезінде зерттеліп, қолданылды. Осы идеяның нығаюы адамзат қоғамының барлық тарихымен 
бірге жүрді жəне əртүрлі сатыларда пайда болған құжаттарда көрініс тапты. Қазақстандағы адамның 
құқығы  мен  бостандығын  заңмен  бекіту  ұлттық  жəне  халықаралық  бай  тəжірибеге  сүйене  отырып, 
жүргізілді. Н.Ə. Назарбаев былай деп көрсетеді: «Біз – өзінің жеке тарихы бар еуразиялық елміз. Ол 
өзіне  түрлі  өркениет  жетістіктерін  сіңіреді.  Біздің  алдымызда  не  мынау,  не  басқа  деген  сұрақ 
тұрмайтын  болады.  Біз  диалектикалы  боламыз  жəне  іс  жүзінде  өзінің  тиімділігін  дəлелдеген 

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
214 
өркениеттің  барлық  жетістіктерін  аламыз»  [4].  Бұл  ереже  əлемдік  масштабта  орын  алған  адам 
статусын,  оның  құқығы  мен  бостандықтарын  биік  құндылықтар  ретінде  заңмен  бекіту  тəжірибесін 
шығармашылықпен пайдалануға толығымен қатысты. Бұл тəжірибені үйрену жəне шығармашылық-
пен пайдалану үздік актілерді көшіре салуға əкелмейтінін айту керек.  
Халықаралық тəжірибе – бұл Конституция нормалары, шығармашылығы, ол тиісті елдерде жəне 
жалпы дүниежүзінде оларды қолдану мен үздіксіз байланыстан алынған Конституциялық нормалар. 
Оның  үстіне,  басқаның  тəжірибесін  пайдалану,  оны  шығармашылықпен  пайдаланудың  ішкі 
алғышарттарын жасаумен байланысты процесс. Жаңа мемлекеттік құрылыс бекітілді. Оның негізі – 
құқықтары  мен  бостандықтары  бар  адам  болып  табылады,  оның  негізінде  адамды  биік  құндылық 
ретінде  бекіту  идеясының  алғышарты  жатыр.  Əлеуметтік  құқықтық  мемлекетте  жеке  басының 
бостандығы  барлығы  үшін  тең  сипатта  болады  жəне  мемлекеттік-құқықтық  құралдармен  жəне 
нысандармен  қорғалады.  Қазіргі  уақытта  құқықтық  мемлекет  пен  азаматтық  қоғам  концепциясы 
орайлас  дамуда.  Ал  олардың  құрылымы  мен  дамуы  адам  құқығы  мен  бостандықтарын  жүзеге 
асырудың басты шарты болып табылады. Əлеуметтік құқықтық мемлекет пен адам құқығының өзара 
байланыстылығы  жəне  өзара  негізділігі  құқықтық  мемлекеттің  басты  бір  мақсаты  –  адам  мен 
азаматтың құқықтарын қамтамасыз ету болып табылатындығында айқын көрініс тапқан. 
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі «əлеуметтік мемлекет» деген сөздерге тағы 
да мынадай түсініктеме береді: «Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағы, 
«$аза-стан  Республикасы  Fзiн  ...  əлеуметтiк  мемлекет  ретiнде  орны-тырады;  оны!  е!  -ымбат 
-азынасы  -  адам  жəне  адамны!  Fмiрi,  -G-ы-тары  мен  бостанды-тары.»  деген  сөздерi  бөлiгiнде, 
Қазақстан Республикасы мемлекеттің шынайы мүмкiндiктерiне сəйкес əлеуметтiк мемлекет мiндетiн 
орындауға ұмтылады дегендi бiлдiредi. Қазақстанда Конституцияға сəйкес адамның жəне азаматтың 
құқықтары мен бостандықтары танылады жəне оларға кепiлдiк берiледi[5].  
Яғни, «əлеуметтiк мемлекет ретiнде орны-тырады» делінгені бұл əлеуметтік мемлекет болуға, 
оның  міндеттерін  орындауға  ұмтылады,  (əрине,  шынайы  мүмкіндіктерге  сəйкес)  адамның  жəне 
азаматтың құқықтары мен бостандықтары танылуына жəне оларға кепiлдiк береді, сондай-ақ, «адам 
жəне  адамны!  Fмiрi,  -G-ы-тары  мен  бостанды-тары  е!  -ымбат  -азына  болып  табылады»  деп 
айтылғаны  бұл  Қазақстан  Республикасы  үшiн  жалпы  адамзат  құндылықтарының  басымдығы 
болатынын  айғақтайды. Сондықтан  да  болар,  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  қажеттi 
құқықтық əлеуеттi қамтиды, ол оның құқықтық нормаларында ғана емес, оның құқықтық идеялары 
мен принциптерiнде де тұжырымдалған. Конституцияның құқықтық идеялары Қазақстанда демокра-
тиялық,  зайырлы,  құқықтық  жəне  əлеуметтiк  мемлекет институттарын  нығайтуға  бағытталған 
заңнамалық,  ұйымдық  жəне  басқа  шараларда  жүзеге  асуға  тиiс.  Сонымен,  «əлеуметтік  мемлекет» 
деген  конституциялық  қағидатты  жүзеге  асыру  үшін  қазіргі  уақытта  мемлекет  тарапынан  бірқатар 
нəтижесі халықтың игілігіне алып келетін шаралар қабылдануда. 
«Жаңа  онжылдық  жаңа  экономикалық  өрлеу  Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері»  атты  Қазақстан 
Республикасының  Президентінің  2010  жылғы  29  қаңтардағы  халыққа  жолдауында  «2020 
Стратегиялық  жоспары  –  көшбасшылыққа  қазақстандық  жол»  атты  бағдарламасын  іске  асыру 
Қазақстан Республикасы өзінің алдына бірқатар міндеттер қойған. Олардың бірі – қазақстандықтар-
ды  сапалы  əлеуметтік  жəне  тұрғын  үй-коммуналдық  қызметтермен  қамтамасыз  ету.  Сондай-ақ, 
Жолдауда халықтың əлеуметтік жағдайын жақсарту үшін міндетке алынған төрт қағидаттың бірі бұл 
экономикалық  өрлеу  –  əрбір  қазақстандыққа  қатысты  бүкілхалықтық  іс.  Бұл  қоғамның  əлеуметтік 
мəселелерін шешудің жəне əрбір азаматтың табысқа бастаудың кілті 
«Əлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  -  Елбасының 
Қазақстан  халқына  жолдауыда  да  осы  əлеуметтік  экономикалық  даму  мақсаттары  мен  оған  жету 
бағыттарының маңыздылығы мен өзектілігі туралы айтылып өтілген. Ел экономикасының қарышты 
қадамдары қандай болмасын саяси-экономикалық шешімдердің түпкі мақсатына сəйкес халықтың əл-
ауқатын арттыру үшін зор міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндіктер береді. Президенттік жолдаудың 
алғашқы  бабында  тұрғындарды  жұмыспен  қамтудың  тиімді  жүйесін  жасау  арқылы  əрбір  жұмыс 
жасындағы  адамға  жұмыс  орнын  ашып  беруге  ұмтылыстың  əлеуметтік  маңыздылығын  асыра 
бағалаумүмкін емес. Мұның өзі мемлекет пен халық мүдделерінің бір бағытта тоғысуының жарқын 
белгісі.  Ал  мүдделер  бірлігі  бар  жерде  оңтайлы,  ұтымды,  жəне  тиімді  нəтижелер  көп  күттірмейді. 
Заманауи  экономикалық  ғылым  мен  тəжірибеде  «əлеуметтік  бағдарланған  экономика»,  «əлеуметтік 
бағдарланған  рыноктық  шаруашылық»  деген  түсініктер  қалыптасып  үлгерді.  Ғылыми  айналымға 
германия  экономикасының  реформаторы  Людвиг  Эрхардтың  «Əл-ауқаттылық баршаға»  кітабы 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
215 
арқылы  енген  бұл  категориялар  дербес  құрылымы,  табыстарды  бөлу  əдісі,  мемлекеттік  басқарудың 
мақсатты  бағдары  бойынша  халықтық  əл-ауқатын  жоғарылатуға,  тұрғындардың  өмір  сүру  деңгейін 
көтеруге  қызмет  ететін  экномиканы  сипаттайды.  Қазіргі  дамыған  мемлекеттердің  ешқайсысы  да 
халықтың  өмір  сүру  жағдайы,  жұмыспен  қамтылуы,  əлеуметтік  сақтандырылуы  туралы  толық 
жауапкершілікті  өз  мойнына  алмайды.  елдегі  əлеуметтік  болмыс  сипаты, əлеуметтік  игіліктер  жəне 
тауарлар  мен  қызметтер  үшін  толық  жауапкершілікті  болатын  материалистік  концепцияның  негізі 
жоқ жəне ешқандай экономикада жүзеге аса қоймайды. Ал Қазақстан Президентінің жолдауындағы 
жұмыспен  мейлінше  қамту,  халықты  қолжетімді  баспанамен  қамтамасыздандыру  міндеттері 
мемлекеттік əлеуметтік саясаттың жемісті болуының кепілі болып отыр. Əл-ауқаттылықты арттыру 
бойынша  əлеуметтік  саясаттың  діттеген  мақсаттарға  жетуі  үшін  экономикалық  база  экономикалық 
негіз  қажет.  бұл  үшін  Н.Ə.Назарбаев  халыққа  жолдауында  Қазақстандық  өңірлерде  өсу  нүктелерін 
анықтау,  қажеттілігін  атап  көрсетті.  Экономикалық  өсудің  өзін  жалпы  ішкі  өнім,  ұлттық  табыс 
саясаты 
макроэкономикалық  көрсеткіштердің 
өзгеруі 
динамикасы 
анықтайтын 
ұлттық 
шаруашылықтың  даму  үстіндегі  қозғалысы  деп  білсек,  онда  біздің  ел  үшін  өндіргіш  күштерді 
аумақтық  оңтайлы  орналастыруды  жалғастыру  күн  тəртібінен  түспейтін  мəселелердің  бірі  болып 
табылады.  
Қазақстан  Республикасының  2020  жылға  дейінгі  стратегиялық  даму  жоспарында  көрсетілген 
мемлекеттің  əлеуметтік-эканомикалық  даму  мақсаттарына  тоқталып  өтейік.  Экономиканы  қалпына 
келтіруге дайындық үдерісінде Қазақстан оның бəсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін 
реформаларды  жеделдетіп  іске  асыруы  керек.  Бірінші  түйінді  бағыт  –  дағдарыстан  кейінгі  дамуға 
дайындық  –  бірінші  онжылдық  кезеңінде  нəтижесі  көрінетін  шараларды  қамтиды.  Бұл  біршама 
қолайлы бизнес орта құру, қаржы секторын нығайту жəне құқықтық жүйені жетілдіру. Екінші түйінді 
бағыт  шеңберіндегі  іс-қимылдар  елді  үдемелі  индустрияландыру  бағдарламасын  іске  асыру  жəне 
инфрақұрылымды  дамыту  нəтижесінде  Қазақстан  экономикасын  əртараптандыруды  жеделдетуге 
ықпал  ететін  болады.  Бұл  экономикалық  үлгіні  өзгертуге  жəне  экстенсивті,  шикізаттық  даму 
жолынан  индустриялық-инновациялық  дамуға  көшуге  мүмкіндік  береді.  Елді  инфрақұрылымдық 
дамыту  жоспарлары  экономиканы  үдемелі  əртараптандыруға  жəне  елге  шетел  инвестицияларын 
тартуға  ықпал  ететін  энергетика,  көлік  жəне  телекоммуникация  салаларын  жаңғыртуға  шоғырла-
нады. Адами ресурстардың саны мен сапасы кез келген елдің болашағын айқындайтын негіз құрушы 
факторлар болып табылады. Адами капитал  бұл – инновациялардың жəне экономиканың тиімділігін 
арттырудың  негізгі  қозғаушы  күші.  Үшінші  бағыт  -  болашаққа  салынған  инвестициялар  - 
қазақстанның адами ресурстарының сапасын ұзақ мерзімді кезеңде арттыру үшін қажетті шараларды 
қамтитын  болады.  Төртінші  түйінді  бағыт  –  азаматтар  үшін  қызмет  көрсету  шеңберінде  халықты 
əлеуметтік  қорғау  жəне  тұрғын  үй-коммуналдық  қызметтерін  тиімді  көрсету  жөніндегі  шаралар 
күшейтілетін болады. Бесінші түйінді бағыт – ұлтаралық келісім, қауіпсіздік, халықаралық қатынас-
тардың  тұрақтылығы  шеңберінде  –  ішкі  тұрақтылықты,  қауіпсіздікті,  бейбітшілік  пен  келісімді 
нығайту, бейбіт сүйгіш сыртқы саясатты дамыту жөніндегі шаралар көзделетін болады [6]. 
Қазақстан  Республикасының  конституциясында  біздің  еліміздің  əлеуметтік  мемлекет  қатарында 
екендігі  ерекше  көрсетілген.  Алайда,  əлеуметтік  құқықтық  мемлекеттің  идеясын  конституциялық 
бекітуден оны шын мəнінде жүзеге асыруға дейінгі аралықта ұзақ та қиын жол жатыр. Сол үшін де 
саяси реформалар жасау, қажетті əлеуметтік-саяси базаны құру, мəдениетті өркендету жəне басқа да 
алғы шарттарды дамыту қажет. 
Қазақстан  алдында  сапасы  мен  саны  əлемдік  нарыққа  сай  келетін  жалдамалы  еңбекке  жалақы 
төлеуді  ұйымдастыру  міндеті  тұр.  Сонда  ғана  реформаның  жағымды  нəтижесі  туралы  сөз  қозғауға 
болады.  Мемлекеттік  биліктің  қандай  түрі  болғанына  қарамастан,  жуық  арада  өндірістік  процестер 
мен қажеттіліктерді үйлестіре алмайды, сондықтан да таяу арада бізде əлеуметтік мемлекет құрылуы 
өте қиын. Əлеуметтік мемлекеттің жемісті өмір сүруі – қоғамның барлық топтары мүддесіне қызмет 
ететін,  дамыған  экономика  негізінде  ғана  қалыптасады.Соған  қарамастан,  белгілі  сипаттамсы  бар 
əлеуметтік мемлекет туралы ереже Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілуге тиіс, ол 
өкімет  билігіндегі  жəне  қарапайым  азаматтардың  өз  міндеттерін  есіне  салатындай  болуы  керек.  Ол 
мемлекеттің негізгі функциясы мұқият қарастыруды қажет ететін маңызды мəселе болып табылады. 
Қорытындылай келе, өркендеген елдердегі əлеуметтік мемлекеттің құрылу мемлекеттік құрылыс-
тағы жаңа қадам деп тұжырымдауымызға болады. Əлеуметтік мемлекет жоғарыда атйқанымыздай - 
өз  азаматтарының  өмір  сүруіне  лайықты  жағдаймен  қамтамасыз  етуге,  əлеуметтік  жағдайының 
қорғалуына, материалдық жəне рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, өндірісті басқаруға, қоғам 

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
216 
мен  мемлекет  іске  араластыруға  ұмтылатын  мемлекет.  Бұл  мəселе  –  жағдайы  нашар  қамтамасыз 
етілген  топтың  пайдасына  ұлттық  табыстың  қайта  бөлудің  көмегімен,  халықты  жұмыспен 
қамтамасыз  ету,  еңбекті  қорғау,  білім  алу,  денсаулық  сақтауды,  бүкіл  қоғамның  мəдениетін,  т.б. 
дамыту  саясатын  жүргізуді  жүзеге  асыру  барысында  кол  жетіп,  орындалады.  Əлеуметтік  мемлекет 
қоғамдағы  экономикалық,  əлеуметтік  жəне  т.б.  теңсіздіктерді  бəсеңдетуге,  жуып-шаюға  бар  күш-
жігерін жұмсайды. 
 
$аза-стан Республикасыны! Конституциясы. – Алматы: Юрист, 2008. – 50 б.  
2  Dлеуметтік-экономикалы-  жа!ғырту  –  $аза-стан  дамуыны!  басты  бағыты  –  Елбасыны!  $аза-стан 
хал-ына жолдауы. // Егемен $аза-стан газеті. -2012. - 28 -а!тар. 2012 ж.  
3 Азаматты- -оғамды дамытуды! 2006-2011 жылдарға арналған тGжырымдамасы. – Астана: 2006. – 20 б.  
4  Назарбаев  Н.D.  «$азахстан-2030».  Послание  Президента  страны  народу  Казахстана  //  Казахстанская 
правда. - 1997. – 11 -азан. 
5  «$аза-стан  Республикасы  конституциясыны!  1-бабыны!  1-тармағын  ресми  тEсiндiру  туралы» 
$аза-стан Республикасы конституциялы- Ке!есіні! 2001 жылғы 21 желто-сан № 18/2 -аулысы. 
6  Стратегия  «казахстан-2050».  новый  политический  курс  состоявшегося  государства.  Послание 
Президента Республики Казахстан —  лидера нации Н.А. Назарбаева народу Казахстана. Астана, 14 декабря 
2012 г. // Казахстанская правда. — 2012, 15 декабря. 
 
Резюме 
В  этой  статье  расмотриваются  социально-демократические  измененя,    развитие  прав  и  свабод  человека, 
улучшение  социального  положения  народа  путем  стремления  стать  правовым  государством  согласно 
Конституций РК. 
Ключевые  слова:  Социально-экономическая  модернизация,  парламентаризм,  институты  гражданского 
общества, Конституция, экономика. 
 
Summary 
In this article  we consider social-demokratic development  and human rights and library, increaring social  staits of 
our people by becoming constitutional in uccordence to the constitution of the Repablic of Kazakhstan. 
Key words: Socially economic modernization, parlamentarizm, institutes of civil society, Constitution, economy 
 
 
УДК 903/904(574) 
 
СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫС ЖЕТІСУДАҒЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАР МЕН 
ҚОНЫСТАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ 
 
Төлегенов А.К.  - Абай атындағы $аз%ПУ, Тарих жəне -G-ы- институтыны! 4 – курс студенті 
 
 
Іле аңғарындағы археологиялық зерттеулер нəтижесінде ортағасырлық Қазақстанның қалалық жəне отырық-
шылық мəдениеттің тағы бір маңызды аймағы ашылып, сипатталып отыр. Жетісу - қала мəдениеті мен ежелгі 
керуен  жолдарына  қатысы  бар  жер-су  атауларын  сақтап  қалған  Қазақстанның  ірі  мəдени-тарихи  өлкесі. 
Зерттеулер нəтижесінде тарихи жəне археологиялық жағрапияның бірқатар өзекті мəселелерінің басы ашылып, 
бұл  аймақта  ерекше  өркениеттің  дамығандығы  айқындалды.  Өлкеде  қала  мен  дала,  жер  шаруашылығы  мен 
ауыл шаруашылығы саяси, шаруашылық-экономикалық жəне мəдени тұрғыда сабақтасып өркендеді. 
Тірек сөздер: Жетісу, өркениет, қала мəдениеті, Талғар, ортағасыр, Қастек, Қаялық, керуен жолдар. 
 
Қазақ  жерінде  заманында  өркениеттің  бастауындай  һəм  белгісіндей  болған  ерте  жəне  орта-
ғасырлық  қалалардың  болғандығы  белгілі.  Бүгінде  оларды  археологтар,  тарихшылар,  этнографтар, 
географтар өздерінің зерттеу нысанына айналдырып, ел үшін құнды-құнды мəліметтер табуда. Əрбір 
қала  өзінің  орналасқан  жеріне,  аймағына  қарай  саяси-экономикалық,  рухани-мəдени  орталықтың 
негізі болғаны аян. 
Қалалардың  қалыптасу  тарихына  тоқталатын  болсақ,  солтүстік-шығыс  Жетісуда  VII  ғ.  аяғы-IХ 
ғасырда басталып,  бұл  үдеріс Х  ғ.-ХІІІ  ғ.  басында  қарқынды жүрді.  Осы уақытта  қала ірі  экономи-
калық, саяси жəне мəдени орталыққа айналды. 
Жер  жəннаты  деп  есептелетін  өлкені  тереңірек  зерттеген  Р.  Аболиннің  ғылыми  зерттеулері 
бойынша  Жетісу  Шу-Балқаш  бассейндерін  қамтиды,  оның  теңіз  деңгейінен  орташа  биіктігі  300-400  м, 
біршама төмен жері – Шу сағасы. Іле өзенінің оңтүстігінен Іле Алатауы басталады. Шу өзенінің оң 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
217 
жағасы мен Іле өзенінің төменгі ағысын жиектеген құм аралығының батыс жағы, жекелеген бөліктері 
Құлжабасы, Хантау, Қозыбасы деген атауларға ие Шу-Іле тауы деп аталады. Оларда көлікке ыңғайлы 
көптеген асулар бар. Қордай асуы арқылы Іле мен Шу өңірлерін жалғастырып жатқан жол өтеді. Тағы 
бір жол Қастек асуы арқылы Іле өңірін Ыстық көл қазаншұңқыры жəне Шу өңірімен жалғастырады. 
Ортағасырлық  отырықшы  жəне  қалалық  мəдениеттің  ескерткіштерінің  зерттелу  тарихын  екі 
кезеңге  бөліп  қарастырады:  1917  жылға  дейін  жəне  1920  жылдан  қазіргі  уақытқа  дейін.  Бұлардың 
əрқайсысын  өз  кезегінде,  археологиялық  қызметті  ұйымдастыру,  зерттеудің,  қазбалардың  əдісі  мен 
түрлері, негізгі мəселелерді шешу сияқты ерекшеліктеріне байланысты бірнеше кезеңдерге бөлінеді 
[1. 48-53 б].  
1917 жылға дейінгі мерзімді екі кезеңге бөлеміз: Бастапқы кезең жəне В.В. Бартольд пен Түркістан 
əуесқой археологтарының үйірмесі жұмыстарымен байланысты. 
Іле  өзені  алқабының  ортағасырлық  қалалары  мен  қоныстары  туралы  алғашқы  деректер  өткен 
ғасырдың ортасына жатады. С.О. Гуляевтың «Орыс географиялық қоғамының жаршысында» [2. 22 б] 
Қырғыз өлкесіндегі ортағасырлық ескерткіштер туралы аздаған үзінділер кездеседі.   
1856 жəне 1857 жылдары Шоқан Уалиханов Іле өлкесіне екі рет ғылыми саяхат жасады. Саяхат-
тың  ғылыми  нəтижелері  оның  «Ыстықкөлге  сапар»  жəне  «Қырғыздар  туралы  жазбалар»  деген 
еңбектерінде жарық  көрді[3.  37 б].  Шохан  Уалиханов  ертедегі  мəдениеттің  ескерткіштері  – қорған-
дарға,  қалалардың  қирандыларына,  ирригациялық  құрылымның  іздеріне  баса  назар  аударды.  Оның 
ескерткіштерге  берген  бағасы,  оны  өлкенің  тарихи  дамуына  қатысы  туралы  деректері  ғылым  үшін 
баға жетпес қазына. Оның назар аударып, белгілеп кеткен кездері қазіргі археологиялық зерттеудің 
арнайы  бағыты  болды.  Ал  ежелгі  жəне  ортағасырлық  қалалар  мен  қоныстардың  орнын  анықтау 
туралы сұрақтары қазіргі күннің басты мəселе болып отыр.  
Зерттеушінің ерекше атап көрсеткен ескерткіштерінің бірі Шелек өзенінің жағасында орналасқан 
ортағасырлық  қалашық  болып  табылады.  Шохан  Уəлиханов  оған  «қорған»  деген  атау  берген 
(«қамал»  мағынасында).  Ол  қаладан  табылған  қыш  ыдыстардың  қалдығы,  маржан  мен  меруерттен 
жасалған моншақтардың табылғандығы туралы жазып қалдырды [4. 280-281, 245 б]. 1980 жылдары 
ортағасырлық Шелек қаласында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.  
Шоқан Уалиханов Талғар өзенінің бойында орналасқан жергілікті халықтар «Рүстем қорғаны» деп 
атап кеткен, тағы бір ескерткіш туралы мəлімет қалдырды [5. 60 б]. Бұл Іле Алатауының баурайында 
орналасқан  Талғар  қалашығының  бір  атауы.  Талғар  қалашығында  1955  жылдан  бастап  Қазақ 
Педагогикалық  Институтының  (қазіргі  ҚазҰПУ)  тарихшылары  археологиялық  зерттеу  жұмыстарын 
жүргізіп келеді.  
Шеңгелді  қалашығы  да  алғаш  рет  Шоқан  Уалихановтың  зерттеулерінде  аталады.  Осы  жерден 
ортағасырлық қыш су құбырлары кездескен. Кейінгі зерттеулер нəтижесінде осы қаланы ортағасыр-
лық жылнамаларда кездесетін Екі Оғыз (Эквиус) қаласымен байланыстырып жүр [6. 8 б].  
Білімі  жағынан  шығыстанушы  болған  Н.Н.  Пантусов  Жетісу  өлкесін  зерттеуде  нəтижелі  еңбек 
етті.  Н.Н.  Пантусов  өзінің  қызметтік  міндеттіліктерін  ғылыммен  байланыстырды.  Оны  тарихтың, 
археологияны,  нумизматиканың,  этногорафия  мен  лингвистиканың  мəселелері  қызықтырды.  В.В. 
Пантусов  Императорлық  археологиялық  комиссиясының  өкілі,  сонымен  қатар  Түркістан  əуесқой 
археологтары  үйірмесінің  белсенді  мүшесі  болды.  Археология  саласындағы  оның  есімі  Жетісу 
жерінен  табылған  христиан-  несториандық  жерлеу  орындары,  тастан  жасалған  қабір  тастарға 
жазылған жазуларды ашу мен зерттеуде өте көп еңбек сіңірген [7. 73-75 б]. 
Н.Н.  Пантусов  Жетісу  жеріне  бірнеше  рет  сапар  шегіп,  өзі  көрген  ескерткіштерін  үнемі  күнде-
лігіне  түсіріп  отырған.  Алтын-Емел  болысына  жасаған  сапары  кезінде  ол  сол  аймақта  орналасқан 
қорғандар  мен  тасқа  қашалған  жазбаларды,  суреттер  түрінде  сақталған  көптеген  ескерткіштерді 
тапты.  Ол  Алтын-Емел  аумағында  орналасқан  Асан  тауындағы  Байқозы  шатқалындағы  көптеген 
археологиялық ескерткіштерді тізімге алған [8. 19-20 б].   
Н.Н.  Пантусов  Верный  бекінісінің  орнындағы  қалалардың  қирандысын  Бабыр  сұлтанның 
«Жазбаларында»  [9.  20  б]  айтылатын  ортағасырлық  Алматы  қаласымен  байланыстырды.  Зерттеуші 
Іле  өзенінің  жоғарғы  ағысында  Құлжаға  жақын  орналасқан  Мазар  елді-мекеніндегі  ортағасырлық 
қала құландысын Алмалық қаласымен байланыстырды[10. 161-188 б]. Н.Н. Пантусовтың бұл пікірін 
көрнекті ғалым В.В. Бартольд қолдаған [11. 470-471 б].  
1889 жылы Н.Н. Пантусов Верный қаласының аумағынан мұсылман дінінің салтымен жерленген 
жерлеу  орындары  бар  төрт  қорғанды  тапты.  Оның  суреттеуіне  қарағанда  қазбалар  ортағасырлық 
дəуірге жатады. Зерттеушінің бастамасымен Жетісу жерінде орналасқан археологиялық  ескерткіш-
терді арнайы қорғауға алу туралы өкімдері жарық көрді[12. 335 п].  

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
218 
1884  жылы  Г.В.  Фишер  Іле  өзенінің  төменгі  ағысын  зерттеу  кезінде  Балқаш  аумағындағы 
отырықшы  мəдениеттің  іздері  туралы  деректер  келтіріп,  онда  ертедегі  ирригациялық  жүйе  мен 
қоныстардың қирандыларын тапқандығы туралы жазды[13. 3-21 б]. Оның ізінше зерттеуші Л.С. Берг 
келіп, қалған арналарды зерттеп, Іленің көне арнасын олар «Үзбой» атағандығы туралы тұжырымға 
келді.  Л.С.  Берг  суландыру  жүйесі  мен  ертедегі  қалалардың  қирандылары  туралы  анықтама  беріп, 
қыш ыдыстар мен күйдірілген кірпіштердің қалдықтарын жинап алған.  
ХІХ  ғасырдың  90  жылдарында  Солтүстік-шығыс  Жетісудың  археологиялық  ескерткіштерінің 
бірінші рет тізімін жасаған В.М. Флоринский[14. 13-31 б].  
Жетісудың  ортағасырлық  тарихы  мен  археологиясын  зерттеуде  маңызды  рөл  атқарған 
В.В.Бартольдтың  сапары  болды.  Ол  өлкенің  ерте кездегі  ескерткіштерін  зерттеп,  олардың  əрқайсы-
сына  анықтама  берді.  Оның  ғылыми  жұмысы  ортағасырлық  Қазақстанның  қалалық  мəдениетін 
зерттеуде  жаңа  сапалы  бағыттың  негізін  салды.  В.В.  Бартольдың    «1893-  1894  ж.ж.  Орта  Азияға 
ғылыми  мақсатпен  барған  саяхаттың  есебі»  жазбаларынан  алынған  тарихи  деректер,  қазіргі  күнде 
көшпелі  жəне  отырықшы  халықтың  қарым-қатынасы,  ортағасырлық  қалалардың  орналасуы  сияқты 
археологиялық  зерттеудің  бағыттарын  анықтайды[15.  21-91  б].  Бұл  еңбек  Жетісудың  ертедегі 
кезеңінен ортағасырларға дейінгі саяси тарихына толық шолу жасау арқылы өзінің ғылыми маңызын 
сақтайтын, «Жетісу тарихының очеркі» еңбегінде жалғасын табады[16. 23-106 б].  
ХХ  ғасырды  басында  археологиялық басылымдарда  Іле  алқабынан  кездейсоқ  табылған  деректер 
туралы хабарлар пайда болды. Верный қаласының аумағынан ХІІІ ғасырға жататын теңгелер, қыштан 
жасалып  өрнектелген  құты,  одан  кейін  1906  жылы  шағатай  əулетінің  күміс  теңгелері  бар  көмбе 
табылды.  
1917 жылға дейінгі археологиялық зерттеулер И.А. Кастаньенің 1910 жылы жарық көрген еңбегін-
де баяндалады[17. 121 б]. 
Қазақстандағы  1917  жылға  дейінгі  археологиялық  зерттеулер  жəне  зерттеліп  отырған  жердегі 
кезеңді  сипаттай  отырып,  шығыстанушы  мамандар  В.В.  Бартольд  пен  Н.Н.  Пантусов  Жетісудағы 
қалалар  туралы  жазылған  жазба  деректерді  аудару  мен  зерттеуде  жəне  ескерткіштердің  сипаттама-
ларының  алғашқы  бағыттарында  маңызды  жұмыстар  атқарғанын  атап  айту  керек.  Осы  уақытта 
ортағасырлық  археология  мен  тарихты  зерттеу  бағыттарында ерекше  назар  –  өлкенің  саяси  тарихы 
мен ортағасырлық қалаларды баламалау болды.  
Кеңес билігі орнағаннан кейін Халық Комиссариатының құрамында музей мен өнер туындылары 
жəне көне ескерткіштерді қорғау ісі бойынша арнайы комиссия құрылды. 1918 жылы 5 қазанда Кеңес 
өкіметінің  Халық  Комиссариатының  Декретімен  барлық  ескерткіштер  мен  заттай  өнер  туындыла-
рына алғашқы мемлекеттік тіркеуді өткізу туралы шешім қабылданды. 1919 жылы 18 сəуірде Кеңес 
өкіметінің Халық Комиссариаты Ресей тарихи материалдық мəдениет Академиясы мекемесін бекітті. 
Сонымен  қатар  басқа  аумақтарда  да  осы  тектес  дербес  ғылыми  мекемелер  құрыла  бастады.  1920 
жылы  мұражай  ісі  жəне  ескерткіштерді  қорғаудың  Түркістан  комитеті  құрылды,  оның  мақсаты  тек 
оларды  қорғау  ғана  емес,  сонымен  қатар  Орта  Азия  мен  Қазақстан  аумағындағы  ежелгі  ескерткіш-
терді зерттеу болды. В.В. Бартольд Комитеттің алдағы уақыттағы жоспарын анықтап, археологиялық 
картаны жасауға басты назар аударды.  
1924 жылғы Орта Азия республикаларының жер көлемін қайта белгілеу, кейбір республикаларда 
зерттеу жұмыстарының қарқынын одан да арттырды.  
Қазақстан археологиясының дамуын зерттеуді келесі кезеңдерге бөіп қарастырамыз: 
1)
 
1917ж. 30 жылдардың ортасына дейін 
2)
 
30 жылдардың ортасынан – 1946 ж. дейін 
3)
 
1946- 1960 жж. 
4)
 
1961- 1990 жж. 
5)
 
1991 ж. – қазіргі уақытқа дейінгі кезең. 
Бірінші  кезең  археологиядағы  революцияға  дейінгі  кезеңдегі  дəстүрлердің  жалғасы  болып 
табылады.  Ортағасырлық  ескерткіштердің  əрқайсысына  жеке-дара  зерттеу  жүргізіліп,  олардың 
тіркелуі,  сипатталуы  жəне  кішігірім  қазба  жұмыстары  сияқты  жағына  баса  назар  аударыла  отырып 
тарихи-топографиялық  зерттеу  жұмыстары  жүргізілді.  Археологиялық  зерттеулердің  ұйымдастыру-
шысы Ташкент қаласында орналасқан ескерткіштер мен көне мұраларды жаңғырту ұйымы бірнеше 
жұмыстар атқарды. – Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда - П.П. Иванов пен М.Е. Массон [18. 151-164 
б],  Тараз  бен  Түркістанда  -  М.Е.  Массон  [19.  39-45  б],  Жетісу  жерінде  –  В.Д.  Городецкий.  Бұл 
ғалымдар тарихи-археологиялық ескерткіштерді тіркеу ғана емес, сондай-ақ оларды зерттеуде қыруар 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
219 
жұмыстар атқарды. В.Д. Городецкий Талғар қалашығы мен кіші Алматы өзенінің бойында орналас-
қан  үйсіндер  мен  Түрік  қағанаттары  уақыттарына  жататын  тұрғын  үй-жайлардың  қирандыларын 
зерттеді [20. 49-55 б].  
1920-30  жылдары  Алматы  қаласының  аумағында  орта  ғасырға  жататын  тұрғылықты  мекен-
жайлардың болғандығын растайтын, бірнеше кездейсоқ артефактілер табылды.  
1935 жылы К. Ходжиковтың «Жетісудың ертедегі ескерткіштері» деген еңбегі жарық көрді. Онда 
қорғандар,  тас  үйінділері,  тасқа  қашалып  жазылған  жазулар  туралы  деректер  келтірілген;  сонымен 
қатар  əр  түрлі  тарихи  уақыттарды  қамтитын  кездейсоқ  табылған  деректер  туралы  мəліметтер 
келтірілген [21. 42-45 б].    
1936  жылы  Алматы  қалашығының  аумағында  Қазақстан  Орталық  мұражайының  мамандарынан 
құрылған  археологиялық  экспедиция  қазба  жұмыс  жүргізді.  2  метрлік  мəдени  қабаттарды  кесіп 
өтетін,  аумағы  40  метрді  қамтитын  кесінді  салынды.  Жұмыстың  негізгі  мақсаты:  ортағасырлық 
қаланың  мəдени  қабаттарын  анықтау  керек  еді.  Зерттеу  барысында  ортағасырлар  кезеңіне  жататын 
құнды деректер табылды: керамика қалдықтары, бедерленген оймыш, ошақ қалдықтары, пышақтың 
сынықтары, шегелер, диірмен тастары жəне ақық моншақтар.  
1939  жылы  А.Н.  Бернштам  басқаратын  Жетісу  археологиялық  экспедициясы  Жетісу  жерінде  
барлау  жұмыстарын  жүргізе  отырып,  Алматы  қаласы  төңірегіндегі  археологиялық  нысандарға 
зерттеу  жұмыстарын  жүргізді.  А.Н.  Бернштам  археологиялық  қазба  жұмыстары  кезінде  алынған 
мəліметтерге  сүйене  отырып,  Қазақстанның  оңтүстік  астанасының  үйсін  дəуірінен  ортағасырлар 
кезеңіне  дейінгі  келбетін  қалыптастырды  жəне  əр  түрлі  кезеңдегі  ескерткіштердің  нақты  даму 
жолдарын  белгілеп  берді.  Экспедицияның  көмегімен  жиналған  материалдар  А.Н.  Бернштамның 
бірнеше  ғылыми  еңбектеріне  [22.  79-91  б]  жəне  А.Х.  Марғұланның  Қазақстанның  ортағасырлық 
қалалық мəдениеті туралы жазылған кітабына арқау болды.  
1946  жылы  Қазақ  ССР-ның  Ғылым  Академиясы  ашылып,  оның  құрамында  Тарих,  Археология 
жəне  Этнография  Институты  құрылды.  Осы  уақыттан  бері  археология  бөлімі  Қазақстан  аумағында 
жүргізілетін  археологиялық  жұмыстарға  жетекшілік  етті.  Бұл  Қазақстан  археологиясының  жаңа 
кезеңінің  бастауы  болды.  Археология  бөлімінің  мамандары  аймақта  қола  дəуірінен  бастап  кейінгі 
ортағасырларға  жататын  қоныстар  мен  қалашықтардың,  тұрақтардың  орындарында  археологиялық 
қазба, зерттеу жəне барлау жұмыстарын жүргізді.  
1956  жылы  Қазақ  ССР-індегі  археология  бөлімі  Алматы  мен  Талдықорған  облыстары  туралы 
материалдар жинау мен олардың археологиялық картасын жасау үшін арнайы экспедиция ұйымдас-
тырды.  Экспедиция  əртүрлі  кезеңдегі  ескерткіштерді  зерттей  отырып,  сонымен  қатар  бірнеше 
қалашықтарды да зерделеп, олардың орналасқан жерлерін нақтылады. Бұл жұмыстардың жиынтығы 
Е.И. Агееваның мақалаларында баяндалды[23. 65-69 б]. 
Қазақстан  археологиясының  ірі  ғылыми  жетістігінің  бірі  ретінде  «Қазақстанның  археологиялық 
картасын»  жарыққа  шығару  болады.  Бұл  еңбекте  ескерткіштердің  тізімі  келтіріліп,  олар  картаға 
түсірілді.  1960  жылға  дейін  ғылымға  белгілі  болған  мерзімі  жəне  атауы  бар  ескерткіштер  тізімдері 
толық  жазылды.  Картада  Алматы  қаласының  төңірегінде  орналасқан  ескерткіштерге  үлкен  тарау 
арналды.  Карта  Қазақстан  археологиясының  дамуы  туралы  революциядан  кейінгі  кезеңдегі  зерттеу 
жұмыстарын толық қамтыған [24. 23-25 б].  
1964 жылдан Жетісу жеріндегі ортағасырлық ескерткіштерді зерттеу жұмыстарының келесі кезеңі 
басталды.  Жетісу  археологиялық  экспедициясының  басшылығына  К.А.  Ақышев  келіп,  отырықшы 
жəне  қалалық  мəдениетті  зерттеу  үшін  арнайы  топ  құрылды.  Қазақстан  жерінде  отырықшылықтың 
болғандығын айғақтайтын жаңа ескерткіштерді табу үшін барлау-іздеу жұмыстары басталды. Сүмбе, 
Қайалық,  орта  ғасырлықлық  қалашықтарда  қазба  жұмыстары  жүргізілді.  Іле  өзенінің  төменгі 
ағыстарында зерттеудің нəтижесінде 3 ірі ортағсырлық қалашықтардың орны анықталды. Оның көне 
арнасынан көптеген ірі қалашықтар зерттеліп, көне суару жүйесінің іздері табылды [25. 23-25 б].  
Жинақталған материалдар негізінде К.М. Байпақов Жетісу жеріндегі қалалар мен қоныстарға, Іле 
атырабындағы  аймаққа  арналған  кандидаттық  диссертациясын  қорғады.  Онда  қалашықтардың 
келбеті,  баламалануы  қарастырылып,  солтүстік-шығыс  жəне  оңтүстік-батыс  Жетісу  ортағасырлық 
қалаларының өзара салыстырмалы байланысы жəне даму үдерістері қарастырылды [26. 21 б].   
Сонымен  Жетісу  жеріндегі  археологиялық  зерттеулер  аймақтың  отырықшы  жəне  қалалық 
өркениеттің  ошағы  болғандығын  дəлелдейді.  Қазіргі  кезде  Жетісу  жерінде  Талғар,  Қаялық,  Қастек, 
Қарамерген, Шеңгелді, Алма-Арасан ортағасырлық қалаларында археологиялық зерттеу жұмыстары 
жүргізіліп келе жатыр.  

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
220 
1
 
Савельева  Т.В.  К  истории  археологического  изучение  Казахстана  (1917-1975)  //  Известия  Ан  КазССР  / 
Серия обществ.наука. 1976, № 1. С. 48-53. 
2
 
Гуляев. С.О. О древностях, открываемых в Киргизской степи // Вестник РГО. СПб., 1853. Ч. 8, отд. 7. 
С. 22-25. 
3
 
Маргулан А.Х. Из истории городов и строительного искусства древнего Казахстана. - Алма-Ата: Изд-
во АН КазССр, 1950.  - С. 37-43. 
4
 
Валиханов Чокан. Избранные произведения // Под редакцией А.Х. Маргулана. - Алма-Ата, 1958. - С. 280-
281, 245. 
5
 
Маргулан А.Х. Из истории городов  и строительного искусства древнего Казахстана. - Алма-ата: Изд-
во АН КазССР, 1950. - 60 с. 
6
 
Бернштам А.Н. Прошлое района Алма-Ата (Историко-археологический очерк). - Алма-Ата, 1948. - 8 с. 
7
 
Отчеты Императорской Археологической комиссии за 1892 г. Спб., 1894. - С. 73-75. 
8
 
Пантусов Н.Н. Алтын-Эмельская волость // Протоколы Туркестанского кружка любителей археологии 
/ Год 5. Ташкент, 1900. - С. 19-20. 
9
 
Пантусов  Н.Н.  Фергана  по  «Запискам  султана  Бабура»  //  Записки  Императорского  русского 
гографического общества, 20 с. 
10
 
Пантусов Н.Н. Город Алмалык и Мазар Туглук-Тимур-хана //Кауфманский сборник. - М., 1910. - С. 161-188. 
11
 
Бартольд В.В. Кульджа // Сочинения. - М.: Наука ГРВЛ, 1965. - Т. ІІІ. - С. 470-471. 
12
 
Центральный государственный исторический архив КазССР // Н.Н. Пантусов. Ф. 44, оп. 1, св. 19, д. 370-
а Л. 335. 
13
 
Фишер  Г.В.  Озеро  Балхаш  и  течение  р.  Или  от  выселка  Илийского  до  ее  устьев  //  Записки  Западно-
Сибирского отделения русского географического общества. 1884. Т. VI. -  С. 3-21. 
14
 
Флоринский В.М.  Топографические  сведения  о  курганах  Семипалатинской  и  Семиреченской  областей  // 
Известия Томского университета. - Томск, 1898. - Т. І. - С. 13-31. 
15
 
Бартольд В.В. Отчет о поездке в Среднюю Азию с научной целью 1893-1894 гг. // Сочинения. - М.: Наука 
ГРВЛ, 1966. - Т. IV. - С. 21-91. 
16
 
Бартольд В.В. Очерк истории Семиречья // Сочинения. - М.: Наука ГРВЛ, 1963. - Т. ІІ, ч. І. - С. 23-106. 
17
 
Кастанье  И.А.  Древности  Киргизской  степи  и  Оренбургского  края  //  Труды  Оренбурской  ученой 
архивной комиссии. - Оренбург, 1910. Вып. 22. - С. 121. 
18
 
Иванов П.П. К вопросу об исторической топографии старого Сайрама // Бартольду В.В. Туркестанские 
друзья, ученики и почитатели. - Ташкент, 1927. - С. 151-164. 
19
 
Массон.  М.Е.  О  постройке  мавзолея  Ходжа  Ахмеда  Ясави  в  г.  Туркестане  //  Изв.  Среднеазиатского 
географического общества. 1929. - Т. 19. - С. 39-45. 
20
 
Городецкий В.Д. Талгарское городище // Известия Узкомстариса. - Ташкент, 1928. - Вып. 3. - С. 49-55. 
21
 
Ходжиков  К.  Древнейшие  памятники  Семиречья  //  Труды  Казахского  начно-исследовательского 
института национальной культуры. А. – М., Т. І. - С. 42-45. 
22
 
Бернштам  А.Н.  Памятники  старины  Алма-Атинской  области  //  Известия  АН  КазССР  /  Серия 
археологии. Алма-Ата, 1948. Вып. 1. С. 79-91. 
23
 
Агеева  Е.И.  Новые  данные  по  археологии  Семиречья  //  Краткие  сообщения  Института  истории 
материальной культуры. - М., 1960. - Вып. 80. - С. 65-69. 
24
 
Археологическая карта Казахстана. - Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1960. №4514. - С. 326. 
25
 
Акишев К.А. Успехи археологии Казахстана // Известия АН КазССР / Серия общественная. 1974. - № 2. - 
С. 23-25. 
26
 
Байпаков  К.М.  Средневековые  города  и  поселения  Семиречья  (VI-XII  вв.):  Автореферат.  дист  канд.  – 
Алма-Ата, 1966. – 21 с. 
Резюме 
Вопросы  урбанизации  наряду  с  определенными  достижениями  в  изучении  средневековой  городской 
культуры Казахстана выявилась неравномерность накопления материалов по его отдельным регионам. К числу 
таковых  относится  Северо-восточное  Жетысу  (Северо-восточное  Семиречье,  Илийская  долина)  –  один  из 
крупных регионов распространения оседлости и городской жизни в средние века. Издревле он был контактной 
зоной,  где  сосуществовали  и  взаимодействовали  две  культурными  традиции  –  земледельческая  и  скотовод-
ческая, городская и степная.  
Ключевые  слова:  Семиречье,  цивилизация,  городская  культура,  Талгар,  средневековье,  Кастек,  Каялык, 
караванный путь. 
 
Summary 
Always  question  urbani  society  epic  aktwalnımi  in  archeological  history,  ekonomiçeskoy  geografii  demografii 
peoples  of  the  World.  However,  along  with  opredelennımi  dostijeniyami  izwcenii  srednevekovoy  City  of  Culture  of 
Kazakhstan  vıyavilas  neravnomernost  materials  along  the  accumulation  His  otdelnım  Region.  Cislw  takovıx  Zhetysu 
otnosïtsya North-East (North-East of Semirechenskaya Iliyskaya Valley) - One from krwpnıx Regions rasprostraneniya 
osedlostï  and  Urban  Life  in  the  Mid  century.  Izdrevle  ten  Zhambyl  kontaktnoy  zonoy,  where  soswscestvovali  and 
vzaimodeystvovali dve kwltwrnımi traditions zemledelceskaya and skotovodçeskaya gorodskaya and Steppe. 
Key words: Seven Rivers, civilization, urban culture, Talgar, Middle Ages, Kastek, Kayalyk, caravan route. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
221 
УДК 903/904(574) 
 
ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ТҮРІКТЕРДІҢ (VI-XIII ҒҒ.)  ШАБУЫЛ ҚАРУ-ЖАРАҒЫ 
Абдашимов Д.Қ. - Абай атындағы $аз%ПУ, Тарих жəне -G-ы- институтыны! 4 – курс студенті 
 
Қару-жарақ материалдық мəдениеттің ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Қару-жарақ 
пен  əскери  істердің  даму  деңгейі  экономикалық,  əлеуметтік  жəне  саяси  факторлармен  тығыз  байланысты. 
Əскери  істер  дамытуға  көшпенділер  əрдайым  ерекше  маңыз  берді.  Көшпелі  қоғамдарда  соғыс  тактикасы 
инновациялар,  қару-жарақ  саласындағы  көптеген  жетістіктер  мен  өнертабыстар  болды.  Ежелгі  түріктерде 
əскери істердің дамуының жоғары деңгейінің жарқын дəлелі Түрік империясының алғашқы ғасырларда жүргіз-
ген  сыртқы  саясатының  жемісті  болғандығын  көрсетеді.  Мұның  бірден-бір  негізгі  себептерінің  бірі-  əскери 
саладағы жетістіктер мен соғыс тактикасының үдемі жетілдіріп отыруында. Шабуыл қару-жарақтары екі топқа 
бөлінеді: бірінші топқа жақын жəне қолжетімді аймақтағы шабуыл қарулары. Екінші топқа, оларды сақтау мен 
қолдану үдерістері. 
Тірек сөздер: қару-жарақ, əскери іс, садақ, жебе, ерте түріктер, тактика.    
 
Түркітілдес  халықтарының  соғыс  өнерінің  шыңдалуы  б.з.д.  ІІІ-ІІғғ.  Ұлы  Дала  көшпенділері  мен 
Қытайдың  арасындағы  белсенді  қақтығыстарынан  қалыптасты.  Бұл  заманда  қытайлар  ғылым  мен 
техникада аса үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, темір қорытудың технологиясын үйренді. Осы кезде 
қару-жарақтардың сапасы жоғарылап, жаңа кезеңге алып шықты. 
Қытайдың əскери, өндіргіш күштердің, сан басымдылығының артуы алдағы уақытта  жаулаушы-
лық  қимылдарын жасауға  мүмкіндік  берді.  Олар б.з.  І  ғ.  Корея  жарты  аралын,  Үндіқытайды,  тибет 
тайпаларын  бағындырды.  Бірақ  солтүстіктегі  ғұн  тайпаларымен  соғыс  сəтсіз  аяқталып,  кейде 
олардың шабуылдарына ұшырап отырды [1, 98-112б.].  
Түркі халықтарының үздіксіз соғыс қимыларын жүргізілуі олардың соғыс өнерінде жаңа тактика-
лық  айла-тəсілдерін,  қару-жарақтардың,  сауыт-саймандарының  шыңдалуына  жəне  түрленуіне  алып 
келді. 
Қарулану  кешені  дəстүрлі  екі  топқа  бөлінеді:  алыс  жəне  жақын  қашықтықтағы  шабуыл  қару-
жарағы; қорғаныс сауыт-сайманы. 
Шабуыл қару-жарақтары. Б.з. V-VI ғасырларында ғұн садағын əрі қарай жетілдіруі барысында 
көшпелі  халықтарда,  ғалымдар  шартты  түрде  «тEркі  садағы»  деп  аталған,  көшпелілер  садағының 
жаңа  нұсқасы  пайда  болды(1-сурет).  Еуразия  даласын  мекен  еткен  көшпелі  халықтарда  VI-
VIIIғасырлардан Х ға- сырларға дейін түркі садағының  да адырнасында екі басының  қос сүйегі, доға 
немесе трапеция пішінді белінің екі қыр жəне жіңішке төрт бұрышты бір ортаңғы сүйегі болды. Бірақ 
түркі садағының  ғұн садағынан басты айырмашылығы - оның иінінің де ішкі бетінде сүйек салынып, 
сүйектің  табиғи  серпінді  күшінің  қолдануында.  Ю.С.  Худяковтың  типологиясы  бойынша,  түркі 
садағының адырна сүйектерінің орналасуына сəйкес ерекшеленетін 7 түрі бар деп көрсетеді[2, 44б.]. 
Жебе ұштарының формасына келетін болсақ үш тілімді, үш, төрт қырлы болып келеді(2-сурет)
Кейде жебе жүзіне саңылау жасап, оның ұшқанда айналуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жебе 
ұштарында  дыбыс  шығаратын  дөңгелек  тесіктер    жасалып  немесе  жетесінің  түбінде  тесіктері  бар 
сүйек ысқырғыштар орнатылды. 
Түркі  заманынан  бастап  (VI-VIIIғ.ғ.)  жақ  пен  оқтың  қаптары  мүлде  жаңа  форма  қабылдады. 
Жақтың  өзінің  арнаулы  қабы  мен  оқтың  қабы  жеке  жасалып,  олар  белге  тағылатын  болды. 
Ортағасырлық көшпелілердің қылшандарының негізгі төрт түрі болған: І-аузы жабық ұзын қапшық 
түріндегі  қылшан(XI-XIIғ.ғ.); ІІ-аузы ашық қысқа қапшық түріндегі қылшан; ІІІ- аузы бір жағы ашық 
жасалған  қалқа  түріндегі  қылшан(XIII-XIVғ.ғ.);  ІV-  үзеңгі  жағына  кеңейтіліп  жасалған  қапщық 
түріндегі  қылшан.  Қылшандар  көбіне  целиндр  формалы  болып,  бір  немесе  екі-  үш  қабат  қайың 
қабатынан- тоздан жасалды. 
Жақын  қашықтықтағы  шабуыл  қару-жарағына  семсерлер,  қанжарлар  (соғыс  пышақтары) 
жауынгерлік балталар, найзалар жатады. 
Əскери  өнердің  шыңдалуы  ат  əбзелдерінің  жетілуіне(ерто-ым,  Eзенгі)  байланысты,  б.з.  VII-
VIIIғ.ғ. кесу қаруы қылыштың орнына семсердің шығуына əсер етті[3, 38б]. Жаңа ертоқымның түрі 
салт атшыға еркін қимылдауна мүмкіндік берді. Ал үзенгі ат үстінде мықтап орнығуын, семсермен 
соққы жасағанда оның тиімділігін арттырып, тез қимылдауын қамтамасыз етті.  

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
222 
Түркі  семсерінің    саптары  түзу,  екі  жүзді  болып жасалады,  қимасы  ромб немесе  линза  пішіндес 
болып  келді.  Түркілердің  семсерлерінің  саптары  түзу  немесе    сабына  сəл  қисайтыла  орналастырып 
жасалды. Саптары сүйектен, ағаштан жасалып, жетесіне басы өрнекті шегемен бекітілді [4, 146 б.].   
VII  ғасырда  көне  түркілерде  семсермен  қатар,  ат  үстінде  айқас  жүгізуге  ыңғайланған,  кесу 
əдістерін  арттыру  үшін  сабы  жүзіне  қайыстыра  орналастырып  соғылған,  басы  түзу,  бір  жүзді  кесу 
қаруы  –  палаш  қолданыла  бастады.  Кей  зерттеушілер    семсерді  өзгерту  арқылы    пайда  болған  бұл 
қару түрін  кесу қаруының жеке түріне жатқызады. Археологиялық деректер мен бейнелеу өнерінің 
материалдарына    сүйенсек,  палаш  түркі  халықтарында  V-VIII  ғасырдан  бастап  XII-XIV  ғасырларға 
дейін  қолданыста  болған.  Шығыс  Қазақстандағы  түркі  обасынан  табылған  палаштың  ұзындығы  80 
см,  ені  3см,  сабының  ұзындыңы  12  см.  Палаш  түзу  жүзді,  сабы  жүзіне  қарай  сəл  қыйсайтыла 
орналасқан.  Балдағы  сақталмаған,  қыны  ағаштан  жасалып  алғы  беті  күмістен  қапталған  да,  ішкі 
жағынан тозбен астарланған. Қынның түбі мен сабының ұшы өсімдік өрнекпен көркемделген күміс 
жапсырмамен əшекейленген. Қару-жарақты зерттеуші М.В. Горелик палашты кесудің жеке түрі емес, 
семседің алғашқы үлгісі деп санайды. 
Фунциялық түрде найза жақын қашықтықтағы тесу қару-жарағына жатады.  Орта ғасырлық найза 
жебелері  ұңғылы  болып жасалынды, қимасы  ромб  не  линза  түрінде,  ұштарының   формасы  ұзынша 
ромб немесе ұзынша үшбұрыш немесе ұзынша алты бұрыш (жапырақ) пішінді болып келді (3-сурет)
Сауытты қарсыласқа қарсы  қолданылатын  сүңгі  жебелері үшкір, төрт қырлы  болып жасалды    [5. 
227 б]. 
Псевдо-Маврики  дерегі  бойынша  авар  атты  əскері  найзаны  иықтарында  ұстап,  ал  ұрыс 
жағдайында көбінесе екі найзадан алып жүрді деп көрсетеді.  
Найза  ұштарының  ұзындығы  20-25см.  Араб  жазба  деректерінде  «...түрік  найзасы  –  қысқа.  Ал 
қысқа  найзалар  үлкен  күшпен  теседі  жəне  оларды  алып  жүруге  жеңіл».  Осы  дəлелдерге  сүйене 
отырып, найза жебесінің ұзындығы 25см болғанда оның ұзындығы 2м аспаған. 
Шабу  қару-жағағына  балта  жатты.  Балта    басы  болаттан,  темірден  соғылып,  сабы  ағаштан 
жасалып, берік болу үшін металмен, терімен қапталады. Жауынгерлік балтаның бұл түрінде басының 
жүзі жалпақ, дөңгеленген түрде жасалуы шабу арқылы үлкен зақым салуға мүмкіндік берді. Соққы 
күші жіңішке жүздің бойымен түсетіндіктен оның шабу күші жоғары болды. 
Катанды жерлеу орнында табылған жауынгерлік балта VIII-IX ғасырларға жатады. Жалпы жақын 
қашықтықтағы балта қару-жарағы шығыс европадағы жəне қиыршығыс аймағындағы – чжурчжэней 
номадтарынан қарағанда ортаазиялық көшпелі халықтарында негізгі қару-жарағына жатпады. 
Жүзі қысқа қарудың бір түрі – қанжар деп аталады. Кесу-түйреу арқылы жарақат салады. Қоладан, 
темірден,  мыстан, болаттан  соғылады.  Қанжар  балдақсыз,  түзу,  негізінен екі  жүзді,  кейде  бір жүзді 
болып,  саптары  ағаштан,  мүйізден,  сүйектен  жасалған.  Ол  шайқаста  жауынгердің  қосымша  құралы 
қызметін  атқарған.  Бұл  қанжар  «кісе  белдігіндегі»  қынапта  үнемі  салынып  жүретін  болған.  Қынап 
пен оның белдікке тағатын ілмегі кестеленіп, металмен безендірілген [6, 45 б].  
Сонымен түркі халықтарының б.з. VI ғасырында Еуразия даласында саяси аренаға шығуы көшпелі 
халықтардың  қару-жарақтарының  түрленуін,  майдан  алаңында  жаңа  ұрыс  жүргізу  тəсілдерін  алып 
келді.  VI-XIIIғ.ғ.  түркі  əскерінің  негізгі  қару-жарағына  садақ  пен  жебе,  семсер,  найза  жатып,  олар 
ұрыс  алаңында  əмбебап  қызметін  атқарды.  Дамыған  орта  ғасырда  жеңіл  сауыттанған  садақшылар 
үлкен  рольге  ие  болып,  ал  найзашылар  негізінен  қорытынды  соққы  жасаушы    қызметін  атқарса, 
кейінгі  орта  ғасырда  керісінше  сауыттанған  найзашылар    негізгі шешуші күші  болып, жинақталған 
тізбекпен жау əскеріне соққы жасап, əскери саптарын бұзған. Сол себепті қару-жарақтың түрленуіне, 
жетілуіне байланысты, əскери тактиканың, соғыс жүргізу сипатында үлкен  өзкерістерге алып келіп 
отырды. 
Ортақ  мəдени-шаруашылық  типінің  негізінде  қалыптасқан  əскери  іс  жəне  соғыс  жүргізу 
əдістерінің  ұқсастығы,  көп  уақыттар  бойы  ірі  көшпелі  империялардың  құрамында  бірге  өмір  сүруі 
барысында  түркі  халықтарында  қолданған    қару-жарақтардың  негізгі  түрлерінің    біркелкілігін 
тудырып, дамытып отырған. 
 
1
 
Кубарев Г.В. Культура древних тюрок Алтая. - Новосибирск. 2005. – 98-112 с. 
2
 
Ахметжан  $.С.  $аза-ты!  дəстEрлі  -ару-жарағыны!  этнографиясы.  –  Алматы:  «Алматы  кітап» 
ЖШС, 2006. – 216 б. 
3
 
Алланиязов Т.К. Военное дело кочевников Казахстана. - Алматы : XXІ век, 1998. – 140 с. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
223 
4
 
Худяков  Ю.С.  Вооружение  средневековых  кочевников  Южной  Сибири  и  Центральной  Азии.  - 
Новосибирськ: Наука, 1986. - 286 с 
5
 
Мандельштам  А.Н.  Характеристика  тюрок  IХ  в.  «Послании  фатху  б.  Хакану»  ал  Джахиза  //  Труды 
ИИАЭ АН КазССР. – Алма-Ата, 1956. – Т. 1. –227 с. 
6
 
Арсыланова  Ф.Х.  Погребение  тюркского  времени  в  Восточном  Казахстане  //  Культура  древних 
кочевников и земледельцев Казахстана. – Алма-Ата 1969. - 45 с. 
 
Резюме 
Предметы  вооружения  являются  одной  из  важнейших  составляющих  культуры.  Вооружение  и  уровень 
развития  военного  дела  тесно  связаны  с  экономическими,  социальными  и  политическими  факторами.  В 
культуре  номадов  развитию  военного  дела  всегда  придавалось  особое  значение.  Оно  обладало    многими 
специфическими  особенностями  по  сравнению  с  военным  делом  оседло-земледельческих  обществ.  Кочевым 
обществам  принадлежат  многие  усовершенствования  и  изобретения  в  области  вооружения,  нововведения  в 
тактике боя. Ярким подтверждением высокого уровня развития военного дела у древних тюрок служит созда-
ния огромной империи – Первого Тюркского каганата. Одной из основных причин этого послужил целый ряд 
усовершенствований и нововведений в военной области.  
Комплекс  вооружения  традиционно  делится  на  две  группы:  наступательное  оружие  ближнего  и  дальнего 
боя;  защитный  доспех.  При  этом  в  первую  группу  включено  также  военное  снаряжение,  предметы, 
предназначенные для хранения и ношения оружия. 
Ключевые слова: вооружение, военное дело, лук, наконечники стрел, древние тюрки, тактика. 
 
Summary 
Objects  weapons  are  one  of  the  most  important  components  of  culture.  Arms  and  the  level  of  development  of 
military affairs are closely related to economic, social and political factors. In the culture of nomads of the development 
of military affairs has always attached special importance. It has many unique features compared with military affairs 
settled agricultural societies. Nomadic societies belong to many improvements and inventions in the field of armaments, 
innovations in the tactics of battle. A striking confirmation of the high level of development of military affairs among 
the ancient Turks is the creation of a vast empire - the first Turkic khanate. One of the main reasons for this was a series 
of improvements and innovations in the military sphere. 
 
 
 
(Сурет-1 сада- пен жебе сипаттамасы) 
 
 

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
224 
 
(Сурет-2жебе тEрлері) 
 
 
 
(Сурет-3 найза жебесі; туу)
 

Document Outline

  • Microsoft Word - Wd0003298
  • Microsoft Word - жасал__ан н__с__а


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет