Мәліметтер базасын басқару жүйесі. Қорытыңды тест



Pdf көрінісі
Дата06.04.2017
өлшемі168,39 Kb.
#11126

Мәліметтер базасын басқару жүйесі



Қорытыңды

 тест 

 

 

1. МББЖ ()бұл...

 

А) Графикалық түрде көрсетілген мәліметтермен жұмыс істеуге бағытталған;    В) Программалық өнімдер тобының аты; 

С) Мәліметтер базасымен жұмыс істеуге бағытталған программалық өнімдер тобының аты; 

D) кестелік түрде көрсетілген мәліметтермен жұмыс істеуге бағытталған техникалық құралдар тобының аты 

Е) Презентацияны құруға бағытталған программалық өнімдер тобының аты; 

2. Access-те сұраныс (таңдауға арналған) дегеніміз.. 

А)  МББЖ-ның  мәліметтерін,  объектілерін  және  олардың  параметрлері  мәндерін  сақтауға  арналған  файл;    В)  Тұтынушы 

анықтайтын  шарттар  көмегімен  бір  немесе  бірнеше  кестелерден  мәліметтер  таңдау  құралы;    С)  Мәліметтер  базасының 

негізгі  объектісі,  өрістер  мен  жазбалардан  тұратын  имформацияны  сақтау  қоймасы;    D)  Мәліметтерді  баспаға  шығару 

кезінде оларды көрсету құралы;Е) Мәліметтерді форматтау үшін қажетті командалар жиыны. 

3. Мәліметтер базасы дегеніміз... 

А) көптеген салаларды автоматтандыруды қамтамасыз ететін өзара  байланысқан модульдер жиыны; 

В) мәліметтер мен формулаларды сақтау мен өндеуге арналған     кесте; 

С) мәліметтерді сақтау мен оларды жан-жақты қолдануға арналған  информациялардың біріккен (интегралданған) жиыны;  

Д) тұтынушының информациясын өңдеуге арналған қолданбалы программа; 

Е) тұтынушының мәліметін өңдеуге арналған сызықтық команда; 



4.  Access- те кілт (түйінді өріс) дегеніміз... 

А)  Мәтіндік  мәліметтерді  енгізуге  арналған  өріс;        В)  Кестедегі  жазбаларды  идентификациялау  мен  кестелер  арасында 

ұйымдастыруға мүкіндік  беретін, мәтіндік мәліметтерді енгізуге арналған өріс;  С) Кестедегі жазбаларды идентификациялау 

мен кестелер арасында байланысты ұйымдастыруға           мүмкіндік беретін бір немесе бірнеше түйінді өрістер; 

D) Кестеде жазбаны бірмәнді түрде анықтауға арналған өріс;         Е) Мәліметтердің ішіндегі ең соңғы қолданылғаны. 

5. Access-те индекс дегеніміз... 

А)бір жолды толығымен белгілеуге мүмкіндік беретін, жолдың сол жағындағы тіктөртбұрышты аймақ; 

В)мәлеметтерді экранда көрсету мен оларды басқаруға арналған құрал; 

С)кестеде  жазбаны  бірмәнді  түрде  анықтауға  арналған  өріс;  D)индекстелетін  өрістің  мәні  бойынша  кестеде  жазбаларды 

автоматты сұрыптау құралы;                   E)кестеде жазбаны көп мәнді түрде анықтауға арналған өріс. 

6. Access-те кесте жазбаларын белгілеу аймағы дегеніміз... 

А)жолдың барлығын белгілеуге мүмкіндік беретін, жолдың сол жағындағы тіктөртбұрышты аймақ; 

В)бағана тақырыбы аймағы. Осы жерде тышқанды шеркенде, бағана толығымен белгіленеді; 

С)жолды толығымен белгілеуге арналған екі перне мен жүгірпесі бар обьект; 

D) тышқанмен байланысты жылжымалы белгі;                  E)меню командаларымен байланысты аймақ; 

7. Диалогты терезелер ішкі беті (вкладка) дегеніміз... 

 А) Параметрлерді енгізуге арналған диологты терезенің информациялық сыйымдылығын үлкейтуге арналған объект; 

 В) Терезе немесе тізімде мәліметтерді жылжытуға арналған екі перне мен жүгіртпесі бар объект; 

С) Орнатылған  немесе  алынып тасталған – екі жағдайда да жұмыс істейтін басқару  элементі; 

D) бағана тақырыбы аймағы.Осы жерде тышқанды шерткенде, бағана толығымен белгіленеді; 

E) диалогты аймақты ашып беретін меню командасы. 



8.Access-те формадағы ауыстырғыш дегеніміз... 

A) орнатылған немесе алынып тасталынған-екі жағдайда да жұмыс істейтін басқару элемент; 

B) объектпен байланысқан меню;    C) мәліметтер базасы объектілер(кестелер,сұраныстар,формалар,басылымдар,макростар 

модульдер) қасиеттерін анықтау режимі;  D) параметрлерді орнатудын бір немесе бірнеше варианттарын таңдауға мүмкіндік 

беретін басқару элемент;                               E) объектінің формасын ауыстыратын құрылғы. 

9.Access-те конструктор режимі мынадай мүмкіндік береді: 

A) кесте құрамының алдын ала құрылған және МБ-да бар компаненттерін ен тиімді түрде басқаруға;  B) формада тек қана 

нақты жазбаларды қарап шығару;   C) бірнеше кестелердегі мәліметтерді карап шығуға, талдауға және өзгертуге; 

Д) Параметрлерді енгізуге арналған диалогті терезенің информациялық сыйымдылығын өзгертуге; 

Е) Мәлеметтер базасында мәлеметтерді форматтауға.   

10.Access-те  таңдауға арналған сұранысты орындау кезінде... 

А)  кестелер  арасындағы  байланыстар  өзгереді;    В)  Таңдау  шарттарына  канағаттандыратын  мәліметтер  автоматты  түрде 

баспаға  щығарылады;    С)Таңдау  шарттарын  канағаттандыратын  мәліметтер  бір  немесе  бірнеше  кестелерден  таңданылып 

нақты бір ретпен шығарылады; Д) Жаңа мәліметтер базасы құрылады; Е) Кестелер арасындағы байланыстар күрделенеді. 



11.Access-те сұраныс конструкторы режимі... 

А)  Тек  қана  таңдалған  кестелерді  қарап  шығу  үшін  қолданылады;  В)  Тек  қана  таңдалған  жазбаларды  қарап  шығу  үшін 

қолданылады;      С)  Тек  қана  таңдалған  өрістерді  қарап  шығу  үшін    қолданылады;  Д)  сұраныстың  құрылымын  графикалық 

түрде өзгертуге арналған;          Е) тек қана тандалған құжатты қарап шығу үшін қолданылады. 



12. Access-те басылым дегеніміз... 

А) қағазға (баспаға) шығарылатын мәліметтерді ұйымдастыруға    арналған тиімді құрал; 

В) мәліметтерді экранда көрсету мен оларды басқару құралы; 

С) индекстелетін өрістің мәні бойынша кестеде жазбаларды      автоматты түрде сұрыптау; 

D)  мәліметтер  базасынан  нақты  жазбаларды  таңдауға,  кестелерді      жаңартуға  және  кестеге  жаңа  жазбаларды  енгізуге 

арналған   құрал; Е) мәліметтер базасынан нақты жазбаларды жаңартуға және жаңа  жазбаларды енгізуге арналған құрал. 



13. Мәліметтер базасын басқару жүйесі дегеніміз... 

А) сандар кестелерімен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін  программалық құрал; 

В) үлкен информациялық массивтерді басқаруға арналған    программалық құрал; 

С)файлдарды сақтауға арналған программалық құрал; D) мәтіндерді құру мен түзетуге арналған программалық құрал; 

Е) тышқанның сол жақ кнопкасымен орындалатын командалар    тобы. 

14. Реляциялық мәліметтер базасында өрістердің мына типін қолдануға болмайды: 

А) Аналогты тип;         В) Ескертулер типі;        С) Символды типі;    Д) Мерзім типі;   Е) логикалық тип; 



15. Мәліметтер базасын басқару жүйелері мына жұмысты атқармайды: 

А) Мәліметтер базасын құру мен өңдеу;   В) Мәтіндерді құру мен өңдеу;   С) Мәліметтермен жұмыс істеумен (түзету);         

 Д) Мәліметтерді жоюмен;    Е) Мәліметтерді таңдаумен; 

16. МББЖ-нің мынадай тобы бар: 

А) Әдіске бағытталған жүйелер;        В) Жалпы тағайындаудағы жүктеулер; 

С) Арнайы жүйелер;                          Д) Программаға бағытталған жүйелер;       Е) Объектке бағытталған жүйелер; 

17.  Мәліметтерді  қауіпсіздендіруді  қамтамасыз  ету  құралдары  мынадай  әрекет  атқарады  (дұрыс  емес  жауапты 

таңдаңыз):

 

А) қолданбалы программаларды шифрлеу үшін; В) мәліметтерді шифрлеу үшін; С) формалар, басылымдарды шифрлеу үшін; 

D) құпия сөзбен қорғау үшін;                 Е) мәліметтер базасына, кестеге қатынас құру деңгейін шектеу үшін. 

18.  МБ-ыны  форматтаудың  кез-келген  командасын  орындау  кезінде  осы  команда  орындалатын  аймақты  белгілеу 

қажет. Осы тұжырым дұрыс па?

 

А) дұрыс;                                               В) дұрыс емес;                        С) мәліметтің көлеміне байланысты; 

D) мәліметтің жазылған және сақталған мерзіміне байланысты;      E) мәліметтің фонына байланысты. 

19. МББЖ-мен жұмыс істегенде командалардың барлық типін қолданамыз, тек мынадан басқа: 

А) түзету командасынан басқа;                                              В) анықтамалық информацияны алу командасынан басқа; 

С)  терезелермен  жұмыс  істеу  командасынан  басқа;        D)  мәліметтер  базасымен  электронды  кесте  секілді  жұмыс  істеуге 

арналған командадан басқа;                                                   Е) форматтаудан басқа. 



20. Microsoft Access дегеніміз... 

А)  Windows  жүйесі  бақылайтын  информацияны  басқару  жүйесі;  В)  кесте  түрінде  жазылған  мәліметтерді  өңдеуге  арналған 

программа;                                       С) Windows графикалық жүйесіне арнайы жасалынған мәліметтер базасын басқару жүйесі; 

D) мәліметтерді кестеге енгізуге арналған программа;   Е) мәліметтерді жан-жаққа жылдам тарататын программа жүйесі. 



21. MS Access-те кесте дегеніміз бұл (ең дұрысын көрсетіңіз)... 

А) тұтынушыға байланысты форманы кестеден немесе сұраныстан экран мен Баспаға шығаруға арналған объект; 

В) тұтынушы көрсеткен критерийларға сәйкес мәліметтер базасынан мәліметтерді шақыртуға арналған объект; 

С) тұтынушы көрсеткен форматқа негізделіп, кестеден немесе сұраныстан информацияны экранға шығару құралы; 

D) мәліметтерді сақтауға арналған құрылым; Е)  тұтынушының құрған кестесі. 

22.MS  Access-те өрістер кестесінде «Ақшалық (Денежный)» типі: 

А) ақшалы немесе қаржылық форматты сақтауға арналған;        В) ақшалық сандарды сақтауға арналған; 

С) экономикалық есептеулерді сақтауға арналған;                Д) сақтауға және санға $ белгісін меншіктеуге арналған; 

Е) ақшалы немесе қаржылық форматты өңдеуге арналған; 



23.MS  Access-те құрылған басылымды ашу үшін... 

А) оның атынан тышқанды екі рет шерту немесе атын белгілеп,«Запуск» пернесін басу керек; В) оның атынан тышқанды екі 

рет  шерту  немесе  атын  белгілеп  «Открыть»  пернесін  басу  керек;  С)  оның  атынан  тышқанды  екі  рет  шерту  немесе  атын 

белгілеп  «Конструктор»  пернесін  басу  керек;  Д)  оның  атынан  тышқанды  екі  рет  шерту  немесе  атын  белгілеп  «Просмотр» 

пернесін басу керек;       Е) жоғарыда айтылғандардың ешбірі дұрыс емес. 

24.  MS  Access-те  «Өріс  қасиеті»  (Свойства  поля)  терезесінің  «Жалпы»  (Общие)  ішкі  бетінің  «Өріс  мөлшері»(Размер 

поля) қасиеті:

 

А) Осы өріс үшін кесте бағанасының тақырыбын анықтайды;    В)  Өріске тиісті ұяшықтардағы мәліметтерді форматтау 

әдісін анықтайды;      С) Осы өрісте орналасқан мәліметтердің максималды ұзындығын анықтайды;      D) Өріс ұяшықтарына 

автоматты түрде енгізілетін мәнді анықтайды;               Е) Жоғарыда айтылғандардың ешбірі дұрыс емес; 



25.MS Access-те өрістер кестесіндегі «Логикалық» мәліметтер типі келесі мәліметтерді сақтау үшін қолданылады: 

А) Логикалық мәліметтерді (иә,жоқ);         В) (And,Or,Not) логикалық байланыстар қолданылатын өрнектерді; 

С) Қалып-күй жолында бейнеленетін анықтамаларды;     D) Мәліметтер базасына байланысты статистикалық мәліметтерді; 

Е) Мәліметтердің максималды сақтауға болатын мүмкіншілігі туралы. 



26.  MS  ACCESS-те  өрістер  кестесінде  «  Сандық  »  (Числовой)  мәлеметтер  типі  келесі  мәлеметтерді  сақтау  үшін 

қолданады

А) Күнтүзбелік мерзімдер мен ағымды  уақытты;             В) Нақты сандарды; 

С) Автоматты түрде есептелінетін натурал сандарды;  D) Ақшалық сандарды; Е) Логикалық типтегі сандарды; 

27.MS  ACCESS-те  өрістер  кестесінде  «Свойства  поля»  терезесінің  Жалпы(  Общие  )  ішкі  бетінің  |  Маска  ввода  | 

қасиеті:

 

А) Мәлеметтерді дұрыс енгізуді тексеру үшін қолданатын шектеуді анықтау: В) Өріске енгізілетін мәлеметтердің формасын 

анықтайды;      С)Базаны  толтыру  кезінде  осы  өрістің  міндетті  түрде  толтыруын  анықтайды;      D)  Өріске  қате  мәлеметтер 

енгізгенде автоматты түрде толтыруын анықтайды;     Е) Жоғары айтылғандардың ешбірі дұрыс емес. 



28. MS Access- те өрістер кестесінде «Гиперсілтеме» мәліметтер типі келесі мәліметтерді сақтау үшін қолданылады: 

А) Мәліметтер базасында нақты жазбаларға сілтемелерді; В) Интернеттің Web- объектілерінің Url- адрестерін; 

С) Базада ең жиі қолданылатын жазбаларды;  D) мультимедиалық объектілерді;    Е) Анимациялық объектілерді. 

29. MS Access- те кесте ішіндегі курсорды жылжыту үшін мынаны қолдануға болмайды: 

А) Ұяшықтың үстінен тышқанмен шертсе жеткілікті;   В) Қалып- күй жолындағы ауыстыру пернелерін қолдану қажет; 

С) Shift + Enter пернелерін;  D) Tab, Shift + Tab пернелерін қолдану;   Е) Жоғарыда дұрыс вариант көрсетілмеген. 

30. МS Access-те форма дегеніміз... 


А)  Тұтынушы  көрсеткен  командалар  негізінде  мәліметтер  базасымен  жұмыс  істеу  үшін  жиі  қолданатын  іс-әрекеттерді 

автоматтандыруға арналған объект;    В) Тұтынушы көрсеткен критерийларға сәйкес мәліметтер шақыруға арналған объект; 

С) Тұтынушы көрсеткен форматқа сәйкес кесте немесе сұраныстан информацияны экранға шығару және кестеге мәліметтер 

енгізу арналған объект; 

Д) Клиент-сервер және серверде орналасқан мәліметтер базасы арасындағы интерфейсті жүзеге асыруға арналған объект; 

Е) Жоғарыда дұрыс нұсқасы көрсетілмеген; 

 

І-НҰСҚАНЫҢ КІЛТІ  



 







10 


11 

12 


13 

14 


15 

16 


17 

18 


19 

20 


21 

22 


23 

24 


25 

26 


27 

28 


29 

30 


С 

В 

С 



В 

Д 

А 



А 

Д 

А 



С 

Д 

А 



В 

А 

В 



В 

В 

А 



Д 

С 

Д 



В 

Д 

С 



А 

С 

В 



В 

С 

С 



 

 Пайдаланылған  әдебиеттер: 

1.11 класс  Информатика  оқулығы, Н.Т.Ермеков, В.Ф.Криворучко, С.Ж.Ноғайбаланова ,         

«Жазушы» 2007 ж.; 

2. Информатика  оқушы  анықтамасы, 7-11 сыныптар, С.Т.Мұхамбетжанова, «Арман-ПВ»  2007ж.; 

3. Информатикадан   тестік  тапсырмалар  жинағы,  Б.Бөрібаев, Е.Қ.Балапанов, Алматы-2006.  

  


 

2008-09  оқу   жылы 11 класс  информатика              II-вариант 

Пән мұғалімі: Қ.Ж.Айназарова 

 

1. Access-те мәліметтер базасы (МБ) – дегеніміз... 

А) МББЖ-ның мәліметтерін, объектілерін және олардың параметрлері мәндерін                                                       сақтауға 

арналған файл;   В) Мәліметтерді көрсету құралы ;С) Кестелік мәліметтерді сақтауға арналған кітапша 

D) Форматтауға, түзетуге және дискіде сақтауға болатын мәтіндік құжат; 

Е) Мәліметтерді өшу, көшіру, жазудың командасы орналасқан аймақ. 

2. Access-те кесте дегеніміз... 

А) Мәліметтерді сақтауға арналған блок; 

В) Тұтынушы анықтайтын шарттар көмегімен бір немесе бірнеше кестелерден мәліметтерді таңдау құралы;  

С) Мәліметтерді базасының негізгі объектісі, өрістер мен жазбалардан тұратын информацияны сақтау қоймасы; 

D) Мәліметтерді баспаға шығару кезінде оларды көрсету құралы;             Е) Мәліметтерді стандартты түрде форматтау 

3. Access- те түйінді өріс дегеніміз... 

А) Индекстелетін өрістің мәні бойынша кестеде жазбаларды автоматты сұрыптау құралы;  В) Кестедегі жазбалар нөмірінен 

тұратын өріс;   С) Бір жолды толығымен белгілеуге мүмкіндік беретін, жолдың сол жағындағы тіктөртбұрышты аймақ;  

D) Кестеді жазбаны бірмәнді түрде анықтауға арналған өріс; 



4. Access- те санауыш (счетчик) дегеніміз... 

А) Кестедегі жазбаны бірмәнді түрде анықтауға арналған өріс;  В) Кестедегі жазбалар мен өрістер нөмірінен тұратын өріс;   

С) Сұраныстағы жазбалар нөмірінен тұратын өріс;  

D) Сандық мәліметтерді енгізуге арналған өріс;           Е) Барлығы да дұрыс емес. 



5.Индекстердің екі түрі бар:

 

A)мәтіндік және сандық;      B)параллельді және тізбекті;                     C)айнымалы және тұрақты; 

D)өріс мәнінің қайталануына рұқсат беретін және рұқсат бермейтін; E)сызықтық және қисық сызықты; 

6. Access-те кесте өрістерін белгілеу аймағы дегеніміз... 

А)объектпен байланысқан меню;  В)кестедегі бағана тақырыбы аймағы. Осы жерде тышқанды шеркенде, бағана толығымен 

белгіленеді; С) жолды толығымен белгілеуге арналған екі перне мен жүгірпесі бар объект; 

D)бағананы толығымен белгілеуге мүмкіндік беретін, тышқанмен байланысты жылжымалы белгі;  

 E)объектті стандартты түрде форматтау. 

7.Access-те конструктор дегеніміз: 

A) мәліметтер базасы объектілері (кестелер, сұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) қасиеттерін алдын 

ала анықтау режимі; B) объектпен байланысқан меню; 

C) нақты есепті шешуге арналған программа;  D) параметрлерді тағайындаудың бір немесе бірнеше варианттарын таңдауға 

мүмкіндік беретін басқару элементтері     E) шеберді іске қосатын команда. 

8. Access-те формадағы жалауша дегеніміз... 

А) параметрлерді орнатудын бірнеше варианттарының ішінен олардын бірін таңдауға мүмкіндік беретін басқару элемент;     

B) орнатылған немесе алынып тасталған-екі жағдайда да жұмыс істейтін басқару элемент; 

C) мәліметтер базасы объектілері (кестелер, сұраныстар, формалар,басылымдар,  модульдер, макростар) қасиеттерін анықтау 

режимі;     D)нақты есепті шешуге арналған программа;   E) экранда жалауша тәрізді орналасқан құрылғы  

9 .Access-те сұраныстар көмегімен... 

А) параметрлерді енгізуге арналған диалогты терезенің информациялық  сыйымдылығын өзгертуге болады; 

В) Барлық байланысқан кестелерден біріккен бір виртуальды кесте алуға болады; С) Кестедегі мәлеметтерді түзетуге 

болады;  Д) Бірнеше кестелердегі мәліметтерді қарап шығуға, талдауға және өзгертуге болады;  

Е) Правка-Найти командасын айтамыз. 

10.Access-те кестелерді байланыстыру... 

А) параметрлерді енгізу үшін қолданылатын диалогты терезенің информациялық сыйымдылығын  үлкейтуге арналған;                                

В) Барлық байланысқан кестелерден біріккен виртуальды кесте алуға арналған.С) Формадағы тек нақты бір жазбаларды 

қарап шығуға арналған;  Д) Кестені баспаға шығаруға арналған;                 Е) Кестені көшіруге арналған. 



11. Access-те өрнектер кұрастырушы келесі жағдайда шакырылуы   мүмкін:  

А) кестені кұру кезінде конструктор терезінде сандық өрістерді көрсету қажет болса;   

В) тұтынушыға өріске өрнек енгізу қажет болғанда, мысалы     қасиеттер терезесінде; 

С) қарапайым фильтр арқылы сұраныстар құруға; D) тұтынушы суретті форма тақырыбының өрісіне енгізгенде; 

Е) тек қана меню командалары арқылы шақыра аламыз. 

12. Access-те сұраныс дегеніміз... 

А) форматтауға, түзетуге және дискіде сақтауға болатын мәтіндік  құжат;В) мәліметтерді баспаға шығару алдында оларды 

ұйымдастырудың   тиімді құралы; С) мәліметтер базасынан нақты жазбаларды таңдауға, кестелерді  жаңартуға және кестеге 

жаңа жазбаларды енгізуге арналған обьект; D) нақты басылым шығаруға арналған программа;  

Е) тек қана меню жолы арқылы орындалатын команда. 

13. Access- те форма дегеніміз... 

А) Мәліметтерді экранда көрсету мен оларды басқару құралы;    

 В) Мәліметтерді баспаға шығару кезінде оларды көрсету құралы;                                                                                                  

 С) Кестедегі жолдың баламасы; 

D) Кестеде жазбаны бір мәнді түрде анықтауға арналған өріс;    Е) Кестедегі мәліметтер базасы. 

 14. Реляциялық мәліметтер базасы қатынасының (кестесінің) мынадай қасиеті болмайды: 

А) Кестенің барлық бағаналары біртекті;  В) Кестеде екі немесе одан да көп жолдарда бірдей мәлімет болуы мүмкін;  

С) Кестеде екі немесе одан да көп бірдей жолдар болмауы тиіс;   

Д) Бағаналарға бір мәнді аттар меншіктелген;   Е) кестеде тек қана бір текті мәлімет болады; 


15. Информациялық объект

 дегеніміз... 

А) Өзара байланысқан информация; В) Қандай да бір нақты объектіні, құбылысты, процесті, оқиғаны логикалық 

байланысқан реквизиттердің жиыны түрінде сипаттау;    С) Өзара байланысқан мәліметтердің компьютерлік көрсетілуі; 

Д) Өзара байланысқан информация;   Е) жоғары да көрсетілген жауаптардың ешбірі дұрыс емес; 

16. МББЖ өнімділігі

 келесі факторлармен бағаланады: 

А) сұранысты орындау уақытымен;   В) басылымды генерациялау уақытымен;  С) информацияны іздеу уақытымен;  D) 

мәліметтер базасын басқа файлдардан импорттау уақытымен;     Е) барлық жауаптар дұрыс. 



17. МБ

-ының түзету командалары көмегімен тұтынушы мәліметтерді түзете алады, ал ол осы тәсілмен қаріп түрін, 

туралау түрін, фон түсі өзгерте ала ма? А) иә;       В) жоқ;     С) мәліметтің көлеміне байланысты;   D) тек қана Windows 98-де 

жүзеге асыруға болады ;   E) мәліметтің жазылған және сақталған мерзіміне байланысты. 

18. МБ

-ға енгізілген мәліметтер сипатына  байланысты, формат пен туралау бағытын таңдау автоматты түрде орындалады, 

осы дұрыс па? А) дұрыс;     В) дұрыс емес; С) мәліметтің көлеміне байланысты;  D) мәліметтің жазылған және сақталған 

мерзіміне байланысты;        E) мәліметтің алдын форматталғанына байланысты. 

19. Мәліметтер

 базасы дегеніміз... 

А) нақты өмірдің объектілері мен құбылыстары туралы мәліметтер;   В) информацияны өңдеуге арналған программа;   С) 

информацияны сақтауға арналған нақты түрде ұйымдастырылған құрылым;D) автономды ДК-де немесе жергілікті желіде 

жұмыс істеуге арналған басқару жүйесі;Е) информацияны таратуға арналған программа; 

20. MS Access-те конструктор режимі мынадай қызмет атқарады... 

А) мәліметтер базасы файлдарын құру;   В) информацияны қарап шығу, өзгерту, таңдау; 

С) объектілер құрылымының макетін құру мен өзгерту;  D) MS Access-тің негізгі объектілері туралы информация сақтау;     

Е) компьютердегі жалпы информацияның бастапқы түрін сақтау. 



21.MS   Access-ге басылым дегеніміз.... 

А) клиент,сервер және серверде орналасқан мәліметтер базасы арасындағы интерфейсті жүзеге асыру; 

В) тұтынушы көрсеткен командалар мен оқиғалар негізінде мәліметтер базасымен жиі қолданылатын іс-әрекеттерді 

автоматтандыруға арналған объект;  С) тұтынушы көрсеткен формаға негізделініп кестеден немесе сұраныстан 

информацияны экранға шығаруға арналған объект; Д) тұтынушы анықталған форматта, кестеден немесе сұраныстан керекті 

мәліметтерді қағазға (баспаға) шығаруға арналған объект;  

Е) тұтынушының өзге біреуге берген бесылымы(отчеты) 

22.MS  Access-те макрос дегеніміз.... 

А) тұтынушы анықтаған форматта, кестеден немесе сұраныстан форманы экранға және баспаға шығаруға арналған объект;   

В) клиент-серверде және серверде орналасқан мәліметтер базасы арасында интерфейсті жүзеге асыруға арналған объект;  С) 

тұтынушы көрсеткен командалар мен оқиғалар негізінде мәліметтер базасымен жиі қолданылатын іс-әрекеттерді 

автоматтандыруға арналған объект;   Д) тұтынушы көрсеткен формаға негізделініп, кестеден немесе сұраныстан 

информацияны экранға шығаруға арналған объект;      Е) жоғарыда айтылғандардың ешбірі дұрыс емес. 



23.МS Access

-те өрістер кестесінде «Мәліметтер типі» (Тип данных) атты бағана: 

А) Осы өрісте қандай информацияны сақтауға болатынын анықтайды; В) Кесте бағаналарының тақырыптары ретінде 

қолданылатын өрістер аттарын анықтайды; С) Өріс туралы қосымша информацияны анықтайды;D) Осы өрісте орналасқан 

мәліметтердің максималды ұзындығын анықтайды;Е) Мәліметтердің қашан және қанша көлемде жазылғаны туралы айтады;  



24.MS Access-те Өріс қасиеті (Свойства поля) терезесінде Жалпы (Общие) ішкі бетінде Өріс форматы (Формат поля) 

қасиеті:   А) Осы өріс үшін кесте бағанасының тақырыбын анықтайды; В) Осы өрісте орналасқан мәліметтердің максималды 

ұзындығын анықтайды;  С) Өріске тиісті ұяшықтардағы мәліметтерді форматтау әдісін анықтайды; 

D) Өріс ұяшықтарына автоматты түрде енгізілетін мәнді анықтайды; Е) Жоғарыда айтылғандардың ешбірі дұрыс емес; 



25.MS ACCESS-те өрістер кестесінде « OLE обьектісінің өрісі » ( Поле обьекта OLE ) мәлеметтер типі келесі мәлеметтерді 

сақтау үшін қолданады: 

А) Интернеттің  WEB-обьектілерінің URL адресін; В) Үлкен көлемдегі мәтіндерді ( 65 535 символға дейін ) 

С) Мультимедиялық обьектілерді;D) Экономикалық есептеулерді; E) Анимациялық обьектілерді; 



26.MS ACCESS-те өрістер кестесінде « Мерзім мен уақыт » ( Дата и вре.я) мәлеметтер типі келесі  мәлеметтерді сақтау 

үшін қолданады: 

А) нақты сандарды;  В) Күнтүзбелік мерзімдер мен ағымды  уақытты; 

С) Автоматты түрде есептелінетін натурал сандарды; D) Ақшалық сандарды;  Е) Логикалық типтегі сандарды; 



27.MS Access-те Өріс қасиеті (Свойства поля) терезесінің Жалпы (Общие) парақшасының «Мәнге қойылатын шарт» 

(Условие на значение) қасиеті:  А) Өріске тиісті ұяшықтардағы мәліметтерді форматтау әдісін анықтайды;В)Базаны толтыру 

кезінде осы өрістің міндетті түрде толтырылуын анықтайды; С) Мәліметтерді дұрыс енгізуді тексеру үшін қолданылатын 

шектеуді анықтайды; D) жолдарға мәліметтерді енгізбеуге (бос жол) рұқсат ету қасиетін анықтайды; 

 Е) Жоғарыда айтылғандардың ешбірі дұрыс емес. 

28. MS Access- те кесте бағанасының енін өзгерту үшін: 

А) Бағананың ең болмағанда бір ұяшығын белгілеп, содан кейін Бағана- Ені (Столбец- Ширина) командасын орындап, еннің 

мәнін көрсету керек; В) Тышқанның сілтеуішін бағана тақырыбының оң жақ шекарасына орнатып, «Drag and drop» әдісімен 

шекараның орнын ауыстыру қажет; С) Тышқанның сілтеуішін оң жақ шекараға орнатып, «Drag and drop» әдісімен 

шекараның орнын ауыстыру қажет; D) бағанада ең болмағанда бір ұяшықты белгілеп, содан кейін «Формат- Автоформат» 

командасын орындау қажет;Е) Бағананы толық белгілеп, тышқанның сол жағымен төмен тарту керек. 



29. MS- Access- те кесте жолының енін өзгерту үшін: 

А) Тышқанның көрсеткішін төменгі шекараға орнатып, жоғары немесе төмен орын ауыстыру қажет; 

В) Бағанада ең болмағанда бір қяшықты белгілеп, содан кейін «Формат- Жол (строка)- Ені (Ширина)» командасын орындап, 

қажетті мәнді көрсету қажет;  С) Тышқанның көрсеткішін жол тақырыбының төменгі шекарасына орнатып, шекараны 

жоғары және төмен жылжыту қажет; Д) Жолдың ең болмағанда бір ұяшығын белгілеп , содан кейін ( Формат-автоформат) 

командасын орындау қажет; Е) дұрыс нұсқасы көрсетілмеген; 



30. Жаңа жазбалар

 енгізілгенде немесе өзгертілгенде MS Access автоматты түрде келесі режимге  ауысады: 



А) Іздеу мен ауыстыру;     В) Мәліметтер енгізу;  С) Түзету;        Д) Филтрлеу;    Е) Форматтау; 

 

 



 

ІІ-НҰСҚАНЫҢ  КІЛТІ  

 

 

 









10 

11 


12 

13 


14 

15 


16 

17 


18 

19 


20 

21 


22 

23 


24 

25 


26 

27 


28 

29 


30 

А 

С 



Д 

В 

Д 



В 

А 

В 



Д 

В 

В 



С 

А 

В 



В 

Е 

В 



В 

С 

С 



Д 

С 

А 



С 

С 

В 



С 

С 

С 



С 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет