Б.О.САБАТАЕВА, З.А.ЧАЛГИМБАЕВА
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМІ ─
ТУРИСТІК САЛАНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ
РЕТІНДЕ
Туристік ағым көлемінің жалпы өсуіне жəне көпшілік
туризмнің бір түрі ретінде экологиялық туризмнің дамуына
жоғарлаған беталысқа байланысты туристік іс-əрекеттің табиғи
ортаға теріс экологиялық əсерін төмендетуге қажеттілік туады.
Бұл мəселені шешудің бірден-бір жолы – экологиялық туризмді
дамыту, берілген тұжырымдамаға сəйкес келетін турөнімдерді
анықтау, нарықта қолдау жəне ұсыну. Бұл мағынада экотуризм
табиғи туризмнің бір түрі болып табылады. Ол
урбанизацияланбаған жəне төмен дəрежеде антропогендік əсерге
ұшыраған табиғи жерлерге барумен байланысты жəне ол
белгілі ұстанымдар мен өлшемдерге сəйкес келуі қажет.
«Экологиялық туризм» терминінің көптеген түрлі анықтамалары
бар, дегенмен халықаралық қолдануға оны мексикалық
экономист-эколог Гектар Цебаласс-Ласкурейн енгізді. Атап
айтқанда , ол экотуризмге келесі анықтама береді : «біршама
бұзылмаған табиғи аймақтар бойынша табиғи жəне мəдени
көрнекті жерлерді оқып білу жəне лəззат алу мақсатында
қоршаған орта алдында жауапкершілікпен саяхаттау.ол табиғатты
қорғауға септігін тигізеді, қоршаған ортаға «жұмсақ» əсер етеді,бұл
іс-əрекетке жергілікті тұрғындардың белсенді əлеуметтік-
экономикалық қатысуын жəне артықшылықтарға ие болуын
қамтамасыз етеді.
Экологиялық туризмнің объектілері табиғи аймақтар, тарихи
ескерткіштер, ғылыми жəне білім беруде қолданылатын мəдени
жəне архитектуралық ескерткіштер болып табылады. Бұл
экологиялық туризмнің жан-жақты болуын қамтамасыз етеді.
Экологиялық туризмнің ең өзекті бағыттары:
- танымдық;
- ғылыми;
- спорттық;
Экологиялық туризмнің ресурстары болып табылады:
- табиғи –климаттық факторлар: рельеф, су объектілері, флора
жəне фауна, ерекше жəне қызықты қарапайым табиғи аймақтар.
-
тарихи-мəдени ескерткіштер: белгілі бір аймақтағы
адамзаттың материалдық жəне рухани мəдениеті, айналадағы
ортамен тығыз байланысты тарихи, археологиялық, мəдени
ескерткіштер.
Қазіргі уақытта экологиялық туризм əлемдік деңгейдегі
туризмнің басқа түрлерінің ішінде елеулі үлесті алады (40-тан 60%
дейін) [1].
Экологиялық туризмді адамның тамаша, танымдық, ғылыми,
өлкетану қажеттіліктерін қанағаттандыратын нысандармен жəне
табиғаттың
кескіндемелік,
экзотикалық,
қайталанбайтын
құбылыстарымен тікелей өзара қарым-қатынасы, ең алдымен
«ашық» табиғат жағдайында болуы ретінде айқындауға болады.
Экологиялық туризмнің негізгі мақсаты мыналар болып
табылады:
1. экологиялық білім, табиғатпен өзара қарым-қатынас мəдениетін
арттыру, табиғи ортада этикалық нормаларды жасау, табиғаттың
жəне оның жеке элементтерінің тағдыры үшін жеке жауаптылық
сезіміне тəрбиелеу;
2. адамның рухани жəне физикалық күштерін қалпына келтіру,
табиғи жағдайдағы табиғи ортада толыққанды демалысты
қамтамасыз ету.
Туристік базалардың салынуы жəне ағымдардың шамадан тыс
шоғырлануы табиғи ортаның туристік құндылығын төмендетеді.
Туризм дамуының экологиялық жағдайларға теріс əсері:
-туристік шаруашылықтың дамуы нəтижесінде табиғи ортаның
урбандалуы;
-туризм
жүйесіндегі мекемелердің жəне ұйымдардың іс-
əрекеттерінің нəтижесінде қоршаған ортаның ауасының ластануы,
бұл ластану көбіне көлік құралдары мен коммуналдық
қондырғыштармен байланысты;
-туристік
мекемелердің суды пайдалануының нəтижесінде
сулардың
ластануы;
-туристердің көп шоғырлануынан қоршаған ортаның шумен
ластануы;
-ландшафт эстетикасының нашарлауы немесе мүлдем жойылып
кетуі, бұған əсер ететін 2 фактор бар:
1.туристік құрылыстардың шамадан тыс шоғырлануы;
2.олардың жобасыз, тиімсіз орналасуы;
-табиғи
ортадағы
туристерден
қалатын
қоқыстар
мен
қалдықтардан
табиғи
ортаның
ластануы;
-туристердің дұрыс қолданбауы немесе шамадан тыс қолдануының
нəтижесінде археологиялық жəне тарихи ескерткіштерге зиян
келуі;
-жерді дұрыс пайдаланбау, дұрыс жобаламау жəне туристік
обьектілермен мекемелерді дұрыс орналастырмау нəтижесіндегі
экологиялық қауіп-қатерлер мен мəселелер.
Туризм дамуының экологиялық жағдайларға оң əсері:
-маңызды табиғи территориялар мен фаунаны қаржыландыру
мүмкіндігі, экожүйелер мен ұлттық жене аймақтық парктер мен
қорықтарға
қаржылық
көмек
көрсету;
-туристік мақсатта қолданылатын тарихи аудандарды сақтап, одан
əрі
дамытуға
көмек
беру;
-қоршаған орта сапасын жоғарлатуға көмек беру, инфрақұрылымды
жетілдіру;
-жергілікті тұрғындардыңэкологиялық білім деңгейін көтеруге,
сондай-ақ
жастардың
экологиялық
танымдылық
деңгейін
жоғарлатуға көмектесу.
Экотуризмнің басқа туризмнен айырмашылығы − экотуризм
табиғатқа бағытталып, негізінен табиғи ресурстарды пайдаланады.
Қоршаған ортаға зиян келтірмейді, экологиялық жағынан тұрақты
туризм түрі.
Экотуризм – экологиялық білімділік жəне адам мен табиғат
арасындағы үйлесімділікке бағытталған.
Экотуризм – жергілікті əлеуметтік мəдени ортаның сақталуын
қамтамасыз етеді. Туризмнің бұл түрі экономикаға жоғары
деңгейде əсер ете отырып, аудандардың тұрақты дамуын
қамтамасыз етеді. Демек, экологиялық туризм қазіргі кездегі
əлемде болып жатқан экологиялық мəселелерді шешуге
көмектеседі соның бір жолы болып табылады, табиғи кешендердің
бір қалыптылығын сақтайды.
2006 жылдың 29 желтоқсанында № 231 Елбасы
Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2007-2011
жылдары туризмді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында
экологиялық туризм республикамызда туризмді дамытудың
басымды бағыттарының бірі ретінде танылды. Берілген бағыт
бойынша алғашқы кезектегі міндеттер ретінде табиғатты,
жергілікті мəдениетті қорғау жəне ұлттық дəстүрлер мен
генетикалық қорларды сақтау бойынша шараларды ескеру
есебімен экотуризмді дамыту бойынша ұлттық, аймақтық жəне
жергілікті саясатты өндіру қарастырылды. Ол жергілікті
халықпен, жеке меншік сектормен жəне мемлекеттік емес
ұйымдармен серіктестікте қарастырылды . Алайда Қазақстанда
саясаттың өзі де, сонымен қатар экотуризмді дамытудың бірыңғай
ұйымдастыру тəсілдері əлі де болса қалыптаспаған. Практикада
көбінесе экотуризмді туристердің ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар мен ауылды аймақтарға бару мүмкіндіктерінің
кеңеюімен , мұндай туристердің ұлттық жəне халықаралық
ағымының ұлғаюымен жəне туризмнің сəйкес
инфрақұрылымының жасалуымен байланыстырады. Алайда
экотуризм – бұл көпшілікке арналған туризм емес, ол табиғи
аймақтарда туристердің үлкен ағымын қолдауға бағытталмаған,
керісінше, Қазақстанның табиғи байлықтарын сақтауға жəне
жергілікті тұрғындарға туризмнің жүзеге асырылуынан табыс
əкелуге мүмкіндік беретін тəсілге балама əдіс болып табылады.
Осыған орай туризмнің осы бағыты еліміздің экономикасы мен
оның жекелеген аймақтарында жаңа мықты кластердің жасалуын
көздемейді. Ол, біріншіден, табиғи туризмді ұйымдастыру
жолдарының өзгерісімен байланысады, яғни табиғи аймақтарға,
оның ішінде ұлттық жəне аймақтық табиғи парктерге, табиғи
қорықтар мен қорларға туристердің баруымен байланысты.
Туризмді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға мемлекеттік
бағдарламада экотуризм басым бағыттардың бірі ретінде
айқындалған болатын жəне оны дамыту жөнінде ұлттық, өңірлік
жəне жергілікті саясатты əзірлеу көзделген [2].
Қазақстан Республикасында экологиялық туризмдi дамыту
қажеттiлiгi тек экономикалық фактормен - жаңа жұмыс орындарын
ашу, шалғай өңiрлердегi жергiлiктi қоғамдастықтарды дамытумен
ғана емес, сонымен бiрге əлеуметтiк тапсырыспен - халықтың
денсаулық жəне бос уақытын пайдалану проблемасына тұтастай əрi
жүйелi түрде мəн берумен де түсiндiрiледi. Дүниежүзiлiк туристiк
ұйым сарапшыларының деректерi бойынша соңғы он жылда
экологиялық туризм неғұрлым танымал жəне кез келген
мемлекеттiң тұрақты даму құралы болып табылады. Расында,
экономиканың қарыштап дамуында туризмнің алар орны айрықша.
Туристiк
əлеуеттi
зерттеу
қорытындылары
көрсеткендей,
Қазақстанның экологиялық туризмiн дамыту үшiн үлкен
мүмкiндiктерi бар. Оның негiзiн Еуразия орталығындағы бiрегей
табиғи жағдайлар мен ландшафттар, көптеген табиғи, тарихи
ескерткiштер
құрайды.
Тұтастай
алғанда,
Қазақстандағы
экологиялық туризмнiң жағдайы тұрақталып келедi. Қазақстан
Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша, заңды
тұлға мəртебесiндегi ұлттық ерекше қорғалатын аумақтар 2010
жылы 491,6 мың туристке қызмет көрсеткен, туристiк топтардың
келуiнен түскен кiрiс 2011 жылы 12,1 млн. теңгенi құраған [3].
Қазақстан
Республикасы
Президентінің
2012
жылғы
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында қазақстандық
жолдың жаңа кезеңі – ол экономиканы нығайтудағы, халықтың əл-
ауқатын арттырудағы жаңа міндеттер екенін атап өтті. Қазіргі
əлемде бұл əлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың негізгі
мəселесі. Бұл Қазақстанның таяу онжылдықтағы дамуының басты
бағыты. Елбасы Қазақстан он бағыт бойынша кешенді міндеттерді
жүзеге асыруы қажеттігіне тоқталды. Кешенді міндеттерді жүзеге
асырудың оныншы бағытындағы индустриялық-инновациялық
жобалар бөлімінде ел экономикасы үшін тікелей шет ел
инвестицияларын тарту маңыздылығына баса назар аударды.
Тікелей шет ел инвестицияларын экономиканың перспективалы
салаларына бағыттау қажеттілігін, атап айтқанда экологиялық
туризм саласына тарту қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар,
елбасы туризм саласы жоғары дамыған мемлекеттерде туристік
кластер ішкі жалпы өнімнің 10% құрайтынын, біздің елде бұл
көрсеткіш 1% төмен екендігін атап өтті. Елбасы туризм саласын,
оның ішінде экологиялық туризмді дамытудың ел экономикасы
үшін аса маңыздылығын айтып, аталмыш саланы дамыту бойынша
нақты тапсырмалар жүктеді. Ең алдымен, экологиялық туризм
бойынша мемлекет аумағындағы барлық тартымды аймақтарды
анықтау қажет. Сонымен қатар, Алматы қаласында əлемдік
стандарттарға сай шаңғы курортын дамыту жобасын баса назарға
алды. Зерттеулер бойынша, шаңғы курортына келген турист
жағажайда демалушы туристке қарағанда алты есе көп ақша
жұмсайды [4].
Елбасы ел экономикасының қарқынды дамуы үшін жалпы
туризм саласын, оның ішінде экологиялық туризмді дамытудың аса
маңызды екендігін түсіндірді. Себебі туризм экономиканың 32
басым салаларының бірі болып табылады. Алайда экологиялық
туризмнiң басқа туризм түрлерiне қарағанда табиғи ортаға əлсiз
əсерiне жəне кең дамыған инфрақұрылымды қажет етпейтiнiне
қарамастан, осы бағыттың дамуы күрделi қиындықтарға ұшырауда,
ол рекреациялық-туристiк инфрақұрылымның көп бөлiгiнiң əлi
қалыптасу кезеңiнде болуына байланысты. Дүниежүзілік туристік
ұйымның соңғы кездегі таратқан мəліметтеріне қарағанда, осы
саламен айналысатын мемлекеттер қазынасына сырттан түсетін
инвестицияның 10 пайызға жуығы тек біз сөз етіп отырған табыс
көзінің еншісіне тиесілі екен. Сондықтан да туризмнен түскен кіріс
дүние жүзі бойынша əлі күнге дейін мұнай экспорты мен көлік
сатудан кейінгі үшінші орынды иеленіп келеді. Экологиялық
туризмнің басқа туризмдерден принциптік айырмашылығы –
табиғатта туристердің берілген тəртіпке бағынуы, табиғи
ландшафттарды шамадан тыс ластаудан қорғау жəне индустриялық
туризм дамуының басты шарты болып табылатын табиғи
ресурстардың деградациясын болдырмау.
Өзіндік ерекшеліктері бар Қазақстанның экологиялық туризмі
бəсекелестік туризм индустриясын құруға үлкен мүмкіндіктерді
береді. Бұған мүмкіндік туғызатындар:
1.аймақтың пайдалы геосаяси жағдайы халықаралық туристік
жəне коммерциялық тасқындар өтуінің мүмкіндігін сол территория
арқылы туғызу;
2.саяси тұрақтылық, демократиялық қайта құру, экономикалық
реформалар өткізу;
3.табиғи ландшафтыладың əралуандылығы, экологиялық туризм
ұйымдарына жануарлар мен өсімдіктер əлемі;
4.мəдени-тарихи үзілістік ресурстардың əртүрлілігі;
5.еркін еңбек ресурстарының болуы.
Сонымен қатар, экологиялық туризмнің дамуының көптеген
мəселелері бар. Қазіргі уақытта Қазақстандағы жұмыс істеп жатқан
туризм жүйесі туристердің барлық сұранымдарын қамтамасыз
етуге мүмкіндіктері жоқ. Үзілістік ресурстардың молшылығы өте
күрделі материалдық базаның құрылғанын қалайды. Экологиялық
туризм сияқты географиялық мəселелер бүтіндей туризм екеуі
өзара бір-бірін толықтырып комплексті шешім қабылдауды талап
етеді. Туризмнің басқа түрлері секілді экологиялық туризмнің де
дамуы қонақ үйлер құрылысы, туристік базалар, кіріс жолдар,
тамақтану пунктері, жарнама өнімін даярлау жəне басқа да
мақсаттарды
қаржыландыру
жəне
материалдық-техникалық
құралдармен қамтамасыз етілуге байланысты. Күзетілетін табиғи
аймақтарда экологиялық туризм дамып келеді. Қазіргі уақытта олар
қаржылық жəне материалдық көмекке зар.
Қазақстандағы
экологиялық туризмнің əлсіз дамуының
себептеріне келесілерді жатқызуға болады:
1.ең маңызды жəне комплекстік мəселе экологиялық туризм
мен туристік қызмет нарығы жағдайын дамыту, материалды-
техникалық базаның жағдайына, сонымен қатар потенциалды
сұраныс масштабының сəйкес келмеуіне байланысты. Осыдан
келесі мəселе туындайды – осы туризм саласындағы мамандардың
жоқтығы;
2.экологиялық туризмнің нормативті-құқықтық базасының
дамымағандығы;
3.экологиялық туризмнің обьектісінің жағдайы мен саны
жөніндегі статистикалық есептің болмауы;
4.салық саясатының жетілмегендігінің нəтижесінде туристік
қызметке шетел туристерін қабылдайтын жəне отандық туристерді
шетелге жіберілуін жүргізетін туристік фирма қызметінің сипатын
шектеусізден 20 % көлемінде қосымша құнға салық салынады;
5.ерекше қорғалатын табиғи территориялардың көпшілігінде
экологиялық туризм маршруттарын дамытуға қаражаттың
жоқтығы, келушілерге қызмет көрсететін жəне ақпарат беретін
дайындықтан өткен кадрлардың жоқтығы;
6.магистральдар мен жолдарды айтарлықтай алыста орналасқан
экологиялық туризм обьектілеріне көліктің жетуінің төменділігі;
7.экологиялық
туризм
саласындағы
халықаралық
қатынастардың жəне экологиялық туризмді ұйымдастырудағы
халықаралық тəжірибенің болмауы.
Осы арқылы Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы
республикадағы барлық табиғи шаруашылық кешенінің сəтті
дамуына, сондай-ақ басты əлеуметтік-экономикалық елдің мақсаты
– қоғамның тұрақты дамуы мен салауатты өмір салты болуы үшін
қоршаған.
Экологиялық туризм негізделген келесі арнайы ұстанымдар
анықталған:
− табиғи жəне мəдени мұраны сақтауға белсенді үлес қосу;
− жергілікті қоғамдастықтарды жоспарлау мен дамыту
үрдісіне жəне экотуризмді ұйымдастыру бойынша іс-əрекеттерге
қатыстыру, əрі олардың бұл қатысудан пайда алуын қамтамасыз
ету ;
− туристер арасында олардың орналасқан жерінің табиғи
жəне мəдени құндылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
− шағын ұйымдастырылған топтар мен өз бетімен саяхаттайтын
туристерден тұратын кішігірім туристер ағымдарына бағытталу
[5].
Қазақстанда экотуризмді дамытуға қатысты келесі негізгі
ұсыныстарды атап көрсетуге болады:
1. экотуризмнің даму мəселелерін мемлекеттік, салалық жəне
аймақтық стратегияларға, ЕҚТА бойынша бағдарламалар мен
жоспарларға жəне жеке ЕҚТА басқару жоспарларына енгізу.
Оның ішінде пилоттық жобаларға қаржыны бөлу жəне
экотуризмді дамыту бойынша іс-əрекетті жүзеге асыратын
субъектілерге арналған ынталандыру шараларын ұсыну (ЕҚТА,
туроператорлар) мəселелерін де енгізу ;
2. экотурөнімдерге қатысты , сонымен бірге экотуризмді жүзеге
асыру, жылжыту жəне қалыптастыру бойынша іс-əрекетті жүзеге
асыратын ЕҚТА мен туроператорлардың əрекетіне қатысты
критерийлерді анықтау;
3. экотуризм бойынша іс-əрекетті жүзеге асыратын
туроператорлардың жəне турөнімдердің ерікті экосертификаттау
схемасын əзірлеу жəне енгізу;
4. нарықта экотурларды əзірлеу мен ұсыну бойынша
ақпарттық жəне əдістемелік көмек көрсету ;
5. туризмнің қоршаған табиғи жəне əлеуметтік ортаға кері əсерін
анықтауға оңтайлы жолдарын табу ;
6. жергілікті қоғамдастықтар негізінде экотуризмді
ұйымдастыру арқылы жергілікті тұрғындарды қатыстыру жəне
ақпараттандыру;
7. экотуризм мəселелері бойынша туристік қызмет көрсетуді
ұсынатын ұйымдардың қызметкерлерін оқыту;
8. экологиялық туризмнен келетін табысты табиғатты сақтау
мақсатына қолдану;
9.
экологиялық
туризмді
дамыту
бойынша
жергілікті
қоғамдастықтардың қатысуы;
10. туристерге экологиялық туризм бойынша ақпараттық жəне
білім беру аспектілері;
11. экотуризмде көліктің экологиялық таза түрлерін, энергияның
балама көздерін, энергияны жəне ресурстарды үнемдеу,
қалдықтарды қауіпсіз жоюмен байланысты мəселелер
табылады .
Қазақстанның
экологиялық
туризміне
қызығушылық
танытатын туристердің нысаналы топтары:
1.жабайы, адам қолы тимеген табиғатты жəне таңғажайып
ландшафтты ұнатушылар;
2.зерттелмеген туристік бағыттарды ұнатушылар, алғашқы
ашушы болуға ниетті білімқұмар туристер.
Экотуризм табиғи аумақтарға туристік ағындарды көбейтуге
бағдарланбаған, ол табиғатты сақтап қалуға мүмкіндік береді,
тиісінше қоршаған ортаға теріс əсер етуі ықтимал инвестициялық
жобаларды іске асыруды талап етпейді.
Қазақстанның аумағында 118 ерекше қорғалатын табиғи аумақ
бар, оның ішінде 11-і мемлекеттік ұлттық парк, оларда экотуризмді
дамытуға бағытталған реттемелі туристік пайдалануға жол
берілген. Оның объектілерінің табиғи да, мəдени де көрнекті
жерлер, табиғи жəне табиғи-антропогенді ландшафтар болуы
мүмкін екенін есепке алсақ, сондай-ақ онда дəстүрлі мəдениет
қоршаған табиғи ортамен бірыңғай тұтастықты құрайтынын есепке
алсақ, экологиялық туризмді дамыту табиғи аумақтарға қаржылық
қолдауды қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар оларды
сақтауға деген мүдделілікті туғызуға мүмкіндік береді.
Ауыл экотуризмінің де дамуға əлеуеті бар. Оны дамыту
ауылдық аумақтармен шектеліп отыр жəне ауыл шаруашылығы
өнімдерін өндіру жөніндегі қызметпен түсіндіріледі.
Көрсетілген туризм түрі шеңберінде Қазақстанда қонақжай
үйлер дами бастады, туристер оларға тоқтай отырып, ауылдық өмір
салтын сүреді, қазақтың күнделікті мəдениетімен жəне табиғи
көрнекті жерлерімен танысады.
Экотуристерді тарту жөніндегі əлемдегі алғашқы елдердің бірі
Кения болып табылады. Кения келген он адамның сегізі
экотуристік мақсатта келеді. Экотуризм туристік нарығы тез даму
үстіндегі Латын Америкасы елдерінде жəне Оңтүстік Америкада да
ерекше байқалады, бұл елдер инфрақұрылым құру, адам дамуы,
дамуы кенже қалған «қара» аудандарды көтеру, қоғамды одан əрі
демократияландыру салаларында экотуризмге маңызды үміт артып
отыр.
АҚШ-та халықаралық экотуризм сұранысының 1/2-інен астамы
тоғысқан. Экологиялық туризмнің сан алуан түрлері елдің өзінде де
белсенді дамып келеді. АҚШ-та ішкі де, халықаралық та
экотуризммен байланысты əлемдегі ең көп ұйымдар орналасқан.
АҚШ-та жəне басқа да дамыған елдерде экотуризмнің мемлекеттік
деңгейдегі ролі шағын болса да, оның өңірлік жəне жергілікті
деңгейдегі рөлі тұрақты түрде өсіп отырады. Экосаяхаттардан
түскен кірістер халықаралық туризмнен түсетін кірістің кемінде 10
%-ын құрайды.
Швейцария - соңғы он жылда тау шаңғысы туризмі бойынша
танымал ел, тау шаңғысы туризмі елге 20 млрд. АҚШ долларына
дейінгі көлемде кіріс əкеледі. Туризмнің осы түрі Альпі тауларын
белсенді пайдаланатын Италия мен Францияда, сондай-ақ Австрия,
Словения жəне Монтонегрода дамыған. Туризмнің осы бағытын
дамытуды жандандыруды Болгария мен Түркия сияқты елдер де
жоспарлап отыр.
Қазақстан үшін тау шаңғысы туризмін дамытудың жоғары
өзектілігі бар, оны дамыту жекелеген өңірлерде əлеуметтік-
экономикалық дамудың негізіне айналуы мүмкін.
Экологиялық туризм бүгінде – соңғы онжылдықта бүкіл əлем
бойынша кең тараған, қазіргі заманға сай туризмнің жаңа бір
бағыты
болып
табылады.
Экологиялық
туризмнің
танымалдылығына дəлел болатын фактілер, яғни экотуризмді одан
əрі дамытуға қызығушылық танытып жүрген атақты халықаралық
ұйымдар: Бүкілəлемдік Туристік Ұйым, Біріккен Ұлттар Ұйымы,
Бүкілəлемдік жабайы табиғат қоры, Халықаралық табиғат күзеті
одағы жəне табиғат ресурстары. Тұтастай алғанда, экологиялық
туризмге деген əлеуетті қызығушылық халықаралық нарықта 8,9
млн. адамды (немесе жалпы əлеуеттің 63 %) құрайды. Бұл туристік
өнім əлемдік туризм нарығында ең үздік тұғырға ие жəне
Қазақстанда дамыту үшін негізгілердің бірі болуы тиіс.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстанда экологиялық туризмді дамыту жөніндегі жетекшілік
Алматы, 2009 жыл.
2. 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының
жеделдетілген
индустриалды-инновациялық
дамуының
мемлекеттік бағдарламасының жобасы.
3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі www.stat.kz.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылығы
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты
бағыты» атты Қазақстан Халқына Жолдауы, 2012ж.
5. Ердавлетов А.Е. «География туризма» Москва: Финансы и
Статистика, 2001г.
Достарыңызбен бөлісу: |