8.1. ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ӚНДІРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ 8.1.1. ЭЛЕКТРЭНЕРГИЯЛЫҚ ЖҤЙЕЛЕР Кез келген ӛндірістің технологиялық процестері энергияны
қолданумен байланысты. Оларды орындау ҥшін энергетикалық ресурстардың
басым бӛлігі пайдаланылады. Ӛнеркәсіп кәсіпорнында электрлік энергия
маңызды роль атқарады. Ол – механикалық, жылу және ӛзге де энергия
тҥрлерін алудың кӛзі болып табылатын энергияның ең әмбебап тҥрі.
Электрлік энергия ӛзге энергия тҥрлерімен салыстырғанда бірқатар
артықшылықтарға ие:
Оны әр тҥрлі энергия тҥрлерінен оңай алуға болады және ПӘК
жоғары болатын ӛзге энергия тҥрлеріне тҥрлендіру оңай;
Электр энергиясын тҧтыну мен оны алу орындары бір-бірінен
алшақ орналасуы мҥмкін. Бҧл электрлік станцияларды энергиялық кӛздерге
жақын етіп қҧруға және ҥлкен ӛнеркәсіп қуаттарын олардан алшақ
орналастыруға мҥмкіндік береді;
Ҥлкен
қашықтықтарға
жеткізу
барысындағы
электр
энергиясының жоғалтымы аз, ал жеткізудің ӛзі лезде жҥзеге асырылады.
Электр энергиясын қолдану еңбек ӛнімділігін арттырады және
ӛндіріс процестерін автоматтандыруға мҥмкіндік береді;
Электр энергиясын қолдану халықтың тҧрмыс жағдайын
жақсартады, ӛйткені ол экологиялық тҧрғыдан таза және тҧтыну жағынан
ыңғайлы.
Электрлік энергияны ӛндіру, жеткізу, тарату және тҧтыну – бір
уақытта жҥретін бірыңғай процесс.
Электр энергиясын жинап алып, қоймада сақтау мҥмкін емес. Оны
берілген уақытта тҧтынушыға керек кӛлемде ӛндіру қажет. Сол себепті
электр энергия ӛндірісі ӛсу қажет немесе тҧтыну кӛлеміне сәйкес тӛмендеуі
қажет.