Индукциялық пеш –металл айнымалы электромагнитік өріске орналастырылып, нәтижесінде
металда оның электр тогы индукцияланатын электрлік балқыту пеші.
Плазма – оны түзуші зарядталған бөлшектердің оң және теріс зарядтарының тығыздығы бірдей
болатын иондалған газ.
Сәулелену –квант теориясында сәулелену атомдардың, молекулалардың, және басқа кванттық
жүйелердің бір күйден екінші күйге ауысуы кезінде фотондардың пайда болуы ретінде
қарастырылады. Индукцияланған сәулелену, спонтанды сәулелену, тежеуші сәулелену,
сонымен бірге жылулық сәулелену, люминесценция және жарықтың комбинацияланған сөнуі
болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |