Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015


«ӘЛЕМДЕ ЕКІ АПТАНЫҢ ІШІНДЕ БІР ҰЛТ ЖОЙЫЛЫП



Pdf көрінісі
бет181/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

 «ӘЛЕМДЕ ЕКІ АПТАНЫҢ ІШІНДЕ БІР ҰЛТ ЖОЙЫЛЫП 

ОТЫРАДЫ»

–  Жаһандану  дәуірінде  қазақ  ұлт  ретінде  жойылып  кетпеу 

үшін кезек күттірмейтін қандай істерді атқарғанымыз жөн?

–Жаһандану дәуірі адамзаттың алдына жаңа міндеттер жүктеді. 

Жаһандану  талабының  қатаңдығы  сол,  ол  бәсекеге  негізделген. 

Ұлт мықты болған жағдайда ғана, аман қалып, әрі қарай өмір сү-

руін  жалғастырады.  Әлсіздері  ұлт  ретінде  өмір  сүруді  тоқтатуға 

мәжбүр болады. Дамыған елдердің санатындағы Франция, Герма-

ния, Ресей сияқты елдердің өзі жаһандану жолында жұтылып кет-

пеу үшін қам-харекеттерін жасап жатыр. 

Бүгінде әлем бойынша 6 мыңнан астам тіл болса, шамамен 2015 

жылға дейін бүкіл әлемнің 50 пайызға жуығы бір тілде сөйлейді 

екен. Ал, осы ғасырдың аяғында 6 мың тілдің 10-ақ пайызы қалып, 

90 пайызы жойылады деген болжам бар. Қазіргі күні екі аптада 1 

тіл жойылып отырады екен. Демек,бұл дегеніміз –  2 апта сайын 

бір ұлт жойылып отырады деген сөз. Сол 10 пайыздың ішінде қа-

зақтың тілі қала ма, қалмай ма,  бұл жағы бізге белгісіз. Бізді осы 

мәселе  мазалайды. 

Тілімізді сақтап қалу үшін біз барымызды салуымыз керек. Ол 

үшін нақты қадамдардың бірі ретінде, ортақ әліпби мәселесін қол-

ға  алуымыз  қажет.  Бұл  тұрғыда  түркілік  түбір  сөздерді  көбірек 

пайдаланатын ортақ әдеби тіл жасаудың маңызы зор. Бұрын мем-

лекетаралық, халықаралық, ұлтаралық соғыс болатын болса, қазір 

мәдениетаралық  соғыстың,  ақпараттық  соғыстың  жүріп  жатыр. 




394

Ұлт  болған  соң,  жойылуды  ешкім  де  қаламайтыны  сөзсіз.  Елдің 

бәрі мәңгі өмір сүргісі келеді. 

Ел  егемендігін  алғаннан  кейін  көп  мәселелер  шешімін  табады 

деп күтілді. Бірақ, қазақтың елінде, қазақтың жерінде қазақ тілінің 

жағдайы  әлі  күнге  дейін  көңіл  көншітпейді.  Заң  жүзінде  қазақ 

тілінің  мемлекетік  мәртебесі  болғанымен,  іс  жүзінде  олай  емес. 

Қазіргі БАҚ-ның 3-5-ақ пайызы, Қазақстан телеарналарында көр-

сетілетін фильмдердің 3-ақ пайызы ғана қазақ тілінде екен. Масқа-

ра ғой. Тәуелсіз бір де бір елде мұндай жағдай жоқ. 

Қазақ  тілі  –  әлемдегі  бай  тілдердің  бірі.  Әлемдегі  сөздік  қоры 

ең бай араб тілінде 1 миллион 200 мың сөз, ал екінші орындағы 

ағылшын тілінде 750 мың сөздік қоры болса, үшінші орында 500 

мыңнан аса сөздік қоры бар қазақтың тілі тұр. Осындай бай тілді 

қайткен күнде де қорғап қалуымыз керек.      

Жаһандану деп отырғанымыз – тіл арқылы бүкіл әлемді жаулап 

алу. Ашығын айтқанда, ағылшын тілі бүкіл әлемді жаулап алуды 

алдына  мақсат  етіп  қойып  отыр.  Қазіргі  кезде  шет-шегі  жоқ  ға-

ламтор әлемінде ақпараттық майдан жүріп жатыр. Тәуелсіздігіміз-

ге қауіп төндіріп, ел ішіне іріткі салатын, ұлттық мүддемізге қай-

шы келетін, ақпарат көздерін саралап, тосқауыл қоюдың қандай да 

бір жолдарын қарастырғанымыз жөн. 

Бүкіл  әлемді бір  оқ  шығармай,  қанын  шығармай,  жалмап  келе 

жатқан  жаһандану  атты  жалмауызға    жұтылмаудың  бірден-бір 

жолы – латын әліпбиіне көшу арқылы түбі бір түркі әлеміне жа-

қындаса түсу болып отыр.  Жаһандану дәуірінен түркітектес ха-

лықтар бас қосып, бірігетін болсақ қана, аман қаламыз. Біз үшін 

басқа жол көрінбей тұр. Ол үшін түркітектес халықтар бірін-бірі 

түсінетіндей  ортақ  әліпби  жасалуы  керек.  Бұл  тұрғыда  латын-

ға  көшсек,  ертеңгі  күніміз  қалай  болады  деп  алаңдаудың  қажеті 

жоқ. Мәселен, Әзірбайжан халқы латынға көшу арқылы орыстың 

отарынан қалған қалдықтардың бәрін лақтырып тастады деуге бо-

лады. Өйткені оларда біздегідей орыс тілін қайткен күнде де білу 

керек деген түсінік жоқ. Шет тілдерінен ағылшын тілін меңгеруді 

жолға қойған олар, біз сияқты өзге ұлттардың қамын ойламай, өз 

ұлтының дамуына ерекше басымдық беріп отыр. Сондықтан, олар-

дан үлгі алуға әбден болады. Біз де ешкімнен кем ұлт емеспіз, бізге 

де бодандық қамытын шешіп, санамызға бір сілкініс жасайтын кез 

келді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет