Дениет негіздері



Pdf көрінісі
бет55/92
Дата06.01.2022
өлшемі1,52 Mb.
#11482
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   92

Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы 
и институты развития
§ 9.1. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың 
сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  сана-сезімін  қалыптастыру 
ерекшелігі 
Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  сана-сезімін  қалыптастыруды  құқықтық  мәдени 
тәрбиеден  бастаған  жөн.    Құқықтық  мәдени  тәрбиелеу  –  Бала  құқығы 
туралы  конвенцияны  ратификациялаған  мемлекеттің  міндетті  саяси 
бөлігі болып табылады. БҰҰ негізгі құжат ретінде қабылдаған,  әлемдік 
қоғамдастық таныған «Бала құқығы туралы конвенция» баланы дербес 
құқық субъектісі деп жариялайды. Бірақ, бала құқықтарын іске асыруды 
құқықтық  қорғау    заңдарын  қабылдау  және  олардың  орындалуын 
қамтамасыз  етудің  тетіктерін  құру  арқылы  қол  жеткізу  мүмкін  емес. 
Дегенмен, барлық қоғамның, ересектер мен балалардың, әрбір адамның 
баланы  өз  құқықтары  мен  міндеттері  бар  дербес  тұлға  ретінде  тануы 
маңызды болып табылады. 
Құқықтық  тәрбие  –  баланың  құқықтық  тұрғыдан  тәрбиесін  қалып-
тастыру  мақсатында  баланың  санасы  мен  әрекетіне  мақсатты 
және  жүйелі  әсер  ету,  яғни  мектепке  дейінгі  балалар  мен  кіші 
мектеп  жасындағылардың  терең  және  орнықты  құқықтық  білімдер 
мен  сенімдердің  болуы  мен  оларды  қалыптастыру  дәрежесімен 
сипатталатын,  тұлғаның  кешенді  сапасын  білдіреді,  ал  оны  күнділікті 
тіршілікте іске асыру қоғам талаптарына сай келеді [5; 6].
Баланың  өзін-өзі,  өз  әрекетін  бағалай  білмеуі  оның  рухани  сана-
сезімін қалыптастыру қиындығының бірі болып табылады. Ол өзін-өзі 
қайраткер  ретінде  сезінуі  мүмкін  (зерделі  –  зердесіз,  әдемі  жазады  – 
жазуы шимай), бірақ балалардың өзін тұлға ретінде бағалау тетігі 12 жасқа 
дейін, кейбіреуінде одан да кеш оянады. Ал рухани әрекет негізінде осы 
тетік болады. Рефлексия – бұл өз әрекетін сезіну және бағалау қабілеті.  
Бұл өте құнды қасиет.
Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  рефлекстік  құрылымын  дамыту 
тәсілдерінің бірі – баланың өзін әдеби персонажбен салыстыру арқылы 
өзін-өзі  бағалауын  қалыптастыру.  Біз  рухани  әрекет  туралы  атқан 
кезде біз бағалау критерийлерін қолдануға мәжбүр боламыз. Бұл ретте  
көбіне адамның өзі емес оның әркез «жақсылық пен жамандық» деген 
санатпен айқындауға болатын әрекеті бағаланады. Екінші жағынан әрбір 
адам, оның ішінде бала да өз әрекетін осы эталондармен салыстырады. 
Алайда, балаға өз әрекетін теріс полюспен салыстыру қиын. Егер бала 
бұл эталонмен салыстырса, онда көбіне бұл формальды түрде жасалады. 
Ол  әділетсіздік  жасай  отырып,  өзін  ақтайтын  сылтау  табады.  Әрекетті 
бағалау  кезінде  баланың  жаман  әрекеті  үшін  алаңдаушылығын  туғызу 
проблема болып табылады.   
Классикалық  балалар  әдебиеті  баланың  жас  кезден-ақ  кітап 
кейіпкерлеріне еліктеу, аумалы заманда дұрыс бағдар алуына көмектесетін 
әрекетін реттеу үшін құнды мәлімет береді. Мұндай жұмысты интерактивті 
әдістердің  жәрдемімен  де  (ойындар,    мультфильмдер,  комикстер  және 
т.б.) ұйымдастыруға болады.   
71


ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
5-6  жастағы  балалар  (мектепке  дейінгі  жоғары  жас)  өзіне  қатысты 
да  басқаларға  (достары,  туыстары)  қатысты  да  әділетсіздікті  толықтай 
түйсініп, сезінеді. Әділдік сезімі көрінісіне сүйене отырып, баланың  кез 
келген адамның және өзінің құқықтары мен міндеттерін түсінуіне есеп 
жасауға болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік мүмкіндігі 
шынайылықтың алуан саласындағы елеулі байланыстар мен тәуелділікті 
көрсететін түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Тұлғаның дамуы саласындағы психологиялық зерттеулердің авторлары 
өзі,  өзінің  «Мені»  туралы  ұғымның  құндылығы  мен  маңыздылығын 
дәлелдеп  берді.  Олардың  тұтастай  «Мен  образын»  құрудағы,  ілгерінде 
өзін-өзі бағалау қабілетінің пайда болуындағы, өзін-өзі жасампаздыққа 
бастау қабілетін дамытудағы рөлі көрсетілді [1].
Құқықтық  мәдениет  бойынша  материалды  балалардың  игеру 
тиімділігін  арттыру  үшін:  «Баланың  құқықтары  туралы  декларация», 
«Баланың  құқықтары  туралы  конвенция»    сияқты  әлеуметтік  құжаттар 
жөнінде әңгіме құру түрінде алдын ала сауат ашу жұмысын жүргізу қажет.
Белгіленген  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  іс-шаралар  барысында 
оқытудың:  көрнекі  (бала  құқықтары  туралы  плакаттар,  ертегілерге 
иллюстрациялар,  «Баланың  құқықтары  туралы  декларация»,  «Баланың 
құқықтары  туралы  конвенция»),  ауызша,  ойын,  проблемалық  оқыту, 
практикалық әрекет әдісі сияқты оқыту әдістерін пайдаланған орынды.  
Қызмет  соңында  мына  тақырыптарға  сурет  салу  конкурсын  өткізуге 
болады:
«Мен және менің құқықтарым», «Бақыт қаласы», «Демалысымды қалай 
өткіздім»,  «Мен  және  менің  отбасым»  және  т.б.  Білім  беру  қызметінің 
мұндай  мазмұны  өз  құқықтары  мен  міндеттеріне  қызығушылықты 
дамытуға,  әлеуметтік  әрекет  дағдыларын  қалыптастыруға  бағытталған 
[2].
Балаларға  тікелей  білім  беру  қызметін  олардың  қызығушылығына, 
даму  деңгейіне  сүйеніп,  сондай-ақ  олардың  жеке  ерекшеліктері  мен 
бастамаларын  ескере  отырып,  құрылуға  тиіс.  Балалардың  өз  әрекетіне 
жауапкершілігі пайда болады, өйткені құқықтар мен міндеттердің нақты 
шегін  айқындай  алады.  Құқықтық  білімдерді  өмірде  қолдана  отырып, 
балалар өзінің әлеуметтік тәжірибесін кеңейтіп, өз құрбы-құрдастарымен 
және  ересектермен  жанжалсыз  байланысуды  үйренеді,  үйдегі  және 
қоғамдық орындағы жүріс-тұрыс нормасын игереді.  
Кіші  мектеп  жасындағы  баланың  елеулі  тану  қызығушылығын 
жандандыру,  өз-өзіне  сенімді  болуына,  ерік-жігерін,  адамдарға 
қайрымды  қатынас  қалыптастыру,  өзін  Жер  Шарының  және  өз  елінің 
азаматы ретінде сезінуіне ықпал ету қажет.    
Кіші  мектеп  жасындағылар  үшін  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 
сауат  ашу  мақсатында  «Өзін-өзі  тану»  пәні  аясында  арнайы  сағаттар 
енгізуге болады. Жасампаз, үйретуші және ойын әрекеттері, тәрбие іс-
шараларын, практикумдар мен сюжетті-рөлдік ойындар мейлінше тиімді 
және  пәрменді  болады.  Бірінші  кезекте  имитациялық  және  іскерлік 
ойындар ұйымдастыру қажет, оның шеңберінде білім алушылар белгілі 
бір билік өкілеттіктеріне ие болып, оны ойын барысында іске асырады.
72



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет