СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
8
Ежелгі Үндістанда біздің эрамызға дейінгі ІІ ғасыр мен біздің
эрамыздағы ІІ ғасыр арасында брахман мектептерінің бірі құрастырған
Ману Заңдары ежелгі үнді құқығының ескерткішін, брахманизмнің
діни және этикалық догматтарына сәйкес үндістердің жеке және
қоғамдық өміріндегі мінез-құлқын реттейтін нұсқаулар мен ережелердің
жинағы білдіреді, сонымен қатар мемлекетті басқару және сот өндірісі
бойынша өсиеттерді қамтиды.
Заңдар судья шенеуніктерін «сот өндірісінің қағидаларын басшылыққа
алуға» шақырды және «әділетсіз шешім шығарып, аспанға қол жеткізуді
білдіретін мәңгілік рахаттан айырылуға болатынын» есте сақтауды
ескертеді [2].
Сыбайлас жемқорлық туралы кең ауқымды мәліметтер антик дәуірінің
мұрасында кездеседі. Ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель өз
жұмыстарында бірнеше рет билікті асыра пайдалану мен парақорлық-
тың қоғамның экономикалық, саяси және рухани өміріне күйретуші
және бұзушы ықпалы туралы ескерткен, пайдакүнемдік – мемлекеттік
басқаруда жол берілмейтін, сыбайлас жемқорлықтың себептері деп
атаған.
Аристотель «Саясат» деген еңбегінде сыбайлас жемқорлықты
мемлекетті күйретуге әкелмесе де, азғындауына әкелетін маңызды
фактор деп атап көрсеткен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті
Аристотель мемлекеттік тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізі деп
санаған: «Кез келген мемлекеттік құрылыста ең бастысы – бұл заңдар
және қалған тәртіп арқылы істі лауазымды адамның пайда таба
алмайтындай етіп құру керек» [3].
Кейіннен Гегель былай деп атап көрсетті: «Афинада әрбір азаматтың
қандай қаражатқа өмір сүретіні жөнінде есеп беруге міндеттейтін заң
болған, ал қазіргі кезде бұнда ешкімнің шаруасы болмауы тиіс дейді» [4].
Рим құқығында «сыбайлас жемқорлық» заң нысанын иеленді.
Бұған мысал ретінде рим құқығының жиынтығын – XII кестелер Заңын
(біздің эрамызға дейінгі V ғасыр, латынша leges duodecim tabularum)
келтіреміз, онда «corrumpere» термині соттағы жауап беруді ақшаға
алмастыру немесе судьяны параға сатып алу деген мағынада
пайдаланылады: «Сот ісін жүргізу кезінде (істі талқылау үшін) тағайындал-
ған және осы іс бойынша ақша сомасын алған деп айыпталған судья немесе
делдалды өлім жазасына кесетін заң қаулысын қатал деп есептейсің бе?» [2].
Орта ғасыр кезеңінде «сыбайлас жемқорлық» ұғымы шіркеулік,
канондық мәнді иеленіп, «азғыру», «шайтанның азғыруы» және
«күнә» ретінде теологиялық бағытта болды. Латын сөзі «corruptibilitas»
адамның баянсыздығын, бұзылуға бейімделуін білдіреді.
Католицизм дін
оқуындағы сыбайлас жемқорлық күнәһарлықтың көрінісіне айналды.
Италия ойшылы мен саясаткері Н. Макиавелли (1469-1527 жж.)
еңбектерінде сыбайлас жемқорлықты пайымдауға маңызды серпін
берілген. Өзінің «Билеуші» атты еңбегінде (1513 ж.) ол сыбайлас
жемқорлықты «жария мүмкіндіктерді жеке басының мүддесіне қарай
пайдалану» ретінде анықтады, сыбайлас жемқорлықты алдын ала қиын
анықталатын, бірақ жеңіл емделетін, ал
ол асқынып кеткенде,
анықталуы
оңай, бірақ емделуі қиын аурумен салыстырған [5].
1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ,
ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН
ФУНКЦИЯЛАРЫ
9
Ағылшын мемлекеттік қайраткері және философы Т. Гоббс (1588–
1679 жж.) «Левиафан» атты еңбегінде (1651 ж.) былай деп жазады:
«Өз байлығына былыққан адамдар қылмыстарды батыл жасай береді,
себебі олар мемлекеттік әділетпен сыбайласу арқылы жазадан қашып
құтыламын немесе ақшаға не басқа да сыйақы түрімен кешірім аламын
деп үміттенеді». Гоббс бойынша сыбайлас жемқорлық «барлық уақытта
да және кез келген қызықтырып азғындау кезінде барлық заңдарға
деген жек көрушілік туындайтын тамыр» [6]. XVII ғасырдың ортасында
жасалған осы тұжырым ХХІ ғасырда да өзекті болмақ.
Неміс философы М. Вебер (1864-1920 жж.) сыбайлас жемқорлық
туралы ұғымның дамуына өз үлесін қосты. «Саясат міндет және кәсіп
ретінде» (1919 ж.) еңбегінде ғалым саясаттан өзінің кәсібін және
міндетін жасаудың екі тәсілін бөліп көрсетті: «не саясат «үшін» өмір
сүру, не саясат «есебінен» өмір сүру... Саясат «есебінен» кәсіп ретінде
оны тұрақты табыс көзіне айналдыру тырысатындар, ал саясат «үшін»
өзге мақсатты көздейтіндер өмір сүреді» [7]. Вебер парақорлық пен
сыбайлас жемқорлық орта ғасыр қоғамына тән әкімшілік аппараттың
ажырамас қасиеті деп санады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы алғашқы ескертулерді
тарихшылар біздің эрамызға дейінгі XXIV ғасырға – шенеуніктердің
тарапынан асыра сілтеушіліктің жолын кесу мен сыбайлас жемқорлық
іс-әрекеттер үшін жауапкершілік белгілейтін мемлекеттік аппарат
реформасын ұйымдастырған шумер билеушісі Урукагиннің уақытына
жатқызылады.
Осылайша, шамамен төрт мыңжылдық бұрын Ежелгі Вавилонда
парақорлық үшін жауапкершіліктің болғанын Хаммурапи патшаның
заңдары, сондай-ақ египет фараондарының заңдары көрсетеді.
Сыбайлас жемқорлық Рим империясы тұсында да нақты айқындалған,
ол XII кесте Заңдарында көрініс тапты. Рим империясының құлдырау
себептерінің бірі – сыбайлас жемқорлық болған. Сол кезеңде мемлекеттік
орындарда, мемлекеттік лауазымдарға тағайындау кезінде парақорлық
жайлаған. [8].
Мемлекеттік басқару өнері бойынша ежелгі үнді «Артхашастра»
трактатында (біздің эрамызға дейінгі IV ғасыр) патша алдында тұрған
маңызды міндет қазынаны тонауға қарсы күрес болып табылады деп атап
көрсетілген. Трактатта қазынаны тонаудың 40 тәсілі санап көрсетілген
және айлакер шенеуніктердің айласынан гөрі аспандағы ұшатын құстың
жолын болжау оңай, ал бұл қазіргі заман үшін де. Қазынаны тонауға
қарсы күрестің негізгі құралы – аңду болды [2].
Сыбайлас жемқорлық туралы шығыс өркениетінде де айтылған.
әль-Фараби шенеуніктер өз лауазымдарына қабілеттеріне қарай
орналасуы қажет деп санаған.
ХІІ ғасырдағы Қытайдың саяси қайраткері Ванг Анши сыбайлас
жемқорлықтың негізгі себептерінің бірі ретінде нашар заңнама мен
нашар шенеуніктер деп көрсеткен [9].
Бұл – ежелгі дәуірдің өзінде көрнекті ойшылдардың өзі саламатты
дамушы қоғам құруға мүмкіндік беретін ашық және адал қатынастарға
шақырған, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің әлеуметтік феномені
ретінде нақты және сыйымды анықтамасын табуға тырысқан және
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
10
ғылымда танымал үлгілерден сыбайлас жемқорлық дендеген қоғам
үлмемлекеттік және халықаралық институттарының беделін түсіреді.
Ол заң үстемдігіне, демократия мен адам құқықтарына қатер төндіріп,
билікке, мемлекеттік басқару, теңдік пен әлеуметтік әділдік қағидаттарына
нұқсан келтіреді, бәсекелестікке кедергі келтіреді, экономикалық
дамуды қиындатып және демократиялық институттардың тұрақтылығы
мен қоғамдық моральдық ұстанымға қауіп төндіреді.
Осындай жағымсыз үрдістерді жою үшін мемлекет сыбайлас
жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
заңнаманы қалыптастыруға кірісті.
Достарыңызбен бөлісу: