Дениет негіздері


§ 9.3 Студенттік жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-



Pdf көрінісі
бет61/92
Дата06.01.2022
өлшемі1,52 Mb.
#11482
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92
§ 9.3 Студенттік жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-
сезімін қалыптастыру ерекшеліктері
Студенттік  жастар  –  қоғамымыздың  ең  дамушы,  серпінді,  тез 
қимылдаушы  бөлігі.  Нақ  осылар  келешекте  өндіріс  саласында  да, 
басқару саласында да  орындарды иеленуші болмақ және оның белсенді 
қоғамдық ұстанымы мен сыбайлас жемқорлық төзбеушілігіне  еліміздің 
өсіп-өркендеуі мен прогресивті дамуы байланысты болады. Жастардың 
сыбайлас  жемқорлықты  проблема  ретінде  сезінуі  және  мықты 
қалыптасқан  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  әрекет  тиісті  стандарттар 
мен қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруға қабілетті, олар келешекте 
мемлекеттік басқару сапасына оң әсер ете алады.  
Құқықтық  мемлекеттік  құрудың  міндеттеріне  толық  көлемде  сай 
келетін  жастардың  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетінің 
қалыптасуындағы  негізгі  рөл  жоғары  білім  беру  жүйесіне  тиесілі. 
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  проблема  айқын  әділетсіздік  актілеріне  
сергек ден қоятын студенттік жастар ортасында өте өзекті. 
Жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  кәсіби  білім  беретін 
мемлекеттік  білім  беру  мекемелерінде  басқару  қызметінің  құқықтық 
және  моральдық-этикалық  аспектілерін  зерделеуді  көздейтін  оқу 
пәндерін оқыту кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрамдас бөлікті 
күшейту  2015-2025  жылдарға  арналған  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 
іс-қимыл  бағдарламасының  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл 
шаралары.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті  қалыптастыру, 
білім беру мен тәрбие» атты бөліміндегі бірінші кезектегі міндеттердің 
бірі ретінде көрсетіледі. 
Білім  беру  бағдарламаларының  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 
құрамдас  бөлігі  сыбайлас  жемқорлықтың  саяси,  қоғамдық  залалын, 
оған қатысудың ықтимал салдарын түсіндіретін және студент жастардың 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға, олардың 
құқықтық  сана-сезімі  мен  құқықтық  мәдениеті  деңгейін  арттыруға 
бағытталған арнайы оқыту жүйесін құруды болжайды.
Студенттердің  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  құқықтық  сана-сезімін 
қалыптастыруда  тәрбие  процесіне  үлкен  орын  беріледі.  Сондықтан 
студенттердің  Қазақстан  Республикасының  сыбайлас  жемқорлыққа 
қарсы саясаты саласындағы және сыбайлас жемқорлық қатынастарының 
келеңсіз  салдарлары  мен  қалыптасатын  сыбайлас  жемқорлыққа 
қарсы  ұстаным  туралы  студенттердің  білімін  молықтыратын  сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы бағыттылықтың әлеуметтік маңызды іс-шараларын 
(акциялар,  қозғалыстар,  тренингтер,  пікірталастар,  конференциялар) 
жоспарлау және өткізу аса маңызды. Бұл міндет тәрбие процесіне жауапты 
жоғары  оқу  орындары  қызметкерлеріне  де,  тікелей  студенттердің 
өздеріне және олардың қоғамдық бірлестіктеріне де жүктелуі тиіс.
Білім алушылардың ғылыми зерттемелеріне, сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы  іс-қимыл  бойынша  шешімдерді  дербес  іздеуіне  және  сыбайлас 
жемқорлық,  оның  себептері  мен  оған  қарсы  күрес  әдістері  бойынша 
өз  пайымдарын  таныстыруға,  сондай-ақ  олардың  жобалау  қызметіне 
тартуға үлкен рөл берілуге тиіс.  
76



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет