Дениет негіздері


§ 13. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық



Pdf көрінісі
бет77/92
Дата06.01.2022
өлшемі1,52 Mb.
#11482
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   92
§ 13. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық 
жауапкершілік
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Соңғы  онжылдық  мемлекетіміздің  «ұлттық  қауіпсіздігіне  тікелей 
қауіп төндіретін» негізгі көздердің бірін білдіретін сыбайлас жемқорлық 
мәселелерін  зерттеуге  және  жемқорлыққа  қарсы  күрестің  құқықтық 
шараларын жетілдіруге деген жоғары қызығушылықпен сипатталады [5].
Мемлекеттік билік органдарында сыбайлас жемқорлық азаматтардың 
конституциялық  құқықтары  мен  мүдделеріне  нұқсан  келтіреді,  демок-
ратиялық  ұстанымдары  мен  құқықтық  тәртіпті  бұзады,  мемлекеттік 
аппараттың қызметін төмендетеді, мемлекеттік реформаларды өткізуге 
кедергі келтіреді, сайып келгенде, азаматтардың билікке сенімін жояды. 
«Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы»  Заңның  2-бабының 
1-бөлігінде сыбайлас жемқорлық деп мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын 
адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық 
өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не 
мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, 
жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер 
мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды 
тұлғалардың  аталған  игiлiктер  мен  артықшылықтарды  құқыққа  қарсы 
беруi арқылы оларды сатып алуы ұғынылады [2].
Бұл  ретте,  ең  алдымен,  сыбайлас  жемқорлық  әкімшілік  құқық 
бұзушылық  пен  сыбайлас  жемқорлық  қылмыстық  құқық  бұзушылық 
арасындағы  салдардың  ауырлық  дәрежесі  бойынша  нақты  бағытты 
жүргізу қажет.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің халықаралық тәжірибесі сыбайлас 
жемқорлық  сипаттағы  әкімшілік  құқық  бұзушылық  үшін  әкімшілік 
жауапкершілікті  белгілейтін  ұлттық  заңнамадағы  нормаларды  белсенді 
дамытуды, қылмыстық жауапкершілік шараларының алдында алдын алу 
шараларының басымдығын дәлелдеп отыр. 
Мемлекеттік қызметшілердің моральдық мінез-құлық стандарттарын 
тәртіптік, қылмыстық және әкімшілік ықпал ету шараларының көмегімен 
тұрақты  қолдау  керек.  Мұндай  шаралар  қылмыстық  жауапкершілікке 
қарағанда тиімдірек, өйткені оларды қолдану жедел рәсімге байланысты; 
мемлекет тарапынан елеулі материалдық шығынды және құқық қорғау 
органдарының күш-жігерін талап етпейді; мемлекет ұстануы тиіс жазалау-
тәрбие  саясатының  негізгі  қағидаттарының  біріне  толық  сәйкес  келеді, 
жаза  неғұрлым  тиімдірек  болса,  соғұрлым  ол  тезірек  қолданылады. 
Сонымен қатар, жасалған құқық бұзушылық үшін жаза қолдану процесі 
ұзағырақ  болса,  ол  жазасыз  қалады  деген  ықтималдық  көп  болады  
[6, 47-52-бб.].
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге 
арналған  Құқықтық  саясат  тұжырымдамасында  әкімшілік  құқығының 
маңызды  құрамдас  бөлігі  ретінде  әкімшілік-деликт  құқығы  қаралады, 
оның дамуы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы жаңартумен 
байланысты.  Мұндай  заңдардың  негізіне,  Тұжырымдамада  атап 
көрсетілгендей,  адам  және  азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтары 


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
116
туралы,  тікелей  қолданыстағы  заңдардың  мәнін,  мазмұнын  және 
қолданылуын анықтайтын конституциялық нормаларды тану жатуға тиіс 
[7].
Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  заңнаманың  маңызды 
міндеттерінің  бірі  бұзылған  құқықтарды  қалпына  келтіру,  әкімшілік-
құқықтық  шаралармен  қоғамдағы  қақтығыстардың  алдын  алу  болып 
табылады.  Әкімшілік-құқықтық  санкцияларды  қалыптастыру  кезінде, 
Тұжырымдамада  қоғамдық  қауіптілік  деңгейінің  мөлшерін,  құқық 
бұзушылық  сипатын  бұлжытпай  сақтау,  әкімшілік-құқықтық  және 
қылмыстық-құқықтық  санкцияларды  айқын  шектеу  ұсынылады. 
Бұл  ұсынымдар  ерекше  өзекті,  өйткені  көбінесе  жасалған  құқық 
бұзушылық үшін  мөлшерлестік қағидатын бұзу, әкімшілік репрессивтік 
санкциялардың қылмыстық санкцияларға айналуы байқалады. Әкімшілік 
құқық  бұзушылық  мемлекеттік-биліктік  қатынастар  саласында, 
мемлекеттік басқару жүйесінде жиі көрініс табады.
2015  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілген,  Қазақстан 
Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа кодексінің, 
(бұдан  әрі  –  ӘҚБТК)  «Әкімшілік  құқық  бұзушылық  және  әкімшілік 
жауаптылық» 2-бөлімінің 3-тарауы 25-бабына сәйкес, осы Кодексте сол 
үшін  әкiмшiлiк  жауаптылық  көзделген,  жеке  тұлғаның  құқыққа  қарсы, 
кiнәлi  (қасақана  немесе  абайсызда  жасаған)  әрекетi  не  әрекетсiздiгi 
немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық деп танылады (1-тармақ). Егер бұл құқық бұзушылықтар 
өзiнiң  сипаты  бойынша  заңнамаға  сәйкес  қылмыстық  жауаптылыққа 
әкеп соқпаса, әкiмшiлiк жауаптылық туындайды (2-тармақ). 
Қазақстан  Республикасының  Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы 
кодексінде  бірқатар  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтар  үшін 
әкімшілік жауапкершілікті көздейтін бірнеше нормалар бар.
Бірақ айта өту керек, жауапкершіліктің басталмауы осы нормаларды 
бұзу  белгіленген  қағидалар  мен  тыйым  салуларды  толықтай  елемеуге 
әкеледі.  Бұл  сыбайлас  жемқорлық  әрекеттерге  жатады:  белгілі  бір 
мемлекеттік қызметші үшін моральдық-этикалық түсінік бойынша мүмкін 
емес нәрсе, егер  ол өзінің әріптестері үнемі солай әрекет етсе, мүмкін 
болып табылады.
Осы  Кодексте  сол  үшін  әкiмшiлiк  жауаптылық  көзделген,  жеке 
тұлғаның  құқыққа  қарсы,  кiнәлi  (қасақана  немесе  абайсызда  жасаған) 
әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекетi 
не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады [8, 1-б. 25-бап].
Өзге де әкімшілік құқық бұзушылықтардан айырмашылығы сыбайлас 
жемқорлық  құқық  бұзушылық  әрқашан  қасақана  әрекет  түрінде 
жасалады.
Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  кодексте  көзделген  әкімшілік 
сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтар  құрамын  ескере  отырып, 
әкімшілік  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық  деп  мемлекеттік 
функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаның немесе оған теңестірілген 
тұлғаның қоғамға әдейі қауіпті әрекеті, өзінің өкілеттігіне кіретін іс-әрекет 
(әрекетсіздік)  үшін  сол  тұлғаның  пайдасына  материалдық  игіліктерді 
жеке  өзі  немесе  делдал  арқылы  заңсыз  алудан  көрінуі,  сондай-ақ 


1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
117
егер  бұл  іс-әрекеттерде  қылмыстық  жазаланатын  іс-әрекет  белгілері 
болмаса, сыйақы ұсыну бойынша жеке тұлғаның қасақана іс-әрекеттері 
түсіндіріледі.
Бұл  ұғым  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтың  материалдық 
мазмұнын,  заңдық  табиғаты  мен  әлеуметтік  мәнін  ашады  және  сол 
арқылы  қоғамдық  қауіптілік,  құқыққа  қайшылық,  жазалану,  кінәлілік 
пен  қол  сұғушылық  объектісі  ретіндегі  оның    белгілерін  айқындайды   
[6, 47-52-б.].
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық құрамы Кодекстің 
34-тарауында баяндалған және алты бапта тіркелген:
– жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі (676-бап);
–  мемлекеттік  функцияларды  атқаруға  уәкілетті  тұлғаның  не  оған 
теңестірілген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы (677-бап);
– заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі (678-бап);
– мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының 
заңсыз  кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге  асыруы  және  заңсыз  кірістер  алуы 
(679-бап);
–  мемлекеттік  органдар  басшыларының  сыбайлас  жемқорлыққа 
қарсы күрес бойынша шара қолданбауы 680-бап);
–  бұрын  сыбайлас  жемқорлық  қылмыс  жасаған  тұлғалардың  
жұмысқа қабылдануы (681-бап).
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар құрамы.
Осындай  құқық  бұзушылықтардың  құрамы  өзара  негізделген  және 
өзара байланысты төрт элементтен тұрады: субъект, объект, объективті 
жағы және субъективті жағы.
Субъект  –  бұл  құқық  бұзушылық  жасаған  және  заңда  белгіленген 
белгілері  бар  құқықтық  жауапкершілікті  атқаруға  қабілетті  адам  [8,  26, 
28, 30-34 баптар].
Барлық  сыбайлас  жемқорлық  әрекеттер  оларды  арнайы  субъек- 
тінің – мемлекет функцияларын орындауға уәкілеттік берілген тұлғаның 
және оған теңестірілген тұлғаның жасауын болжайды. 
Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:
1)  мәслихаттардың депутаттары;
2)  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттiк  қызмет  туралы 
заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады.
3.  Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға: 
1)  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар;
2)  заңда  белгiленген  тәртiппен  Қазақстан  Республикасының 
Президенттiгiне,  Қазақстан  Республикасының  Парламентi  мен 
мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар, 
сондай-ақ  жергiлiктi  өзiн-өзi  басқару  сайланбалы  органдарының 
мүшелері;
3)  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша 
жұмыс  iстейтiн,  еңбегiне  ақы  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттiк 
бюджет қаражатынан төленетiн қызметшiлер;
4)  мемлекеттік  ұйымдарда  және  жарғылық  капиталындағы 
мемлекеттің  үлесі  елу  пайыздан  көп  болатын  ұйымдарда,  оның 
ішінде  акционері  мемлекет  болып  табылатын  ұлттық  басқарушы 


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
118
холдингтерде,  ұлттық  холдингтерде,  ұлттық  компанияларда,  ұлттық 
даму  институттарында,  олардың  дауыс  беретін  акцияларының 
(қатысу  үлестерінің)  елу  пайызынан  астамы  өздеріне  тиесілі  еншілес 
ұйымдарында,  сондай-ақ  дауыс  беретін  акцияларының  (қатысу 
үлестерінің)  елу  пайызынан  астамы  көрсетілген  еншілес  ұйымдарға 
тиесілі заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдар;
5)  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің  және  оның 
ведомстволарының қызметшілері теңестіріледі.
Осы  Заңда  мемлекеттік  ұйымдарда  және  жарғылық  капиталында 
мемлекеттің  үлесі  елу  пайыздан  көп  болатын  ұйымдарда,  оның 
ішінде  акционері  мемлекет  болып  табылатын  ұлттық  басқарушы 
холдингтерде,  ұлттық  холдингтерде,  ұлттық  компанияларда,  ұлттық 
даму  институттарында,  олардың  дауыс  беретін  акцияларының 
(қатысу  үлестерінің)  елу  пайызынан  астамы  өздеріне  тиесілі  еншілес 
ұйымдарында,  сондай-ақ  дауыс  беретін  акцияларының  (қатысу 
үлестерінің)  елу  пайызынан  астамы  көрсетілген  еншілес  ұйымдарға 
тиесілі  заңды  тұлғаларда  басқару  функцияларын  атқаратын  адамдар 
болып көрсетілген ұйымдарда тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік 
бойынша  ұйымдастырушылық-өкімдік  немесе  әкімшілік-шаруашылық 
функцияларды атқаратын адамдар танылады.
Ұйымдастырушылық-әкімшілік міндеттер деп адамдардың заңнамада 
және ұйымның атқарушы органының құрылтай құжаттарында көзделген 
өкілеттіктерді жүзеге асыру жөніндегі қызметі түсініледі. Бұл міндеттерге 
ұжымға жалпы басшылық жасау, кадрларды орналастыру және іріктеу, 
бағынышты  адамдардың  жұмысын  ұйымдастыру  және  бақылау, 
көтермелеу және тәртіптік жазалар қолдану шараларын қолдану арқылы 
еңбек тәртібін сақтау жатады. 
Әкімшілік-шаруашылық  міндеттер  деп  толық  материалдық 
жауаптылық  жүктелген  тұлғалардың  берілген  өкілеттіктердің  шегінде 
мүлікті, соның ішінде ұйымның балансындағы және банк шоттарындағы 
ақшаны басқару және оларға билік ету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы 
түсініледі. 
Сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық  субъектiлерiне  лауазымды 
және  мемлекеттiк  мiндет  атқаруға уәкiлеттi  өзге  де  адамдарды  немесе 
оларға теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты 
оларға заңға қайшы мүліктік игiліктер мен артықшылықтар беретiн жеке 
және заңды тұлғалар да жатады [2, 3-баптың 4-тармағы].
«Мемлекеттік  қызмет  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының        
1-бабы  12)  тармақшасында  мемлекеттік  қызметші  ұғымына  анықтама 
берілген,  «мемлекеттiк  қызметшi  –  мемлекеттiк  органда  Қазақстан 
Республикасының  заңнамасында  белгiленген  тәртiппен  республикалық 
немесе  жергiлiктi  бюджеттерден  не  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық 
Банкiнiң  қаражатынан  ақы  төленетiн  лауазымды  атқаратын  және 
мемлекеттiң  мiндеттерi  мен  функцияларын  iске  асыру  мақсатында 
лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының 
азаматы» [9].
ҚР ӘҚБтК 28-бабына сәйкес, әкiмшiлiк жауаптылыққа: әкімшілік құқық 
бұзушылық аяқталған немесе оның жолын кескен кезде он алты жасқа 
толған, ақыл-есi дұрыс жеке тұлға, сондай-ақ заңды тұлға жатады. Бұл 


1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
119
ереже негізінен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілеріне 
де  қолданылады.  Сыйақы  берушінің  мүддесі  үшін  құқыққа  қарсы  
іс-әрекеттер жасағаны үшін лауазымды адамға сыйақы беретін субъект  
16 жасқа толған жеке тұлға, сондай-ақ заңды тұлға болуы мүмкін. Заңды 
тұлғаның әкімшілік жауапкершілігінің ерекшелігі заңды тұлғаның атынан 
құқыққа қарсы сыйақыны заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы 
не заңды тұлғаның атқарушы органы атынан өзге жеке тұлғаның ұсынуын 
білдіреді. 
ҚР ӘҚБтК 29-бабына сәйкес, осы Кодексте көзделген құқыққа қарсы 
іс-әрекет  жасаған  кезде  ақыл-есi  дұрыс  емес  жағдайда  болған,  яғни 
өз  әрекеттерiнiң  (әрекетсiздiгiнiң)  нақты  сипаты  мен  қауiптiлiгiн  сезіне 
алмаған немесе оларды созылмалы психикалық ауруының, психикасының 
уақытша бұзылуының, ақыл-есі кемдiгiнің немесе психикасының өзге де 
сырқатты жай-күйiнiң салдарынан басқара алмаған жеке тұлға әкiмшiлiк 
жауаптылыққа жатпайды.
Сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық  жасаған  тұлғаны  әкімшілік 
және өзге де заңмен көзделген жауапкершіліктен оның есі дұрыс емес 
болуына  байланысты босату үшін негіз ретінде тек сот-психиатриялық 
сараптаманың  қорытындысы  болуы  мүмкін.  Егер  әкімшілік  сыбайлас 
жемқорлық  құқық  бұзушылық  жасаған  оның  адамның  есі  дұрыс  емес 
екендігі  белгілі  болған  жағдайда  іс  бойынша  іс  жүргізуді  бастауға 
болмайды,  ал  басталған  іс  құқық  бұзушылық  құрамы  болмауына 
байланысты қысқартылуға жатады.
  «Мемлекеттік  қызмет  туралы»  Заңның  1-бабы  12)  тармақшасы 
бойынша  шетелдіктер  мен  азаматтығы  жоқ  адамдар  мемлекеттік 
қызметшілер болуы мүмкін емес.
Барлық  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтардың  объектілері 
мемлекет  функцияларын  орындауға  уәкілетті  тұлғалардың  қызметтік 
өкілеттігін  жүзеге  асыруының  белгіленген  тәртібі  болып  табылады.
Сонымен қатар, әрбір нақты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа 
уәкілетті тұлғалардың мемлекет функцияларын орындауына байланысты 
оның  тікелей  объектісі  болады.  Мысалы,  мемлекет  функцияларын 
орындауға уәкілетті тұлғалардың заңды және жеке тұлғаларға ақпаратты 
ұсынуының  белгіленген  тәртібі;  осы  адамдардың  өзге  де  тұлғалардың 
кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге  асыру  кезінде  жәрдемдесуінің  белгіленген 
тәртібі және т. б.
Барлық  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтардың  объективті 
жағы  әрекет  етуімен  (мысалы,  заңсыз  кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге 
асыруы;  мемлекеттік  органдар  мен  жергілікті  өзін-өзі  басқару  заңсыз 
кірістер  алуы)  немесе  әрекетсіздігімен  (сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 
күрес бойынша мемлекеттік органдар басшыларының шара қолданбауы) 
сипатталады.
Сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтардың  субъективті  жағы 
тікелей  ниетпен  сипатталады:  кінәлі  адам  өзінің  қоғамға  қауіптілігін 
және  өзі  жасаған  әрекеті  немесе  әрекетсіздігінің  және  оны  жасағысы 
келетін  істің  заңға  қайшы  екенін  сезінеді.  Сыбайлас  жемқорлық  құқық 
бұзушылықтың  кейбір  құрамдарына  мақсат  және  мотив  тән.  Бірде-
бір  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық  абайсызда  жасалмайды.


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
120
Мемлекеттік  қызметте  мүдделер  қақтығысының  аса  қауіпті 
нысандары  болып  табылатын,  ең  көп  таралған  құқық  бұзушылық 
қатарына  мемлекеттік  қызметкерлердің  заңсыз  кәсіпкерлік  қызметті 
жүзеге асыруын, мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғаның 
не оған теңестірілген тұлғаның жеке немесе заңды тұлғалардан заңсыз 
материалдық сыйақы алуын жатқызуға болады.
Әкімшілік  жауапкершілік  және  оның  түрлері  әкімшілік  құқық 
бұзушылық құрамының элементтеріне жатпайды, заңды жауапкершілік 
түрі  ретінде  әкімшілік  құқық  бұзушылықтың  белгісі  болып  табылады.
Жекелеген  мемлекеттік  міндеттерді  атқару  тәртібі  туралы  заңдарға 
сәйкес, (мәслихат депутаттарының, судьялардың мәртебесі, мемлекеттік 
қызметшілердің  жекелеген  санаттарының  қызмет  өткеруі  туралы, 
сыбайлас жемқорлыққа байланысты өзге де ықтимал құқық бұзушылық 
субъектілері туралы) сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған 
шектеулер  мен  тыйым  салу  көзделетін  басқа  да  құқықтық  нормалар 
белгіленуі мүмкін. 
«Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы»  Қазақстан  
Республикасы  Заңының  3-бабында  көрсетілген  субъектілер  сыбайлас 
жемқорлыққа  байланысты  сыбайлас  жемқорлық  іс-әрекеттерді  және 
өзге  де  әрекеттерді  жасағаны  үшін  ҚР  ӘҚБтК  негізінде  әкімшілік 
жауапкершілікке тартылады.
Судьялар,  Қазақстан  Республикасы  Парламентінің  депутаттары  
және өзге де көрсетілген саяси мемлекеттік қызметшілер әкімшілік құқық 
бұзушылық  жасағаны  үшін  Кодекс  негізінде  әкімшілік  жауаптылыққа 
тартылады,  бірақ  олардың  мәртебесі  туралы  тиісті  заң  актілерінде 
белгіленген арнайы рәсімдер алдын ала сақталады.
Әкімшілік  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық  жасағаны  үшін 
ҚР  ӘҚБтК-де  әкімшілік  құқық  бұзушылық  жасалған  күнгі  айлық  есептік 
көрсеткіштің  қатаң  бекітілген  көлемінде  әкімшілік  айыппұл  түріндегі 
әкімшілік жаза ғана белгіленген. 
Бірінші  сатыдағы  соттың  судьясы  немесе  апелляциялық  сатыдағы 
соттың  судьясы  жеке  тұлға  жасаған  (мүліктік  игіліктер  түрінде  сыйақы 
алған немесе берген) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық 
туралы істі қарау кезінде,  егер осы тұлғаға қатысты оның жауапкершілігін 
жеңілдететін  мән-жайлар  болса  және  мұндай  жауапкершілікті 
ауырлататын  мән-жайлар  жоқ  болса,  әкімшілік  айыппұл  сомасын 
қысқартуға,  бірақ  айыппұлдың  жалпы  сомасының  отыз  пайызынан 
аспайтындай етіп қысқартуға құқылы қысқартуға құқылы екенін ескеру 
қажет  [8,  819-баптың  2-бөлігі].  Заңды  тұлғаларға  қатысты  әкімшілік 
айыппұлдың мөлшерін қысқарту көзделмеген. 
Әкімшілік  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық  жасағаны  үшін 
Кодексте жеке және заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік жазаның өзге 
де негізгі немесе қосымша  түрін  қолдану мүмкіндігі көзделмеген.
Әкімшілік  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық  үшін  әкімшілік 
жаза тағайындау қағидасы ҚР ӘҚБтК-нің 7-тарауымен реттеледі. Оларға 
сәйкес әкімшілік жаза:
– ҚР ӘҚБтК-нің 676–681 баптарында белгіленген санкциялар шегінде 


1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
121
сот қолданады;
– әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық сипатына, оның 
жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке тұлғасына сәйкес, әділ 
болуы тиіс;
–  жеке  тұлғаға  әкімшілік  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық 
жасаған адамның сипатын, айыпталушының жеке басын, ескере отырып, 
оның  ішінде  құқық  бұзушылық  жасағанға  дейінгі  және  кейінгі  мінез-
құлқын,  мүліктік жағдайын, мән-жайларын ескере отырып, жеңілдететін 
және ауырлататын жауапкершілік жүктеледі;
–  заңды  тұлғаға  әкімшілік  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық 
сипатын  ескере  отырып,  ұйымдық-құқықтық  нысанындағы  жаза 
қолданылады;
–  бір  тұлға  екі  немесе  одан  да  көп  әкімшілік  сыбайлас  жемқорлық 
құқық бұзушылық жасаған жағдайда әрбір құқық бұзушылық үшін жеке-
жеке қолданылады;
–  егер  адам  бір  мезгілде  бір  судья  қарастыратын  бірнеше  әкімшілік 
сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық  жасаған  болса,  Кодекстің  44-
бабы 2-бөлігінде көзделген әкімшілік айыппұлдың үш мәрте мөлшерінен 
аспауы тиіс;
–  әкімшілік  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық  жасаған  жеке 
тұлға, егер оны жасау күнінен бастап бір жыл өтсе, ал заңды тұлға – егер 
оны  жасау  күнінен  бастап  үш  жыл  өтсе,  жауаптылыққа  тартылмайды 
[8,  62-баптың  2-бөлігі].  Қылмыстық  істі  тоқтатқан  жағдайда,  егер  тұлға 
әрекеттерінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілері 
болса,  бұл  тұлға  қылмыстық  істі  тоқтату  туралы  қаулы  шыққан  күннен 
бастап  үш  айдан  кешіктірмей,  әкімшілік  жауапкершілікке  тартылуы 
мүмкін. 
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қатысты ұзаққа 
созылған немесе жалғасқан әкімшілік құқық бұзушылық үшін есептелетін 
әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімі қолданылмайды.
Егер бұрын жасалған әрекет үшін әкімшілік жаза қолданылған күннен 
бастап бір жыл ішінде жаңа іс-әрекет жасалса, тұлға әкімшілік сыбайлас 
жемқорлық  құқық  бұзушылықты  қайтадан  жасаған  болып  саналады. 
Әкімшілік  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық  жасағаны  үшін 
әкімшілік  жауапкершілікке  тарту  туралы  қаулыны  судья  шығарған  күн 
құқықтық мәннің қайталану белгісін білдіреді. 
Осы  адамды  әкімшілік  айыппұл  түрінде  әкімшілік  жауапкершілікке 
тарту  туралы  судьяның  қаулысы  толық  орындалған  күннен  бастап  бір 
жыл  ішінде  тұлға  әкімшілік  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықты 
жасаған  болып  саналады.  Қаулы  әкімшілік  жауапкершілікке  тартылған 
тұлғаның ерікті түрде немесе мәжбүрлеу тәртібімен орындалуы мүмкін, 
ол жалақысынан әкімшілік айыппұл сомасын ұстап қалу жолымен немесе 
жеке,  үлестік  немесе  бірлескен  меншік  құқығындағы  құқық  бұзушыға 
тиесілі мүлікті өндіріп алу арқылы жүзеге асырылады.
ҚР  ӘҚБтК-де  қосымша  әкімшілік  жаза  ретінде  әкімшілік  құқық 
бұзушылықты  жасау  құралы  болған  затты,  сондай-ақ  әкімшілік  құқық 
бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу  қарастырылған, 


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
122
бірақ  әкімшілік  жазаның  сол  түрі  үшін  Кодекстің  тиісті  баптарымен 
санкция көзделген жағдайда жүзеге асырылады [8, 41-баптың 1-бөлігі 3) 
тармағы, 45-бап].
Алайда, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін сыйақы 
мәні (негізсіз баю) болып табылатын мүлікті тәркілеу көзделмеген.
Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Қазіргі  заман  жағдайында  сыбайлас  жемқорлық  қылмыс  жаһандық 
жалпы адамзаттық проблемаға айналды, осыған байланысты, оған қарсы 
іс-қимылдың жаңа ережелерін әзірлеудің өткір қажеттілігі туындап отыр.
Интернеттің  дамуы  жаһандық  әлемдік  нарықтың  туындауына 
алып  келді,  коммуникациялардың  көмегімен  сыбайлас  жемқорлық 
қызметінен,  оларды  шетелде  жасырудан  түскен  кірістерді  қолма-қол 
ақшаға  айналдыру  және  заңдастыру  мүмкіндіктері  артты.  Көптеген 
елдерде осы үрдісті белең алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама 
базасын жаңғырту басталды.
2003  жылы  қабылданған  БҰҰ  Конвенциясы  сыбайлас  жемқорлыққа 
қарсы негізгі нормативтік құқықтық актіні білдіреді, онда әлем елдерінің 
сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  ұлттық  заңнамасын  әзірлеу  бағдарлары 
мен  бағыттары  көрсетілген.  «Қазақстан  Республикасының  ұлттық 
қауіпсіздігі  туралы»  2012  жылғы  6  қаңтардағы  ҚР  Заңының  6-бабында 
сыбайлас жемқорлық еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін негізгі қауіп 
құрамында көрсетіледі.
Осы  жағдайда  көптеген  елдердің  қылмыстық  заңнамасы  көлемін 
ұлғайту үрдісіне ие болды. 1997 жылы қабылданған және 2014 жылдың 
соңына дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының Қылмыстық 
кодексі  393  баптан  [10],  2015  жылғы  1  қаңтардан  бастап  күшіне  енген 
жаңа Қылмыстық кодекс 467 баптан тұрады [11].
Қазақстан  Республикасының  қылмыстық  заңнамасы  бойынша 
сыбайлас жемқорлық қылмыстар жүйесі 
Сыбайлас жемқорлық билікті және онымен байланысты мүмкіндіктерді 
мемлекет,  бүкіл  қоғамның  мүддесі  үшін  емес,  жекелеген  адамдардың 
немесе  адамдар  тобының  мүддесі  үшін  пайда  мен  артықшылық  көру 
мақсатында пайдалануды көздейді. Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті 
нысандары  қылмыс ретінде сараланады.
Қолданыстағы  ҚР  Қылмыстық  кодексінде  сыбайлас  жемқорлық 
қылмысқа  21  қылмыс  құрамы  жатқызылған,  Қылмыстық  кодекстің  
1997 жылғы редакциясында 17 құрамы болды. 15-тарауда «Мемлекеттік 
қызмет  және  мемлекеттік  басқару  мүдделеріне  қарсы  сыбайлас 
жемқорлық  және  өзге  де  қылмыстар»  11  қылмыс  құрамының  
9-ы  сыбайлас  жемқорлыққа  жатқызылған.  Бұл  тарауда  сыбайлас 
жемқорлық  қылмысқа  ҚР  ҚК-нің  363-бабында  «Лауазымды  адамның 
өкілеттіктерін  иемденіп  алу»  және  371-бабында  «Салғырттық»  көздел-
ген қылмыстар жатқызылмайды.
6-тарауда  «Меншікке  қарсы  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар» 
сыбайлас жемқорлыққа екі қылмыс жатқызылған: 1) сеніп тапсырылған 
бөтен мүлікті иеленіп алу немесе талан-таражға салу (ҚР ҚК 189-бабының 
1-бөлігі 2-тармағы); 2) алаяқтық (ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі 2-тармағы). 
Екі жағдайда да сыбайлас жемқорлық қылмыс құрамы үшін: «мемлекеттiк 


1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
123
функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген 
адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын 
адам  жасаған  алаяқтық,  егер  ол  өзінің  қызмет  бабын  пайдалануымен 
ұштасса» деген міндетті саралау белгісі бар. 
8-тарау  «Экономикалық  қызмет  саласындағы  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтар» алты сыбайлас жемқорлық қылмыс құрамын қамтиды: 
1)  жалған  кәсіпкерлік  (ҚР  ҚК  215-бабының  2-бөлігі  3-тармағы);  2)  іс 
жүзінде  жұмыстар  орындалмай,  қызметтер  көрсетілмей,  тауарлар 
тиеп-жөнелтілмей  шот-фактура  жазу  бойынша  әрекеттер  жасау 
(ҚР  ҚК  216-бабы  2-бөлігі  4-тармағы);  3)  қаржылық  (инвестициялық) 
пирамиданы  құру  және  оған  басшылық  ету  (ҚР  ҚК  217-бабы  3-бөлігі 
1-тармағы); 4) Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге 
мүлікті  заңдастыру  (жылыстату)  (ҚР  ҚК  218-бабы  3-бөлігі  1-тармағы); 
5)  экономикалық  контрабанда  (ҚР  ҚК  209-бабы  3-бөлігі  1-тармағы);  
6) рейдерлік (ҚР ҚК 249-бабы 3-бөлігі 2-тармағы). Барлық жағдайларда да 
сыбайлас жемқорлық қылмыс құрамы үшін: «мемлекеттiк функцияларды 
орындауға  уәкiлеттiк  берілген  адам  не  оған  теңестiрiлген  адам  не 
лауазымды  адам  не  жауапты  мемлекеттік  лауазымды  атқаратын  адам 
жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса» 
деген міндетті саралау белгісі бар. 
11-тарауда «Халық денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық 
құқық бұзушылықтар» сыбайлас жемқорлыққа бір қылмыс жатқызылған: 
«мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамның не 
оған теңестiрiлген адамның заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруы, егер ол 
өзінің қызмет бабын пайдалануымен, жеңiлдiктер мен артықшылықтар 
берумен ұштасса» (ҚР ҚК 307-бабы 3-бөлігі 3-тармағы).
16-тарауда  «Әскери  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар»  сыбайлас 
жемқорлыққа  үш  қылмыс  жатқызылған:  1)  билікті  теріс  пайдалану;  
2) билікті асыра пайдалану; 3) биліктің әрекетсіздігі (ҚР ҚК 450, 451-баптары, 
452-баптың 2-бөлігі 2-тармағы).
Қазақстан  Республикасы  Қылмыстық  кодексінің  3-бабы  3-тармағы 
сыбайлас жемқорлық қылмыстардың толық тізбесін айқындайды.
Парақорлықтың жалпы сипаттамасы
Сыбайлас  жемқорлық  –  бұл  жеке  мақсаттарда  пайда  көру  үшін 
мемлекеттік билікті асыра пайдалану. Сыбайлас жемқорлықтың мұндай 
анықтамасы БҰҰ Бас ассамблеясы 1979 жылы 17 желтоқсанда қабылдаған 
құқықтық тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалардың мінез-құлық 
Кодексінде қамтылған.
Парақорлық  сыбайлас  жемқорлықтың  қауіпті  және  көп  тараған 
көріністерінің бірі болып табылады. ҚР ҚК 366-бабының 1-бөлігіне сәйкес,  
пара  алудың  объективтік  жағы  мемлекеттiк  функцияларды  орындауға 
уәкiлеттiк  берілген  адамның  не  оған  теңестiрiлген  адамның  немесе 
жауапты  мемлекеттік  лауазымды  атқаратын  адамның  не  лауазымды 
адамның,  сол  сияқты  шет  мемлекеттің  немесе  халықаралық  ұйымның 
лауазымды  адамының  пара  берушiнiң  немесе  оның  өкiлi  болған 
адамдардың  пайдасына  жасаған  әрекеттері  (әрекетсiздiгi)  үшiн,  егер 
мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне 
кiретін  болса  не  ол  лауазымдық  жағдайына  байланысты  осындай 


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
124
әрекеттерге  (әрекетсiздiкке)  ықпал  жасай  алатын  болса,  сол  сияқты 
жалпы  қамқорлығы  немесе  жол  берушілігі  үшін  өзіне  немесе  басқа 
адамдарға ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк 
сипатындағы пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы пара алуы 
болып табылады. 
Қарастырылатын 
қылмыстың 
объектісі 
қалыпты, 
заңмен 
регламенттелген  мемлекеттік  билік  қызметі  және  онымен  байланысты 
мемлекеттік  қызмет  және  мемлекеттік  басқару  мүдделері  болып 
табылады.  Қосымша  объект  –  азаматтар  мен  ұйымдардың  заңды 
мүдделері.
Пара алу түрлері: ашық (шамамен 75 % қолдан қолға немесе делдал 
арқылы)  және  жасырылған  (25%-ға  жуығы  заңды  іс-әрекеттер  сияқты, 
қарызын қайтару, құмар ойындар және т. б.)
Қорқытып  алу  тәсілдері:  1)  пара  берушінің  заңды  мүдделеріне  зиян 
келтіре  алатын  іс-әрекеттерді  жасау  қаупін  төндіріп,  пара  талап  ету;  2) 
оның құқықпен қорғалатын мүдделері үшін зиянды салдарын болдырмау 
мақсатында ол пара беруге мәжбүр болатын жағдайда соңғының әдейі 
жеткізуі (рұқсат құжаттарын, виза және және т.б. беруді әдейі созу, қалыс 
қалу).
Пара  беруші  өзінің  заңды  мүдделерін  қорғап,  пара  беруге  мәжбүр 
болған жағдайда, яғни пара беруге мәжбүрлеу белгісі болған жағдайда  
жауапкершіліктен босатылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет