Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы


И. Лакатостың ғылыми-зерттеу бағдарлама тұжырымдамасы



Pdf көрінісі
бет40/122
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#11561
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   122
Байланысты:
toymataev философия

И. Лакатостың ғылыми-зерттеу бағдарлама тұжырымдамасы
Имре  Лакатос (Лакатош) (1922-1973 жж.) Венгрияда  дүниеге  келген.
Екінші  дүниежүзілік  соғыста  антифашистик  қозғалысқа  қатысты. Өзінің
Липщиц  деген  еврей  фамилиясын  венгрлік  Мольнарға (Мельник) ауыстырды,
содан  соң  Венгрияда  коммунистік  үкімет  орнаған  соң - дүниежүзілік  жəне
еуропа  философия  əлемінде  аты  қалған  Лакатошқа (Столяр) ауысты. 1947
жылдары  білім  министрлігінде  жұмыс  атқарды, диссиденттік  көзқарастарына
байланысты  түрмеге  отырды. 1956 жылдары  Австрияға, одан  Англияға  жер
аударды. Кембриджде сабақ берді, 1960 жылдары Лондонның экономика жəне
саяси  ғылымдар  мектебіндегі  К. Поппер  бастаған  еуропаның «критикалық
рационализмі» орталығы  болған  философия  кафедрасында  сабақ  берді.
Математиканың  философиялық  сұрақтары  бойынша  тақырыпқа  арналған
диссертациясын  Москва  университетінде  дайындады. 60-70 жылдары  Имре
Лакатос  есімі  жарқын  шыға  бастады. Ол  өзінің  ұстазы  Карл  Поппермен  пікір
таластарда  бəсекелесе  бастады, бірақ  Лакатос  өз  ұстазының  жұмыстарын  ары
қарай  жалғастырды. Оның  ойынша  барлық  методологиялық  концепция
тарихнамалық, яғни  тарихи  болуы  тиіс, ал  оның  бағасын ғылым  тарихы  беруі
тиіс. Лакатосты «рыцарь  рационалист» деп  атады, өйткені  ол  сыншыл
рационализм  принципін  ұстанды. Оның «Очерки  по  логике  математического
открытия» деген  докторлық  диссертациясы  кең  көлемді  əйгілілікке  ие  болды
жəне  сол  диссертация  негізінде  жазылған  кітабы «Доказательство  и


100
опровержения» жарық  көрді. Жоғарғы  ұрпақ философтары бұл  кітаптан  алған
əсерлері «таза бір самал жел» сияқты деп атап өтті. Бұл кітап өз оқырмандарын
тез  тапты, сол  еңбектен  цитаталар  келтірілді, көптеген  докторлық
диссертациялардың  қолданылған  əдебиеттер  тізімінен  көруге  болатын. Өз
еңбегінде  əдеби  жанрмен  дəстүрлі  Платондық  сұхбаттарды  еске  түсірді.
Лакатос математикалық білімнің дамуы жиналып қалған мəңгілік жəне күдікті
шындықтар  болып  табылмайды, ол  драматикалық  үрдістер  мен  тұспалдан
тұрады, математика  басқа  ғылым  салаларындағы  ғалымдардай «жаңалықтар
ашады» деген. Лакатос  шамалы, бірақ  мағынасы  жағынан  көлемді  жұмыстар
жазды. Тағы  бір  атап  өтетін  еңбегі «Ғылыми - зерттеу  бағдарламаның
методологиясы» концепциясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет