9 ТАҚЫРЫП. ҚОҒАМ, МƏДЕНИЕТ, ТАРИХ, АДАМ ТУРАЛЫ
ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Дəрістің мақсаты: Мəдениет, тарих, қоғам ұғымдарын ашып көрсету.
Мəдениет пен қоғамның байланысын анықтау. Ғылым жəне адамгершілік
қандай қатынасты көрсету. Қоғамдағы мəдениеттің аксиологиялық мəртебесін
анықтау. Мəдениеттің нақтылы-тарихи түр алуы оның мазмұнының
күрделілігін жəне ондағы жалпы ерекшеліктің диалектикасын анықтау.
Мəдениет ұғымы
Мəдениет – философиялық ой-толғамның аса маңызды, терең теориялық,
мəнді ұғымдардың бірі. Мəдениет ұғымы қоғам өмірінің түрлі салаларына
байланысты жиі пайдаланылады. Сонымен қатар, адамзат тарихын
зерттеушілер де мəдениет мəселесін қамтымайынша дұрыс пайымдаулар жасай
алмайтынын ескере кету керек. Қысқасы, бұл ұғым саналы іс-əрекет жемісін
даму процесінде көрсетуге бағытталған. Əрбір тарихи дəуірдің өзіндік
мəдениеті бар. Сол сияқты əрбір халықтың өзіне ғана тəн мəдени дəстүрлері
болады. Бұдан мəдениеттің көп түрлілігі, ондағы жалпылықты, əмбебаптығын
теріске шығарады деген қорытынды тумайды. Керісінше, мəдениеттің нақтылы
тарихи түр алуы оның мазмұнының күрделілігін жəне ондағы жалпы
ерекшеліктің диалектикасын білдіреді.
Көпшілікке арналған əдебиетте мəдениет мəселесін рухани, көркемдік
салаларымен байланыстыра қарау басым. Шынына келгенде, мəдениет – адам
əрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Олай болса, сол əрекет-қызмет
нəтижелері де мəдениет дəрежесін паш етеді. Басқаша айтқанда, адам болу
үшін еңбек құралдарын жасау қажет. Міне, сол алғашқы еңбек құралдары
ежелгі мəдениет ескерткіштері болып табылады.
ХХ ғасырдың 60-жылдарында Америка мəдениеттанушылары А. Кребер
жəне Х. Клакхон мəдениет ұғымының 237 анықтамасын тапқан. Мұндай
анықтамалардың көптігі мəдениеттің атқаратын қызметтерін көрсетеді десек,
артық айтқан болмаспыз.
Мəдениет дегеннің өзі – латын сөзі. Ежелгі Римде бұл ұғым өңдеу деген
сөзді білдірген, əрине, ол кезде интеграциялық мағынада болмаған. Кейіннен,
ол адамның жан дүниесін өңдеу дегенді білдіретін болды.
Діни ұғымда мəдениет дəстүрге, Құдайға табынуды білдіреді.
Этнографиялық тұрғыдан мəдениетті түсіну нақтылы бір қоғамның мəдениетін
зерттеуді білдіреді. Мəдениетті шығармашылық ретінде де анықтайды, бұл
жерде ол талпыныс, жоқ нəрсені шығару, құрау болады екен. Философиялық
сараптау тұрғысынан мəдениет дегеніміз – пəнді зерделеу барысында ұғым
ретінде түсіндіретін ойлау процедурасы, ол ұғымдар категория ретінде
ұсынылады. Оның мақсаты - құбылыстың мəнін ашып көрсету.
Осы күнде мəдениетке анықтама беретін үш деңгей бар: технологиялық,
135
аксиологиялық, іс-əрекеттік. Технологиялық жағынан мəдениет қоғамның
технико-экономикалық көрсеткіштері, энергоқаруының деңгейіне тəуелді
қоғамдық өмірдің өндірісін көрсетеді. Мəдениеттанушылардың пікірі бойынша,
қоғамдық өмірдің барлық жақтары – саяси жəне құқықтық институттар, жанұя
жəне тұрмыс, бос уақыт түрлері мен ізгілік нормалары, өнердің басты
формалары осы технологиялық бағытқа тəуелді.
Аксиологиялық бағытта мəдениет рухани мəдениетпен теңестіріледі. Осы
көзқарастан адамзат эволюциясы діни, моралдық, құқықтық, қоғамның
философиялық жəне саяси көзқарасымен айқындалады.
Мəдениеттің іс-əрекеттік бағыты адамдардың өмірлік іс-əрекетінің белгілі
түрлері мен формаларын қарастырады. Бұл қағида мəдениетті адам
жетістіктерінің нəтижесі ретінде жəне адамның іс-əрекеттер процесі ретінде
қарастыруға мүмкіндік туғызады.
Мəдениетке таптық сипат тəн. Əрине, таптық жалпыадамзаттық
мазмұнды теріске шығармайды. Бірақ кейде мəдениеттегі таптықты бекерге
шығару кездесіп отырады.
Мəдениет адамсыз жасалмайды. Ал адам дамуы мəдениетке байланысты.
Тек осы өзара тəуелдікті анықтай алғанда ғана мəдениеттің адамзат тарихында,
адам өмірінде алатын орнын түсінуге болады.
Мəдениет тарихи процестермен ұштасып жатады, сол тарихи
процестердің тікелей туындысы болып табылады. Сонымен бірге, мəдениеттің
бір ерекшелігі оның бойында сабақтастықты терең сақтай білуінде.
Мəдениетті түсіну үшін тарихи дəуірді білу, оның өндірістік қатынастары
қандай болғанын анықтау, өмір салты, рухани дүниесі қандай ерекшеліктермен
анықталатынын ажырата білу қажет. Олай болса, мəдениетті адам əрекетінен,
оның өзгертуші қызметінен бөліп алу мүмкін емес.
Өткен уақыт мəдениеті – халықтық мұра, ол адамның өзі, оның өткен
жолы, болашағының сатысы. Сондықтан, бұрынғы мəдениет туындыларын
қазіргі сана дəрежесінен, қоғамның осы заман тұрғысынан бағалау
диалектикалық ойлауды қажет етеді. Жасыратыны жоқ, шынайы тарихтың дені
дін ықпалында өтті. Ол дəуірлердегі мəдениет ескерткіштерінің барлығы дерлік
діни тағылымдарды басшылыққа алған. Орта ғасырда, қайта өрлеу заманында
жазылған шығармаларда таураттың мазмұны, аңыздары көп. Солай екен деп
олардан ат-тонын ала қашушылар – олардың адамдық, гуманистік мəнін
түсінбей, мəдени мұраны мирасқор ретінде қабылдай алмаушылар. Бұл
шығармаларды діни ұғымдар біздікі дегенмен, оларды діни-рухани ескерткіш
деп қарауға болмайды. Олар - халықтық шығармалар, болашаққа, адамға деген
сеніммен жазылған, адамзаттың рухани мəдениетінің мақтанышы. Қазақ
халқының ескіден келе жатқан рəсімдерінің бəрін діни рəсім деп айту – қиянат.
Діни сарыны бар екен деп Бұқар жырау толғауларынан, атеистік дүниетанымды
Ыбырайдан, шығармаларында құдайға сенгендік желісі байқалады деп
Шəкəрімнен бас тартсақ, біз өз мəдениетімізді кедейлеткен болмаймыз ба?
Əрине, соқыр сенім емес, ескінің етектен алатын көріністеріне құлшылық ету
емес, дараланған рухани белсенділік адам мəнін түсінуге көмектеседі. Бүкіл
тарих бойы адам баласы соған ұмтылған, еркін болуды көксеген, өзіне-өзі
136
сенуді мəдениеті дамыған сайын күшейте түскен. Байқасақ, мəдениетті қоғам
дамуынан бөліп алуға болмайды. Өйткені, мəдениет – сол дамудың көшірмесі,
бейнесі, белгілі бір мағынада болашағы да. Жаңа тарих дəуірі кейбір антикалық
ойларды қайта жаңғыртып, мəдениет дамуына тиек етті. Солардың бірі -
мəдениетті табиғи ортамен байланыстыра қарау. Оған мысал ретінде
Д. Дефоның «Робинзон Крузо» романындағы Робинзонның кейпін келтіруге
болады.
Мəдениетті əртүрлі жағынан қарастыратын анықтамалар көп. Ғылыми
əдебиетте оған 400-ден астам анықтама берілген. Біздің мақсатымыз 401-ші
немесе 402-анықтама беру емес, оның суреттеме түрлерімен кез келген сөздік
пен энциклопедиядан танысуға болады. Сонымен, мəдениет дегеніміз - адам
əрекетінің, саналы қызметінің көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: |