Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет59/122
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#11561
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   122
Байланысты:
toymataev философия

М
Ə
Д
Е
Н
И
Е
Т
БОЛАШАҚ
ОСЫ ШАҚ
ӨТКЕН ШАҚ
ҚАЙНАР КӨЗІ
Табиғатпен 
тығыз 
байланыста
(ноосфера, коэволюция)
Табиғатқа зиян келтіре тіршілік ету
Табиғаттан қорғанып дамыған
Адамның  табиғаттан  шығуынан  пайда
болған
Өркениет жəне оның қоғамының мəдени өміріндегі рөлі
Бұл  екі  ұғым  біріне-бірі  өте  жақын. Бірақ  бір  емес. Мəдениет – адам
баласының  ақылымен, қолымен  жабайы  табиғаттан  бөліп  алып  өңдеген  заты,
құбылысы. Оның  екі  түрі  бар: бірі – материалдық  жасанды  дүние, екіншісі –
рухани  дүние. Біріншісіне  үй, өндіріс, киім-кешек, т.б., екіншісіне - қисса,
ертегі, өлең-жыр, діни, ғылыми ұғымдар, т.б. жатады.
Өркениеттілік  деген  термин  үш  түрлі  мағынада  қолданылады. Кең
көлемде  алсақ, алғашқы  қауымдық  құрылыстан  таптық  қоғамға  көшу, ал  тар
мағынасында – бір  қоғамдық  формациядан  бір  формацияға  көшу, яғни  əрбір
елдің өз алдына даму ерекшеліктері болады деген сөз, айталық, Үнді өркениеті,
Вавилон өркениеті, т.б. Тағылық құрылымға қарағанда құлдық қоғам көп ілгері
дамыды. Мұнда  таптар бар, мемлекет пайда  болған, жазу  қолданылған, тəртіп


139
орнатылған. Сондықтан, мұны  адамның  тағылықтан  өркениеттілікке  көшуі
дейді. Бірақ, бұл даму шегі емес. Қоғам одан əрі дами береді. Бұл өркениеттен
екінші  өркениет  жоғары  бола  бермек: шикі  етті  жұлып  жегеннен  гөрі, оны
кесіп, пісіріп  жеген  артық. Сонда  өркениеттілік  деген  не? Біздіңше, егер
мəдениет  дамудың  көбінесе  объективті  жағын  көрсетсе, былайша  айтқанда,
менің  ақыл-ойыммен, қолыммен  жасалған, бірақ  меннен  тыс  тұрған  не
материалдық, не  рухани  құбылыс  болса, өркениеттілік  сол  объектінің  маған
тиімділігі, игілігі. Мəселен, қарапайым арба да, қазіргі жеңіл машина да, өнер-
білім  де  мəдениет  жетістіктері, ал  енді  сол  арбаны  да, машинаны  да, өнер-
білімді де пайдалану – маған жасалған жеңілдік, игілік. Мəселен, жұмыс істеу,
сөйлей  білу, жүріп-тұрудың  да  мəдениеті  бар. Ал  енді  сол  мəдениетті  игеру
өркениеттілікке  жатады. Олай  болса, өркениеттілік  мəдени  табыстардың  адам
игілігіне жаратылуы. Бір кезде қала адамы ауыл адамына қарағанда мəдениетті
болды. Соған  қарап  өркениеттілік  қалада  деп  түсіндік. Солай  да  болды. Енді
бүгін  ол  ұғым  нақтыланды, ауыл  мəдениетінің  де  қоғамға  пайдалы, бағалы
жақтарын көрсетіп отыр.
Жоғары  дамыған  күрделі  техника  да, ғылыми  табыстар  да  мақсатқа
қолданылуы  мүмкін. Өркениеттілікке  оларды  тек  қоғамдық  прогреске  қызмет
еткізу  жатады. Мəселен, АҚШ – озық  дамыған  капиталистік  ел. Ол  елде
езілгендер де, езушілер де бар, заңдылық та, заңсыздықтар да бар, басқа елдерге
жəрдем  көрсету  де  бар, сондай-ақ  бостандыққа  ұмтылған  елдердің  теңдігін
аяққа  басу  да  бар. Сонда  бұл  қандай  ел? Неміс  фашистері  КСРО-ға
опасыздықпен  соғыс  ашқанда, олардың  техникасы  да, соғыс  жүргізу  əдісі  де,
соғыс  күші  де  біздің  бұрынғы  еліміздегіден  жоғары  болды. Бірақ, сонымен
бірге олар адамды қырудың түрлі əдістерін, құралдарын жасап қолданды, бала,
кемпір-шал, əйелдерді топтап атты, тірідей өртеп, жерге көмді, өлтіру пештерін
жасады, мұражайларды қиратты. Олардың елін өркениетті деуге бола ма? Жоқ,
болмайды! Сонда  өркениеттілік  неге  байланысты? Ол  ең  алдымен  прогреске,
заңдылыққа, ізгілікке, əділеттілікке  байланысты. Біздің  демократиялық,
құқылық, ізгілікті ел болуға ұмтылуымыз да сондықтан.
Өркениет (цивилизация) семантикалық  жағынан  алғанда  латын  сөзі
«азаматтық» дегенді  білдіреді. Римдіктер  бұл  ұғымды «варварлықтар» деп,
өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету
мақсатында  қолданған. Яғни, «өркениет» олардың  түсініктері  бойынша,
азаматтық  қоғамы, қалалық  мəдениеті, заңға  негізделген  басқару  тəртібі  бар
Рим империясының даму дəрежесін білдіреді.
Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұғымның мағыналарын төмендегідей
топтастыруға болады:
1. Мəдениет пен өркениет бір, олар синонимдер (И. Гердер, Э. Тайлор).
2. Өркениет - мəдениеттің  ақыры, оның  кəрілік  шағы, руханилық
антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер).
3. Өркениет - мəдениеттің  прогресі, болашаққа  бой  сермеуі, қоғамның
парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл).
4. Өркениет – тағылық  пен  варварлықтан  кейінгі  тарихи-мəдени  саты
(Л. Морган).


140
5. Өркениет – этностар  мен  мемлекеттерге  тəн  мəдениеттің  оқшау  түрі
(А. Тойнби, Н.Я. Данилевский жəне т.б.).
6. Өркениет – мəдениеттің  техникалық  даму деңгейі, оның  материалдық
жағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет