Арманда Қолбала ақын жастай кетті-ау, Анадан артық туған кемеңгерім,-
деп түн қойнауын мұңға батырып, даусы бара-бара қарлығып шыққан Жансүгір бүлк-
бүлк жортқан Торайғыр аттың тізгінін қоя беріп, өзінше әндетіп келеді... [6,65].
... «Қарағаш» мектебінде оқып жүргенде бірге оқитын достарымен Біржан, Абай,
Шәкерім туралы әңгіме дүкен құрып отырып, Ілияс былай дейді:
- Менің ауылымда Қолбала деген ақын болыпты. Өлеңді өте көп жазған екен. Әттең,-
деп күрсініпті.
- Айтшы, тыңдайық. Қолбала ақын қандай өлең шығарыпты?
- Білмеймін,-деді Ілияс.
- Неге?-деп шу етті балалар.
- Оны өлтіріп кеткен. Тілін кесіп, Мойынқұм деген жердегі қасқырдың ініне
тұншықтырып өлтіріпті. Жазғандарын өртеген көрінеді.
- Қолбала...Қолбалаақын, - депШәріпойланыпқалды.
- Абай ақынды да ел ішіндегілер соққыға жығыпты кезінде, – деді Шамай.
80
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ»
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары