«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет116/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   208
Байланысты:
6-2018

 
 
 
 
тәжірибемнің  нәтижесіменен  айта  аламын.  Осыған  орай  профессор  Ж.А.Қараевтың 
технология  негізін  және  Ж.У.Кобдикованың  әдістемелік  нұсқауларын  басшылыққа  алып, 
әдістемелік  кешенді  құралдар  жобасы  құрастыруда,  технологиядан  негізгі  білім  беру 
бағдарламасы  негізінде  «қолөнер»  сабағын  СДОТ  (саралап  деңгейлеп  оқыту  технологиясы  ) 
бойынша  жүргізуі  үшін,  ғылыми    әдістемелік  жұмысты  ұйымдастырудың  кешенді  мақсатты 
жобасы,  оқу  бағдарламасы,  жұмыс  дәптері,  қосымша  оқу  құралдарынан  тұру  керек  деп 
есептеймін . 
Зерттеу жұмыстың көкейкестілігі 
Болашақ технология пәні мұғалімдері орта немесе кәсіптік мектептерде казырғы заман 
инновациялық  технологияларының  пайдалану    принциптерін,  әдіс-тәсілдерін  жетік  білулері 
тиіс.Ұсынып 
отырған 
жұмысым 
кең 
пайдаланылып 
жүрген 
дәстүрлік 
оқыту 
технологияларымен  қатар,жаңа  инновациялық  технологияларды  пайдаланудың  тиімді 
әдістемелерін енгізу және де пайдалана отырып, технология сабағында ұлттық бұйымдарды 
жасау әдістемесін менгеру. 
Зерттеу жұмыстың басты мақсаты 
- оқушыларды ұлттық бағытқа бағдарлай отырып, қоғамның даму үрдісін, ғылым мен 
білімнің технологияларын меңгерту; 
- ақпараттандыру (қосымша оқулық,   БАҚ хабарлары көздерінен); 
- жоғары дәрежедегі білім деңгейіне жету; 
- шығармашылық қабілетін тереңдету; 
- технология сабағында ұлттық бұйымдарды жасау әдістемесін менгеру; 
Зерттеу жұмыстың міндеттері  
1.  Қазіргі  кезеңдегі  инновациялық  технологиялардың  оқу-тәрбиелік  маңызына  мән 
бере отырып ғылыми негіздерін топтастыру.  
2.  Осы  заманға  технологиялау  үлгісін,  оқытудың  жаңа  тәсілін  пайдалану  арқылы 
кәсәби шеберлікті шыңдау жолын анықтау. 
3. Технология сабақтарында жаңа әдістерді қолданудың маңызын көрсету.  
4.  Жаңа  технология  элементтерін  пайдаланып  ұлттық  аспапты  орындау  әдістерін 
қарастыру. 
Зерттеу жұмыстың нысаны 
Мектептегі  инновациялық  процесінде    болашақ  технология  пәні  мұғалымдерін 
кәсіптік  даярлауда,  қазырғы  заман  инновациялық  технологияларының  пайдалану 
принциптерін әдіс-тәсілдерін меңгеру. 
Зерттеудің жұмыс гипотизасы 
Демек,болашақ 
педагогтар 
қазірғі 
заман 
технологияларының 
пайдалану 
принциптерін,  әдіс-тәсілдерін  жетік  меңгеріп,  келешекте  өздері  сабақтарында  қолданса, 
шәкіртерін  қолөнерге  деген  қызығушылығын  артырып,  оларды  нарықтық  эканомикада 
кәсіпте өз орындарын табар деген сенімдемін. 
Зерттеу  жұмысының әдістері 
Көрнекті  ғалымдар  олардың  еңбектері,  Ж.А.  Қараевтың  саралап,  деңгейлеп  оқыту 
технологиясы,  К.Өстеміров  Қазіргі  инновациялық  технологиялар  мен  оқыту  құралдары, 
Н.М.Адамқұловтың  Ұлттық  қолданбалы  қолөнері,  М.В.  Волковтың  Проблемно-модульное 
обучение,  вопросы  теории  и  технологии,  т.с.с.көптеген  еңбектерді  талдай  отырып,  жаңа 
инновациялық жетістіктерді технология сабағына енгізу. 
Қазіргі кезеңдегі инновациялық технологиялардың оқу-тәрбиелік маңызын қарастыра 
отырып келесі мәселеге тоқтауға болады. 
Инновациялық  технологияның  қағидаттары,  кез  келген  инновациялық  технология 
жекелеген әдіснамалық талаптарға сай жүзеге асырылады. 
Тұғырлығы: білім беру мақсатына жетуді көздейтін әрбір инновациялық  технология 
философиялық мінезқұлықтың дидактикалық әлеуметтік-инновациялық негіздегі белгілі бір 
ғылыми тұғырнамаға негізделеді. 
 


 
91 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
Жүйелілігі: Инновациялық  технология барлық бөлігі логикалық үрдістері бір-бірімен 
тығыз байланысқан жүйеліктің барлық белгілеріне сәйкес келуі тиіс. 
Басқарулығы:  оқыту  үрдісін  жоспарлап  жобалау  барысында  кезең  кезеңімен  болжау  
нәтижелерін шығару мүмкіндік беруімен ерекшеленеді. 
Тиімділігі: Қазіргі инновациялық технологиялар нақты бір жағдайда құрылғандықтан 
аз уақыт ішінде нәтиже беруімен ерекшеленеді. 
Заман  өзгеруге  байланысты  және  де  осы  заманға  еңбекті  технологиялау  үлгісін 
қарастыра отырып, қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептерде "технология" пәнін оқытуда 
дүние  жүзіндегі  дамыған  елдер  жүйесіндегі  оқыту  әдістеріне  сүйене  отырып  мынандай 
мақсаттар қойылды: 
-  Оқытудың  жаңа  тәсілін  пайдалану  арқылы  кәсіби  шеберлікті  шыңдау  дегенімізді 
XXI ғасырда техникалық және кәсіптік білім беру мынадай тенденцияларды анықтайды:  
- халықаралық стандарттарға сәйкестік;  
- білім беру бағдарламаларының мазмұны - нақты бір мамандықты үйрену емес, еңбек 
нарығының өзгеруін тез сезінуге мүмкіндік беретін, дағды жолдарын меңгеру; 
- адамның өмір бойы үздіксіз кәсіптік білім алуы;  
- пәндік оқытудан техникалық және кәсіптік білім берудің  икемділігін  қамтамасыз  ететін 
пәнаралық байланысқа, модульдік оқытуға көшу деп дипломдық жұмыста дәлелденді. 
Осыған байланысты технология пәні стандартының қажеттілігі туындайды, "технология" 
пәнінің  орта  білім  стандартына  берілген  білім  мазмұнын  да  базистік  оқу  жоспарында 
көрсетілген талаптарға сәйкес (1-4), (5-9), (10-11) сыныптарда берілген білім салалары саты 
бойынша  бөлініп  біріктірілді.  Басты  мақсат  -  оқушыларды  белгілі  бір  кәсіпке  бағдарлау, 
кәсіпке оқыту болғандықтан, оқу жүктемесінің орындалуы тікелей мектептің оқу-материялдың 
базасына,  кәсіпке  бағдарлау  мен  кәсіпке  оқыту  сол  мектеп  орналасқан  аймақ  ерекшелігіне 
байланысты екені қатаң ескерілді. Мектепте шеберхана да, көрнекті техникалық оқыту құралдары, 
оқушыларға үйренуге керекті өңдеу материалдары, кәсіпке оқыту  үшін  сарамандық  дағдыны 
меңгеретін  техника,  станоктар,  тігін  машиналары,  компьютер,  жанар-жағар  май  және  оны 
оқытатын арнайы білімді мамандар болмаса, онда кәсіпке бағдарлау да, кәсіпке оқытып, жеке 
мамандьқты меңгергені жөніндегі сертификат та бере алмайды. 
Орта  білім  стандартына  оқушыларға  мектеп  орналасқан  жердің,  аймақтың 
ерекшелігіне  сәйкес  кәсіпке  оқыту,  мамандық  беру  жергілікті  жердің  әкімшілігінің шешімі 
және  инновациялық  кеңестің  қаулысы  арқылы  жүзеге  асырылатыны,  оқытуға  керекті  сағат 
базистік оқыту жоспарының вариативті негіздегі қосымша сағатынан берілетіні көрсетілді. 
Технология    сабақтарында  жаңа  технологияларды  қолданудың  маңызын  сараптай 
отырып келесі мәселені айтуға болады. Өнері мен білімі, халқының сауаттылығы қай елдің 
болсын баға жетпес байлығы. Әрбір күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде, замана 
көшінен  қалып  қоймай,  уақыт  талабына  сай  ертеңгі  болашақ  -  жас  ұрпақты  білімді  етіп 
тәрбиелеу  ұстаздарға  зор  жауапкершілікті  жүктейді.  Ол  мүғалімнен  үздіксіз  ізденуді,  өз 
білімін  үнемі  жетілдіріп  отыруды  талап  етеді.  Өйткені,  еліміздің    ертеңі  бүгінгі  жас 
ұрпақтың  қолында.  Ал  ұрпақтың  білімі,  саналы  болуы  ұстаздарға  байланысты  екені 
даусыз. 
Бүгінгі  шәкірт  -  ертеңгі  маман.  Мұғалімнің  негізгі  мақсаты  білім  сапасын кетеру. 
Ол  үшін  мұғалімнің  алдында  сабақ  сапасын  көтеру,  түрін  жетілдіру,  оқушының  сабаққа 
деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, қабілетгерін дамыту міндеттері тұрады. 
Оқушының ойлау қабілетін дамыту, байқағыштығын  арттыру, сабақтағы белсенді 
іс-әрекетін ұйымдастыру,  осылар арқылы психологиялық дамуын қалыптастыру  дамыта 
оқытудың  негізі  болып  табылады.  Сондықтан,  мұғалім  оқушының  оқу  қызметін 
ұйымдастырғанда,  өткізілетін  сабақ  оқушының  белсенділігін  арттыруға,  өз  әрекетін 
зерделеуге, ойлау жүйесін нақты бір мәселені шешуге бағытталуы керек. 
Мектепте  қолданбалы  қолөнердің  оқыту  мәселелерін  қарастыра  отырып  теориялық 
және практикалық нәтежиесінде мынандай қорытындылар жасауға болады:  
 


 
92 
  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет