«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет144/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   208
Байланысты:
6-2018

 
 
 
 
Қызықтап жігіт ойын, қыз күлкіңмен. 
Саңлақ ед шыққан мыңнан, озған жүзден, 
Көп сұлу көзін сүзген күнді өткізген. 
Қызықтың айдынына құлаш ұрып, 
Армансыз қаздай қалқып, қудай жүзген… 
Кісі емес көп қатынды үйірлеген, 
Болған жоқ бір пендеге тию деген. 
Текті құс тазалықты қолына ұстап, 
Арманы-ақ сұлулықты сүю деген”.  [2,18б]. 
Міне,  осылайша  ақын  Ақан  серінің  халық  ішінен  шыққан  асқан  өнерпаз  ретінде 
көрсетуі арқылы оның өнерпаздық, азаматтық тұлғасын жан-жақты ашады.  
Сондықтан да Ілияс: 
«Тұсында сері болсын, пері болсын, 
Ұнайды өмірімен Ақан маған», — деп кейіпкеріне деген ілтипатын жасырмай, ашық 
айтқан. 
Жер жаннаты Жетісудың аяулы қызы, жас талант Гүлбақыт ақынымыз: 
Бабалар жолы – 
Жетелеп асыл мұратқа, 
Жеткізген олар, 
Көре алмай өткен бірақ та. 
Айналып тұрар 
Ұршықтай дидар дүние, 
Шындықтың ұшы 
Байланып бір-бір сұраққа... 
                                           [3,74б]. 
 «Біздің ауыл Текшенің етегінде, 
Ерте шықсам ауылыңа жетемін бе»... 
Халық әні жүректі кернеп кетсе, 
Қанат қағам сазды әуен жетегінде, – деген халық әнінің асқақ пафосын бүгінгі ауыл, 
ел тағдырымен байланыстыра суреттейді. 
 ...Біздің ауыл – Бұрқан тау, Түрген тоғай, 
Еш алаңсыз жырақты жүрген оңай. 
Тарих куә – Орбұлақ шайқасында, 
Күн қуанып, нұр төгіп, күлмеген Ай. 
                                                       [3,56б]. 
деген жолдарында тарихқа тағзым етудің азаматтық рухтың ұшқыны бар. 
Г.Қасенова  өлеңдерінің  өзгеше  қасиеті  –  ой  айқындылығы,  сезім  мөлдірлігі,  ақыл 
айқындылығы,  мазмұн  байлығы,  әрі  оны  жыр  жолдарына  түсіргенде  қысқа  қайыруға 
ұмтылыс, жан тебіреністерінің жүрек толғататын құдірет күштілігінің мықтылығы. 
Абайдың жаққан сәулесімен, Мұқағалидің дара жолымен жүрген Жетісулық тағы бір 
жас  ақынымыз  ол  Жұматай  Оспанұлы.  Онсыз  да  кітап  оқылмайтын  қоғамда  атын  шығару 
немесе  атақ  алу  мақсатында  емес  көбінесе  ақиқатты  айтатын,  имандылық  тақырыбында, 
сондай-ақ азаматтық тұрғыда жазылған өлеңдері ауызға толтырып айтарлықтай. Соның бірі: 
Ақтабан шұбырынды, 
Ақтабан шұбырынды. 
Қайтейін шайқап өтті-ау тұнығымды. 
Қиратты шаңырағымды, уығымды, 
Зар-заман – әні зарлы, жыры мұңлы. 
Үміт жібі үзіліп, арман өліп, 
Кең далада кебінсіз қалған өлік. 
Қарға-құзғын салтанат құрды көкте, 
Қара жұртым қып-қызыл қанға бөгіп. 


 
119 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
Қаратаудың басында қара бұлт, 
Бұлтпен бірге шет асып барады жұрт. [4,143б]. 
Ақынның  тақырып  өрісі  кеңейіп,  шеберлігі  артып  келе  жатқанын  аңғартатын 
туындылардың  бірі  –  туған  жерге  арналып  жазылған  «Әлемнің  һәм  Жетісудың  жеті 
кереметі» өлеңі.  
Кереметтердің еліне рас, бармадым, 
Барып та көру болмапты тіпті, арманым. 
Жерұйық мекен – Жетісуым бар шырайлы, 
Айналайын ардағым. 
Өзіңде менің бар бағым, - деп өлеңді бастаса, дәл осы қарқынмен туған жерге деген 
ыстық  ықыласын  басқа  ел,  жермен  теңеу  жасап  барып,  өлеңнің  соңында  да  еліне  деген 
сүйіспеншілікпен аяқтайды. 
Айналайын, 
Атамекенім, киелім, 
Мен сені шексіз жан жүрегіммен сүйемін. 
Зарлы үнмен емес, шаттық күйімен тербетем, 
Түзетіп алып, қобыз кеудемнің тиегін. [4,146-148б]. 
Ойымды түйіндей келе азаматтық әуен жөнінде сәл де болса бөле-жара пікір білдіруге 
талпынғандағы  мақсатымыз  –  ол  тек  поэзия  ғана  емес  жалпы  өнер  атаулысының  ең  бір 
өміршең  әрі  қасиеттісі  екенін  айта  кету  керек.  Поэзияның  қазақ  халқы  өмірінде  кеше  де, 
бүгін де аса маңызды рөл атқарғанын, оның қашанда қоғамдық-әлеуметтік сипатта болғанын, 
ал азаматтық әуен, рух – жалпы қазақ поэзиясының әрқашан күретамыры, негізгі өзегі, алтын 
арқауы болғаны шындық екені ешқандай дәлел керек етпейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет