«жансугуровские чтения»


көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына



Pdf көрінісі
бет173/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   208
Байланысты:
6-2018

көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» деген болатын [1].  
Олай  болса,  бұл  бағдарламаның  басымдықтарының  бірі  кәсіби  міндеттерді  өз  бетінше, 
шығармашылық  тұрғыда  шеше  алатын,  кәсіби  қызметінің  тұлғалық  және  қоғамдық 
маңыздылығын ұғынатын, өз ісіне жауапты, кәсіби құзыретті, бәсекеге қабілетті маман дайындау 
мәселесі өзекті болып отыр. 
Мамандарды  дайындау  мәселесі  негізінен  жоғары  білім  беру  жүйесінде  қарастырылып 
келеді. Олай болса, жоғары оқу орнында  білім беру сапасы қоғамның әлеуметтік-экономикалық 
дамуының  ағымдық  және  келешектегі  міндеттеріне  қаншалықты  сай  екендігімен,  яғни  біртұтас 
қоғам мен тұлғаның сұранысын қаншалықты қанағаттандыра алатындығымен анықталады. 
Мамандарды даярлау сапасын арттыру мәселесіне көптеген ғалымдар, соның ішінде С.И. 
Архангельский, В.П. Беспалько,  П.И. Пидкасистый,  О.А.  Абдуллина,  Е.В. Бондаревская, Т.А. 
Воронова, Н.В. Кузьмина, В.А. Сластенин, Н.М. Яковлева және т.б. өздерінің зерттеулеріне баса 
назар  аударған.  Ғалымдар  білім  беру  процесі  құрылымындағы  педагогикалық  бақылау,  оның 
қызметтері, формалары мен әдістерін ғылыми тұрғыда негіздеген. Сонымен қатар, олар болашақ 
педагог мамандардың кәсіби дайындығы сапасын арттыру мәселесін шешудің әр  түрлі бағыттары 
мен  жолдарын  ұсынады.  Мысалы:  А.Н.  Майоров,  Г.К.  Селевко,  Г.А.  Цукерман  еңбектерінде 
болашақ  мамандарды  кәсіби  даярлау  сапасы  мониторингін  ұйымдастыру  технологиясы  мен 
жүргізу әдістемесі мәселесі қозғалса, ал Г.Н. Александров, С.М. Василевский, Г.И. Вергелис, А.Н. 
Небаба,  И.И.  Малкин,  В.Г.  Разумовский,  Н.А.  Половникова  сынды  ғалымдардың  ой-пікірлері 
бойынша  болашақ  педагогтерді  кәсіби  дайындау  сапасын  бақылаудың  альтернативті  дәстүрлі 
құралдары  оқу  (дидактикалық)  ойындары,  проблемалық  жағдаяттар  жасау,  педагогикалық 
тапсырмаларды шешу, модульдік және тестілік бақылау болып табылады деп санаған. 
Қазіргі  таңдағы  үлкен  мәселе  маман  дайындау  сапасын  арттыру  қажеттілігінің 
туындауында. Олай болса сапа ұғымын негіздейік (1сурет). 
 
1-сурет. Сапа 
 
Сапа  –  бұл  зерттелетін  объект  (зат,  процес,  ақырғы  нәтиже)  қасиеттерінің  талап 
етілген немесе күтілетін нәтижеге сәйкестік дәрежесін білдіретін ұғым. Сапа − қандай да бір 
объект  (өнімнің,  қызметтің,  процестің)  сапасының  кейбір  талаптарға  (нормаларға, 
стандарттарға) сай болу дәрежесі. 
Жоғарғы  оқу  орындарында  болашақ  маманды  даярлау  сапасын  артттыруда  тек 
теориялық  білімге  көңіл  аудармай,  сонымен  қатар  психологиялық  және  педагогикалық 


 
144 
  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет