ӘОЖ 801
І. ЖАНСҮГІРОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ АНТОНИМДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Сырлыбаева Г.Т.
1
, қауымдастырылған профессор (доцент) м.а.
Омарбекова Ш.Т.
2
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
1 , Талдықорған қ.,
Олег Кошевой атындағы негізгі орта мектебі
2
E-mail: gulnara_s.t81@mail.ru
Мақалада тіліміздегі фразеологиялық антонимдердің жасалу жолдары мен оның Ілияс Жансүгіров шығармаларында қолдану ерекшеліктері қарастырылған. Кілт сөздер: фразеологизм, антоним, стиль, семантика, контекст, поэзия. В статье рассмотрены особенности оброзования фразеологических антонимов в казахском языке и специфика их применения в произведениях И.Жансугурова. Ключевые слова: фразеологизм, антоним, стиль, семантика, контекст, поэзия. The article deals with the pecularities of forming phrasal antonyms in Kazakh language and their specific applying in Zhansugurov’s works Key words: idiom, antonym, style, semantics, context, poetry.
Көп сөзбен бір ғана мағына беретін, тілдің стильдік сапасын арттыратын тұрақты тіркестер
прозалық, поэзиялық шығармаларда жиі кездеседі.
Жалпы
суреткер
тіліндегі
фразеологизмдерді талдағанда, оны жалпыхалықтық тілмен байланыстыра қарастыруымыз керек,
өйткені тұрақты тіркестердің дені халықтық сөйлеу негізінде қалыптасқан. Әрбір фразеологизмнің
семантикасына зер салсақ онда ұлттық болмыстың бір элементі табылары анық.
Ал фразеологизмдерді өзгертіп қолдану, халық тіліндегі тұлғаларды жұмсау не
болмаса жаңа фразеологиялық тіркес жасау суреткердің шеберлігін, даралығын танытады.
Абай фразеологиясына тоқтала келе, ғалым Р.Сыздық: «Поэзия тіліндегі
фразеологизмдердің басты белгісі – олардың образды (бейнелі) болатындығы. Ал
бейнеліліктің «сүйегі» тілдік метафорада жатады. Метафора дегеніміз – сөздердің мағына
ауыстырып жұмсалуы болса, фразеологизмдер сөз мағынасын құбылтудың бірден-бір көзі
болып табылады. Мұны ақын-жазушылар жақсы біледі де шебер пайдаланады» - деп пікір
білдіреді [1, 104 б.].
Профессор Г.Смағұлова: «Қиыннан қиыстырған ой өрнектері өлеңде өз орнын
құлпыртып тұрған тұрақты сөз тіркестерінің мәнерлегіштік, бейнелегіштік қасиеті айқын
аңғарылады. Аз сөзбен көп сөздің түйінін түйген тұрақты сөз тіркестерін поэзиялық
шығармада қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар. Өлең қара сөздей емес, белгілі бір
ырғаққа, ұйқасқа құрылады. Басы артық селкеу сөз бен селдір шумақ бүкіл өлеңнің
поэтикасына нұқсан келтіреді. Сол себепті де, ақындар дайын тіркестерді өлең жолдарына
пайдаланғанда аса үлкен жауапкершілік барын сезінеді»,[2] - деп, фразеологизмдердің
поэзияда ерекше қызмет атқаратынынын айтқан болатын. Расымен де ақын-жазушылар фразеологизмдерді шебер пайдаланып қана қоймай,
контекст ыңғайына қарай өзгертіп те қолданған. Осы ретте, ақын Ілияс Жансүгіров тұрақты
тіркестерді қалай қолданған деген сауалға жауап беруге тырысайық.
Халық тіл тарихы мен болашағына немқұрайлы қарамайды, олар нақты өмірдің қыр-
сырын, өмір шындығын тіл арқылы біледі. Тіл иесі жүйесін тауып сөйлеуге, ойын әдемілеп
жеткізуді мақсат етеді. Айтатын сөзі мен ойының мазмұны мәнді, көркем болу үшін
афоризмдерді, фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді жиі қолданады. Қазіргі таңда жалпы тіл
154
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ»
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары