жүйесіндегі фразеологизмдердің орнын сөз еткенде олардың стилистикалық қызметін
анықтау да маңызды болып табылады. Қазақ тіл білімінде фразеологизмдердің стильдік
ерекшеліктері туралы ойдың бастамасын І.Кеңесбаев айтқан болатын: «Фразеологизмдердің
жалпы тіл жүйесіндегі ролі, сөйлеу процесіндегі атқарар қызметі көп жағдайда осы стильге
ойысып отырады. Осының нәтижесінде сөз, сөз тіркестері, сөйлем өрісі кеңейіп отырады.
Сөйлеушінің айтпақ болған ойы айқындалып отырады. Тыңдаушы мен оқырман қауымға
жатық та түсінікті болу үшін фразеологизмді сөйлеуші не жазушы стиль жағынан әр саққа
жүгіртіп, шебер қолдануға тырысады» [3].Көп сөзбен бір ғана мағына беретін, тілдің
стильдік сапасын арттыратын тұрақты тіркестер прозалық, поэзиялық шығармаларда жиі
кездеседі.
Жалпы суреткер тіліндегі фразеологизмдерді талдағанда, оны жалпыхалықтық тілмен
байланыстыра қарастыруымыз керек, өйткені тұрақты тіркестердің дені халықтық сөйлеу
негізінде, ұлттық болмыс негізінде қалыптасқан.
Олай болса фразеологизмдерді өзгертіп қолдану, халық тіліндегі тұлғаларды жұмсау
не болмаса жаңа фразеологиялық тіркес жасау суреткердің шеберлігін, даралығын танытады.
Оның қаламгерлік ерекшелігі де осы тұста көрінеді. Мәселен, тілімізде жер соғу тұрақты
тіркесі бар. Мағыналары: 1.жығылды, құлады, қарады; 2. алданды. Ілияс бұл
фразеологизмді жер соғып қанатымен (қанатымен жер соғу) деп өзгертіп береді:
Қуа алмай жердегілер ізге түсіп,
Қалар ек жете алмасқа біз кетісіп