161
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
ғана құрады. Біз еліміздің азаматтарына өз істерін, жұмыстарын Конституциялық аумақта істеу
керектігін айтып отырмыз. Ата Заңның әр бабын сақтамасақ, ол жай ғана құжат, қағаз болып
қалады. Конституцияның орындалуы – ел азаматтарына тікелей байланысты болғандықтан да,
азаматтарымыз Бас Заңды білуі және оны өмірлік жолдарында пайдалануы тиіс. Ата Заңның
жүріп өткен жолы деген уақытта, Президенттік басқару жүйесі арқылы, ел егемендігі үшін керек
ірі реформаларға қол жеткізуімізді айтар едім. Біздің Конституциямыз бос жатқан жерде, ен
далада қабылданған жоқ. Ол – өмір талабына сай келетін бағдаршам құжат. Біз
Конституциялық кеңістікте өмір сүріп жатырмыз. Ал, Ата Заңды бұзуға ешкімнің қақысы
жоқ. Сондықтан да болар, біз өзіміздің Конституциямызды өте құрметтейміз, оны
бағалаймыз. Әрине, бұл жерде Елбасының рөлінің маңыздылығын атап өткім келеді. Еліміз
өз шаңырағын тіктеп, бөлек мемлекет ретінде қазығын қаққаннан кейінгі, яғни, 1993 жылы
қабылдаған алғашқы Конституциясы тәуелсіз ел тарихындағы ең демократияшыл құжат
ретінде саналды. Бірақ, басты құжаттың кейбір заңдық баптары бүгінгі күнге ілесе
алмағандығынан, 1995 жылы қолданыста жүрген қазіргі Конституцияны қабылдауға түрткі
жасады. Бұл жөнінде Елбасы «Қазақстандық жол» атты кітабында: «1995 жылғы
Конституция тақыр жерде пайда болғған жоқ. Ол Егемен Қазақстанда конституциялық
құрылыс орнату үшін бұрыннан жинақталған тәжірибелерді, сондай-ақ, біздің жағдайымызға
сәйкес келетін ең прогресшіл шетелдік тәжірибелерді барынша толық пайдаланған еді.
Сондықтан да, кімде-кім еліміздің негізгі заңының рухы мен маңызын терең түсінгісі келсе,
оны жасаудың, қалыптастырудың тарихын жақсы білуі керек» деген болатын»
-деп өзінің
негізгі ой-пікірімен бөліскен болатын. Сонымен қатар, көрнекті қоғам қайраткерінің:
«Конституцияға жан беру – әр азаматтың міндеті»-деген терең мағыналы сөзі бар[7].
Сондықтан, біз ел азаматтары, әсересе жас толқын, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев:
Достарыңызбен бөлісу: