«Ата Заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз»-деп айтқандай, мемлекетіміздің тұрақтылығы мен
бейбітшілігінің мызғымас кепілі болып табылатын Конституциямыздың әрбір бабын сақтап,
оны жүйелі түрде орындай білуіміз қажет[8]. Құқықтық сауаттылығымызды арттырудың негізгі
алғышарты – егемендігімізді айғақтайтын ҚР-ның Конституциясы екендігін естен
шығармауымыз қажет. Егер Конституциядағы өзіміздің құқықтарымыз мен міндеттерімізді
білер болсақ, онда қоғамда заңға қайшы әрекет те болмас еді. Сондай-ақ, барлық ұйымдар мен
мекемелерде, яғни, нақты айтқанда, қоғамдық ортада өз құқықтарымыз мен міндеттеріміздің
бұзылуының алдын алып, дәлме-дәл орындалуына ықпал етеміз.
Ең бастысы, Конституция – еліміздің тәуелсіз мемлекет екендігін дәлелдейтін басты
құжат екендігін қаперде сақтағанымыз жөн.
ӘДЕБИЕТТЕР: 1. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы //
www.inform.kz/kz/modern_t7106.
2.Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі // ksrk.gov.kz/kk/.Жаңалықтар.
3. Құқықтық Қазақстан республикалық арнаулы құқықтық басылым // №18 (555) 26
қыркүйек, сәрсенбі 2018 жыл.
4. Табанов С.А., Оразова А.Ә. Күрделі заманның өтпелі кезеңдеріндегі қазақ қоғамы ата
заңдарының конституцияларының тарихи-құқықтық сабақтастығы. – Алматы: Жеті жарғы, 2005.
5. Сартаев С.С., Назарқұлова Л.Т. Қазақстан Республикасы Конституциясының
қалыптасуы: проблемалары мен болашағы. – Алматы: 2005.
6. Талдахметов С.Ш. Қазақстан тарихы: ҰБТ-ға дайындық оқулық-тесті / Алматы: ШЫҢ-
КІТАП, 2012.-342-б.
7. «Алатау» қоғамдық-саяси газеті // №43 (838) 27.10.2017, 8-б.
8.
Тәрбиелік адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар ождан бостандығы //
bilimsite.kz/tarbie.../5990-kukyk-adilet-pen-parasat-zholy.ht...
162
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ»
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары